САБАҚ Ш.Қанайұлы «Зар заман» толғауы | Мектеп: №45 «1Май» жом |
Күні:7.10.2016 | Мұғалімнің есімі: Б.Бибатирова |
СЫНЫП: 10-«в» | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) | Шортанбай шығармаларының маңызын,мәнін түсіндіре отырып білімдерін тереңдету,сыни тұрғыдан бағалай білуге үйрету мен оқушылардың жырдың мазмұны арқылы адамгершілікке,шынайылыққа,өмірдің әділетсіз жақтарын көре біліп, тұжырым жасай білуге,ой-өрісін,таным көкжиегін дамытуды көздеу.. |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Ақын өлеңдерінің мазмұнын айта алады, кейіпкерлерін таба алады. |
| Оқушылардың басым бөлігі Ақын өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын таба алады.: |
| Кейбір оқушылар : Өлеңге талдау жасай алады. |
Тілдік мақсат | Оқушылар: Өлең құрылысына талдау жасайды |
| Негізгі сөздер мен тіркестер: Бай, Би ,Болыс, Патша ,Жарлы, тойымсыз, жемқор, жағымпаз, қатігез ,Шыдамды, еңбекқор. |
|
| Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: 1.Ақын қорқынышының себептері 2.Тарлығының белгісі 3.Зарлығының белгісі 4.Бағынғанның белгісі 5.Жамандықтың белгісі 6.Білмегеннің белгісі 7.Бүгінгі заман белгілері |
| Талқылауға арналған тармақтар .Өлең құрылысына талдау жасау. Байлар //ұрлық қылады а Көзіне мал// көрінбей, б Билер// жейді параны а Сақтап қойған //сүріндей. б /Шалыс ұйқас /7 буынды, 2 бунақты |
| Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба? Шортанбай Қанайұлын сендер қаншалықты таныдыңдар, қай жағынан бағаладыңдар |
| Жазылым бойынша ұсыныстар: Топтық жұмыстар 1-деңгей 1.Отаршылықтан кейінгі қазақ даласындағы өзгерістер. 2.Шортанбайдың өмірі. 3.Шортанбайдың шығармашылығы. 2-деңгей 1-тапсырма 1.Әр топ Шортанбайдың өлеңдерін мәнерлеп оқу. 2.»Зар заман» топтамасындағы өлеңдеріне талдау жүргізу. 2-тапсырма 1.Шортанбай мен Қожа Ахмет Иасауи өлеңдеріндегі үндестікті тауып айтыңдар. 2.Шортанбай өлеңіндегі көркемдік ерекшеліктерді(метафора,эпитет,теңеу)көрсетіңдер. 3.Шортанбай көтерген мәселелерді бүгінгі жахандану үрдісімен салыстырыңдар. 3-деңгей 1.Ойтолғау Шортанбай ескі өмірді аңсаған кертартпа ақын ба? 2.Эссе».Қияға қанат қағар сұңқар ем» 3.Шортанбайға хат. |
|
Алдыңғы оқу | «Ереуіл атқа ер салмай» , «Мұнар күн» |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) | Ресурстар |
Басталуы | 1 Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, сыныпты түгелдеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару. 2. Психологиялық дайындық: Ынтымақтастық атмосфера тудыру. «Менің жақсы қасиеттерім» Үй тапсырсамасын сұрау | Ақынның портреті, тақырыпқа арналған слайд, талдау кестелері; |
Ортасы
Аяқталуы | Жаңа сабақ: 1.Оқушыларға Шортанбайдың суретін көрсетіп, «Ой қозғау» әдісін пайдалана отырып, сұрақтар қою: 1. Шортанбай ақын туралы не білеміз? 2. Ақынымыз қай ғасыр, қай заман ақыны? 3. Бұл ақынның қандай шығармаларын білеміз? 2.Бейнетаспадан Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы тыңдау. Шортанбай Қанайұлы 1808 жылы қазіргі Жамбыл облысы Қаратау өңірінде дүниеге келген.Ақын, діни қайраткер. Жас шағынан мұсылманша оқып замандастары қатарлы білім алмаған. ХІХ ғ. өз дәуірінің шындығын бүге-шігесіне дейін көрсете білген бірден-бір ақын. Шортанбай белгілі бір ортаның немесе аймақтың ғана емес, барша халықтың мұң-мұқтажын толғады, көптің жоқтаушысы болды. Ресей отаршылдығының зорлығын көзімен көріп, жанымен, тәнімен сезінген ақын өзінің “Зар заман”, “Бала зары”, “Тар заман”, “Опасыз жалған”, т.б. толғаулары арқылы ақиқаттың астарын ашып көрсетті.ХІХ ғасырда өмір сүрген Дулат, Мұрат тағы басқа ақындар замана жайын отаршылдықтың зиянды кесірі деп қарап, ашына, түңіле күйіну сарынында жырлады. Бұл ақындарды заңғар жазушы, классик М. О. Әуезов «зар заман ақындары» деп атаған.Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңдер топтамасы-адам сипатынан түңілген, халық үшін жаны күйінген жанның толғанысы, дәуір айнасы. Қорытынды: бағалау, үйге тапсырма | |