Просмотр содержимого документа
«?асиетті ??ран К?рім. Адамата»
Сабақтың мақсаты:
ә/ білімділікке, құштарлыққа баулу.
б/шығармашылық ізденіске бағыт беру. Сабақтың типологиясы:білімді жан-жақты тексеру. Сабақтың эпиграфы: Саясат күнде өзгереді, ал дін тұрақты.Біздің тегіміз-түрік, дініміз-ислам екенін ұмытпауымыз керек.Ол үшін қасиетті кітап Құран Кәрімді насихаттауды естен шығармауға тиіспіз»
Н.Ә.Назарбаев Сабақтың ұраны: ...Білген сайын келеді біле бергім, Білімдіні сүйерін білем елдің... Сабақтың типі: сындарлы оқыту Пәнаралық байланыс : тарих, дінтану
Пән: қазақ әдебиеті
Мерзімі: 04.12.2015ж.
Сынып: 5 «А»
Сабақ тақырыбы:
Қасиетті Құран Кәрім. Адам ата.
Мақсаты:
1. Діни әңгімелерді оқи отырып, Ислам діні, Құран Кәрім туралы оқушылардың түсінігін кеңейту.
Күтілетін нәтижесі
1.«Адам ата» әпсанасы арқылы адамзат алдындағы оң бағыт пен теріс соқпақ, имандылық пен әзәзілдіктен дұрыс жолды таңдау керектігін ұғынады;
2. Оқушылар өзіндік көзқарасын қалыптастырады;
3. Өмірге қажеттілігін түсінеді.
Әдіс –тәсілдер:
АКТ, СТО, топтық жұмыс, бағалау.
Ресустар
интербелсенді тақта, таныстырылым, плакаттар, түрлі түсті қағаздар, маркерлер, желім, стикер.
Іс - әрекет
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Түрткі тапсырмалар
Оқушы әрекеті
Мұғалім
критерий
бағалау
КіріспеПсихология
лық ахуал
Ынтымақтастық атмосферасын құру.
-Балалар, адамның ең жақсы қасиеті басқа адамдарға жақсылық, сәттілік тілеу.
Бүгінгі сабақта сендерге жақсы көңіл, сәттілік тілеймін! Көңілдерің көтеріңкі болсын.
Әрбір таңның арайын,
Қарсы аламыз шаттана
Ақ тілектің сарайын,
Ашамыз біз мақтана.
«Шаттық лебізі!»
Оқушылар бір-біріне ыстық лебіздерін білдіреді.
Көңіл-күйлері көтеріңкі
Өткенді пысықтау.
«Миға шабуыл» стратегиясы
Өткенді еске түсіреді.
Сұрақтарға дұрыс жауап бере біледі.
«Тоғызқұмалақ» ойыны
1.Құран Кәрім қай тілде жазылған?
2. Құран кімге, қалай уахи түсті?
3.Құран Кәрімде қанша сүре бар?
4.Құранда қандай мәселелер қамтылған?
5. Адам атаның шын есімі кім?
6. Адам атаның шын есімі кім?
7. Мұсылман сыйынатын орын
8. Мұсылман халқының қасиетті кітабы.
Ой қозғау арқылы өткенді еске түсіреді
Оқушылардың сұраққа дұрыс жауап берулерін қадағалау.
Топ мүшелерінің белсенділерін анықтаймын
Өте жақсы
Жақсы
Орташа
1.Блум жүйесі
Түсіну
Мұғалімнің кіріспе сөзін тыңдау
Ой бөлісу
Оқушылар өз түсініктері бойынша әңгімелейді.
Ынтамен тыңдау, тыныштықты сақтауға баулу
Оқушы жауапкерші-
лікке үйренеді
Тамаша!
Сөздік жұмысы
Ой шақыру
Тірек сөздердің мәнін меңгереді
Көрсетілген суреттер бойынша сөз бен сөз тіркестерін құрастыру, үйге берілген сөздердің мәнін ашу.
Тірек сөздердің мағынасын ашады
Оқушы жауабы қадағаланады.
Оқушы ой-түсінігі кеңейеді.
Тамаша
жақсы
2.Білу
Видео көрініс
Мәтінмен жұмыс жасай алады.
Мәтінді оқып, берілген тапсырманы орындау
Мәтін бойынша топтық тапсырма
Топ мүшелерінің жауабы тыңдалады.
Топта белсенді жұмыс жасады, құнды пікір айтты
Өте жақсы
Жақсы
орташа
3.1.Қолдану
Құран оқу қағидаларын біледі.
Ықылас сүресін оқи алады.
Құран оқу қағидалары түсіндіріледі.
Оқушы Ықылас сүресін оқиды
Ықылас сүресін оқу, мағынасын түсіндіру.
Алған білімді қолдана білуге баулу
Бір-бірінің пікірімен санасады
Сергіту кезеңі
«Қаражорға» биі
Би қимылдарын жасау
4.Талдау
Шығармашылық жұмыс
Оқушылар жобаны қорғай алады.
«Ой толғау»
1.Адам атаның ерекше жаратылуы
2.Ібілістің Адам атаға бас имеуі
3. Аллаһтың рақымы
Берілген тапсырма бойынша оқушы өз ойын ортаға салады.
Топ мүшелерінің жұмысын қадағалаймын.
Бір-бірінің пікірімен санасады
Өте жақсы
Жақсы
орташа
Қорытынды
Жинақтау
Сұрақтарға жауап беру
Оқушы түсінігі тексеріледі.
Топтағы оқушылар бірін –бірі бағалайды.
Әділ, сын тұрғыда бағалауға үйренеді.
Топ ішінде пікірлеседі.
Шешім қабылдайды.
Ойын жеткізеді
Оқушы пікірімен санасады
3 топ бір-бірінің жұмыстарын бағалайды
Топты бағалау Ұпай саны
Топтағы ынтымақтастық (міндеттерді бөлу және оларды орындау)
10
Тәртіп (басқа топтың жұмысына бөгет жасамау, тапсырманы орындауда енжар болмау)
10
Тақырыптың, тапсырманың ашылуы
10
Жазба жұмыстың орындалуы 5
Басқа топтардың жобаларын, пікірлерін тыңдау, сұрақ қоя алу қабілеттері
5
Жалпы ұпай
Өзін-өзі бағалау
«Даналық ағаш» ойыны
Үй тапсырма
сы
1.Мәтінді оқу, мазмұндауға дайындалу.
2. Дін туралы мақал - мәтел, нақыл сөздер жазып келу
Кіріспе сөз
Балалар, бүгін біз өткен сабағымызды жалғастырамыз. Қасиетті Құран Кәрім туралы көптеген мәліметтер аласыңдар.Мұқият тыңдап отырыңдар.Сабақ соңында түсінгендеріңді қағазға түсіріп жоба қорғайсыңдар. Бүгінгі сабақтың эпиграфы Елбасымыз Н.Назарбаевтың сөзі: «Саясат күнде өзгереді, ал дін тұрақты.Біздің тегіміз-түрік,дініміз-ислам екенін ұмытпауымыз керек.Ол үшін қасиетті кітап Құран Кәрімді насихаттауды естен шығармауға тиіспіз»
Бисмилләхир Рахманир Рахийм – сөзімді Аса Қамқор ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын.
Қасиетті Құран Кәрім Аллаһтың сөзі. Құранға дейін үш кітап түскен,бірақ адамдар олардың мазмұнын өзгерткені үшін ол кітаптардың үкімі жойылған.Құран кітабының қасиеті сондай - осы күнге дейін бірде-бір әрпі өзгеріске түспеген.
Құран - Ислам дініндегі қасиетті кітап, араб тілінде “оқу”деген мағынаны береді. Жер бетіндегі халықтардың көбі бір Аллаға табынады, сыйынады. Осы үлкен сенім адам баласына көмектеседі. Осы сенімнен дін тарайды. Дүние жүзіне кең тараған төрт ірі дін тармақтары Ислам, Христиан, Будда, Католик діндерінің бәрінің де өзегі – адамгершілік, тазалық.
2) Өздерің айтып өткендей Құранда 114 сүре бар. Сол сүрені оқудың белгілі бір қағидалары бар.
Құран оқу қағидаларын оқушымыз Еслям Медет түсіндіреді. Құранды қатесіз, мәнерлеп оқу қажет. Құранды дәретпен оқу керек. Құран оқуды «Ағузу билләһи мин аш-шайтони-р-раджим.Бисмилләһи-р-рахманир рахим» деп бастайды. Құран оқыған кезде тыныштық сақтау керек Құранның әрбір әрпін үйренгені үшін 10 сауап беріледі. Құранды Құбылаға қарап отырып оқу керек.
3) Осы қағидаларды сақтай отыра Ықылас сүресін Мұхамед оқып береді.
4) Мәтінмен жұмыс .
Алла Тағала балшықтан Адамата – Сапиолланы жасады. Оған Алла Тағала өзінің демінен дем үрледі, жан берді. Сонымен ол тіршілік тынысына ие кәдімгі адам болды. Адаматаға жүгіну жайында Алла Тағала періштелерге әмір берді. Олар Алланың әмірі бойынша Адаматаға ізетпен келіп, бәйек болып бас иді. Бірақ Ібіліс Алланың әміріне бағынбады.
Алла Тағала Ібілістің тағзым жасаудан бас тартып, жаратушының әміріне қарсы келуінің себебін сұрады.
Ібіліс:
Мен өзім адамнан әлдеқайда зерделімін, - деп дау айтты. Мәртебе жағынан менімен шендесе алатын , нәсіл жағынан маған тең келе алатын жан жоқ, - деп күпінді. – Онан қалайда артықпын, - деді ол, - мені өзің оттан жараттың, ал оны балшықтан жасап отырсың, - деп Алланың әмірін елең құрлы көрмеді.
Періштелер өздеріне қарағанда Алла Тағала Адаматаға әлдеқайда артық қайыр-шапағат етіп отырғанын мойындайды. Алла Тағала Адаматаға білімді сіңіріп, көз аясын кеңейтеді. Он сегіз мың ғаламның атын үйретті.
Тапсырма:
1 топ Бірінші абзацты оқып, тақырып қой.Түсінгеніңді айт.
2 топ Екінші абзацты оқып, тақырып қой. Сұрақтар құрастыр.
3 топ Үшінші абзацты оқып, тақырып қой. Асты сызылған сөздердің мәнін аш.
5) Шығармашылық жұмыс.
Оқыған шығарма бойынша
Мәтінмен жұмыс . Ислам діні /қосымша тапсырма/
Ислам – бейбітшіл дін, ислам соғысты қаламайды, күш қолдануға қарсы, лаңкестікті айыптайды. Адамдарды адамгершілікке, қайырымдылыққа, еңбексүйгіштікке шақырады, Соңғы кездері Қазақстанда мұсылман халқын басқа дінді қабылдауға шақырған топтар пайда болуда. Олар өзге дінді уағыздайтын ағымдар. Олардың арандатушы әрекеттерінен сақ болғанымыз жөн. Ата-бабаларымыз ұстанып келген Ислам діні – тіршілігіміздің тірегі. Ақын Шәкәрім : «Адам атаулыны бір бауырдай қылып екі өмірде де (бұл дүние мен о дүниеде) жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз – осы мұсылман жолы».- деген екен.
Ислам діні – дүние жүзіне кең тараған діннің бірі. Ислам діні алғаш рет Арабияда дүниеге келді. Мұсылман дінінің негізін салушы - Мұхаммед Пайғамбар. Бұл діннің қасиетті кітабы – Құран.
«Құран сөзі – Құдай сөзі» деп үйретеді мұсылман баласы. Құран мұсылман баласының қалай өмір сүру керектігі жайлы жазылған (Шахид) заң шарттарынан тұратын кітап.
а) Сөз мағыналарын меңгеру.
Лаңкестік – бүлік салушылар /терроризм/ жазықсыз адамдардың өміріне қауіп төндіретін адамдар
Уағыздайды – насихаттайды / дін туралы мәліметтер таратады/
Ағымдар – ұйымдар / теріс бағытты үгіттеушілер/
ә)Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
Ислам сөзі қандай мағына береді?
Ислам сөзі - арабша «бейбітшілік», «бағыну», «ілім»
Ислам діні неге шақырады?
Адамдарды адамгершілікке, қайырымдылыққа, еңбексүйгіштікке шақырады.
Мұсылман дінінің негізін салушы кім?
Мұхаммед пайғамбар
«Шахид» сөзінің мағынасын түсіндір
Алланың заңы
Осы мәтіннің мазмұны бойынша өзіңе қандай ой түйіндедің?
Жауап:
Біз өзіміздің мұсылман екенімізді ұмытпау. Мұсылман үшін басты дін – Ислам екенін мойындай білу. Құран Кәрім – Алланың
Қорытынды:
Яссауи, Арыстан баб, әл- Фараби даналарым,
Әулие Есет, Бекет, Қарақожа бабаларым.
Жастарды желеп - жебеп аруағыңызбен,
Қазақтың қолдандаршы бабаларын.
Өтпелі қиындықты ауырламай,
Халықты тура жолға салып тұрған
Жастардың арта берсін талаптары!
Жайылып өсе берсін қанаттары.
Ақырет жолы ауыр ғой, қарақтарым,
Анық қой о дүниеге бір барарың.
Алла деп адал еңбек етсеңіздер,
Ашылар жұмақтың есіктері алдан әлі.
Жұмақтан орын алар адал адам,
Силаса құдай жолын болмай арам.
Иман жүзді адамдар көп болса екен,
Тілеймін имансыздық болмағанын
Тірек ұғымдары:
Ислам діні деп – Аллаһтан басқа құлшылық қылуға лайықты тәңір жоқ екендігіне және Мұхаммед Аллаһтың елшісі екендігіне жүрекпен, тілмен, және дене мүшелерімен куәлік беруді айтады.
Шахид – Алланың заңы
Ислам сөзі - арабша «бейбітшілік», «бағыну», «ілім»
Мұхаммед – мағынасы «мақтаулы»
Пайғамбар – парсы тілінде «хабаршы»
Мұсылман – Алланың нағыз - құлы, алланың нағыз ұлы.
Құран – Алладан адамзатқа тура жолды нұсқау үшін Мұхаммед
Пайғамбарға түскен ең соңғы кітап.
Уахи – аяттар
Шариғат – араб тілінде «тура жол»
Лаңкестік – бүлік салушылар /терроризм/
Уағыздайды – насихаттайды
Ағымдар – ұйымдар /секта/
Алла – Ислам діні ұғымында күллі ғаламды жаратушы.
Уаһи – хабар.
Сахаба – пайғамбарымыздың ислам дініне үлес қосқан серіктері.
Хафиз – Құранды жаттап, үнемі есінде сақтаған адамдар.
Қари – Құранды жаттап, оны жеті түрлі әуенге салып оқушы
адам.
Ғайып – көзбен көрмесек те, жүрекпен, иманмен сезінетін әлем.
«Саясат күнде өзгереді, ал дін тұрақты.Біздің тегіміз-түрік, дініміз-ислам екенін ұмытпауы-
мыз керек.Ол үшін қасиетті кітап Құран Кәрімді насихат