Сабақ жоспары. Колледж студенттеріне арналған мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәнінен. Тақырыбы: Қызметтік хаттар. Сабақ барысында сдтуденттер қызметтік хаттардың түрлерімен танысады және оларды рәсімдейді. Студенттердің ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттері дамиды,
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу»
Сабақ жоспары
Топ: Құқықтану 202
Тақырыбы: Қызметтік хаттар.
Мақсаты: Білімділік: Қызметтік хаттар, олардың ресімделуі, түрлері туралы мәліметтер беру. Оқушыларды хат түрлерін құрастыра білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, іскерлік қасиеттерге баулу, өзара көмектесуге, әділдікке дағдыландыру, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: Отансүйгіштік пен қазақ тіліне деген құрмет сезіміне, іскерлікке тәрбиелеу.
Түрі: аралас.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, жаттықтыру, сұрақ-жауап, іздендіру, модульдік оқыту технологиясының элементтері, жекелей және топпен жұмыс.
Қолданылған әдебиеттер. 1. В.И. Скала, Н.В.Скала «ҚР-нда іс қағаздарын жүргізу». 2. «Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл» журналы. 3. «Қазақ тілі – орыс мектептерінде» журнал. 4. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. 5. М.М Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде».
Сабақтың жоспары
І. Ұйымдастыру кезеңі. -Оқушылармен амандасу -Сабаққа дайындықтарын тексеру - Үй тапсырмасын тексеру ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. ІІІ. Сабақты бекіту: «Бақытты сәт» ойыны. 1-тур. «Бой сергіту». 2- тур. «Кім жылдам?». 3- тур «Бас қатырғылар». 4- тур «Сөзжұмбақ». 5- тур. «Ой жинақтау». IY.Сабақты қорытындылау. Y.Оқушыларды бағалау. YI. Үй тапсырмасы.
Үй тапсырмасын тексеру. 1.Бұйрық қандай құжат? 2.Мазмұны жағынан бұйрықтар неше түрге бөлінеді? 3.Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар қандай мәселелерді шешуге бағытталады? 4.Бұйрыққа кім қол қояды? 5.Бұйрықтың мәтіні неше бөліктен тұрады? 6.Бұйрық қашан күшіне енеді? 7.Бұйрықта етітік қандай грамматикалық формада беріледі? 8.Нұсқау қандай құжат? 9.Нұсқауға кім қол қояды? 10.Өкім қандай құжат? 11. Хаттама дегеніміз не? 12. Хаттаманың құрылымы?
ІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру. Құжаттардың түрленуін курсымыздың басында өткен болатынбыз. Құжаттар жалпы шығуына қарай қандай түрлерге бөлінеді екен? Дұрыс айтасыңдар (1-слайдты көрсету).
ҚҰЖАТТАР
ЖЕКЕ АДАМҒА ҚЫЗМЕТТІК ҚАТЫСТЫ
Төлқұжат, куәлік (білімі туралы, Баяндаухат, түсінікхат коммерци- тууы туралы, жүргізуші т.б.) ялық хат, сұрату хаттары т.б.
Ендеше бүгін осы қызмет бабында дайындалатын қызметтік хаттарға тоқталамыз (2-слайдты көрсету: ҚЫЗМЕТТІК ХАТТАР). Дәптерімізге бүгінгі күн мен тақырыпты жазып алайық. Осы қызметтік хаттардың анықтамасына тоқталып жазып алайық (3-слайд).
Қызметтік хаттар - бұл қандай да бір мәселе туралы мекемелермен, ұйымдармен және жеке тұлғалармен пікір алмасу құралы қызметін атқаратын, әр түрлі мазмұндағы құжаттардың үлкен тобының жинақталған атауы. Ақпараттық-анықтамалық құжаттарға хаттар, жеделхаттар, телефонограммалар, актілер, анықтамалар, мағлұмат хаттар мен түсінік хаттар, арыздар т.б. жатады. Ішкі, тысқы ақпараттық -анықтамалық қатынас хаттар басқару құжаттары көлемінің 80 пайызын құрайды. Бастамалық хаттарға мыналар жатады: сұрау салу хаттары, өтініш хаттары, ескерту және хабарлама хаттары, жарлық хаттар, ілеспе хаттар. Жауап хат түрлері: ақпараттық, түсіндірме, рұқсат, тыйым салу хаттары т.б. Жоғары мекемелер мен ұйымдардан түсетін хаттардың мазмұны әдетте нұсқау, түсіндіру, ресми сұрау салу түрінде болады. Салаға бағынышты мекемелер хабарлар, сұратулар жібереді. Тең дәрежедегі қатарлас мекемелер өтініш, ұсыныс, растау, хабарлар т.б. алмасады. Хаттар арнайы қағаздарға (Қосымшаны қараңыз) толтырылады және мынадай деректемелерден тұрады: қабылдаушы, бұрыштама, бақылау белгісі, мәтін тақырыбы, мәтін, қосымшаның бар екені туралы белгі, қолы, орындаушы туралы белгі, мәліметтердің магнит таспасына аударылғаны туралы белгі, хаттың келіп түскені туралы белгі. Хат мәтіні, әдеттегідей, екі бөліктен түрады. Алдымен хатты жазуға себеп болған жағдайлар (фактілер, оқиғалар, өзге құжаттарға сілтемелер) көрсетіледі, содан кейін қорытынды, ұсыныс,өтініш- тілектер жазылады. Мәтінді қүрастыруда мынадай грамматикалық үлгілер пайдаланылады: өтінемін, өтінеміз, кәсіпорын өтініш жасайды, басшылық пен еңбек ұжымы өтініш жасайды, ұсыныс енгіземіз, ұсынамыз, хабарлаймыз, түсіндіреміз, мәлім етеміз т.с.с. Жіберілетін (шығыс) хаттарға мүдделі лауазым иелері бұрыштама белгі соғады. Мысалы, қаржы мәселесі бойынша хатқа бас бухгалтер белгі соғады. Бұрыштама белгілер кәсіпорынның өзінде қалатын хат көшірмесінің алдыңғы бетіне қойылады. Егер құжат екі адрес бойынша жіберілетін болса, алдыңғы екі данасы арнаулы кағазға басылып, көшірмесі жай қағазға түсіріледі, яғни, барлығы үш дана болады. Кей жағдайда хат мөрмен куәландырылады. Қабылданатын (кіріс) хаттарға келіп түскендігі туралы белгі және кәсіпорынның басшы қызметкерлерінің тапсырманы орындауға алғандығы туралы бұрыштама белгі қойылады. Онда орындаушының тегі, есімі, әкесінің аты, тапсырма мазмұны және орындау мерзімі көрсетіледі. Бұрыштамада міндетті түрде уақыты, қолы тұрады. Мысалы: У.С. Әбеновке Жауап жобасы мерзіміне негізделіп дайындалсын. 01.05.97. Егер құжатты орындаушылар саны бірнеше адам болса, олардың бәрі де бұрыштама белгіде көрсетіледі. Бірінші аталған адам орындауға жауапты болып саналады. Белгі оң жақтан «қабылдаушы» мен «мәтін» деректемелерінің аралығына қойылады. Қызметтік хаттың құрылымы. Қызметтік хатты жазудың қалыптасқан тәртібі бар . Ол әркез сақталуы керек. Әдетте хат мынадай бөлітерден тұрады: 1. Тақырыбы 2. Күні 3. Хат жолданып отырған мекеменің аты мен адресаттың аты жөні. 4. Кіріспе сөз. 5. Хаттың жалпы мазмұнын, мақсатын көрсететін бөлік 6. Негізгі мәтін 7. Хатты аяқтай келе айтылатын сыпайгершілі сақтау сөздері. 8. Жіберушінің қолы 9. Қосымша берілетін болса, оған сілтеме қосымша. 10. Құжатты дайындаушы, жіберуші туралы мәлімет 11. Посткриптум (хаттың аяқ жағына қол қойғаннан кейін «PS» таңбаларын қойып тұрып, одан кейін жазылған сөздер.) . Хат жазылатын парақтың сол жақ шетінен кемінде 2 см-дей, он жақ шетінен кемінде 1см орын қалдырылады. Ал төменгі және жоғарғы жағынан қалдырылатын орын біркелкі, кемінде 2 см. орын қалдыру қажет. Хатты парақтың я бланкінің бір жақ бетке сыйдырған дұрыс Егер хат бірнеше беттен тұратын болса, бет нөмірі қағаздың оң жақ жоғарғы бұрышына қойылады. Жазылу мақсатына қарай, хатта айтылатын мәселенің ерекшелігіне байланысты қызметтік хаттың бірнеше түрі болады. Олар: 1. Ресми хаттар 2. Жеке хаттар 3. Ұсыныс, кепілдемелік хаттар 4. Сұрау салу хаттар 5. Жолдама хаттар. 6. Жеделхаттар 7. Баяндау хаттар 8. Шағым хаттар 9. Циркуляр хаттар 10. Жауап хат 11. Ілеспе хат 12. Шақыру хаты
Ресми хат - белгілі бір мекеменің атқаратын жұмыстарына байланысты мәселелердің жазбаша хабарлануы. Жеке хаттар- бұл хаттардың ерекшелігі айтылатын мәселе өрісінің кеңдігі және қызметтен тыс мәселелерге де арналатындығы. Бұл хаттар жеке тұлға атынан жазылады. Ұсыныс хат-қызметкерді белгілі бір қызметке ұсыну жөнінде басшыға жазылған хат Сұраныс хат-белгілі мекемеден керекті ақпаратты немесе құжатты жіберуді сұрау мақсатында жазылатын хат. Жолдама хат -белгілі бір құжатпен бірге жіберілетін қосымшаның немесе қосымшалардың құрамы, мазмұны, көлемі, саны туралы ақпарат берілген хат. Баяндау хат - мекеме басшысының атына жазылған белгілі бір мәселе туралы жан-жақты баяндалған құрастырушының ұсынысы мен талап-тілегі келтірілген. Циркуляр хат - белгілі бір мекеменің бөлімшелеріне атқаратын қызметіне байланысты таспырма беру санатындағы бір мезгілде жөнелтетін хат. Шағым хаттар- белгілі бір мекеменің немесе мекеме қызметкерінің заңсыз іс әрекетін көрсету, соған орай шара қолдануды сұрау мақсатында жазылады. Жеделхаттар-ақпарат бру әдісі жағынан бірдей, әр түрлі мазмұндағы құжаттардың жалпы түрдегі жинақтама атауы. Түсінік хат қандай да бір фактінің, оқиғаның себептерін түсіндіретін құжат. Ілеспе хат- адресатқа қоса жіберілген құжаттар туралы ақпарат беретін, ілесіп жүретін құжат . Ескертпе хат -қандай да бір міндеттеменің, жүргізілген іс-шаралардың орындалу мерзімінің жақындағаның немесе өтіп кеткендігі туралы жазылатын хат түр Шақыру хаты - адресатты қандай да бір шараларға шақыратын хат түрі Жауап хат -жауап талап ететін хат
ІІІ. Сабақты бекіту. Енді осы қызметтік хаттарға қандай құжаттар жатады екен (топтастыру стратегиясы бойынша, тақтамен жұмыс). 1. Кәсіпорын басшысына арналған немесе тұжырымдар мен ұсыныстардан тұратын, жұмысты орындау туралы құбылыс, фактісі бар қалыптасқан оқиға туралы жоғары тұрған органға ақпарат беретін қандай құжат? – баяндаухат. -Дұрыс, тақтаға жазбаны іліп қояйық та, қысқаша анықтамасын дәптерімізге жазып алайық. 2. Қандай да бір фактінің, оқиғаның себептерін түсіндіретін құжат– түсінік хат 3. Адресатқа қоса жіберілген құжаттар туралы ақпарат беретін, ілесіп жүретін құжат - ілеспе хат 4. Қандай да бір міндеттеменің, жүргізілген іс-шаралардың орындалу мерзімінің жақындағанын немес өтіп кеткендігі туралы жазылатын хат түрі – ескертпе хат 5. Жауап талап ететін хат - жауап хат 6. Адресатты қандай да бір шараларға шақыратын хат түрі - шақыру хаты. 7. - белгілі бір мекеменің атқаратын жұмыстарына байланысты мәселелердің жазбаша хабарлануы.-ресми хат 8. - белгілі бір мекеменің бөлімшелеріне атқаратын қызметіне байланысты таспырма беру санатындағы бір мезгілде жөнелтетін хат- циркуляр хат.
түсінік хат баяндау хат ілеспе хат ескерпе хат
жауап хат циркуляр хат. ҚЫЗМЕТТІК ХАТТАР
Ескертпе хат Ұсыныс хат Ресми шақыру хат хат
Сендер атап өткен қызметтік хат түрлері біздің іскерлік қоғамдағы маңызы зор құжаттар болып табылады. Мұндай хаттарды сауатты жаза, орынды пайдалана білу алдағы өмірлеріңе қажет бірден-бір мәлімет. Бұл сабақтың мақсаты да – қызметтік хаттарды сауатты жаза білуге және болашақ өмірлеріңде қолданысын дұрыс пайдалануға үйрету. Осы аталған хат түрлерінің дұрыстығын келесі слайдтан тексеріп көрелік (4-слайд).
«Бақытты сәт» ойыны. Ескерту: Ойында оқушылар екі топқа бөлінеді, әділ-қазылар сайланады. Әрбір турда дұрыс жауап берген топқа жұлдызша беріледі. Соңында көп жұлдызша жинаған топ жеңімпаз атанады. 1-тур. «Бой сергіту» сұрақтары. Оқушыларды екі топқа бөліп, әрбір топқа 7 сұрақтан қойылады. Егер сұрақ қойылған топ сұраққа жауап бере алмаса, бұл сұраққа басқа топқа жауап беруге болады.Шапшаңдық қажет.
Сұрақтар: 1 -топ сұрақтары 1. Қызметтік хаттардың түрлері? 2. Жолдама хат дегеніміз не? 3. Адресатты қандай да бір шараға шақыратын хат түрі? 4. Істің, оқиғаның жайын хабарлайтын хат түрі? 5. «Ескертеміз» сөзі арқылы қай хат ресімделеді? 6. Ұсыныс хат қандай сөздер арқылы ресімделеді? 7. Түсінік хат дегеніміз не?
2 топ сұрақтары 1. Өтініш хат дегеніміз не? 2. Ақпарат хат қандай құжат? 3. Қандай да бір фактінің, оқиғаның себептерін түсіндіретін құжат түрі? 4. Баяндау хат адресаты қай жерге орналасады? 5. Жауапты талап ететін хат? 6. Белгілі бір мекеменің атқаратын жұмыстарына байланысты мәселелердің жазбаша хабарлануы 7. Шағым хат дегеніміз не?
2-тур. «Кім жылдам?». Сөздердің аудармаларын екі топ жылдам қима қағаздарға жазуы керек. 1-топ. Зейнетке шығуына байланысты, жұмысқа қабылдансын, қызметтен босатылсын, денсаулығына байланысты, экономист қызметіне, үстемақы белгіленсін. 2-топ. Подписать приказ, приказываю, текст приказа, о приеме на работу, уволить с занимаемой должности, в связи с уходом на пенсию, временное исполнение, возложить на..., согласно штатному расписанию, особые условия труда, процентная надбавка. 3-тур. «Бас қатырғылар». Екі топқа ситуациялық тапсырмалар беріледі. Тапсырманы тез арада орындап, шығу керек. Қате жібермей, дұрыс орындаған топқа 1 жұлдыз беріледі.
1 топ 1-тапсырма. Белгісіз бір себеппен сіздің қызметкеріңіз жұмысқа шықпай қалды. Осыған байланысты баяндаухат құрастырыңыз. 2 тапсырма. Бүгін досыңыздың туған күні осыған орай досыңызды құттықтап, құттықтау хат жазыңыз.
2 топ 1 тапсырма Сіз униврситет ректорысыз.Орталық кітапхананың директорына кітапханада кітап қорымен танысуға жағдй жасауңызды өтініш хат жазыңыз. 2-тапсырма. Сіз кітапханадан «Іс кағаздарын жүргізу» оқулығының бес данасын алдыңыз, оны екі күннен кейін қайтару керек еді, бірақ қайтара алмадыңыз, сол туралы түсініктеме жазыңыз.
4-тур. «Сөзжұмбақ». Екі топ сөзжұмбақтарын шешеді (уақыт белгіленеді).
1-топ. «Құжаттар» сөзжұмбағы.
Қ Ұ Ж А Т Т А Р
Сұрақтары: 1. Қандай да бір міндетті шешу үшін кәсіпорын директоры шығаратын нормативтік құжат. 2. Белгілі бір мекемеден керекті ақпаратты немесе құжатты жіберуді сұрау мақсатында жазылатын хат түрі. 3. Телеграф арқылы жіберілетін қысқа мазмұнды хат қалай аталады? 4. Мазмұны белгілі бір фактіні я оқиғаны дәлелдейтін, растайтын, сипаттайтын ақпараттық-анықтамалық іс қағазының бір түрі. 5. Белгілі бір мүлікті алуға, т.б.жағдайда сенімді тұлға атына жазылатын хат түрі. 6. Фактіні, оқиғаны, іс-әрекетті растайтын, бірнеше тұлғалар жасайтын құжат. 7. Тұлға өзінің өмірі мен қызметі туралы қысқаша баяндаса қандай құжат түрі жазылады? 8. Белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі жайоы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі.
2-топ. «Қызметтік хат» сөзжұмбағы.
Қ Ы З М Е Т Т І К Х А Т
Сұрақтары: 1. Адресатты қандай да бір шараларға шақыратын хат түрі. 2. Белгілі бір мәселе бойынша жеке қызметкердің ұсыныс жазылған хат түрі. 3. Іс қағаздарын жүргізу тілі. 4. «Хабарлаймыз», «хабардар етеміз» сөздері арқылы ресімделетін құжат. 5. Іс қағаздарын жүргізу стилі. 6. Белгілі бір ортада атқарылатын жұмыстарға байланысты ақпаратты басқа мекемелерге тарататын жазбаша құжат. 7. Қандай да бір шұғыл мәселелер бойынша шығарылып, телефон я радио арқылы жіберілетін құжат. 8. Адресатқа қоса жіберілген құжаттар туралы ақпарат беретін, ілесіп жүретін құжат. 9. Адресатқа орындалған жұмыстың немесе қандай да бір қызметтің ақысын төлеу туралы кепілдік беретін хат түрі. 10. Қандай да бір фактінің, оқиғаның себептерін түсіндіретін құжат. 11. Кәсіпорын басшысына арналған немесе тұжырымдар мен ұсыныстардан тұратын, жұмысты орындау туралы құбылыс, фактісі бар қалыптасқан оқиға туралы жоғары тұрған органға ақпарат беретін құжат. 12. Шұғыл мәселелер бойынша ресімделетін, пошта я телеграф арқылы жіберілетін құжат.
5-тур. «Ойлан тап» Санаулы минут ішінде «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» деген сөзден құжат атауларын құрастырып жазу (арыз, мінездеме, акт, жеке іс қағазы, келісім, қызметтік қағаз, анықтама, түсініктеме, телеграмма, келісім қағазы т.б.). 6. тур. «Ой жинақтау». Венн диаграммасы арқылы осы сабақтан түйгендерін жазу. 1-топ. 2-топ. Баяндаухат/Түсінікхат Шақыру хат/Хабарлама хат Ү. Сабақты қорытындылау. Жақсы, біз бүгін сабақта қызметтік хат түрлерін өттік, топтық жұмыс арқылы алған білімдерімізді бекіттік. ҚР-ның 1997 жылы қабылданған «Тіл туралы» Заңының 151-бабында былай делінген: «ҚР-ның мемлекеттік тілі- қазақ тілі. Мемлекеттік тіл- мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.. Сонымен қоса, «Тіл туралы» Заңда мемлекеттік тілді барынша нығайтуға, халықаралық беделін дамытуға әрбір мекеме, әрбір ҚР-ның азаматы міндетті делінген. Бүгінгі сабақта алған білімдеріңді өмірде орынды, сауатты пайдалана білсеңдер, сол тілді дамытуға қосқан үлестерің болып табылады. ҮІ. Оқушыларды бағалау. Қазір алдарыңыздағы жұлдыздарымызды санап, белсенді қатысқан оқушыларды анықтаймыз.
7. Үй тапсырмасы. 1-деңгей. Қызметтік хаттар тақырыбына тест құрау. 2-деңгей. Хат үлгілерін құрастыру. 3-деңгей. «Қызметтік хаттардың адам өміріндегі маңызы» тақырыбында тұжырымдама жазу.