Просмотр содержимого документа
«Махамбет ?темисулы »
Сабақ жоспары: 8-сыныпта
Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғасыр әдебиеті. Махамбет Өтемісұлының
«Ереуіл атқа ер салмай», «Жалғыздық» өлеңдерін оқыту
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білім беру, өлеңдерін талдауға баулу.
2. Тәрбиелік: Махамбет жырларымен оқушыларды ұлтжандылыққа, елді қорғауға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, қосымша деректер арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілерін қайталау. Сұрақтар қою арқылы сұраймын.1.Ежелгі дәуір әдебиет өкілдерінен кімдерді білесіңдер, Олардың шығармаларының тақырыптары? Сол кездегі тарихи жағдайларға байланысты кімдердің шығармалары білесіңдер?
ІІI. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.
Төмендегідей тақрыптар бойынша түсінік берілуі керек.
1.Асқақ ақын, жаужүрек батыр Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы, Нарын құмында дүниеге келгені.
2.Оның сарай ақыны болып, соңынан Жәңгірге жақпай қалып, сарайдан кетуі.
3.Шаруалар көтерілісі және Махамбет және Исатай.
4.Көтерілістің сәтсіздікке ұшырауы:
5.Махамбет өлеңдері шаруалар көтерілісінің айнасы:
Өлеңдері: « Ереуіл атқа ер салмай» «Жалғыздық»Өлеңдерін талдай отыра түсінік бере кету керек.Оқушылармен осы жерде топтық жұмыс жасап кетуге болады.
Оқушыларды ІІ топқа бөліп, Махамбет және Исатай деп топқа бөлемін.
І топқа: Ереуіл атқа ер салмай өлеңін талдау. Венн диаграммасы арқылы екі өлеңнің ұқсастығын табу
ІІ топқа: «Жалғыздық өлеңін »талдауға ұсынамын. Венн диаграммасы арқылы екі өлеңнің ұқсастығын табу
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Оқушыларға өлеңдерді мәнерлеп оқыту.
2. Оқушыларға әдебиет теориясынан білім беру.
Элегия- лириканың бір жанры, мұнда ақын өмірді торығу, өкініш, мұңлы сезім тұрғысынан бейнелейді.
Мұң мен өкінішке толы өлең элегия деп аталады.
3.Пысықтау үшін сұрақтар:
І топқа «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі не туралы?Өлеңде элегия бар ма?
ІІ топқа «Жалғыздық» өлеңінде ақын неліктен «заманым менің тар болды» дейді?
Ақын өзін неліктен жалғыз сезінеді?
V. Үй тапсырмасын беру.
1. Махамбет Өтемісұлы туралы мағлұмат.
2. «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін жаттау
3. Махамбет Өтемісұлы туралы қосымша деректер жазу, жинау.