Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу пәнінен. Тақырыбы "Өтінім"
Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу пәнінен. Тақырыбы "Өтінім"
ӨТІНІМ
Анықтамасы:
Өтінім – көп жағдайда мекеме ішінде қажетті заттарды алу, бір адамды спорттық жарыстарға қатысуға сұрау мақсатында (бланк түрінде де, жазбаша түрде де толтырылып) жазылатын ісқағазының бір түрі.
Өтінімнің құрылымы әртүрлі болады. Өтінім мәтін түрінде және бланк түрінде де толтырыла береді.
Ортақ белгілері:
1. Екеуі де арнайы бланкіде толтырылады.
2. Алушы мен берушінің ресми атауы көрсетіледі.
3. Алушының не алатыны жөніндегі мәліметтер толық жазылады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу пәнінен. Тақырыбы "Өтінім"»
ӨТІНІМ
Анықтамасы:
Өтінім – көп жағдайда мекеме ішінде қажетті заттарды алу, бір адамды спорттық жарыстарға қатысуға сұрау мақсатында (бланк түрінде де, жазбаша түрде де толтырылып) жазылатын ісқағазының бір түрі.
Өтінімнің құрылымы әртүрлі болады. Өтінім мәтін түрінде және бланк түрінде де толтырыла береді.
Ортақ белгілері:
1. Екеуі де арнайы бланкіде толтырылады.
2. Алушы мен берушінің ресми атауы көрсетіледі.
3. Алушының не алатыны жөніндегі мәліметтер толық жазылады.
Айырмашылықтары:
Өтінім
Тапсырыс
1. Мекемеішілік қатынаста
1. Мекемеаралық қатынаста
2. Келісімшарт жасау міндетті емес.
2. Келісімшарт негізінде жасалады.
3. Кепілдік көрсетілмейді.
3. Кепілдік көрсетіледі (тапсырыс берушінің төлеуге қабілеттілігіне, ал тапсырыс алушының қолында сол тауардың болуына).
4. Біржақты болады.
4. Екіжақты болуы мүмкін (алмасады, ұсыныс түрінде болады).
5. Тауар бағасы мен саны нақты көрсетіледі.
5. Тауар бағасы мен санының ең көп не ең аз мөлшері көрсетіледі.
6. Жеткізілім шарты көрсетілмейді.
6. Жеткізілім шарты көрсетіледі.
7. Төлем шарты көрсетілмейді.
7. Төлем шарты көрсетіледі.
3-үлгі
БЕКІТЕМІН:
ХБА ӘҚД директоры
______________
Т. Ермекұлы
Өтінім беруші: Тілдер кафедрасы
Лауазымы: Тілдер кафедрасының меңгерушісі
Аты-жөні: О. Жарасұлы
Кабинет: №383
№29 ӨТІНІМ
Қазақ және орыс тілдері кафедрасына қарасты 346 кабинеттің қалаға шығатын телефон аппаратының жұмыс істемей қалуына байланысты келіп, жөндеп берулеріңізді сұрайды.
Өтінім толтырушы: менеджер Ж. Жомартова
Ішкі телефон: 555
12 қаңтар 2012 жыл
1-жаттығу. Төмендегі өтінімнің жазбаша үлгісін қазақ тіліне аударыңыз және толтырыңыз.
(на фирменном бланке с реквизитами или с угловым штампом организации)
Директору
ГУ «Республиканский центр
охраны труда»
Минсоцзащиты РК
А.Исаеву
Просим оказать методическую помощь по аттестации рабочих мест по условиям труда.
Оплату гарантируем.
Руководитель __________________ Б.Бейсембиев
подпись
М.П.
2-жаттығу. Төмендегі өтінім үлгісін қазақ тіліне аударыңыз және толтырыңыз.
Транспортировка будет осуществляться силами Поставщика, силами Заказчика, железнодорожным транспортом** (ненужное зачеркнуть)
Банковские реквизиты:
ИНН КПП
Банк
Тел/факс Заказчика (куда направить счет):
ФИО и телефон исполнителя:
Подпись руководителя
*Если отгрузка будет производиться в тару Покупателя, необходима справка о чистоте тары.
**Если транспортировка будет осуществляться железнодорожным транспортом, то необходимы отгрузочные реквизиты предприятия-получателя для расчета тарифа.
3-жаттығу. Төмендегі өтінімнің жазбаша үлгісін қазақ тіліне аударыңыз және толтырыңыз.
(на фирменном бланке с реквизитами или с угловым штампом организации)
Директору
ГУ «Республиканский
центр охраны труда»
Минсоцзащиты РК
А.Исаеву
Просим обучить требованиям охраны труда:
Ф.И.О. (без сокращений), должность согласно записи в трудовой книжке обучаемого с выдачей (или без выдачи) литературы.