Бұл сабақ жоспарын құру өзімнен көп ізденісті талап етті. Көптеген қосымша деректер мен әдебиеттер, діни кітаптар пайдаландым.Қазіргі таңда қазақстандақтардың діни сауатты болуына да баса назар аударылуда. Қоғамда діни сауатсыздықтың зардабынан теріс жолға түсіп кетіп жатқан жастар саны да артып бара жатыр. Осы сабақ жоспарымды оқушылардың Қасиетті Құран Кәрім жайында, Ислам діні жайында түсініктерінің аясын кеңейту, діни сауаттылықтарын арттыру мақсатында әріптестеріме де көмегі тиер деп жариялап отырмын.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Құран Кәрім туралы»
Сабақтың тақырыбы: Қасиетті Құран Кәрім жайында. Адам ата.
Пәні: қазақ әдебиеті
Сыныбы: 5 «а»
Өткізген: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Т. Адамбаева
Балқаш - 2014
Адамбаева Бақытгүл Тарыбайқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қарағанды облысы,
Балқаш қаласы,
«ЖББ №5орта мектебі» КММ
Пәні: қазақ әдебиеті
Сыныбы: 5 «а»
Сабақтың тақырыбы: Қасиетті Құран Кәрім жайында.
Адам ата.
Мақсаты:
1.Білімділік: ОқушылардыңҚасиетті Құран Кәрім жайында, Ислам діні жайында түсініктерінің аясын кеңейту.
2.Тәрбиелілік: Оқушыларды сабырлы, әдепті, ұқыпты болуға тәрбиелеу; имандылыққа баулу.
3.Дамытушылық: Оқушылардың ауызекі сөйлеу, өз ойын жеткізе білу, көзқарасын ортаға салып, дәлелдей білу дағдыларын қалыптастыру; сұрақтарды түсініп, толық жауап бере білуге дағдыландыру.
Көрнекіліктер: компьютер, интерактивті тақта, презентация, діни кітаптар.
Құран Кәрім дегенде ойларыңа нелер келеді? (Оқушылар өз ойларын айтады)
Иә, балалар, Құран Кәрім төмендегілермен тығыз байланысты:
Тарих
Әдебиет
Әдет-ғұрып
Салт-сана
Шариғат
Тазалық
Шипагерлік
Әділдік
Мұғалімнің кіріспе сөзі: « Біз - тегіміз Түркі, дініміз - Ислам екенін ұмытпауымыз керек.Ол үшін қасиетті кітап-Құран - Кәрімді насихаттауды естен шығармауымыз керек. Халық Алласына, Тәңірге сеніп, ертеңгі күнін, аржақтағы ана дүниеге баратын күнін ойлап, дүниедегі мынау бүгінгі күннің күйбеңімен жүре бермей, Мұхаммед Пайғамбарымыздың Хадистеріне сәйкес өмір сүрсе деймін.
Дінімізді, ділімізді, тілімізді сақтау-Ұлттығымызды, Мемлекетімізді сақтау» деп
Н.Ә.Назарбаев елбасымыз айтқандай, бүгінгі сабағымызда Ислам діні, имандылық және Құран Кәрім және жалпы адамзаттың жаратылысы туралы айтылады.
Дүние жүзіне кең тараған төрт ірідін тармақтары бар. Олар: Ислам, Христиан, Будда, Католик. Бәрінің насихаттайтыны – адамгершілік, тазалық. Ала сөзі Жебірейіл періште арқылы төрт пайғамбарға, яғни,Мұсаға - «Таурат», Ғайсаға- «Інжіл», Дәуітке- «Забур», Мұхаммед пайғамбарға- «Құран Кәрім» тапсырылады.
Ислам діні Араб елдерінде VII ғасырдың басында пайда болды. Оның негізін салушы-Мұхаммед Пайғамбар. Қазір бұл дін жер бетінде кең тараған. Жер бетінің 120 елінде мұсылмандар қоғамдары құрылған, яғни әлемде 1 млрд. адам дінін ұстанады және олардың саны жылдан-жылға артып отырады.
Өзін мұсылман санайтын адам баласы төмендегідей бес парызды ұстауы керек:
Аллаға сеніп,Мұхаммедтің үметі екеніңді мойында.
Дәрет алу,күніне бес рет намаз оқу.
Зекет беру .
Рамазан айында отыз күн ораза тұту.
Қажыға, Меккеге бару.
Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар адам болудың жауапкершілігін былай түсіндірген. Қиямет күні әр адамнан мына 4 нәрсенің есебі сұралады:
1.Өмірін (уақытылы) қайда жұмсағанын;
2.Жастығын қалай өткізгендігін;
3. Қалай дүние тауып,қалай жұмсағандығы;
4. Алған білімін қайда жұмсағандығы.
Пайғамбарымыз: “Сендер маған мына 6 мәселеге уәде берсеңдер, мен сендердің жұмаққа баратындарыңызға уәде берем”-деген.
Сөйлегенде шындық айтуға;
Уәде берсең, оны міндетті түрде орындауға;
Аманатқа қиянат жасамауға;
Арлы болуға;
Құран тыйған харамдардан сақтанып жүруге;
Жамандық, көре алмаушылық жасамауға.
«Алла –Жаратушы» дейміз. Алла нелерді жаратты деп ойлайсыңдар?
(Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында слайдтар арқылы Алланың жер бетіндегі барлық тіршілік иелерін жаратқандығы жайлы әңгімелеу)
ІІІ. Оқулықпен жұмыс
Мәтіндерде кездесетін оқушыларға түсініксіз сөздердің мағынасын ашу мақсатында сөздік жұмыс жүргізу
Алла – Ислам діні ұғымында күллі әлемді жаратушы.
Уаһи – хабар( Тек Жәбірейіл періште арқылы Мұхаммедке аян беріп, құлағына сыбырлап айтуы нәтижесінде ғана түсірілді)
Сахаба – пайғамбарымыздың әрдайым қасында жүріп, уағыздары мен соғыс жорықтарына қатысып, ислам дініне үлес қосқан серіктері.
Хафиз – құранды жаттап, үнемі есінде сақтаған адам.
Қари – құранды жаттап, оны жеті түрлі қырағатқа салып оқушы адам.
Ғайып – көзбен көрмесек те жүрекпен, иманмен сезінетін әлем, яғни ғайып әлемі. Бұл жерде: періштелерге Алла тағала Адам атаны жаратпай тұрғанда, ол ғайып болып саналатын еді.
Сапиолла – Адам атаның шын аты.
Уасуаса – азғыру.
Екі оқушы шығармаларды дауыстап оқып шығады.
ІV. Пікірталас кестесі. (Шығарма мазмұны бойынша оқушылар өз пікірлерін айтып, кестені толтырады)
Алланың Адамға жасаған жақсылығы
Адамның қателіктері
V. Өзіңді таны
Адам бойында кездесетін жаман қасиеттерді жазу.
Адам бойында кездесетін жақсы қасиеттерді жазу.
«Кім көп біледі?» дәстүрлі айдары бойынша сұраққа жауап алу.
Бүгінгі күнге дейін сақталып келе жатқан қандай діни мейрамдар мен діни салт-дәстүрлерді білесіңдер? (Оқушылар білгендерінше жауап береді де, мұғалім толықтырады)
Мысалы:
Діни мейрамдар: Құрбан айт (адамдардың бір-біріне ізгі ниеттер тілеп, бір-бірінің көңіл-күйін көтеріп, ренжітіп алған кездері болса кешірім жасасатын күн), Ораза айт (Рамазан айының аяқталу құрметіне ұйымдастырылатын мереке), Мәуліт мерекесі (Мұхаммед пайғамбардың туған күніне арнап өткізілетін мереке; Құранды мәнерлеп оқудан жарыстар өткізіледі)
Діни салт-дәстүрлер: сенім, сабыр, ақ ниет, тәубеге келу,уәдеде тұру.
ҮI.«Алған білімін қайда жұмсар едім....» тақырыбынашағын ойтолғау жазу
ҮII. Сөзжұмбақ шешу «Жарапазан»
Мұсылманның бес парызының бірі (Қажылық)
Пайғамбардың аты (Мұхаммед)
Ораза айы қалай аталады? (Рамазан)
Біздің билеушіміз (Алла)
Жарлыларға берілетін садақа (Пітір)
Аптаның қасиетті күні (Жұма)
Мұсылманның бес парызының бірі (Зекет)
Діни мереке (Айт)
Исламның қасиетті кітабы ( Құран)
ҮIІІ. Қорытынды
Егемен ел атанған көпұлтты мемлекетіміз өткен жылдар ішінде дүниежүзінің қалың жұртшылығына жан-жақты жаңарған, экономикасы серпінді дамыған, өсіп-өркендеу мүмкіндігі мол, діні мен тіліне қарамастан барша адамзат баласын бауырына басқан еңселі мемлекет ретінде танылды. Тұғыры берік тәуелсіздігіміздің басты жетістіктерінің бірі жасампаз халқымыздың дінімізбен қайта қауышуы екені даусыз.Қазіргі таңда көптеген ауқатты, тұрмысы жақсы адамдар Ұлы жаратушы Иеміз-Алла разылығы үшін құрбандық шалып, кедей әрі мұқтаж адамдарға, қиналып жүрген жандарға қамқорлық көрсетеді.
Олай болса, Қасиетті Құран Кәрім әрқашан жүрегімізге қуаныш ұялатып, біздің рухани тазалығымызды қамтамасыз етсін. Барша жұртты қуанышқа бөлеп, адамдардың барлық ақ ниетті істерін қолдасын.
«Жігіттер» тобының орындауындағы «Дүние керуен» әнін тыңдау.
ІХ. Үйге тапсырма беру
Қасиетті Құран Кәрім және Адам ата жайында оқу, мазмұндау.
Жарапазан туралы қосымша мағлұматтар жинақтап келу.