Құндылық: дұрыс әрекет.
Қасиеттер: ұстамдылық, сабырлық, ризашылық.
Сабақ мақсаты: «Махаббат», «бақыт», «адамгершілік» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту Міндеті: жағымды қарым-қатынастар туралы түсінік беру; ұстамдылық іскерліктерін дамыту; әр түрлі жағдайларда өзін үстай білуге тәрбиелеу. | |
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Тыныштық сәтi. «Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген «Көңіл күйімізді көтере білейік» жаттау «Бос қайық» аңыз әңгіме бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту. Сұрақтар: Бүгінгі көңіл күйлерің қандай? Аңызда адамның қандай көңіл күйі сөз болады? Өздерің қандай қорытынды жасар едіңдер? | Сабақ барысын талқылау: |
3.Әңгімелесу Оқушылардың айналасындағы адамдардың, өзінің көңіл күйі туралы сезінгендерін ортаға салып айтулары үшінсұратар қойылады. Ренжіген немесе қуанған кездеріңде өздеріңді қалай ұстайсыңдар? Адамдардың көңіл күйі сендерге қалай әсер етеді? | |
4. Дәйексөз Мұғалім тақтага «Кулкі - көңіл ажары» қазақ халық мақалы, деп жазып қояды. - Адам әр түрлі жағдайларға байланысты ренжуі, жабырқауы, қабағының қатыңқы болуы, тіпті ашулануы мүмкін. Сондай жағдайларда адамның жылы шырай танытуы, жымиып қарауы, күлімсіреуі, қандай сөзді, істі болмасын күліп тұрып қабылдауы көңілді сергітіп жібереді. «Күлкі - көңіл ажары» деген осы. Бүдан басқа да халық арасында күлкі өмірді ұзартады, деген сөз бар. Өйткені барлық уақытта да көңілді жүрсең, өміріңнің үзақ болатыны да сөзсіз. - Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз «Көңіл күйімізді басқара білейік» деп аталады. Бұл дегеніміз қандай жағдайда болмасын сабыр сақтап, өзімізді ұстай білуімізді және өзімізге, айналамызға қуаныш сыйлауымызды білдіреді. Ол үшін алдымен көңіл күй сезімдерін ажыратып білуіміз керек. Балалар дәптердің соңында берілген «Менің дәйексөздерім» айдарындагы бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетілген бетке осы дәйексөзді жазып алады. Оқушылар «бір, екі, үш» деп санап үш топқа бөлінеді. 1-топ «Айым», 2-топ «Күнім», 3-топ «Жұлдызым» деп аталады. Осы топтар сабақ басталғаннан аяқталғанға дейінгі тапсырмаларды топ болып орындайды. Сабақ соңында жеңімпаз топ анықталады. | |
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. «Көңіл күйім қандай?» Балалардың жауаптары жаттығу арқылы бекітіледі. Мұғалім адамның әр түрлі көңіл күйін бейнелейтін суреттерді үшке бөліп (үш тоща арнап) тақтага іледі. Әр топ өз тапсырмалары бойынша берілген суреттердегі адамның көңіл күйін ажыратады. Мұғалім мынадай сұрақ қояды? • Балалар, қай көңіл күйдегі адамның бет әлпеті сендерге ұнады? Неліктен? Алынған жауаптарды мүғалім өз ойымен түйіндейді. - Дұрыс айтасыңдар! Көңілді, қуанышты адамның жүзі де әдемі. Қараған сайын қарағың келеді. Ал ашулы адамның жүзі де адамды өзіне тартпайды. Сондықтан қолдан келгенше ашулы сезімдерімізді ақылмен іштей жеңіп, көңілді жүргеніміз дұрыс. Ол біздің адамдарға, айналаға деген махаббатымызды (сүйіспеншілігімізді) оятады және бақытты өмір сүруімізге көмектеседі. «Өзін-өзі танудың» өнегелі сөздерін үш топ кезектесіп оқиды және өз сөздерімен мағынасын түсіндіреді. Бет әлпетіне қарап адамдарды жайдары, жылы жүзді, түсі суық, ренжулі деп ажыратуға болады. Жақсы көңіл күй адамға қуат береді. Ал сабырлы болу - адамның әр түрлі жағдайларда өзін ұстай білуі, ұстамды болуы. | |
6.Топпен ән айту. 3 мин. «Біз көңілді баламыз» Сөзі: Е.Өтетілеуов | |
7.Үй тапсырмасы. 2 мин. «Тиін мен қасқыр» аңыз әңгімесін оқып келу. | |
Қорытындылау. Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин. «Көңіл күйімізді басқара білейік» деп аталады.Бұл дегеніміз қандай жағдайда болмасын сабыр сақтап,өзімізді ұстай білуімізді қандай жағдайда болмасын сабыр сақтап,өзімізді ұстай білуімізді жәнеөзімізге,айналамызға қуаныш сыйлауымызды білдіреді. Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Табиғаттың сұлулылығы соншалықты, караған сайын қарай бергің келеді. Ондағы сұлу да нәзік гүлдерге, самғай үшқан құстарға қызыға қараймыз. Бір сәт қасымызда мүлгіп тұрған тауға қарап оның үшар басына шыққымыз келіп кетті. Сол сәтте Табиғат-анамыз естіп тұрғандай, бізді әр түрлі түстерімен әсем көрінетін кемпірқосаққа айналдырып, аспан аясына орналастырды. Қандай керемет! Биіктен сан түрлі шашақ шашып, нүрға бөленген қандай ғанибет! Біздін түрлі түсті сәулелерімізге қуана қарап, мәз-мәйрам болған балалар. Көктен қарағанда табиғат сұлулығы бүрынғысынан да құлпырып кеткендей! Осындай сұлулыққа шын тамсанған, қызыға қараған сезімімізден бойымыз сұлулық пен жылылыққа бөленгендей. Осы сұлулық пен жылылықты ұзақ сақтауға іштей уәде етіп, бұрынғы қалпымызға келейік. | |