kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Адамзатты? б?рін с?й «бауырым» деп...»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: О?ушылар?а толеранттылы? ??ымын т?сіндіріп, шыдамдылы?, ?зге к?з?арастар?а, мінез-??лы?тар?а ?деттерге т?зімділік таныту, ?олайсыз ?серлерді? ы?палын бастан ?ткізе алущылы? м?селелерін ?арастыру.
Саба?ты? міндеттері:

1) «Толеранттылы?» т?сінігін ?лтты? д?ниетаным т?р?ысынан талдау, ж?не оны? негізгі белгілерін таныта отырып, о?ушыларды? бір-біріне деген сыйласты?, ?згені ?зіндей ?абылдау?а, ?зге ?лттарды? салт-д?ст?рлерін сыйлауды? ма?ызына м?н беру;

2) ?лы Абайды? «Толы? адам» концепциясын талдай отырып, толерантты т?л?а модельін ??ру, Сондай-а? «Адамзатты? б?рін с?й бауырым деп» Абай идеясын талдай отырып, толерантты ?аза?стан моделін ??ру;

3) Топ ішіндегі о?ушыларды? бір-бірімен толерантты ?арым-?атынасын ?алыптастыру;

4) А?паратты ?здігінен игеру ж?не талдау, интерпретациялау білігін жетілдіру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Адамзатты? б?рін с?й «бауырым» деп...» »

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

№9 орта мектебі» ММ







Тақырып: «Адамзаттың бәрін сүй «бауырым» деп...»







Орындаған: Ошакбаева Ж.К

Сынып: 9 «ә»












Қостанай қаласы

2014-2015 оқу жылы

Сынып сағаттың тақырыбы: «Адамзаттың бәрін сүй «бауырым»деп...»
Мақсаты: Оқушыларға толеранттылық ұғымын түсіндіріп, шыдамдылық, өзге көзқарастарға, мінез-құлықтарға әдеттерге төзімділік таныту, қолайсыз әсерлердің ықпалын бастан өткізе алущылық мәселелерін қарастыру.
Сабақтың міндеттері:

1) «Толеранттылық» түсінігін ұлттық дүниетаным тұрғысынан талдау, және оның негізгі белгілерін таныта отырып, оқушылардың бір-біріне деген сыйластық, өзгені өзіндей қабылдауға, өзге ұлттардың салт-дәстүрлерін сыйлаудың маңызына мән беру;

2) Ұлы Абайдың «Толық адам» концепциясын талдай отырып, толерантты тұлға модельін құру, Сондай-ақ «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» Абай идеясын талдай отырып, толерантты Қазақстан моделін құру;

3) Топ ішіндегі оқушылардың бір-бірімен толерантты қарым-қатынасын қалыптастыру;

4) Ақпаратты өздігінен игеру және талдау, интерпретациялау білігін жетілдіру.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру, талқылау

Сабақтың көрнекілігі: Слайд-шоу, ой қозғау тапсырмалары, тірек схема, плакаттар, интерактивтик тақта, қанатты сөздер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

1.1. Сәлемдесу. Келген қонақтарға қарап оқушылар хормен сәлемдеседі.

1.2 Шаттық шеңбері. Мұғалім. Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналдық. Енді бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық.

1.3 Тәрбие сағатының бөлімдерімен таныстыру


2. Ойланайық, пікірлесейік!

Махаббатпен жаратқан адамзатты, 

Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті,

Адамзаттың бәрін сүй «бауырым» деп, 

Және хақ жолы осы деп әділетті ...Абай

Бүгінгі тәрбие сағатымызда ұлы Абайдың осы сөздерін эпиграф ретінде алып отырмыз. Осы шумақтан нені түйдіңіздер?

Мұғалім: Иә, барша адамзатты нәсіліне, ұлтына , ұстанатын дініне қарамастан жақсы көріп, түсіністікпен қарап, өзіңдей қабылдау қасиетін бір сөзбен толеранттылық дейміз. 

Толеранттылық – бұл қайырымдылық.

Толеранттылық – бұл аяушылық таныту.

Толеранттылық – бұл құрметтей білу.

Толеранттылық – бұл мейірімділік таныту

Толеранттылық – бұл шыдамдылық.

Толеранттылық – бұл достық

Бұл - келісім мен ынтымақтастыққа апаратын жол,
16 қарашада әлемнің көптеген елдері Халықаралық толеранттылық немесе төзімділік күнін атап өтеді. Бұл 1996 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының шешімімен бекітілген. 

Қазақстандағы толеранттылық ата-бабамыздан, дәстүрімізден келе жатқан құбылыс. Біз басқа ұлттарды, этномәдениетті жатсынбайтын ашық этнос ретінде қалыптастық.

Сұрақтар: Бұл қазақ халқының ұлттық менталитетінен көрініс табады, қазақ халқына тән қандай ұлттық мінез құлықтарды атай аласыздар?

Осы мінез –құлық қандай ұлттық салт-дәстүрлерден көрініс табады? 

Ұлттық мінез қандай мақал-мәтелдерден көрініс табады?
Мысалы: «Сабыр түбі -сары алтын» деп істің артын бағуға үндейді.
Толеранттылық гуманизмге , адами қасиеттерге негізделеді ол жәй ғана тығырықтан шығу өнері емес, адамгершілікті мінездің, рухани кеңдіктің, қайсарлық пен өзін жеңген батыл жігердің нәтижесі.

Олай болса, .Ұлы Абайдың «кәміл адам» концепциясына назар аударайық. Кәміл –арабтың толық, жан-жақты деген сөзінен шыққан.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста , 

Сонда толық боларсың елден ерек.

Ұлы дананың қай шығармасын алмайық, оның алтын қазығы – Адам. Ол нағыз Адам, Толық Адам қандай болу керек деген сұраққа жауап іздейді, әрі оған жауап береді. Мысалы, «Атымды Адам қойған соң қайтып надан болайын», «Адамды сүй, Алланың хикметін сез, не қызық бар өмірде одан басқа» - дейді. «Адамды сүюден басқа қызық жоқ» деген пікірінде қазір көп айтылып жүрген гуманды педагогика ұстанымдары жатыр. Осы жерде жас ұрпақты тәрбиелеу ісі ең алдымен, оларды адамды сүюге баулудан басталуы керек деген тұжырым шығады.

2.1 Тапсырма: Абай адам болудың шартын қалай белгілейді? 
Кесте толтыру


Асық болатын істер

Қашық болатын істер




Мұғалімнің көмегімен оқушылар толеранттылық түсінігін ұлттық дүниетаным тұрғысынан талдайды.

Ұлы Абайдың «кәміл адам» концепциясын талқылап нағыз адам қандай болуы керек деген сұраққа жауап іздейді.

2.2 Тапсырма Белсенді тақтаның көмегімен Абай ұстанымы бойынша адамға қажетті, қажетсіз қасиеттерді топтап жазады.

3 Толерантты тұлға моделін құру

Оқушылар толеранттылық гүлін толтырады:
Сабырлы, кеңпейіл, талапшыл, қанағатшыл, рақымшыл, жылы жүректі, нұрлы ақылды. Абай қағидалары бойынша толерантты тұлға моделін жасайды.


Толерантты Қазақстан моделін құру Толеранттылық – үлкен құндылық. Мұны тәуелсіздікке қол жеткізген 20 жылдағы маңыз¬ды жетістігіміз. Қазақстан – Орталық Азияда ұлтаралық татулықты сақтап, алауыздыққа жол бермеген жалғыз ел. Бүгінде кең-байтақ қазақ жерінде өзге ұлт өкілдеріне барлық жағдай жасалған:

• 11 тілде жастарға тәлім беретін мектептер жұмыс істейді. Біздің билік мұндай білім ошақтарының барлық шығындарын көтеріп отырғаны белгілі. 

• 13 тілде түрлі радиохабарлар тарайды

• Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылып, оған республика бойынша 820 мәдени орталық мүше. Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Астана төрінде әлемдік дінбасылардың құрылтайын өткізіп, төрткүл дүниедегі тәрбие мен бейбітшілікті, лаңкестікке қарсы күресті талқылау бүгінде маңызды ғаламдық іс-шараға айналып отыр Отанымыз Қазақстандағы ұлтаралық жағдайды тепе-теңдікте ұстап, елдегі бейбітшілік пен татулықты сақтаудағы елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ролі анықталады. 

Қазақстан моделін құру

• Бейбітшіл

• Ұлтаралық достықты сақтаған;

• Адамгершілікті қоғам

• Жарастықты қарым-қатынас

• Мәдениеттер достығы;

3.1 Дәйексөз.

«Төртеу түгел болса төбедегі келер»

«Байлық- байлық емес, бірлік- байлық»

/Оқушылар Адамзаттың бәрін бауырым » деп сүюдің және адамзаттың бәрін бауырым » деп сүймеудің салдарын талдай отырып, Толерантты Қазақстан моделін құру қорытынды шығарады./

3.2 Шығармашылық жұмыс. /оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін тиянақтап бекіту мақсатында/

«Толеранттылық – бұл... » тақырыбына эссе, шығарма жазу.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Адамзатты? б?рін с?й «бауырым» деп...»

Автор: Ошакбаева Жанар Кадирхановна

Дата: 21.04.2015

Номер свидетельства: 204129


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства