Сабақтың мақсаты: Оқушыларға діни әңгімелердің тууы, «Қасиетті Құран Кәрім» туралы жан-жақты мағлұмат беру.
Білімділік: Оқушыларды жақсы, ізгілікті қасиеттерге тәрбиелеуде діни ұғымдардағы имандылыққа негізделген сүрелер мен өсиеттерін бойына дарыту.
Дамытушылық: мұсылман діні туралы білімдерін кеңейте отырып, ата салтын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, бабалардан қалған ұлағатты ғибрат сөздерді түсіндіріп,содан үлгі-өнеге алуға баулу. ойлауға, есте сақтауға, жылдам шешім қабылдауға, өзіндік ізденіске дағдыландыру.
Просмотр содержимого документа
«Діни әңгімелер. Қасиетті Құран Кәрім»
Тақырыбы: Діни әңгімелер. Қасиетті Құран Кәрім жайында.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға діни әңгімелердің тууы, «Қасиетті Құран Кәрім» туралы жан-жақты мағлұмат беру.
Білімділік: Оқушыларды жақсы, ізгілікті қасиеттерге тәрбиелеуде діни ұғымдардағы имандылыққа негізделген сүрелер мен өсиеттерін бойына дарыту.
Дамытушылық: мұсылман діні туралы білімдерін кеңейте отырып, ата салтын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, бабалардан қалған ұлағатты ғибрат сөздерді түсіндіріп,содан үлгі-өнеге алуға баулу. ойлауға, есте сақтауға, жылдам шешім қабылдауға, өзіндік ізденіске дағдыландыру.
Көрнекіліктер: Қасиетті Құран кітабы, Мұхаммед Пайғамбардың хадистері, нақыл сөздер, тірек кестелер, электронды оқулық, үлестірмелер, сөзжұмбақ.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
а ) амандасу ә) оқушыларды түгендеу б) топқа бөлу с )оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Мақсат қою.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Топтар бойынша сұрақ-жауап.
1-топ «Имандылық»
Қазыбек би жайында не білесің?
Қазыбек бидің айтқан нақыл сөздерінен мысал келтір.
2-топ «Адамгершілік»
Қазыбек бидің бата-тілектерінен мысал келтір.
Қазыбек би қалмақ ханының алдына неше жасында барған? (13 ж)
3-топ «Брілік»
Қазыбек би Бұқар жыраудың көңілін сұрамақ болып келгенде Бұқар жырау не деді? ( Онға дейінгі сандардың мағынасын ашып бер деді.)
Қазыбек би шешен тілмен қалай жауап берді?
III. Білімді жан-жақты тексеру. Семантикалық карта.
№
Сұрақтар
Иә
Жоқ
1
Халық ауыз әдебиеті үшке бөлінеді
2
Түйенің иесі Шекшек ата
3
Мақал ойдың ықшамдап, дәл айтылған нұсқасы
4
Ертегілер төртке бөлінеді
5
Қиял-ғажайып ертегілер кейіпкерлері өмірде болған
6
Ерназардың тоғыз ұлы бар
7
Ер Төстіктің аты Тайбурыл
8
Ер Төстіктің жұбайы Бекторы
9
Мадан хан наубайшының баласы
10
Жаман құстың жаманы-қырғауыл, шөптің жаманы-шеңгелді алғызды.
11
Кендебайдың аты Керқұла
12
Кендебай Мергенбайдың баласы
13
Аңыз әңгімелердің кейіпкерлері Аяз би, Кендебай
14
Аңыз белгілі бір адамның аты, іс-әркетіне байланысты туады
15
Шешендік сөздер-елге белгілі адамдардың болған оқиғаларына байланысты айтқан тапқыр сөздері
16
Бұқар жыраудың ауырғанда көңілін сұраған Әйтеке би
17
Қалмақ ханы Қоңтажы
I V . Жаңа сабақ. Ой шақыру.
Суреттерді көргенде естеріңе не түсті?
Балалар бүгінгі сабақта Қасиетті Құран Кәрім туралы көптеген мәліметтер аласыңдар.Балалар, біз тәуелсіздіктің арқасында мешіттерге еркін бара алмыз, мұсылман халқы имандылыққа бет бұрды. Кеңес Одағы кезінде мұсылман халықтарына дін туралы айтуға, уағыз айтуға, намаз оқуға тыйым салынды. Тәуелсіздіктің арқасында біз тілімізді, дінімізді толық қолдана білдік. Біздің тегіміз- түрік, дініміз – ислам екенін білеміз бе? Ол үшін Қасиетті Құран Кәрімді насихаттауды естен шығармауымыз керек. Бүгінгі сабағымызды осыдан бастаймыз.
Жаңа сөздер:
1. Алла-күллі ғаламды жаратушы.
2.Құран - арабшадан аударғанда «оқу» деген ұғымды білдіреді. Мұсылмандардың қасиетті кітабы. Құран – Ислам дінінің ең негізгі, басты кітабы.
3.Иман- арабша «сенім»деген ұғымды білдіреді. Иман- әр тұлғаның жүрегінде. Ол тілмен айтылғанды жүрекке тоқу.
4.Мешіт - мұсылмандардың қасиетті үйі.
5.Қажы - Қағбаға барып, бас иіп қайтқан мұсылман.
6.Қағба - Мұсылмандардың Мекке Медине қасиетті қаласындағы басты сыйынатын жер.
7.Уахи-хабар
8.Сахаба-пайғамбарымыздың әрдайым қасында жүретін, ислам дініне үлес қосқан адам.
9.Қари-Құранды жаттап, жеті түрлі әуенге салып оқитын адам.
10.Хафиз-Құранды жаттап, үнемі есіне сақтап жүретін адам.
Құран-Ислам дінінің ең басты кітабы. Ол діннің ғана емес, араб әдеби тілінің де класикалық үлгісі. Араб әдебиеті тарихында кітап болып басылып, жарық көрген тұңғыш шығарма. Онда тарих, әдебиет, шариғат, салт-сана, әдет-ғұрып тазалық, әділдік, шипагерлік секілді жан-жақты бай мазмұн қамтылған.
Құранда 114 сүре бар. Мұхаммед-Алланың елшісі және жер бетіндегі үмбетіне шарапатын тигізуші ең соңғы пайғамбар.
Құран Кәрім барлық іс бір Алланың әмірімен болатынын айтып, адамдарды сабырлы, салиқалы, мейірбан, қайырымды, күнәдан пәк болуға шақырады.
Құран Кәрім жайында не білесіңдер?
Құранда неше сүре бар?
Құран Кәрім адамды қандай болуға тәрбиелейді?
V. Ислам дініне байланысты діни қағидаттардан білетіндерін топ бойынша айтқызу.