Сөздік қорын молайту тіл байлықтарын дамыту, сөйлеу шеберлігін шыңдау.
2. Топпен ынтымақтастықта жұмыс істеуге, бір-бірінің пікірін тыңдауға, құрметтеуге бейімделенеді.
3. Әдіс – тәсілдерді тиімді қолдана отырып, өз пікірін еркін жеткізе тырысады.
«Бағдаршам», «Бас бармақ» тәсілдері.
№ | Сабақ кезеңдері | Уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының әрекеті | Күтілетін нәтиже | Бағалау |
1. | Ұйымдастыру кезеңі | 5 мин | 1.Түгендеу 2. Топқа бөлу 3. Жағымды психологиялық орта қалыптастыру «Шашу» шашу дәстүр. Мұғалім бүгінгі сабақтың салт- дәстүрмен байланысты екенін айтады, тілек білдіріп «Шашу» шашады. Шашылған кәмпиттердің кебірінің ішінде сұрақтар жазылған болады. | Оқушылар 1,2,3,4 сандары арқылы топқа бөлінеді. Әр топ бірігіп. Шаңырақ келбетін жасап «Бәріміз біргеміз Берік біргеміз» деп атайды.Кәмпиттерді ашып сұрақтарды іздейді, дайындалады. | Оқушының сабаққа қызығушылығы оянады. | |
2. | Үй тапсырмасын сұрау (білу) | 7 мин | «Орамал тастау» дәстүрі бойынша үй жұмысы, ережелер сұрау. Сұрақтар жазылу | Кімге орамал тасталса сол оқушы үй жұмысын оқиды, сұрақтарға жауап береді, өз ойларымен бөліседі, пікірлерін айтады. | Оқушы өз мүмкіндіктерін көрсете алады, ойланады. | «Бас бармақ» әдісі бойынша бағалайды.5 балдық жүйе арқылы топ басшысы кестеге түсіреді |
3. | Пысықтау сабақ (Түсбау) | 5 мин | «Той бастар» дәстүрі. Мұнда киіз үйдің ішіне сұрақтар жазылған ойыншықтар салып әр топ мүшелеріне жеке тапсырыма ұсынылады . Сан есімі бар - Мақал- мәтелдер -Жұмбақтар -Өлеңдер -Жаңылтпаштар . | Оқушылар (әр топтан бір оқушы) сұрақтар жазылған ойыншықтарды таңдап алады, ізденеді, ойланады, топта бірігіп жұмыс жасайды . | Тапқырлығы мен ой жүйріктігі байқалады. Топта жұмыс істеу қабілеті дамиды | «Бағдаршам» әдісі бойынша бағаланады. |
4. | Оқылым. Тыңдалым. Жазылым. (Оқулықпен жұмыс) (Қолдану) | 5 мин | оқулықтан 153- жаттығуды орындауды тапсырады, жаттығу шартын түсіндіріледі. | Оқушылар мәтінді оқиды, топтасып ойланад, тапсырманы дәптерлеріне жазады, сан есімдерді табады. | Топ бірігіп нығаяды, сауаттылығы жылдамдығы артады. | Смайликтер мен бағаланады. |
5. | Сергіту сәті « Поэзия минуты» кез келген оқушы мәнерлеп сан есімі бар өлең оқиды. | 2 мин | Оқушылармен бірге сергіту сәтіне көңіл бөледі. | Тыңдайды, сан есімді табады, қолдау көрсетеді, баға береді. | Оқушылардың көңіл-күйлері көтеріледі | « Бас бармақ» әдісімен бағаланады |
6. | Топтық жұмыс «Бәйге» жарысы (Талдау) | 7 мин | Мұғалім әр топқа киелі сандарды таңдап алуды тапсырады. 7,9,12,40. Киелі сандардың қасиетін ашуды тапсырады. Ғаламтордан ізденуге рұқсат береді | Оқушылар киелі сан таңдайды, оның сырын, қасиетін ашу үшін ізденеді, ойланады, бір- бірімен пікір алысады,өз білімдерін, ой жүйріктігін көрсетеді Ғаламтордан қосымша мәліметтер жинайды. | Оқушылардың есте сақтау, түйсіну, сезіну қабілеттері дамиды, сабаққа қызығушылығы артады . | «Бағдаршам» әдісімен бағаланады |
7. | Эссе жазу (Жинақтау) «Сандар әлеміндегі қызықтар» тақырбы бойынша. | 7 мин | Мұғалім оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін шағын эссе жазу арқылы жинақтауды ұсында | Оқушылар өз ойларын, пікірлерін эссе түрінде жазып, тақырып аясында алған білімдерін жинақтайды | Оқушылардың есте сақтау, түйсіну, сезіну қабілеттері дамиды, сабаққа қызығушылығы артады. | Смайликтер мен бағаланады . |
8. | Бағалау | 5 мин | Сабақты қорытындылайды , кері байланыс парақшасын жазуды тапсырады.Сан есімнің өзіне тән белгісі, сын есімнен айырмашылығы | Салыстырады, өз ойлауын артырып баға береді | Тақырыпты жинақтап қорыту дағдысы қалыптасады,дамиды | |
9. | Үйге тапсырма | 2 мин | Үй тапсырмасын тақтаға жазады. 154-жаттығу. Мәтіндегі кате берілген сан есімдерді түзетіп жазу | | | |
10. | Рефлексия | | Кері байланыс орнату | Бір-біріне сабақ туралы көзқарастарын айтады. | | |