Сабақ жоспары
- Пәні: қазақ тілі
- Сыныбы: 4 “Б”
- Күні: 1 наурыз 2012 жыл
- Мұғалімнің аты-жөні : Альмишева Л.Ш
- № 3 орта мектебі
- Жезқазған қаласы
Сабақтың тақырыбы: Жолбарыс
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:
- сын тұрғысынан ойлау және жазу стратегиялары
- сұрақ-жауап әдісі
- өткен тақырыппен байланыстыру
- интерактив әдісі
- жеке оқушымен жұмыс
Көрнекі құралдар: жануарлардың суреттері, карточкалар, слайд-шоу.
Лексикалық минимум:
- жолбарыс
- жыртқыш
- қабан
- оңай өлтіреді
- ертеде
- қамыс жағасында
Пәнаралық байланыс: табиғаттану
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: аңдар туралы жан-жақты мағлұмат беру, септік жалғаулары тақырыбы бойынша білімдерін бекіту;
- Тәрбиелік: қоршаған ортаны қорғау, аңдарға деген қамқорлық сезімін ояту;
- Дамытушылық : сөздік қоры, түсініп мәнерлеп оқу, ойлау, жазу, сөйлеу, оқушылардың ой-өрісін дамыту.
Үй жұмысын тексеру
- “ Ең үлкен” мәтінінің мазмұнын айту.
- Сөздікті жатқа сұрау.
«Жануарлар әлемінде» Көк кит
Сен білесің бе? Ең үлкен жануар не?
Көк кит
Ең биік жануар?
Керік
Ең үлкен құс?
Африкалық түйеқұс
Ең кішкентай аң?
ТИІН
Ең ірі қоңыз?
Дровосек
Ең ірі көбелек?
Агриппина
Ең ірі маймыл?
Горилла
Ең күшті жануар?
Жолбарыс
Жаңа сабақ: Жолбарыс
Сөздік жұмыс:
- жолбарыс – тигр
- жыртқыш – хищник
- қабан – дикая свинья
- оңай – легко
- өлтіреді – убивает
- ертеде – давным – давно
- қамыс жағасында – в прибрежных камышах
Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастыру
Мәтінмен жұмыс: Жолбарыс
Жолбарыс - өте күшті жыртқыш аң. Ол 9 – 10
метр жерге секіреді. Жолбарыс қабанды,
сиырды, жылқыны оңай өлтіреді. Ол аюды да
өлтіре алады. Жолбарыс сағатына 120 км жүгіре
алады.
Ертеде Қазақстанның Іле, Балқаш, Шу, Сырдария,
Зайсан сияқты өзен, көлдердің қамысты жағасында
жолбарыс көп болған.
Грамматикалық тапсырма
Мәтіннен септік жалғауларда тұрған сөздерді теріп жаз:
Мәтін бойынша сұрақ құрастыру:
1.
2.
3.
( 1 – сұрақ - жазбаша)
( 2 - 3 сұрақ – ауызша)
Бес жол өлең стратегиясы
- Зат есім _____________________
- Сын есім _____________________
- Етістік _____________________
- Сөз тіркесі _____________________
- Синоним _____________________
Сергіту сәті:
1 , 2, 3
1, 2, 3
Бойға жинап күш.
1, 2, 3
1, 2, 3
Бір отырып, бір тұрып,
Бір отырып, бір тұрып.
Салқын суға жуынып,
Ары - бері жүгіріп.
Бір орында секіріп
Ұйқымызды ашайық.
Грамматикалық тапсырмалар
Тақтамен жұмыс
Фонетикалық талдау:
Жануар
Ж –
А –
Н –
У –
А –
Р –
Карточкамен жұмыс
1 карточка. «Жолбарыс» сөзін септеу;
А.с. не?
І.с. ненің?
Б.с. неге?
Т.с. нені?
Ж.с. неде?
Ш.с. неден?
К.с. немен?
Ой - өрісін дамытуға арналған “Магниттік хайуанаттар” ойыны.
(Оқушылар тақтаға келіп, үстелдің үстінен
магниттік хайуанаттарды алып, тақтаға
жабыстырады).
Ой - өрісін дамытуға арналған “Магниттік хайуанаттар” ойыны.
- Үй жануарлары:
- Аңдар:
- Құстар:
- Балықтар:
Жануарлар мен құстар қалай дыбыстайды?
Жолбарыс қалай дыбыстайды?
Ырылдайды .
Жылан қалай дыбыстайды? Ысылдайды.
Көктемде бастап бір өлеңді,
Бір жылаң «ыс-с» депті , «ыс-с» депті
-Ыс – сылап жүрем - ау мен енді,
Қыс – с кетті,
Қыс – с кетті,
Қыс – с кетті.
Ара қалай дыбыстайды? Ызылдайды
Омартаға ұрлана,
Кірді - дағы бір бала,
Бал іздеді сақтанап.
Оны дереу шақты Ара,
Береміз – з біз – з жаз-заңы .
Тауық не деп қыт - қыттайды?
Тауық не деп қыт - қыттайды?
- Орман жаққа шықтық, қыт – қыт.
Біреулер жүр : «тық-тық»,
Түлкі екен деп ұқтық, қыт-қыт
Үйге қарай зыттық, қыт-қыт.
Бақа не деп бақылдады?
Айтты бақа тақпақ,
Алдым оны жаттап:
-Жаз да өтті – ау, бақ – бақ,
Күзде жетті - ау, қап - қап.
Қаз не деп ға - ғалайды?
Айбат шекті Ата қаз,
Тас лақтырған балаға.
- Шықтыңыз ба далаға,
Тиіспеңіз, ға-ға-ға.
Жануарлар қалай дыбыстайды?
- Жолбарыс қалай дыбыстайды?
- Тауық қалай дыбыстайды?
- Қаз қалай дыбыстайды?
- Жылан қалай дыбыстайды?
- Ара қалай дыбыстайды
- Бақа қалай дыбыстайды?
Карточкамен жұмыс
- Карточкамен жұмысты тексеру.
Есіңе сақта!
Жануарларға қамқор бол!
Позаботься о животных!
Сабақты қорыту:
әдемі аң
Жолбарыс
үлкен күшті
жыртқыш
Сұрақ - жауап
- Біз бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?
- Жолбарыс қандай аң?
- Ол неше метрге секіреді?
- Ертеде Қазақстанның қай жерлерінде жолбарыс көп болған?
Үй жұмысы:
- Мәтіннің мазмұнын айту, жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу, сөз жаттау.
Бағалау: