kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Махамбет ?теміс?лы "Ереуіл ат?а ер салмай", "Жал?ызды?" ?ле?дері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Махамбет ?теміс?лы «Ереуіл ат?а ер салмай», «Жал?ызды?» ?ле?дері
Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: А?ын ?мірі, ?ле?деріні? та?ырыбы, ма?саты, тарихы туралы м?лімет беру, жа?а ?ырынан таныту, ?осымша м?ліметтер беру, ?ле?ге талдау жасау.

Т?рбиелік: ?лтжандылы??а, батылды??а, ту?ан елін, жерін с?юге, ?ор?ау?а т?рбиелеу.

Дамытушылы?: ?осымша деректерді пайдалану, танымды?, шы?армашылы? ізденіске жетелеу, ?з ойларын еркін айту?а, ?деби к?ркем тілмен с?йлеуге да?дыландыру.
Саба? т?рі: Жа?а білімді игерту.

?дісі: ой тол?ау, шы?армашылы? ж?мыстар, топты? ж?мыс, ?ле? ??рылысына талдау, м?нерлеп о?у, топтастыру.

К?рнекілігі: слайд, а?ынны? «Ж?мыр ?ылыш» к?йі.

П?наралы? байланыс: тарих, ?аза? тілі, саз ?нері п?ні.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Махамбет ?теміс?лы "Ереуіл ат?а ер салмай", "Жал?ызды?" ?ле?дері»

Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай», «Жалғыздық» өлеңдері
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ақын өмірі, өлеңдерінің тақырыбы, мақсаты, тарихы туралы мәлімет беру, жаңа қырынан таныту, қосымша мәліметтер беру, өлеңге талдау жасау.

Тәрбиелік: Ұлтжандылыққа, батылдыққа, туған елін, жерін сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Қосымша деректерді пайдалану, танымдық, шығармашылық ізденіске жетелеу, өз ойларын еркін айтуға, әдеби көркем тілмен сөйлеуге дағдыландыру.
Сабақ түрі: Жаңа білімді игерту.

Әдісі: ой толғау, шығармашылық жұмыстар, топтық жұмыс, өлең құрылысына талдау, мәнерлеп оқу, топтастыру.

Көрнекілігі: слайд, ақынның «Жұмыр қылыш» күйі.

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, саз өнері пәні.


Сабақ барысы


Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу. Зейіндерін шоғырландыру.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

- Балалар, біз сендермен Ислам дәуіріндегі әдебиет және сол кезеңдегі әдебиет өкілдері, олардың туындыларымен танысып, толықтай бекіттік. Енді бүгін ХІХ ғасыр әдебиетінің ірі өкілі, дауылды жылдардың жалынды жыршысы болған Махамбет Өтемісұлының өмірімен, азаттық идея мен азаматтық үнге толы, нағыз ерлік жыры «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңімен танысамыз.

Сабағымыздың эпиграфы ретінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Махамбет – ұлттық тұлға, оның батырлығын, ақындығын, күйшілігін, азаматтық жолындағы күрескерлігін болашақ ұрпақтың санасына сіңетіндей етіп кеңірек дәріптеу керек” деген пікірін алып отырмыз.


І тапсырма: «Топтастыру стратегиясы»

Әр топқа төмендегідей кестелер таратылады. Толтырып болғаннан кейін әр топтың спикері өз кестелерін қорғайды.

  1. «Махамбет кім?»

  2. «Махамбет жырлары»

  3. «Махамбеттің айналасындағы адамдар»


ІІ «Миға шабуыл» стратегиясы. Қызығушылықты ояту. «Ой қозғар» әдісі.

Интерактивті тақтадан 5-7 сыныптарда өткен ақын өлеңдерінен үзінділер келтіріледі, оқушылар соны естеріне түсіріп, жатқа мәнерлеп оқып береді.

«Жалғыздық», «Қызғыш құс», «Ереуіл атқа ер салмай»


Мұғалім: Махамбет – халқын сүйген, халық мұңын жырлаған, елім деп еңіреген ақын. Махамбет поэзиясы - өз дәуірінің, сол кездегі қанауға қарсы көтерілген шаруалар көтерілісінің айқын үні. Отанын сүйген патриот - өлеңдерін көпшілік мүддесі үшін жұмсаған, еңбекші шаруалардың жыршысына айналған. Бүгінгі қарастырғалы отырған «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі осыған дәлел болады.

Үнтаспадан «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін тыңдату.

Мәтінмен жұмыс. «Сөз тапқыштар» тобы: Өлеңге поэтикалық талдау жасайды.

Эпитеттер: ереуіл ат, егеулі найза, алты малта ас, қоңыр салқын төс, ұлы түс, қу толағай
Сөз тіркестері: тебінгі терге шіру, терлігі майдай еру, ат үстінде күн көрмеу

Ассонанс:

Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай.

Еңку-еңку жер шалмай,

Ерлердің ісі бітер ме?


Рефлекция

1 – жол: тақырыптың атауы. Зат есім – ( 1сөз)

2 – жол: тақырыпты сипаттайтын сөз. Сын есім – (2 сөз)

3 – жол: тақырып туралы қимылды білдіретін сөз. Етістік (3 сөз)

4 – жол: тақырыпқа қатысты төрт сөзден тұратын сөз орамы

5 – жол: тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз /бір сөз/


«Ықылас пен әкесінің диалогынан...»

  • Әке, - деді.

Жүруші едің маған ылғи өкпелеп,

... Махамбетті алдап соғып,

Басын кесіп сыйға тарттым сұлтанға...

Сонда әкесі:

Әттең біздің сор маңдайлы Жайықта,

Ерлер аз ғой бара алатын байыпқа.

Тым кеш ұқтым Махамбеттей батырға,

Бүкіл қазақ ғашық болса айып па?

Құдіретті шындығынан айып па?

Адам емес, ең бірінші надансың,

Ел дәстүрін, ер дәстүрін қорғаған.

Нақ мынадай қасиетсіз оқиға

Бұрын қазақ топырағында болмаған.

Қандай қиын кезеңде де туған ел,

Ақындарын жанын салып қорғаған.

Түсінбедім, армандап ең нені ұлым?

Ертең сені қойып желдің өтіне,

Ызалы ұрпақ түкіреді бетіңе.

Сол қорлықтан құтқарайын, сені ұлым!

Енді сенің кесіріңнен маған да,

Туған жердің топырағы да бұйырмас.

Қараладың қасиетті мекенді,

Жараладың тұрмастай қып әкеңді.

Мына жолмен өткен жұрттың аузынан,

Махамбеттің жырын тыңдап жат енді, - деп әкесі қолына алды садағын.


«Қайран Нарын» күйін тыңдау

Қорытынды

Үйге тапсырма:

  1. «Мұнар күн» өлеңін жаттау.

  2. «Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ» атты ой толғау жазу.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Махамбет ?теміс?лы "Ереуіл ат?а ер салмай", "Жал?ызды?" ?ле?дері

Автор: Тусупбекова Жанар Куанышевна

Дата: 08.11.2015

Номер свидетельства: 249686


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства