kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Адамзатты? б?рін с?й, бауырым деп.

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

Та?ырып:   Адамзатты? б?рін с?й, бауырым деп.  

??ндылы?:   С?йіспеншілік

?асиеттер:  Сыйласты?, бауырмалды?,мейірімділік,татулы?,?ам?орлы?.

Саба? ма?саты:

      О?ушылар?а адами ?асиеттерді ??ындыру, с?йіспеншілік ??ндылы?ыны?  м?нін ашу.                             

Міндеттері:

-О?ушыларды? ?з махаббатарын к?ллі тіршілікке,болмыс?а ба?ыттай алуды? м?н-ма?ынасын т?сіндіру;

-О?ушыларды? адамдар?а деген с?йіспеншіліктерін  дамыту;

-О?ушыларды бауырмалды??а, мейірімділікке т?рбиелеу;

Ресурстар:(??ралдар, м?лiметтер)

Саба? барысы:

1.     ?йымдастыру кезе?i.

 О?ушылармен амандасу. «?зін- ?зі тану» саба?ыны? ережесін  «5-Т» еске т?сіру.

  

2.     Тынышты? с?ті               Н?р?а б?лену

     Ы??айланып отыры?ыздар, денелері?ізді т?зу ?ста?ыздар. Ая?-?олы?ызды ай?астырма?ыз. ?олы?ызды тізе?ізге немесе ?стелге ?ою?а болады. К?здері?ізді ж?мулары?ызды ?тінемін.

Елестетіп к?рі?із: К?н н?ры сізді? т?бе?ізден ?тіп, кеуде?ізге ?арай бойлап барады. Кеуде?ізді? орта т?сында г?л т?йнегі орналас?ан. Г?лді? т?йнегі н?рдан баяу ашылып келеді. Бал?ын ж?не таза ?сем г?л сізді? ?р ойы?ызды, ?р сезімі?ізді, эмоция?ыз бен тілек-?алауы?ызды  шайып, ж?регі?ізді? ?ауызын ашты. 

Н?р с?улесі сізді? бойы?ыз?а а?ырын тарай баста?анын елестеті?із. Ол біртіндеп к?шейе т?суде. Оймен осы н?рды ?олдары?ыз?а т?сірі?із. Сізді?  ?олдары?ыз н?р?а б?леніп, с?уле шашуда. ?олымыз тек жа?сы, ізгі істер істейді ж?не барша?а к?мектеседі. Н?р ая?тары?ыз?а тарады. Ая?тары?ыз  н?р с?улесін шашуда. Олар сізді тек жа?сылы? жасау ?шін жа?сы жерлерге апарады. Олар н?р мен махаббат ??ралына айналды.

Одан ?рі н?р сізді? аузы?ыз?а, тілі?ізге тарады. Тілі?із тек шынды?ты ж?не жа?сы, ізгі с?здер ?ана айтады. Н?рды ??ла?тары?ыз?а ба?ытта?ыз, ??ла?тары?ыз тек жа?сы с?з бен ?сем ?уенді ?ана естиді. Н?р к?здерімізге де жетті, к?зіміз  тек жа?сы?а ?арап, б?рінен жа?сылы?ты ?ана к?реді. Сізді? басы?ыз т?гелдей н?р?а б?леніп, басы?ыз?а тек ізгі, с?улелі ой келеді. 

Н?р бірте-бірте ?ар?ын ж?не ш??ылана бастайды, сізді? дене?ізден шы?ып, жан-жа?ы?ыз?а с?уле шашады. Осы н?рды туыс?андары?ыз?а, м??алімдері?ізге, достары?ыз?а, таныстары?ыз?а ба?ытта?ыз. Н?рды уа?ытша  т?сініспей, ренжісіп ж?рген адамдар?а да ба?ытта?ыз, оларды? да ж?регі н?р?а толсын.

Осы н?р б?кіл ?лемге: барлы? адамдар?а, жан-жануарлар?а, ?сімдіктерге, барлы? тірі жан?а таралсын... ?аламны? барлы? т?пкір-т?пкіріне н?р ба?ытта?ыз. Ойша айты?ыз: «Мен н?рлымын... Н?р мені? ішімде... Мен Н?рмын».

Осындай Н?р, Махаббат ж?не Тынышты? к?йінде  отыра т?ры?ыз... 

Енді осы Н?рды ж?регі?ізге орналастыры?ыз. Н?р?а толы б?кіл ?лем  сізді? ж?регі?ізде. Оны осындай ?сем ?алыпта са?та?ыз.

Жаймен к?зі?ізді ашу?а болады.

Рахмет.  

3.     ?й тапсырмасын тексеру

№14 саба?. 59-бет. «Жедел хат» (?зінді). К.Паустовский, о?ып келуге тапсырыл?ан.

 

    С?ра?тар:

    1.Ана ж?регі нені а?сады?

   2.?здері?  Настя сия?ты адамдар?а ?андай ке?ес берер еді?дер?

 3.Осы шы?арманы о?ы?анда ?андай сезімде болды?дар?

Саба? барысын талдау:

4.     Д?йекс?з

  «Н?зіктік атаулыны? жиынты?ы – ананы? ала?аны,

сонды?тан да ол – с?би ?шін е? жылы ?я.»          В.Гюго.                  

-Д?йекс?зді? ма?ынасын ?алай т?сінесі?дер?

Д?йекс?зді? ма?ынасын ашу. Хормен ?айталату, д?птерге жаз?ызу.

 ?л балалар ?айталайды,  ?ыздар ?айталайды, сосын б?рін хормен айтады.

Балаларды? жауаптарымен д?йекс?зді? ма?ынасын ашамын.

5.     ??гiмелеу 

                          Жал?ыз хат                

Камила ??дабаева

         Анасыны? ?йге кеткеніне екі-?ш к?н ?тпей-а? Г?лзейнеп одан хат алды.Кешкілік ж?мыстан ?айт?анда, ?деттегідей почта ж?шігін ашып, ішіне ?олын ж?гіртті.Газет-журналдармен ?оса ?олына ?ома?ты бір хат ілікті. Б?л ?айдан келген «семіз хат?»деп Г?лзейнеп с?л та?ыр?ай конверт сыртына к?з ж?гіртіп еді, адресі ауыл жа?ты к?рсетіп т?р. ?рі хат жаз?ан ?ол – ?з анасыныкі екенін таныды.

«Не боп ?алды екен, ?мірі хат жазба?ан адам еді, ?лде ж?регіні? сыр?аты ?айта ?стап ?алды ма?! » - деп ?ауіп ойлап, баспалда?тармен жо?ары к?теріліп келе жатып - а? б?лмеге жеткенше шыдамай конвертті? шетін жыртып ашты. ?йге кіре сала бірнеше бетке созыл?ан хатты о?и бастады.

«Балам», - деп бастапты анасы хатын. - Осыны ал?ан беттен-а? сені? шошып кеткені?ді сеземін. Себебі б?дан б?рын са?ан хат жазып к?рген жо?пын - ?ой, жалпы балаларымны? бірде - біреуіне осы кезге дейін хат жолдамаппын. Б?лкім, оны? ?ажеті де болма?ан шы?ар. ?лде а? ?а?азды алдына алып отыр?ан адам тек имандай шынын ?ана жазуы керек деп ойлайтыным тежеп келді ме. Яки, мына біздер, со?ыс дегенні? ?зіні?де одан кейінгі бар - жо?ыны?да азабын тарт?ан ?йелдер - нені де болса іште са?тауды ?детке айналдырып ?йрендік пе, кім білсін. ?йтеуір, ?олыма ?алам алуымда, осы хатты бастап жазуымда ?зіме о?ай со?пады. Біра? ?йтеуір са?ан бір септігі тиеме деп, сол ауыртпалы?ты? б?рін же?гендей боп, осы хатымды жазып отырмын.

Балам, мен ауыл?а кеткенде к??ілі? ?атты басылып ?ал?анын бай?адым. Мені? де, шынын айтсам, е?сем т?сіп, ет - ж?регім езіліп, ауыл?а ??р с?лдем жетті. Неге сонша м?жілгенімді білмеймін. ?йтеуір, осы жолы б?рінен баз кешіп кеткім де келді.Бес баланы асырап –ба?уды? ?иынды?ын ?ке?ні? барында онша сезбесем керек.Т?рмыста?ы ?иын н?рсе сендерге жейтін нан, киетін киім тауып беру ?ана емес-тін. Біреуден ілгері, біреуден кейін бізде ?лмес к?німізді к?рдік ?ой.Жаман ат?а ?алмай, ?йтеуір сендерді? беттері?е шіркеу т?сірмей,?атары?нан кем ?ылмай ?сіруге тырыстым. ?ке? мар??м со?ыстан алып келген жарадан ?айытты ?ой. К?зін ж?марда, «Екеумізді табыстар?ан та?дыр?а ал?ыстан бас?а айтарым жо?. Бес бірдей баламен артымда жал?ыз ?алып бара жат?анын жаныма б?рінен де ?атты батады. А?ылы? бар адамсы?, сен жыламай ж?рсе? мен де к?рде тыныш жатамын.....» -деп кетіп еді. Біра? ?анша ?иналсам да, мен сендерді? к?здері?ді ж?удіретіп ?ой?ан емеспін. ?айта ?ке?ні? айт?ан с?зі мені жерге ?азы? ?а??андай шегелей т?сті. Оны? адалды?ымен адамгершілігін ?мір бойы кіршіксіз ?стандым. Баласына жа?сылы? тілемейтін ата-ана бар ма ?мірде? Е-е ...?ара?ым, ж?байлы? ?мірді алып ж?руде мемлекетті бас?ару ісі секілді ?иын шаруа..... Орыс хал?ыны? бір ?демі с?зін о?ып едім: «Еркек ?йді? бір б?рышын ?стап т?рады, ?ал?ан ?шб?рышты тіреп т?ратын-?йел деген...... Сол с?з ?те орынды айтыл?ан деп ойлаймын.....» .

Со??ы с?здерді о?ы?анда Г?лзейнепті? к?зінен ?лкен жас тамшысы тырс етіп хат?а тамып, бір талай жазуды ай?ыздап, жайылып бара жатты.

С?ра?тар:

1.Г?лзейнеп  хатты о?ы?анда ?андай сезімде болды?

2.Ананы? бала?а деген с?йіспеншілігін сендер ?алай  т?сінер еді?дер?

3.Неліктен ана ?анша ?иыншылы??а т?зді?

4.Баланы? ана?а деген рухани ішкі сезімінен не бай?алады? (жетелеу с?ра?тары ?ойылады.)

 

6.     Шы?армашылы? ж?мыс, топты? ж?мыс

1.Сыныпты  топ?а б?лу

I-топ –с?йіспеншілік

ІІ-топ – отбасы.

Топты? атына байланысты ойлап тап?ан рухани с?здерден  ?ле? шума?тарын шы?ару.

Отбасы                            

О – ойшыл

Т - татулы?

Б – бірлік

А – а?ылдылы?

С – с?йіспеншілік

Ы – ынтыма?

С?йіспеншілік

С – сенімділік

? – ?міт

Й – инабаттылы?

І – ілтипатты

С – сыйласты?

П – парыз

Е – е?бек?ор

Н – намыс?ой

Ш – шыншыл

І – ізеттілік

Л – лайы?ты

І – ізгілік

К – к??ілді.

7.     Топпен ?н айту.

                                 Кешір ана

Еркелеп ?стік,бала да болды?,

?уалап ойын далада ?онды?.

Ананы? с?зін ??ла??а ілмей,

Кей-кезде к?сем де,дана да болды?.

               ?айырмасы

      Есейдік енді а?ты?ты беріп,

     Ж?зі?нен сені? шатты?ты к?ріп.

     ?уансам деймін ?зі?мен бірге,

    Ырысы? менен ба?ытты б?ліп.

 

Піспеген ?лі шала шы?армын,

?йретті ме екен на?ашыларым.

Балалы? та бар,?ателікте бар,

Кешіре к?рші анашым б?рін.

           ?айырмасы

Та?дырым білем ?ояды с?ра?,

Жаппасын ?атты есігін біра?.

Басымды иіп отырмын мында,

Барлы?ы ?шін кешірім с?рап.

     

            ?айырмасы.

8.     ?й тапсырмасы.

№15 саба?

Ш.Айтматовты?  «Ж?мила» повесінен ?зінді о?ып келу.

9.     Со??ы тынышты? с?тi.

Б?гінгі саба?ымыздан ал?ан жа?сы ?асиеттерді  ж?регімізге салып ?оялы?.

           Саба? ая?талды. Сау болы?ыздар.

 

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Өзiн-өзі тану -8сынып»

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мерзiм 2014жыл .№ 14- сабақ

Мектеп: Б.Қ.О.Ақсай қалалық №4 ЖББОм

Тақырып: Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп.

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Сыйластық, бауырмалдық,мейірімділік,татулық,қамқорлық.

Мұғалiм: Джумабаева А.А Сынып 8 Оқушылар саны - 11


Сабақ мақсаты:

Оқушыларға адами қасиеттерді ұғындыру, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

-Оқушылардың өз махаббатарын күллі тіршілікке,болмысқа бағыттай алудың мән-мағынасын түсіндіру;

-Оқушылардың адамдарға деген сүйіспеншіліктерін дамыту;

-Оқушыларды бауырмалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу;

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасу. «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» еске түсіру.

  1. Тыныштық сәті Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

  1. Үй тапсырмасын тексеру

14 сабақ. 59-бет. «Жедел хат» (үзінді). К.Паустовский, оқып келуге тапсырылған.



Сұрақтар:

1.Ана жүрегі нені аңсады?

2.Өздерің Настя сияқты адамдарға қандай кеңес берер едіңдер?

3.Осы шығарманы оқығанда қандай сезімде болдыңдар?

Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз

«Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны,

сондықтан да ол – сәби үшін ең жылы ұя.» В.Гюго.

-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Дәйексөздің мағынасын ашу. Хормен қайталату, дәптерге жазғызу.

Ұл балалар қайталайды, қыздар қайталайды, сосын бәрін хормен айтады.

Балалардың жауаптарымен дәйексөздің мағынасын ашамын.


  1. Әңгiмелеу

Жалғыз хат

Камила Құдабаева

Анасының үйге кеткеніне екі-үш күн өтпей-ақ Гүлзейнеп одан хат алды.Кешкілік жұмыстан қайтқанда, әдеттегідей почта жәшігін ашып, ішіне қолын жүгіртті.Газет-журналдармен қоса қолына қомақты бір хат ілікті. Бұл қайдан келген «семіз хат?»деп Гүлзейнеп сәл таңырқай конверт сыртына көз жүгіртіп еді, адресі ауыл жақты көрсетіп тұр. Әрі хат жазған қол – өз анасыныкі екенін таныды.

«Не боп қалды екен, өмірі хат жазбаған адам еді, әлде жүрегінің сырқаты қайта ұстап қалды ма?! » - деп қауіп ойлап, баспалдақтармен жоғары көтеріліп келе жатып - ақ бөлмеге жеткенше шыдамай конверттің шетін жыртып ашты. Үйге кіре сала бірнеше бетке созылған хатты оқи бастады.

«Балам», - деп бастапты анасы хатын. - Осыны алған беттен-ақ сенің шошып кеткеніңді сеземін. Себебі бұдан бұрын саған хат жазып көрген жоқпын - ғой, жалпы балаларымның бірде - біреуіне осы кезге дейін хат жолдамаппын. Бәлкім, оның қажеті де болмаған шығар. Әлде ақ қағазды алдына алып отырған адам тек имандай шынын ғана жазуы керек деп ойлайтыным тежеп келді ме. Яки, мына біздер, соғыс дегеннің өзініңде одан кейінгі бар - жоғыныңда азабын тартқан әйелдер - нені де болса іште сақтауды әдетке айналдырып үйрендік пе, кім білсін. Әйтеуір, қолыма қалам алуымда, осы хатты бастап жазуымда өзіме оңай соқпады. Бірақ әйтеуір саған бір септігі тиеме деп, сол ауыртпалықтың бәрін жеңгендей боп, осы хатымды жазып отырмын.

Балам, мен ауылға кеткенде көңілің қатты басылып қалғанын байқадым. Менің де, шынын айтсам, еңсем түсіп, ет - жүрегім езіліп, ауылға құр сүлдем жетті. Неге сонша мүжілгенімді білмеймін. Әйтеуір, осы жолы бәрінен баз кешіп кеткім де келді.Бес баланы асырап –бағудың қиындығын әкеңнің барында онша сезбесем керек.Тұрмыстағы қиын нәрсе сендерге жейтін нан, киетін киім тауып беру ғана емес-тін. Біреуден ілгері, біреуден кейін бізде өлмес күнімізді көрдік қой.Жаман атқа қалмай, әйтеуір сендердің беттеріңе шіркеу түсірмей,қатарыңнан кем қылмай өсіруге тырыстым. Әкең марқұм соғыстан алып келген жарадан қайытты ғой. Көзін жұмарда, «Екеумізді табыстарған тағдырға алғыстан басқа айтарым жоқ. Бес бірдей баламен артымда жалғыз қалып бара жатқанын жаныма бәрінен де қатты батады. Ақылың бар адамсың, сен жыламай жүрсең мен де көрде тыныш жатамын.....» -деп кетіп еді. Бірақ қанша қиналсам да, мен сендердің көздеріңді жәудіретіп қойған емеспін. Қайта әкеңнің айтқан сөзі мені жерге қазық қаққандай шегелей түсті. Оның адалдығымен адамгершілігін өмір бойы кіршіксіз ұстандым. Баласына жақсылық тілемейтін ата-ана бар ма өмірде? Е-е ...қарағым, жұбайлық өмірді алып жүруде мемлекетті басқару ісі секілді қиын шаруа..... Орыс халқының бір әдемі сөзін оқып едім: «Еркек үйдің бір бұрышын ұстап тұрады, қалған үшбұрышты тіреп тұратын-әйел деген...... Сол сөз өте орынды айтылған деп ойлаймын.....» .

Соңғы сөздерді оқығанда Гүлзейнептің көзінен үлкен жас тамшысы тырс етіп хатқа тамып, бір талай жазуды айғыздап, жайылып бара жатты.

Сұрақтар:

1.Гүлзейнеп хатты оқығанда қандай сезімде болды?

2.Ананың балаға деген сүйіспеншілігін сендер қалай түсінер едіңдер?

3.Неліктен ана қанша қиыншылыққа төзді?

4.Баланың анаға деген рухани ішкі сезімінен не байқалады? (жетелеу сұрақтары қойылады.)


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

1.Сыныпты топқа бөлу

I-топ –сүйіспеншілік

ІІ-топ – отбасы.

Топтың атына байланысты ойлап тапқан рухани сөздерден өлең шумақтарын шығару.

Отбасы

О – ойшыл

Т - татулық

Б – бірлік

А – ақылдылық

С – сүйіспеншілік

Ы – ынтымақ



Сүйіспеншілік

С – сенімділік

Ү – үміт

Й – инабаттылық

І – ілтипатты

С – сыйластық

П – парыз

Е – еңбекқор

Н – намысқой

Ш – шыншыл

І – ізеттілік

Л – лайықты

І – ізгілік

К – көңілді.


  1. Топпен ән айту.

Кешір ана


Еркелеп өстік,бала да болдық,

Қуалап ойын далада қондық.

Ананың сөзін құлаққа ілмей,

Кей-кезде көсем де,дана да болдық.

Қайырмасы

Есейдік енді ақтықты беріп,

Жүзіңнен сенің шаттықты көріп.

Қуансам деймін өзіңмен бірге,

Ырысың менен бақытты бөліп.


Піспеген әлі шала шығармын,

Үйретті ме екен нағашыларым.

Балалық та бар,қателікте бар,

Кешіре көрші анашым бәрін.

Қайырмасы


Тағдырым білем қояды сұрақ,

Жаппасын қатты есігін бірақ.

Басымды иіп отырмын мында,

Барлығы үшін кешірім сұрап.

Қайырмасы.




  1. Үй тапсырмасы.

15 сабақ

Ш.Айтматовтың «Жәмила» повесінен үзінді оқып келу.



  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Бүгінгі сабағымыздан алған жақсы қасиеттерді жүрегімізге салып қоялық.

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Адамзатты? б?рін с?й, бауырым деп.

Автор: Тайкешева Балауса Наушабек?ызы

Дата: 10.01.2015

Номер свидетельства: 152693


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства