ақырып: Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп.
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Сыйластық, бауырмалдық,мейірімділік,татулық,қамқорлық.
Мұғалiм: Джумабаева А.А Сынып 8 Оқушылар саны — 11
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға адами қасиеттерді ұғындыру, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
-Оқушылардың өз махаббатарын күллі тіршілікке,болмысқа бағыттай алудың мән-мағынасын түсіндіру;
-Оқушылардың адамдарға деген сүйіспеншіліктерін дамыту;
-Оқушыларды бауырмалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу;
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi.
Оқушылармен амандасу. «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» еске түсіру.
2. Тыныштық сәті Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
3. Үй тапсырмасын тексеру
№14 сабақ. 59-бет. «Жедел хат» (үзінді). К.Паустовский, оқып келуге тапсырылған.
Сұрақтар:
1.Ана жүрегі нені аңсады?
2.Өздерің Настя сияқты адамдарға қандай кеңес берер едіңдер?
3.Осы шығарманы оқығанда қандай сезімде болдыңдар?
Сабақ барысын талдау:4. Дәйексөз
«Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны,
сондықтан да ол – сәби үшін ең жылы ұя.» В.Гюго.
-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Дәйексөздің мағынасын ашу. Хормен қайталату, дәптерге жазғызу.
Ұл балалар қайталайды, қыздар қайталайды, сосын бәрін хормен айтады.
Балалардың жауаптарымен дәйексөздің мағынасын ашамын.
5. Әңгiмелеу
Жалғыз хат
Камила Құдабаева
Анасының үйге кеткеніне екі-үш күн өтпей-ақ Гүлзейнеп одан хат алды.Кешкілік жұмыстан қайтқанда, әдеттегідей почта жәшігін ашып, ішіне қолын жүгіртті.Газет-журналдармен қоса қолына қомақты бір хат ілікті. Бұл қайдан келген «семіз хат?»деп Гүлзейнеп сәл таңырқай конверт сыртына көз жүгіртіп еді, адресі ауыл