kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? ?дебиеті Тахауи Ахтанов «К?й а?ызы» (8 сынып)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты?  та?ырыбы :          Тахауи Ахтанов  «К?й  а?ызы»

Саба?ты? ма?саты : білімділік – жазушыны? ?мірі мен шы?армашылы?ына шолу жасау,о?ушылар?а жа?а білімді ?здігінен игерту ар?ылы шы?арманы? мазм?ны,та?ырыбы мен идеясын ашу;

                                       дамытушылы? -  шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту,ойларын на?ты,д?л жеткізе білуге,позициясын ?ор?ай білуге да?дыландыру,с?йлеу тіліне,с?йлеу м?дениетіне к??іл б?лу,д?ниетанымын ке?ейту,п?наралы? байланыс ар?ылы п?нге ?ызы?ушылы?ы мен белсенділігін арттыру;

                                        т?рбиелік – ту?ан жеріне,атамекеніне деген с?йіспеншілігін ояту,патриотты? сезімдерін ?алыптастыру.                                 

Саба?ты? т?рі :                                 дамыта о?ыту

Саба?ты? ?дісі :                               с?ра?-жауап,  де?гейлеп о?ыту,т?сіндіру  т.б

Саба?ты? к?рнекілігі :                    кітаптар,электронды о?улы?

П?наралы? байланыс :                    тарих

Саба?ты? барысы :  

Саба?ты?  та?ырыбы :          Тахауи Ахтанов  «К?й  а?ызы»

Саба?ты? ма?саты : білімділік – жазушыны? ?мірі мен шы?армашылы?ына шолу жасау,о?ушылар?а жа?а білімді ?здігінен игерту ар?ылы шы?арманы? мазм?ны,та?ырыбы мен идеясын ашу;

                                       дамытушылы? -  шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту,ойларын на?ты,д?л жеткізе білуге,позициясын ?ор?ай білуге да?дыландыру,с?йлеу тіліне,с?йлеу м?дениетіне к??іл б?лу,д?ниетанымын ке?ейту,п?наралы? байланыс ар?ылы п?нге ?ызы?ушылы?ы мен белсенділігін арттыру;

                                        т?рбиелік – ту?ан жеріне,атамекеніне деген с?йіспеншілігін ояту,патриотты? сезімдерін ?алыптастыру.                                 

Саба?ты? т?рі :                                 дамыта о?ыту

Саба?ты? ?дісі :                               с?ра?-жауап,  де?гейлеп о?ыту,т?сіндіру  т.б

Саба?ты? к?рнекілігі :                    кітаптар,электронды о?улы?

П?наралы? байланыс :                    тарих

Саба?ты? барысы :  

Саба?ты?  та?ырыбы :          Тахауи Ахтанов  «К?й  а?ызы»

Саба?ты? ма?саты : білімділік – жазушыны? ?мірі мен шы?армашылы?ына шолу жасау,о?ушылар?а жа?а білімді ?здігінен игерту ар?ылы шы?арманы? мазм?ны,та?ырыбы мен идеясын ашу;

                                       дамытушылы? -  шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту,ойларын на?ты,д?л жеткізе білуге,позициясын ?ор?ай білуге да?дыландыру,с?йлеу тіліне,с?йлеу м?дениетіне к??іл б?лу,д?ниетанымын ке?ейту,п?наралы? байланыс ар?ылы п?нге ?ызы?ушылы?ы мен белсенділігін арттыру;

                                        т?рбиелік – ту?ан жеріне,атамекеніне деген с?йіспеншілігін ояту,патриотты? сезімдерін ?алыптастыру.                                 

Саба?ты? т?рі :                                 дамыта о?ыту

Саба?ты? ?дісі :                               с?ра?-жауап,  де?гейлеп о?ыту,т?сіндіру  т.б

Саба?ты? к?рнекілігі :                    кітаптар,электронды о?улы?

П?наралы? байланыс :                    тарих

Саба?ты? барысы :  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? ?дебиеті Тахауи Ахтанов «К?й а?ызы» (8 сынып) »

3.02.2015

Сабақтың тақырыбы : Тахауи Ахтанов «Күй аңызы»

Сабақтың мақсаты : білімділік – жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау,оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы шығарманың мазмұны,тақырыбы мен идеясын ашу;

дамытушылық - шығармашылық қабілеттерін дамыту,ойларын нақты,дәл жеткізе білуге,позициясын қорғай білуге дағдыландыру,сөйлеу тіліне,сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу,дүниетанымын кеңейту,пәнаралық байланыс арқылы пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру;

тәрбиелік – туған жеріне,атамекеніне деген сүйіспеншілігін ояту,патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі : дамыта оқыту

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, деңгейлеп оқыту,түсіндіру т.б

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар,электронды оқулық

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

Мұхтар Әуезов «Қараш –Қараш» оқиғасы

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.



Тахауи Ахтанов (1923—1994) 25 қазанда Ақтөбе облысының Шалқарауданы, Шетырғыз селосында туған. 1940 жылы Абай  атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалык институтына оқуға түседі. Екінші курста оқып жүргенде өзі сұранып майданға аттанады. Алғашқы әдеби көркем шығармалары өлең, очерк түрінде майдан газеттерінің беттерінде жарияланды. 1948 жылы әскер қатарынан босағаннан кейін, әдеби еңбекпен айналысады. Алғашқы өлеңдері "Жастар дауысы" деп аталатын ұжымдық жинақта жарық көрді. Осы кезде оның әдеби-сын мақалалары молырақ басылып, алғашқы монографиялық зерттеу еңбегі жарияланды. Әйтсе де, жазушының өнімді де жемісті еңбек еткен жанрлары - проза мендраматургия.

Шығармалары. Баспасөз бетінде алғаш жарық көрген әңгімесі - "Күй аңызы". 1956 жылы "Қаһарлы күндер" атты романы жарық көрді. "Дала сыры" повесі үшін (өңделіп, толықтырылып, "Боран" романына айналды) авторға 1966 жылы Қазақ КСР-нің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді. 1968 жылы жазылған "Сәуле" драмасы, одан кейінгі "Боран", "Ант", "Әке мен бала" драмалары да қазақ сахнасының өміршең туындыларына айналды. "Махаббат мұңы", "Күтпеген кездесу" драмалары, "Арыстанның сыбағасы", "Күшік күйеу" комедиялары қазақ, орыс және туысқан халықтар сахнасында көрінді. А.Н. Толстойдың "Азапты сапарда" трилогиясын, М. Горькийдің әңгімелерін қазақ тіліне аударды.

"Көркем әдебиет" баспасында редактор, бөлім меңгерушісі, киностудияда сценарий бөлімінің бастығы. "Әдебиет және искусство" - "Жұлдыз" журналының редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, көркемөнер бас басқармасының бастығы, республикалық кітап палатасының директоры сияқты жауапты қызметтер атқарды. II дәрежелі Отан соғысы орденімен, екі рет Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет Белгісі" ордендерімен марапатталған. Қаламгерге Қазақстанның Халық жазушысы атағы берілген.


Хронологиялық кесте

1923 жылы

Тахауи Ахтанов Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шетірқыз ауылында дүниеге келген

1941 жылы

Абай атындағы қазақ педагогика институтында оқып жүріп, екінші дүние жүзі соғысына аттанады

1948-51 ж

Қазақ мемлекеттік біріккен баспасында редактор, бөлім меңгерушісі қызметін атқарған

1951-53 ж

“Қазақ фильм” киностудиясының сценарий бөлімінің бастығы

1953-54 ж

“Әдебиет және искусство”  (қазіргі “Жұлдыз”) журналының редакторы

1954-55 ж

Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының жауапты хатшысы

1955-57 ж

Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық бөлімшесінің жауапты хатшысы

1957-58 ж

Қазақстан Министрлігінің Кеңес жанындағы көркем өнер басқармасының бастығы

1966 ж

Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілді



«Күй аңызы» жоспар бойынша әңгімелеп беру

Әңгіменің композициялық құрылымын талдау.

1.Оқиғаның басталуы

Екі күйшінің жолға шығуы, күйшілер әңгімесі.

2.Оқиғаның дамуы

Жалғыз нардың кезігуі, аруананың зары, домбыраға тіл бітуі, жолаушылардың жалғыз қараша үйге келуі.

3.Оқиғаның шиеленісуі

Шал мен Естеместің бір-біріне қолқа салуы.

4.Оқиғаның шарықтау шегі

Жаңа күйдің пайда болуы.

5.Оқиғаның шешімі

Күйшінің жолын жас жігітке беруі немесе нардың июі.





Концептуалдық кесте (кейіпкерлерге баға беру)

Кейіпкерлер

Өмірге қызығушылығы

Адамгершілік қасиеті

Кейіпкерлерге баға

1

Естемес

Жоғары, жасы егде тартса да отбасын құруды ойлайды

Түсінігі мол, есті, Оразымбетке жолын береді

жақсы

2

Оразымбет

Жоғары, өнерді сүйетін, тәрбиелі шәкірт

Үлкенді құрмет тұтады, ұғымтал.

жоғары

3

Жаңыл

Жігерлі жан, өз бақытын табудаөжеттік таныта білді.

Кішіпейіл, ибалы, өжет.

жоғары

4

Қарт

Жоғары, жоқшылыққа төзе білген, қиындыққа мойымаған жан.

Көпті көрген, қонақжай, есті кісі.

жақсы

Кейіпкерлер портреті
● Әдемі дөңгелек қара сақалды, тарамыс денелі, биік, дөңес мұрынды, кішілеу өткір қоңыр көзді, қатқыл өңді, қағылез кісі.
● Түрі жүдеу, бүйірі солған, өркеші қисайған, тамыры қураған ағаштай семген, ірі тұлғалы, жас толы үлкен мөлдір көзді мүсәпір бейне.
● Қою қара қасты мөлдіреген қара көзді, дөңгелек жүзді, қара торы, талдырмаш денелі.

Әңгімеге сатылай кешенді талдау жүргізу

Шығарманың тақырыбы: «Күй аңызы» ,«Нар идірген» күйінің шығу тарихы

Авторы: Т.Ахтанов-жазушы, драматург, аудармашы

Идеясы: өнерді құрметтеуге шақырады

Жанр түрі: әңгіме – шағын оқиғалы шығарма

Композициясы:

Шығарманың басталуы.Қос  салт атты жолаушы

Шығарманың дамуы. Жолда кездескен нар

Шиеленісуі. Қиын қолқа

Шарықтау шегі. Жаңа күйдің пайда болуы

Шешімі. Ұстаздың шәкіртке жолын беруі

Әдеби-теориялық ұғымдар. Портрет

Жас жігіттің астында жалын өрген қылаң бесті, үстінде өңіріне зер ұстаған көк мақпал камзол, талдырмаш белін қызыл үдері белбеумен буған, басында құндыздай бөрік.

Егіздеу. Нар мен күйші тағдырының суреттелуі.

Сөздік: тулақ- шикі тері, қолқа салу- сұраужоны-арқасы, пейілі түсу-көңілі қалау т.б.

Шығарманың тәрбиелік мәні: өнерді бағалауға, өмірді өкінішсіз өткізуге тәрбиелейді.



Сабақты бекіту.

Тест интервью

1

Естеместің өзіне тән ерекшеліктері қандай?

Халық өнерін қастерлейді. Жақсы ұстаз, күйші, өнер таратушы, салт басты.

2

Жаңылдың мінезі ұнады ма? Несімен ұнады?

Ақылды, ибалы, инабатты, өжет. Өз болашағын егде адаммен өткізгеннен жастау жігітпен өткізгенді дұрыс санаған ол өжеттілік танытты.

3.

«Екі күйші, өнерлеріңді бірдей салыңдар» деген қыз сөзінің сырын аш.

Әкесі мен Естемес арасындағы әңгімені естіген Жаңыл таңдауы жас Оразымбетте екенін астарлап жеткізгісі келді.

4.

Әңгімеде ұнамсыз кейіпкердің болмауы не себепті деп ойлайсың?

Себебі әңгімеде көп шиеленіскен оқиға жоқ, тек күйдің туындауы ғана берілген. Сондықтан ұнамсыз кейіпкер жоқ.

5

Оқиғаның шешімі сен қандай ойға жетеледі?


 Үйге тапсырма: «Қазақтың күй өнері» туралы мәлімет жинау, «Күй аңызы» әңгімесін оқу. Бағалау.

Күй— музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптық пьесасы. Домбыра, қобыз, сыбызғыда шығарылып, тартылып келген. Музыка өнерінің дамуына байланысты, Күйлер халық аспаптары оркестрлерінің репертуарларында көп орындалады. Күй -қазақ, қырғыз, өзбек халықтарының аспаптық музыкасына тән атау. М.Қашқариға сілтеме жасай отырып, күй сөзінің төркіні "көк" деген түркі сөзінен шығуы мүмкін деген болжамдар бар.

Тарихы.Күй XIV ғасырда жеке музыкалық жанр болып қалыптасты. Күйлер мазмұны аңыз-ертегілерге, нақтылы тарихи оқиғаларға қүрылып, көбіне бағдарламалы түрінде дамыды. Онда халықтың басынан өткен тауқымет мен әділетсіздікке қарсы күресі, азат өмірді аңсаған асыл арманы мен қуаныш сезімі терең толғаныспен өрнек-бояуын тапты. Күйдің мелодиялық-формалық құрылысы, ырғақтық-орындаушылық әдістері сан алуан. Мысалы, Құрманғазының күйлері жігерлі, екпінді, ал Дәулеткерейдің күйлері терең толғауға, романтикалық-лирикаға негізделген, Тәттімбеттің күйлері әуейі әсем, тәтті мұң мен қоңыр сазға толы болса, Қазанғаптың күйлері құбылмалы, ойнақы, төкпе жыр іспетті болып келеді. Сипаттамасы. Домбыра күйлері параллельді,терция, секундіна Автомат арқылы тартылады. Параллельді қварталар мен квинталар күйге көркем нақыш-бояу берумен қатар оның әуен-саздылығын өсірелей түседі. Күйлердің көлемі әр түрлі болады. Кейбір күйлердің көлемі 150-ден 200 тактіге (мысалы, Боғданың "Боз төбесі" мен Динаныц "Әсем қоңыры", т.б.) дейін жетеді.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?аза? ?дебиеті Тахауи Ахтанов «К?й а?ызы» (8 сынып)

Автор: Ханов Шохан Уалиханович

Дата: 02.03.2015

Номер свидетельства: 181256


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства