a) Білімділік: Жазушыны? ?мірі мен шы?армашылы?ына шолу, шы?арманы? та?ырыпты?-идеялы? мазм?нын, к?й ?неріні? ??діретін ??ындыру.
?) Дамытушылы?: О?ушыларды? шы?арма кейіпкерлеріне жан-жа?ты талдау жасап, кейіпкерлерге сын т?р?ысынан ба?а беріп, ?з ой-пікірін білдіруге да?дыландыру.
б) Т?рбиелік: Еркін с?йлеуге, ашы? пікір айта білуге баулу, ?нер иелеріне деген саналы к?з?арасын арттыру.
Саба?ты? т?рі: білімді жина?тау
Саба?ты? ?дістері: СТО стратегиялары
Саба?ты? к?рнекіліктері: флипчарт
П?наралы? байланыс: бейнелеу ?нері, музыка
Саба?ты? барысы:
І. ?йымдастыру кезе?і:
1. С?лемдесу
2. О?ушыларды т?гелдеу
3. Зейіндерін саба??а аудару
ІІ. ?й тапсырмасын пысы?тау:
Тахауи Ахтановты? ?мірі мен шы?армашылы?ы жайында о?ушыларды? шы?армашылы? ж?мыстарын ты?дау. Жасал?ан хронологиялы? кесте мен топтастыруды пайдалана отырып, жазушы жайында білгендерін орта?а салады. (та?ырып?а байланысты слайд ?осымша к?рсетіледі)
1923 жылы
Тахауи Ахтанов А?т?бе облысы, Шал?ар ауданы, Шетір?ыз ауылында д?ниеге келген
1941 жылы
Абай атында?ы ?аза? педагогика институтында о?ып ж?ріп, екінші д?ние ж?зі со?ысына аттанады
1948-51
?аза? мемлекеттік біріккен баспасында редактор, б?лім ме?герушісі ?ызметін ат?ар?ан
3. «Екі к?йші, ?нерлері?ді бірдей салы?дар» деген ?ыз с?зіні? сырын аш. ?кесі мен Естемес арасында?ы ??гімені естіген Жа?ыл та?дауы жас Оразымбетте екенін астарлап жеткізгісі келді.
4. ??гімеде ?намсыз кейіпкерді? болмауы не себепті деп ойлайсы?? Себебі ??гімеде к?п шиеленіскен о?и?а жо?, тек к?йді? туындауы ?ана берілген. Сонды?тан ?намсыз кейіпкер жо?.
Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? "Тахауи Ахтанов"»
8-сынып әдебиет
Тахауи Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесіндегі өнер иелерінің тағдыры
Сабақтың тақырыбы: «Күй аңызы» әңгімесіндегі өнер иелерінің тағдыры
Сабақтың мақсаты:
a) Білімділік: Жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу, шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнын , күй өнерінің құдіретін ұғындыру.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың шығарма кейіпкерлеріне жан-жақты талдау жасап, кейіпкерлерге сын тұрғысынан баға беріп, өз ой-пікірін білдіруге дағдыландыру.
б) Тәрбиелік: Еркін сөйлеуге, ашық пікір айта білуге баулу, өнер иелеріне деген саналы көзқарасын арттыру.
Сабақтың түрі: білімді жинақтау
Сабақтың әдістері: СТО стратегиялары
Сабақтың көрнекіліктері: флипчарт
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, музыка
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу
2. Оқушыларды түгелдеу
3. Зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:
Тахауи Ахтановтың өмірі мен шығармашылығы жайында оқушылардың шығармашылық жұмыстарын тыңдау. Жасалған хронологиялық кесте мен топтастыруды пайдалана отырып, жазушы жайында білгендерін ортаға салады. (тақырыпқа байланысты слайд қосымша көрсетіледі)
1923 жылы
Тахауи Ахтанов Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шетірқыз ауылында дүниеге келген
1941 жылы
Абай атындағы қазақ педагогика институтында оқып жүріп, екінші дүние жүзі соғысына аттанады
1948-51
Қазақ мемлекеттік біріккен баспасында редактор, бөлім меңгерушісі қызметін атқарған
1951-53 жылдары
“Қазақ фильм” киностудиясының сценарий бөлімінің бастығы
1953-54 жылдары
“Әдебиет және искусство” (қазіргі “Жұлдыз”) журналының редакторы
1954-55жылдары
Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының жауапты хатшысы
1955-57 жылдары
Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық бөлімшесінің жауапты хатшысы
1957-58 жылдары
Қазақстан Министрлігінің Кеңес жанындағы көркем өнер басқармасының бастығы
1966 жылы
Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді
Редактор
Аудармашы Жазушы
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Драматург
ІІІ. Жаңа сабақ:
Ой қозғау
«Нар идірген» күйі тыңдалады.
- Күй өнері туралы не білеміз?
шығу тарихы, өнер түрі домбыра, қобыз , ұлттық мұра, әуен, саз
оқиға, жағдай
Жаңа сабақ «Мағынаны тану» әдісі бойынша басталады.
1) Кейіпкерлерді топтастыр
2) Оқулықтан кейіпкерлер портретін табу
І қатар – Естемес пен Оразымбет портретін табу
ІІ қатар – Жаңыл мен қарт бейнесін табу.
3) Әңгіменің композициялық құрылымын талдау.
(оқушылар дәптерлеріне жазып отырады)
Оқиғаның басталуы (экспозициясы
Екі күйшінің жолға шығуы, күйшілер әңгімесі.
Оқиғаның дамуы
Жалғыз нардың кезігуі, аруананың зары, домбыраға тіл бітуі, жолаушылардың жалғыз қараша үйге келуі.
Оқиғаның шиеленісуі
Шал мен Естеместің бір-біріне қолқа салуы.
Оқиғаның шарықтау шегі
Жаңа күйдің пайда болуы.
Оқиғаның шешімі
Күйшінің жолын жас жігітке беруі немесе нардың июі.
4) Концептуалдық кесте (кейіпкерлерге баға беру)№ кейіпкерлер Өмірге қызығушылығы .Адамгершілік қасиеті. Кейіпкерлерге баға
1 Естемес. Жоғары, жасы егде тартса да отбасын құруды ойлайды Түсінігі мол, есті, Оразымбетке жолын береді. жақсы
2 Оразымбет. Жоғары, өнерді сүйетін, тәрбиелі шәкірт. Үлкенді құрмет тұтады, ұғымтал. жоғары
3 Жаңыл. Жігерлі жан, өз бақытын табудаөжеттік таныта білді. Кішіпейіл, ибалы, өжет. жоғары
5. «Кім біледі, жер ортасынан асқанда тәңірінің сарғайтып барып бұйыртқаны осы болар». Кімнің сөзі?
а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл
6.«Бір жылдан бері мен аңдамаған мінезін осы бүгін көрсетті-ау». Кімнің сөзі?
а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл
7. «Апырым-ай, осы мал жарықтықтың күйге елтитіні болады деуші еді…» Кімнің сөзі?
а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл
6) Тест интервью.1 Естеместің өзіне тән ерекшеліктері қандай? Халық өнерін қастерлейді. Жақсы ұстаз, күйші, өнер таратушы, салт басты.
2 Жаңылдың мінезі ұнады ма? Несімен ұнады? Ақылды, ибалы, инабатты, өжет. Өз болашағын егде адаммен өткізгеннен жастау жігітпен өткізгенді дұрыс санаған ол өжеттілік танытты.
3. «Екі күйші, өнерлеріңді бірдей салыңдар» деген қыз сөзінің сырын аш. Әкесі мен Естемес арасындағы әңгімені естіген Жаңыл таңдауы жас Оразымбетте екенін астарлап жеткізгісі келді.
4. Әңгімеде ұнамсыз кейіпкердің болмауы не себепті деп ойлайсың? Себебі әңгімеде көп шиеленіскен оқиға жоқ, тек күйдің туындауы ғана берілген. Сондықтан ұнамсыз кейіпкер жоқ.
5 Оқиғаның шешімі сен қандай ойға жетеледі?
ІV. Сабақты бекіту:
«Екі жақты күнделік» стратегиясы Әңгімеден алған әсерің? Несімен әсер етті?
VІ. Үйге тапсырма: «Қазақ күй өнері» деген тақырыпқа эссе жазу.