kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қаныш Сәтбаев

Нажмите, чтобы узнать подробности

разработка урока по казахскому языку для 10 класса

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қаныш Сәтбаев»

10-сынып

Қазақ тілі

24.02.17

Сабақ тақырыбы:

Сәтбаев Қаныш Имантайұлы

Смарт мақсат:

Қ.Сәтбаевтың өмірбаянымен таныстыру, білімі, ғылыми еңбектері, қоғамдық жұмысы туралы мәлімет беру. Ойлау, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын амыту, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

 Басқалардың және өз пікірін сыни тұрғыда бағалайды. Сауатты, таза жазуға, жанындағы адамдар еңбегін бағалауға тәрбиеленеді. Шығармашалық қабілеттері байқалады. Топта бірлесе жұмыс жасайды.

Негізгі идеялар:

Қаныш Сәтбаевтың ұлы тұлға дәрежесіне жету негізін анықтау.

Оқыту әдістері:

Жаңа әдістер

СТО

Оқыту үшін бағалау

1. Диалог

2. Жеке жұмыс

3. Жұппен жұмыс

4. Топтық жұмыс

Дерек көздері:

Таратпа қағаздар, портрет.

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Психологиялық ахуал

2 минут

2 минут

1. Сергіту сәтін көрсету.

2. Сыныпты топтарға бөлу.  

3. Әр топтың топ басшысын сайлату.

4. Топ ережесін құру.

1. Сергіту сәтін жасайды.

2. 4 топқа бөлінеді.

3. Топ басшысын сайлайды.

4. Топ бірлікте ереже құрайды.

А-4 парағына жазады

ІІ. Қызығушы-лықты ояту»

Миға шабуыл 3 м

Қаныш Сәтбаев туралы не білеміз?

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев, шын есімі – Ғабдулған (12 сәуір 1899 жылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы - 31 қаңтар, 1964 жылы, Мәскеу) - геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик. Қазақ КСР Ғылым академиясын

ұйымдастырушы және оның тұңғыш прези-денті, академигі, Кеңес Одағының және Қазақстан металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик.

Сұраққа жауап береді.

«БББ» стратегиясы.

Кестенің бірінші бағанын толтырады

5 мин

Бейнежазбаны көрсету.

«Кластер» стратегиясы.

Мұқият қарайды, сызбаны толтырады

ІІІ. Мағынаны тану.

20 мин

Мәтін бөлікке бөлініп, талқылауға беріледі. Таныс емес сөздерді сөздік арқылы аударып, сөздікке жазады.

«ЖИГСО» стратегиясы бойынша топ мүшелері ауысып, бір-біріне түсіндіреді, сұрақ қояды. Топ басшысы бағалайды.

1-тапсырма. Сөйлемдердің сыңарын мағыналарымен сәйкестендіру. (Топтық)

2-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құрап, синтаксистік талдау жасау. (Жұптық)

3-тапсырма. Мәтінді диалогке айналдыру.

4-тапсырма. Сөйлемдерге талдау жасау.

Жаңа сабақты түсінеді, бұрынғы білімдерімен салыстырады. АКТ қолданады.

Оқушылар мәтінді жеке оқып шығады, содан соң жұппен, топпен талқылап, ортақ шешімдерін ұсынады. Келесі топпен бөліседі.

Тапсырмаларды жұмыс дәптерлеріне орындайды

«Бағдаршам» әдісі бойынша бір – бірін бағалап отырады.

ІҮ. Ой толғаныс

(10 мин)

1. «БББ» стратегиясын жалғастыру.

2. «Мен білетін Қаныш Сәтбаев» эссе жазу.

Кестені толдырады.

 Эссе жазады

Ү.Үй тапсыр. 1м

  1. Мазмұнын айту, мәліметтер жинау.

Тапсырманы білу, түртіп алу

Бағалау (1 мин) 

Оқушыларды жиынтық бағалау. Топ басшысының бағалау парағы ескеріледі

Оқушылардың тізімі жазылған параққа өз бағаларын қояды

Рефлексия (1 м)

 «2 жұлдыз, 1 тілек» жазады

Стикерге өз ойларын жазады.

Өмірбаяны. Қаныш Имантайұлы 1899 жылдың 12 сәуірінде қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында (бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы) Имантай бидің отбасында дүниеге келді. Шын аты- Ғабдул-Ғани. Сауатын ауыл молдасынан ашып, Шорман ауылында орналасқан мектепке қатынайды. Төрт жылдық бағдарламаны үш жылда аяқтайды. 1911 жылдан бастап Павлодардағы 2-сыныпты орыс-қазақ училищесіне аттанады. Аталған білім ордасын мерзімінен бір жыл бұрын бітіріп шығады.

Білімі. 1914 жылы Семей мұғалімдер семинариясына түсіп, оны төрт жылда аяқтап, бастауыш мектептерге орыс тілінен сабақ беруге құқық беретін куәлікке ие болады. 1918 жылдың күзінде Алаш қалашағында ашылған, ауылдық қазақ мектептері үшін мұғалім болады. Томск технология институтының математика факультетіне оқуға дайындала бастайды. Оқуға түсу үшін математика мен ағылшын тілінен емтихан тапсыруы керек. Осы мақсатта Томск университетінің математика факультетін бітірген Семейде еңбек ететін Ғарифолла Нығметулиннен қыс бойы математика пәні бойынша қосымша сабақ алады. 1919 жылы қатты ауырып, ауруханаға түседі. Ауруханада емдеген дәрігер С.Н.Разумовский науқасқа бұдан былай Семейде қалуға болмайтындығын айтты.

Атқарған қызметі. 1920 - 1941 жылдары - Баянауылда халық судьясы, «Атбастүстімет» тресі геология бөлімінің, Қарсақтай мыс комбинаты геологиялық барлау бөлімінің бастығы, комбинат-тың бас геологы қызметтерін атқарған. 1941-1952 жылдары КСРО Ғылым академиясы Қазақ бөлімшесінің құрамындағы Геология ғылымдары институтының директоры, КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесі Төралқасы төрағасының орынбасары, төрағасы, Қазақстан Ғылым академиясының президенті болған. 1952 жылы - әміршілдік жүйенің тарапынан қысымға ұшырап, қызметінен төмендетіліп, Қазақ КСР Геология институтының директоры болып тағайын-далған. 1955 жылы - Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті болып қайта сайланып, өмірі-нің соңына дейін осы қызметті атқарған.

Ғылым жолында. Сәтбаевтың геология ғылымында, мәдениет саласында, тарихта қалдырған еңбектері мол. Ш.Уәлиханов жазған түсініксіз араб, татар сөздерінен тазартып, қазақ тілінің жаңа орфографиясының негізінде қайтадан дайындаған. Ғұлама ғалым Ұлытау өңіріндегі тарихи, мәдени, археологиялық ескерткіштерді зерттеді. Жезқазған – Ұлытау өңірінен көптеген этнографиялық мұраларды жинап, «Жезқазған ауданындағы көне заман ескерткіштері» атты еңбегін жазған. Онда Ұлытау өңірі ежелгі металлургия орталығы мен саяси орталығы екендігі де толық дәлелденген. Қазақ орта мектебінің төменгі және жоғары сынып оқушыларына арналған «Алгебра» оқулығын дайындаған. 1931 жылы басылған А.Затаевичтің «500 қазақ әндері мен күй-лері» жинағына Сәтбаев қазақ халқының 25 әнін өзі орындап, орыс тілінде ғылыми түсініктеме беріп енгізген.

Марапаттары. Ол геология ғылымының әлемдік, одақтық, қазақстандық комиссиялардың, коми-теттердің мүшесі, басшыларының бірі; бірнеше мәрте КСРО және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңестері-нің депутаты; СОКП съездерінің делегаты, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитеттің президиумының мүшесі. Ол төрт рет Ленин ордені-мен, Екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен марапатталып, КСРО Мемлекеттік және Ленин-дік сыйлықтардың иегері болған.

Үлесі. 1926-1929 жылдары Жезқазғандыда зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға болатынын дәлел-деген. Минералдық шикізаттарға бай Сарыарқа, Кенді Алтай және басқа да аймақтарды зерттеген.

1927-1928 жылдары-Жезқазған, Қарсақбай, Атбасар, Спаск аудандары, Қарағанды тас көмір алабы және Қаратау полиметалл кендері жөнінде ғылыми еңбектер жазған. 1929 жылы Қарағанды облы-сында қара металлургия өнеркәсібін дамыту туралы мәселе көтерген. Жезқазған-Ұлытау ауданын-да мыстан басқа темір, марганец, көмір, қорғасын кендерін ашқан. Алматыда Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі құрылған. Жезқазған кен-металлургия комбинатын, Қарағанды мен

Балқаш металлургия зауыттарын, Ертіс-Қарағанды арнасын салу, Маңғыстау, Мұғалжар, Торғай өңірлерінің табиғи байлықтарын анықтау және зерттеу жұмыстарын ұйымдастырып, Кенді Алтай-ды, Қаратау фосфоритін, Қостанай мен Жезқазған-Ұлытаудағы темір, марганец, т.б. кен орында-рын игеру Сәтбаев есімімен тығыз байланысты.

Қаныш Сәтбаев атында институттар мен кен-металлургия комбинаттары, Қазақстан қалалары-ның көшелері, мектептер мен қала бар. Алатаудың бір шыңы мен мұздағы, Қаратаудағы ванадий кенінің рудасынан табылған бір минерал (сатбаевит) оның атымен аталады. Оған арналған бірнеше мұражайлар бар.


Сабақтың тақырыбы: 1-тақырып.ТЕХНИКА ҒЫЛЫМЫ САЛАСЫНДАҒЫ  БЕЛГІЛІ ТҰЛҒАЛАР. 4-қадам. Қарапайым адам еді.

Сабақтың мақсаты:  Мәтінді түсініп оқу, оқылған мәтіннің негізгі ойын және өзіне қажетті мәліметті таңдап ала білу.

Күтілетін нәтиже: Мәтінмен  жүйелі жұмыс істейді, керекті мәліметті таңдап алады, сөйлемдерді дұрыс құрастырып жазады, сөйлемдердің сыңарын   мағыналарымен сәйкестендіреді, синоним сөздерін қатыстырып сөйлемдер құрайды.

! Модульдер: ЖАДА жұмысы. Қайталап сұрақ қою. СТО, АКТ, диалогтік оқыту

Белсенді жұмыс түрлері: Сыни тұрғысынан ойлау, АКТ, Топқа бөлу, интербелсенді тақтаны түсіндіру құралы ретінде қолдану. Диалог, миға шабуыл, ассоцияция жасау, деңгейлік тапсырмалар орындау.

Сабақтың жабдықталуы: Сәтбаев Қаныш Имантайұлының портреті, слайдтар, маркерлер, ватман қағаздары, маркерлі- магниттік тақта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. 5минут.

Топқа бөлу( мақалдарды басып шығарып, кесу,59бет)

1.                  Ғалым болсаң,

Елге мәлім боларсың.

2.                  Білімді өлсе, қағазда аты қалар,

Ұста өлсе, істеген заты қалар.

3.                  Наданмен дос болғанша,

Кітаппен дос бол.

Психологиялық дайындық. Әр мақалды мақалдың мағынасын айтып береді.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.10минут

Ітоп. Қаныш Сатпаевтің өмірбаяны жайлы.

ІІтоп. Қаныш Сатпаев-геолог.

ІІІтоп. Қаныш Сатпаев атындағы ғаламшар.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Миға шабуыл. Сәтбаев Қаныш қандай адам болған? (Оқушылар Қ.Сатпаевтің дене-бітімі жайлы айтады.)

Ассоциаграмма :Дене бітімі. Мысалы:                         

54бет. «Англиядағы кездесу» мәтінінен.

Дене бітімі

Ішкі дүниесі

ақ құба, бойы ұзын, денесі зор

 

 

адамның бәрін жылы шыраймен қабылдайтын жұрттың бәріне бірдей қарайтын

өмірін халық үшін, адамзат үшін сарп еткен жәрдем сұрап барған адамдарға қолынан келген жәрдемін беретін табиғаттың ерекше берген ақылын адам үшін жұмсап кеткен кісі сыпайы, еңбексүйгіш, адамгершіл     


                                                                                                                                                                     

Мұғалім: Сендер сыртқы бітімін айттыңдар, енді біз бұл кісінің адами қаситеттерін білейік.

·                    Топтық жұмыс

1-тап. Мәтінді түсініп оқу, 6минут 

Қарапайым адам еді.

   Қадірлі аға, әрқашан: «Ғалым болу үшін, ең алдымен, адам болу керек. Ғалым барлық өмірін, еңбегін өзі үшін емес, халық үшін сарп етеді», -дейтін.

 Қаныш ағаның өзі- бойындағы барлық күшін, жігерін, табиғаттың ерекше берген ақылын адам үшін жұмсап кеткен кісі.

   Үлкен ағамыз жұрттың бәріне бірдей қарайтын. Оқымысты ма, министр ме, жай қарапайым жұмыскер ме – ол кісіге бәрі бірдей адам болатын. Алдына  жәрдем сұрап барған адамның бәрін жылы шыраймен қабылдап, қолынан келген жәрдемін беретін.

-                     Қарағым, қандай ортада жүрсең де, үш қасиеттен жаңылмағайсың: еңбексүйгіштіктен, сыпайыгершіліктен, адамгершіліктен, - деп айтқаны бар еді.

Мен бүгінгі жастарға сол кісінің осы сөздерін қайталар едім. Қаныш   аға ғұлама ғалым, үлкен ойшыл болумен қатар өте қарапайым адам еді.

   Қаныш аға – бүкіл қазақ халқының ардақты ұлы, ол мәңгі жасамақ.

2)  Әр оқушы түсінбегенін қасында отырған  көршісінен сұрайды, 2минут.

 (немесе менен сұрайды)

3) Сұрақтарға жауап беріледі(бір топ екінші топқа қояды)-3минут.

? Сұрақтарға  мәтін бойынша жауап беріңдер.

1.                  Ғалым болу үшін не керек?

2.                  Қаныш аға қандай адам болған?

3.                  Қаныш аға жұртқа қалай қарайтын?

4.                  Қаныш аға адамда қандай  қасиеттер болу керек дейді?

5.                  Бүгінгі жастар қандай болуы керек?

4) Мен: «Қаныш аға қандай қасиеттерден жаңылма, есіңнен шығарма, еш уақытта ұмытпа!»- дейді.

Жауап:Еңбексүйгіштіктен, сыпайгершіліктен, адамгершіліктен.

Ассоциаграмма : Дене бітімі жазылып тұр. Соны толықтыру(адами қасиеттері туралы). 59бет. «Қарапайым  адам еді»мәтінінен.                                                                                 

60бет, 4-тап. Тек сөз құрамына талдаңдар. Интерактивті тақтада.

62бет, 8-тап.Мәтіннен өткен шақ тұлғасында тұрған етістіктерді теріп жазыңдар.(Ватманға жаздыру- оқып шығады, орнынан)

Үлкен ағамыз жұрттың бәріне бірдей қарайтын. 2минут.

61бет, 5-тап. Сөздер мен тіркестерін қатыстырып сөйлем құраңдар. 3минут.

Рефлексия: Бес жол өлең осы тақырып бойынша

Зат есім

2сын есім

3етістік

сөйлем 4сөзден тұратын

зат есімге синоним

·                    Өздік бағалау

·                    Топта  сұрақтарды талқылап, жауаптарын постерге  түсіру.

Мәтінмен жұмыс

1.                  Оқушылар  өз беттерімен мәтінді оқиды.

2.                  Түсінбеген сөздердің мағынасын көршісінен сұрайды.

3.                  Мәтінді түсініп оқиды. (өздігінен аударады)

4.                  Жұптық жұмыс. Сұрақтарға жауап береді.

5.                  52бет,2-тап. Сөйлемдердің сыңарын   мағыналарымен сәйкестендіріңдер.

6.                  52бет,3-тап. Сөйлемдерді дұрыс құрастырып жазыңдар.

53бет, 6-тап. Мәтіннен етістіктің өткен шақ тұлғасында тұрған баяндауыштарды тауып жазып, сөз тұлғасына талдаңдар.

Мәселелік сұрақ

Сәтбаев Қаныш Имантайұлын өз елінің отан сүйгіш патриоты деуге бола ма?

IV. Сабақты қорытындылау.

Рефлексия.  Сабақта нені үйрендім? Нені түсінбедім? Нені білгім келеді?

Үйге тапсырма: Қаныш ағаға хат жазу.

 


Жаңа сөздер:
Тағайындалу – назначаться
Жаратылыстану – естествознание,природоведение
Геологиялық-барлау – геологическая разведка
Марапатталу – быть награжденным
Ғұлама – мудрец, признанный ученый
Көз жұму (қайтыс болу) – закрыть глаза, т.е. умереть
III. Жаңа білімді қолдану.
Мәтінмен жұмыс жасау. ( жоспар құру, жоспар бойынша әңгімелету)
1.Бала Қаныш.
2.Білім алу жолында.
3.Еңбек жолы.
4.Ғылыми еңбектері, марапаттары.
IV. Білімдерін бекіту:
2- тапсырма , жұптық жұмыс.Көп нүктенің орнына керекті сөздер мен сөз тіркестерін жазу (жаттығу жазылған парақшалар таратылады, жазып болған соң ,бірін-бірі үлгі бойынша тексереді,қателерін түзетіп,мұғалімге береді,бір оқушы дұрыс жауабын оқиды)
1.Ауыл мектебінде арабша ... танып, араб ... үйреніп, парсы, түркі әдебиетінің ... танысады.2. Институтты бітіргеннен ... Қ.И. Сәтбаев өзінің ... Қазақстанына оралып, бүкіл ...геологияны ... және туған өлкесінің минералдық ... базасын жасауға арнады. 3.1912 жылы Қаныш Павлодар ... екі кластық орыс-қазақ ... түсіп, бұл мектептің ... жұлдызы болып көрінеді. 4.Біраз ... кейін Қаныш комиссия алдында ... тапсырып, Томскідегі технология ... түседі.
4-тапсырма. Тақтамен жұмыс. Көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауларын жазу.
1.Қаныштың әке ... Имантай бір ауылға би, ата ... Сәтбай қажы болған. 2. Имантай би бала ... н кітап оқуға және ән-жырға баулыды. 3. Қаныш бала кез ... нен Румидің, Науаидың өлеңдер ... н жатқа білді. 4. Бала кез ... нен алғыр, зерек болған Қаныш ауыл молда ... ның да, ауылдық орыс-қазақ мектеб ... нің де , Павлодар қала ... ндағы екі кластық училищенің де, Семейдегі оқытушылар семинария ... ның да оқу ...н жақсы оқыды.
3- тапсырма. Сөйлемдерді аяқтау.(Интерактивті тақтаны қолдану)
1. Қаныш Сәтбаев бала ... .
2.Алты жасынан ... .
3.Ауыл мектебінде арабша ... .
4.Парсы, түркі ... .
5.Қаныш Павлодар қаласындағы екі кластық орыс-қазақ мектебінің ... .
6. Абай мен орыс ақындарының ... .
дары Қаныш Семей қаласындағы екі жылдық ... .
8.Біраз дайындықтан кейін Қаныш комиссия алдында ... .
9.Екінші курстан кейін ... .
10.Институтты бітіргеннен кейін Қ.И. Сәтбаев өзінің ... .
11.Еңбек жолын Атбасар түсті ... .
12.Ол 640-тан ... .
V. Сабақты қорытындылау: 
 - Бүгін сабақта не білдік?
- Қаныш Сәтбаев кім? (Сызба сызады)



Қ.Сәтбаев 




Сонымен,бүгінгі сабақты қорыта келе, Қаныш Имантайұлы Сәтбаев тек қана геология саласында ғана емес , оның әдебиетке де қатысы бар екенін білдіңдер.Оған дәлел оның жазған «Ер Едіге», «Обаған», «Қазақстанның ұлт театры туралы», «Том қаласындағы ұлттар кеші», т. б. шығармалары дәлел. «Алгебра оқулығына» қосқан 220 терминдері арқылы да оның нағыз сөз атасы болғандығын түсінеміз.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Қаныш Сәтбаев

Автор: Садыкова Асель Сагитовна

Дата: 29.05.2017

Номер свидетельства: 419341

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(27) ""Қаныш Сәтбаев""
    ["seo_title"] => string(16) "k_anysh_s_tbaiev"
    ["file_id"] => string(6) "394076"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487617185"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "?.С?тбаев атында?ы ?аламшар"
    ["seo_title"] => string(31) "k-s-tbaiev-atyndag-y-g-alamshar"
    ["file_id"] => string(6) "281137"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453474150"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "?азына к?терген бала"
    ["seo_title"] => string(21) "kazynakotierghienbala"
    ["file_id"] => string(6) "301753"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456985936"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "?.Жапаров   ?азына к?терген бала"
    ["seo_title"] => string(29) "zhaparovkazynakotierghienbala"
    ["file_id"] => string(6) "302513"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457196925"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Ә.Жапаров " Қазына көтерген бала""
    ["seo_title"] => string(33) "zhaparov_k_azyna_kotierghien_bala"
    ["file_id"] => string(6) "440851"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1511718443"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства