kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ Мұхтар Әуезов "Ақын қонақтар" әңгімесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

М. Әуезовтың "Ақын қонақтар" әңгімесіне ашық сабақ

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ Мұхтар Әуезов "Ақын қонақтар" әңгімесі»

Ақыш сабақ жоспары

Сынып: 5

Пәні:Қазақ әдебиеті
Сабақтыңтақырыбы: « Мұхтар Әуезовтың өмірі мен Ақын қонақтар әңгімесі». (2 сағаты)

Сабақтыңмақсаты:

1.Білімділік: М.Әуезов мұрасын тереңдей оқытып үйрету, шығарманың мазмұнын меңгерту, көркемдік ерекшелігін ашу.

2.Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеттерін, тілдік қорын дамыту, шығармашылық белсенділіктерін шыңдау, көркем мәтінмен жұмыс істеуді дамыту.

3.Тәрбиелік: Өнер адамына, еліне, тарихына деген сезімін ояту, халық ауыз әдебиет туындыларын қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың типі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: мазмұнын айту, «Синкевейн» әдісі, ассоциялық карта (топтастыру), семантикалық карта, эссе жазу, сұрақ – жауап.

Көрнекілік: М.Әуезов портреті, «Бауырсақ» ертегісінің желісі бойынша суреттер, почта жәшігі, плакаттар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Оқушылармен сәлемдесу!
- Сәлеметсіздер ме, балалар!
- Сәлеметсіз бе?
2) Түгендеу
- Сабақта кім жоқ?
- Сабақта .... жоқ
II. Үй жұмысын тексеру:

Оқушыларды топқа бөлу: Үстел үстіндегі қағаздарды ала отырып, топқа бөлінеді.

- Балалар, әдебиет сабағынан жақсы білеміз, ауыз әдебиеті дегеніміз не? Түрлері қандай?

- Ауыз әдебиеті дегеніміз – халқымыздың ауыздан-ауызға тарап, ұрпақтан - ұрпаққа жеткен халық туындысы. Түрлері: Тұрмыс-салт жырлары, батырлар жыры, ғашықтық жырлар, ертегілер, мақал-мәтелдер, т.б.

- Ендеше, біз бүгінгі сабағымызды «Бауырсақ» ертегісінің желісі бойынша жүргіземіз. «Бауырсақ» ертегісін жақсы білеміз. Кім айтып бере алады?

(Қысқаша мазмұны айтылып өтеді.)

-Оқушылар, біздің сыныптағы электрондық поштамызға дәл осындай жаңа хат түсіпті. Хат мәтіні мынадай:

Құрметті, оқушылар! Біз сендерден үлкен көмек сұраймыз. Біздің пісірген бауырсағымыз жоғалып кетті. Орман жаққа кеткенге ұқсайды. Бізге көмек қолын созсаңыздар екен. Егер тауып алсаңыздар, біздер қатты қуанып қалар едік. Біз сендерге сендік, жас достар!

Сәлеммен, ауылдағы ата-әжелерің.

5-сынып оқушыларына хат









-Кәне, оқушылар атай мен әжейге көмек берейік. Ертегідегі бауырсақты түлкі жеп қойса, бүгінгі бауырсаққа көмек беріп, атай мен әжейді қуантайық. Ол үшін бүгін бізге үлкен білім керек болып тұр. Бауырсақ орман жаққа кетіпті. Түрлі аңдарға кездесіпті. Олардың көп тапсырмасы бар екен. Алдымен қасқырға жолықса керек.

Қасқырдың тапсырмасы:

- Қасқырдың тапсырмасы ормандағы ағаштардың бірінде жасырулы тұр. Тапсырмаларды орындасаңдар, бауырсақты құтқарамыз.


1. Мұхтар Әуезов кім?
2. Қашан, қайда дүниеге келді?
3. Қандай шығармалары бар?
4. «Ақын қонақтар» әңгімесі не жайлы?

5. Абай Құнанбайұлы туралы не білесің?

III. Жаңа сабақ: -Балалар, біз қасқырдың тапсырмасын орындадық, бауырсақ енді аюға кездесіпті.

Аюдың тапсырмасы:


4) Сәйкестендіру.

1. Абайдың әңгімешіл әжесі Ұлжан

2.Абайға домбыраны сыйға тартқан кім? Зере

3. Абай ауылына келген жас қонақ кім еді? Абай

4. Абай қонақтарға сый беру туралы кімге Байкөкше

ұсыныс жасады?

5.13 жасар ақын бала кім еді? Барлас


IV. Бекіту: -Бауырсақ үшін аюдың да тапсырмасын орындадық. Енді қоян не айтар екен?

Қоянның тапсырмасы:

4. «Сөз жарысы» (мағынаны ажырату, семантикалық карта) Әр топтың алдына кесте беріледі. Топта талқылайды, алдыға шығып қорғайды.

1 – топтың кестесі

Кейіпкерлер


Шығармадан үзінді



Абай


Байкөкше


Барлас


Ұлжан

Шоқшалау ғана ақ сақалы бар, келбетті келген зор дауысты ақсары кісі (Кімнің портреті ?)





- Е, балам: «Шешенің судай төгілген, тыңдаушың бордай егілген» дегендей, сөйлеуді де, тыңдауды да сүйген ел – ел дағы

(Кімнің сөзі ?)





Тағыда келе жүріңдер. Анау кәрі әжесі мен бізді де көп сейілттіңдер. Жолдарың болсын! Келген сапарларыңа тыста ырым байлаттым. Ала кетіңдер...

(Кімнің сөзі ?)





Бертін келе, түнде ол Барластың қойнына кіріп те жатады. Күндіз барынша күтеді (Ол кім?)






2 – топтың кестесі


Кейіпкерлер


Шығармадан үзінді



Абай


Ұлжан


Зере


Барлас

...Бойы өскен. Қол- аяғы ұзарған. Бұрын мұрны шолақтау болушы еді, биыл біраз ұзарып қалыпты. (Кімнің портреті ?)





- Е – е... Бұлдыр – бұлдыр күн өткен, бұрынғыдан кім өткен...

(Кімнің сөзі ?)





Шырағым, ер жетерсің,

Ер жетсең не етерсің?!

Алысқа шырқап кетерсің,

Шындасаң шыңға жетерсің.

(Кімнің батасы?)





- Мынау балам оқудан қайтқалы сүле науқас боп, арыла алмай қойып еді. Сендер келгелі жақсы сөздеріңмен ем әкелгендей болдыңдар.Қадамы құтты қонақ болдыңдар. (Кімнің сөзі?)







-Қоянның тапсырмасы мүдірмей орындадық, енді бауырсақ қандай аңға кезігеді?

-Қу түлкі.

V. Сабақты қорытындылау: Түлкінің тапсырмасы:

«Синкевейн» әдісі.

«Бес жолды өлең» құрастыру.

1 – топ: Абай атаға

2 – топ: Мұхтар ағаға

- Балалар, түлкінің қарны ашып, бауырсақты жемекші, егер ойын ойнап берсеңдер, бауырсақты жіберемін дейді.


Орамал тастау” ойыны

Қазір біз ән тыңдаймыз.Ол ән көңілді, яғни шаршағанымызды ұмыттыру үшін ойналады.Ән жүргенде орамалды кезекпен бір-бірімізге жіберу керекпіз.Ән тоқтап қалғанда, орамал қай оқушыда қалып қойса сол жеңіліп. Біздің талаптарымызды орындайды.


VІ. Үй жұмысын беру:
Ата мен әжеге хат.

М.Әуезов туралы айтқан даналардың сөздері (кітапша, реферат жазу)
VIІ. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан топтар мен топтың мүшелерін бағалаймын.

VIII. Қоштасу: Сабақ аяқталды, сау болыңдар.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашық сабақ Мұхтар Әуезов "Ақын қонақтар" әңгімесі

Автор: Кажигалиев Акежан Максатович

Дата: 21.11.2017

Номер свидетельства: 440061

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "М.?уезов. «А?ын ?она?тар» "
    ["seo_title"] => string(27) "m-uiezov-ak-yn-k-onak-tar-1"
    ["file_id"] => string(6) "181111"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425303952"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "прозалы? шы?армаларды кешенді талдау"
    ["seo_title"] => string(41) "prozalyk-shyg-armalardy-kieshiendi-taldau"
    ["file_id"] => string(6) "303240"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1457460641"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "М?хтар ?уезов "?жемні? ?жесі". ?ыс?а мерзімді саба? жоспары. "
    ["seo_title"] => string(64) "mu-khtar-uiezov-zhiemnin-zhiesi-k-ysk-a-mierzimdi-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "196997"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1428159756"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "саба? жоспары М?хтар  ?уезов  "К?ксерек" ?дебиеттік о?у"
    ["seo_title"] => string(50) "sabakzhosparymukhtaruiezovkoksieriekdiebiiettikoku"
    ["file_id"] => string(6) "330359"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1464232845"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "М?хтар ?уезов "Жетім""
    ["seo_title"] => string(23) "mu-khtar-uiezov-zhietim"
    ["file_id"] => string(6) "307089"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458241321"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства