kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектебі:                      Мерзімі:              № 14

Тақырыбы: Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: шыншылдық, қайрат,жігерлілік,ар-ұждан, намыс, қамқорлық, жанашырлық, адалдық,

Мұғалім: Елекеева Ж.А

Сынып: 7

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға ақиқат құндылығының өмірдің негізі екенін ұғындыру.

Міндеттері:

-оқушыларға ақиқат құндылығы туралы түсінік беру;

-оқушылардың шыншылдық, қайрат, жігерлілік қасиеттерін дамыту;

- шыншылдық, қайрат, жігерлілікке тәрбиелеу;

Ресурстар:

(нақыл сөздер, бейне фильм, үнтаспа)

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

         Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

         Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

         Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті.Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

         Нұр бірте- бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге,достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз.Олардың да жүрегі нұрға толсын.

         Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге,тірі жанға таралсын. Ғаламның барлық түкпір- түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын.Нұр менің ішімде.Мен Нұрмын »

         Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз.

         Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

         Жаймен көзіңізді ашуға болады.

         Рахмет!

 Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.

Сабақ барысын талдау:

  1. Үй тапсырмасын тексеру

К.Паустовский   «Жеделхат» әңгімесінен үзінді.

1. Әңгіменің негізгі идеясы неде?

2. Ананың балаға деген махаббаты туралы не айтар едіңіздер?

3. Настяның іс-әрекетіне қандай кеңес берер едіңіздер?

4. Настяның орнында болсаңыз не істер едіңіздер?

  1. Дәйексөз.

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті,

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

                                                            Абай

Дәйексөз оқушылармен бірге талданып, мәні түсіндіріледі.  Дәптерге жазып, 2 рет қыздарға айтқызу  2рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге   4рет айтып шығады.

  1. Әңгімелеу.

                          Перзент  парызы

         Ғани  он бірінші  сыныпты тәмәмдап,   жоғары оқу

орнына түсу үшін қалаға  келді.  Емтихандарын  тапсырды, жолы болмай оқуға  түсе  алмады, салы құрып ауылға  қайтты.  Баласының  оқуға түспегенің  естіп, ата анасында  маза болмады.  Ата анасы  бір- бірімен  келісіп, Ғаниды  қалаға  ақылы оқуға  жіберуге  келісті.  Ғанидың қуанышында  шек  болмады, әке шешесі  бар тапқандарын  ұлына  жіберіп  отырды. Ғани сөйтіп  оқуын  қызыл дипломға  бітіріп,  қалаға  жұмысқа орналасты, ақысы  да жақсы.  Ұлдарының жақсы жұмысқа орналасқанын  естіп, ата анасының қуанышында  шек жоқ.  Ғани  көпке ұзамай, өзіне қаладан, қымбат көлік алды. Күнде  ата  анасына  хабарласып тұратын Ғани біртіндеп  ата анасына  хабарласуын  азайта бастады.  Анасы  телефон шалғанда,  уақыты  аздығын айтып, мүлдем  хабарласуын қойды.   Ғани үйленді,  балалы болды.  Ата анасына хабарласпады. Ата- анасы немерелі  болғандарын ауыл адамдарынан  естіді.   Қуаныштарында  шек жоқ.  Қазы- қарта, май-қаймақтарын  алып, қалаға    немерелерін көруге  қалаға жиналды.  Қалаға  келген  олар  өз көздеріне  өздері  сенбеді, есікті  ашқан келіндері  Ғанидың  әке шешесіне  немерені көрсету қайда,    үйге  кіргізіп, шай да бермеді. Ғанидың әке шешесі  көлік апатынан қайтыс болған, оның туыстары жоқ деп маңайға  жолатпады. Ғани болса, бірнеше жұмаға  іссапарға  жол жүріп кеткен екен. Ата анасы  салдары құрып, ауылға  қайтты. Көршілері  қайырлы  болсын  айтып,  үйге  кіріп шығып  жатыр,  болған  жағдайды  ата анасы  кісі баласына тіс жарып ешкімге айтпады.

         Уақыт  зымырап  өтіп  жатты. Ғанидың  ұлы  алты

жасқа толды. Бір күні  баласы   мектептен келіп Ғаниға  сұрақ  қойды: «Менің  атам мен әжем бар ма?  Олар қайда, неге олар  бізбен  тұрмайды?»  Әкесі  ұлының  сұрап, жауабын таба алмай дал.  Сол түні Ғани  көз ілмеді,  ата анасының алдындағы парызын орындамай  өз бетімен өмір сүріп жатқаны есіне түскенде іші  ашыды. Таңертең тұра сала ұлын алып, ауылға  бет алды.  Ауылға  келсе, әкесі  қайғыдан қан жұтып, ауыр халде  жатыр. Ана байғұс күйбендеп, үй шаруасымен жүр.   Ғани  анасын танымай қалды,  қартайыпты, бетіндегі  әжімдері  тереңдеп, шашы ағарып, денесінде  бүкірлік пайда болған.   Ғанидың ұлы   Диас  атасы мен әжесіне  кезекпен қарайды, өзінің  туғандары екеніне сенбей тұрғандай. Ата анасы Ғанимен  немересін  көріп,  бұрынғы реніштерін ұмытып, қуанып, мәре сәре болып жатыр. Ғани ата анасынан  кешірім сұрап әлек.  Әкесін  дереу қалалық емханаға орналастырмақшы  болып, жолға жиналам дегенде, әкесі  Ғаниды қасына шақырып:

         - Ұлым,  жарығым,  бізге  көп керек пе  еді?  Бізде қанша

ұялсаң да, біз сенің ата- анаңбыз, ата- ананы таңдап  алмайды, сен бізден  ұялсаң, біз сені мақтан тұтамыз, сен бізге  сол кішкентай Ғани болып қаласың, саған ренжуге біздің  қақымыз жоқ,  бірақ  әр адамның өз ішінде парызы деген болады, біз сенің алдындағы  парызымызды   орындадық,  бірақ тәрбиені  дұрыс  бере алмаған секілдіміз,  сен   енді өз парызынды орындауға  ұмытпағайсын, жоғары  лауазымда  отырсаң да,  қанша қашып құтылам десең де, парыздан құтыла алмайсың.  Парызыңды өтемей, алысқа  бара  да алмайсың,  қазір адамдар адамның ішкі жан тазалығына  көп назар аударады, ішкі жан дүниең  таза болсын, анаңа  көз  бол!- деп  көз жұмды. Ғанидың  ішінде  мәңгілік  өкініш қалды, әкесін жерлеп, ошағын құлатпау үшін ауылға көшіп келді.  Ауыл адамдарына  дәріхана салды. Бірақ не  істесе де  ата-ана алдындағы парызды  өтей алмайтынына  көзі  жетті,  бірақ әкесінің сөзінен кейін өмірге  басқа көз қараспен қарай бастады. 

-    «Перзент парызы»  дегенді  қалай  түсінесіздер?

-     Ғани  өз парызын орындай  алды ма?

-     Ғанидың  іс әрекеті  дұрыс па ?

-    Осы аңыз құндылығы неде ?  

-    Ғанидың  әкесі ұлына  ішкі  жан дүниең  таза болсын дегенде, не айтқысы  келді?

-  Сіздер Ғанидың орнында  болсаңыздар,  не істеуші едіңіздер?

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

«Ата-анаға қамқорлық» атты бейне фильмді көре отырып  эссе жаздыру. 

  1. Топпен ән айту.

                                                    Сөзі: М.Кенжетайұлы

                                                    Әні: М.Дүйсебаев

«Ғаламат қарттарым»

Азаптадың-ау қартымды,

Қарамай көңіл-күйіне.

Аяққа таптап салтымды,

Тастадың қарттар үйіне.

Саусақтары да дірілдеп,

 Жалғанның  аңсап жылуын.

Күтеді ылғи ұлым деп,

Тілейді аман жүруін.

Қалдырған қанша артта күн,

Қымбатсың маған қарттарым.

Аянышты адам жүздерің,

Ұрпақтан азап тартқаның.

Амал не қатал тағдырға

Қарттарды жалғыз қалдырған.

Перзентке деген сағыныш,

Жүрегін от боп жандырған.

Санаңда тұрса жаңғырар

Қарттардың айтқан өсиет.

Қарттарға Алла мәңгілік,

Бақытты ғұмыр нәсіп ет.

  1. Үй тапсырмасы.

Ш. Айтматов «Жәмила» повесі.  Дәптермен жұмыс №1 тапсырма. 31 бет.

  1. Соңғы тыныштық сәті.

Ыңғайланып отырыңыздар,көздеріңізді жұмыңыздар. Бүгінгі сабақта не үйренгендеріңізді іштеріңізден қайталаңыздар.

«Мен  сабырлымын, ұстамдымын. Мен үйде де, аулада да, мектепте де өзімді сабырлы ұстаймын, еш нәрсеге ренжімеймін.Маған сабырлы, ұстамды болған өте ұнайды» деп қайталаңыздар. Әуен дауысы бәсеңдегеннен кейін көздеріңізді ашуларыңызға болады. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп»

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектебі: Мерзімі: № 14.

Тақырыбы: Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп.

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: шыншылдық, қайрат,жігерлілік ,ар-ұждан, намыс, қамқорлық , жанашырлық, адалдық,

Мұғалім: Елекеева Ж.А

Сынып: 7

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға ақиқат құндылығының өмірдің негізі екенін ұғындыру.

Міндеттері:

-оқушыларға ақиқат құндылығы туралы түсінік беру;

-оқушылардың шыншылдық, қайрат, жігерлілік қасиеттерін дамыту;

- шыншылдық, қайрат, жігерлілікке тәрбиелеу;


Ресурстар:

(нақыл сөздер, бейне фильм, үнтаспа)

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті.Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте- бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге,достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз.Олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан- жануарларға, өсімдіктерге,тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір- түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын »

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет!

Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.

Сабақ барысын талдау:

  1. Үй тапсырмасын тексеру

К.Паустовский «Жеделхат» әңгімесінен үзінді.

1. Әңгіменің негізгі идеясы неде?

2. Ананың балаға деген махаббаты туралы не айтар едіңіздер?

3. Настяның іс-әрекетіне қандай кеңес берер едіңіздер?

4. Настяның орнында болсаңыз не істер едіңіздер?



  1. Дәйексөз.

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті,

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Абай

Дәйексөз оқушылармен бірге талданып, мәні түсіндіріледі. Дәптерге жазып, 2 рет қыздарға айтқызу 2рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге 4рет айтып шығады .


  1. Әңгімелеу.

Перзент парызы

Ғани он бірінші сыныпты тәмәмдап, жоғары оқу

орнына түсу үшін қалаға келді. Емтихандарын тапсырды, жолы болмай оқуға түсе алмады, салы құрып ауылға қайтты. Баласының оқуға түспегенің естіп, ата анасында маза болмады. Ата анасы бір- бірімен келісіп, Ғаниды қалаға ақылы оқуға жіберуге келісті. Ғанидың қуанышында шек болмады, әке шешесі бар тапқандарын ұлына жіберіп отырды. Ғани сөйтіп оқуын қызыл дипломға бітіріп, қалаға жұмысқа орналасты, ақысы да жақсы. Ұлдарының жақсы жұмысқа орналасқанын естіп, ата анасының қуанышында шек жоқ. Ғани көпке ұзамай, өзіне қаладан, қымбат көлік алды. Күнде ата анасына хабарласып тұратын Ғани біртіндеп ата анасына хабарласуын азайта бастады. Анасы телефон шалғанда, уақыты аздығын айтып, мүлдем хабарласуын қойды. Ғани үйленді, балалы болды. Ата анасына хабарласпады. Ата- анасы немерелі болғандарын ауыл адамдарынан естіді. Қуаныштарында шек жоқ. Қазы- қарта, май-қаймақтарын алып, қалаға немерелерін көруге қалаға жиналды. Қалаға келген олар өз көздеріне өздері сенбеді, есікті ашқан келіндері Ғанидың әке шешесіне немерені көрсету қайда, үйге кіргізіп, шай да бермеді. Ғанидың әке шешесі көлік апатынан қайтыс болған, оның туыстары жоқ деп маңайға жолатпады. Ғани болса, бірнеше жұмаға іссапарға жол жүріп кеткен екен. Ата анасы салдары құрып, ауылға қайтты. Көршілері қайырлы болсын айтып, үйге кіріп шығып жатыр, болған жағдайды ата анасы кісі баласына тіс жарып ешкімге айтпады.

Уақыт зымырап өтіп жатты. Ғанидың ұлы алты

жасқа толды. Бір күні баласы мектептен келіп Ғаниға сұрақ қойды: «Менің атам мен әжем бар ма? Олар қайда, неге олар бізбен тұрмайды?» Әкесі ұлының сұрап, жауабын таба алмай дал. Сол түні Ғани көз ілмеді, ата анасының алдындағы парызын орындамай өз бетімен өмір сүріп жатқаны есіне түскенде іші ашыды. Таңертең тұра сала ұлын алып, ауылға бет алды. Ауылға келсе, әкесі қайғыдан қан жұтып, ауыр халде жатыр. Ана байғұс күйбендеп, үй шаруасымен жүр. Ғани анасын танымай қалды, қартайыпты, бетіндегі әжімдері тереңдеп, шашы ағарып, денесінде бүкірлік пайда болған. Ғанидың ұлы Диас атасы мен әжесіне кезекпен қарайды, өзінің туғандары екеніне сенбей тұрғандай. Ата анасы Ғанимен немересін көріп, бұрынғы реніштерін ұмытып, қуанып, мәре сәре болып жатыр. Ғани ата анасынан кешірім сұрап әлек. Әкесін дереу қалалық емханаға орналастырмақшы болып, жолға жиналам дегенде, әкесі Ғаниды қасына шақырып:

- Ұлым, жарығым, бізге көп керек пе еді? Бізде қанша

ұялсаң да, біз сенің ата- анаңбыз, ата- ананы таңдап алмайды, сен бізден ұялсаң, біз сені мақтан тұтамыз, сен бізге сол кішкентай Ғани болып қаласың, саған ренжуге біздің қақымыз жоқ, бірақ әр адамның өз ішінде парызы деген болады, біз сенің алдындағы парызымызды орындадық, бірақ тәрбиені дұрыс бере алмаған секілдіміз, сен енді өз парызынды орындауға ұмытпағайсын, жоғары лауазымда отырсаң да, қанша қашып құтылам десең де, парыздан құтыла алмайсың. Парызыңды өтемей, алысқа бара да алмайсың, қазір адамдар адамның ішкі жан тазалығына көп назар аударады, ішкі жан дүниең таза болсын, анаңа көз бол!- деп көз жұмды. Ғанидың ішінде мәңгілік өкініш қалды, әкесін жерлеп, ошағын құлатпау үшін ауылға көшіп келді. Ауыл адамдарына дәріхана салды. Бірақ не істесе де ата-ана алдындағы парызды өтей алмайтынына көзі жетті, бірақ әкесінің сөзінен кейін өмірге басқа көз қараспен қарай бастады.

-    «Перзент парызы» дегенді қалай түсінесіздер?

- Ғани өз парызын орындай алды ма?

- Ғанидың іс әрекеті дұрыс па ?

-    Осы аңыз құндылығы неде ?

- Ғанидың әкесі ұлына ішкі жан дүниең таза болсын дегенде, не айтқысы келді?

- Сіздер Ғанидың орнында болсаңыздар, не істеуші едіңіздер?



  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

«Ата-анаға қамқорлық» атты бейне фильмді көре отырып эссе жаздыру.


  1. Топпен ән айту.

Сөзі: М.Кенжетайұлы

Әні: М.Дүйсебаев

«Ғаламат қарттарым»

Азаптадың-ау қартымды,

Қарамай көңіл-күйіне.

Аяққа таптап салтымды,

Тастадың қарттар үйіне.

Саусақтары да дірілдеп,

Жалғанның аңсап жылуын.

Күтеді ылғи ұлым деп,

Тілейді аман жүруін.


Қалдырған қанша артта күн,

Қымбатсың маған қарттарым.

Аянышты адам жүздерің ,

Ұрпақтан азап тартқаның.


Амал не қатал тағдырға

Қарттарды жалғыз қалдырған.

Перзентке деген сағыныш,

Жүрегін от боп жандырған.


Санаңда тұрса жаңғырар

Қарттардың айтқан өсиет.

Қарттарға Алла мәңгілік,

Бақытты ғұмыр нәсіп ет.


  1. Үй тапсырмасы.

Ш. Айтматов «Жәмила» повесі. Дәптермен жұмыс №1 тапсырма. 31 бет.


  1. Соңғы тыныштық сәті.

Ыңғайланып отырыңыздар,көздеріңізді жұмыңыздар. Бүгінгі сабақта не үйренгендеріңізді іштеріңізден қайталаңыздар.

«Мен сабырлымын , ұстамдымын. Мен үйде де, аулада да, мектепте де өзімді сабырлы ұстаймын, еш нәрсеге ренжімеймін.Маған сабырлы, ұстамды болған өте ұнайды» деп қайталаңыздар. Әуен дауысы бәсеңдегеннен кейін көздеріңізді ашуларыңызға болады. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп

Автор: Елекеева Жанна Аманоллақызы

Дата: 10.05.2017

Номер свидетельства: 414082

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Адамзатты? б?рін с?й, бауырым деп. "
    ["seo_title"] => string(33) "adamzattyn-b-rin-sui-bauyrym-diep"
    ["file_id"] => string(6) "152693"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420896055"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп."
    ["seo_title"] => string(35) "adamzattyn_b_rin_sui_bauyrym_diep_2"
    ["file_id"] => string(6) "414427"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1494492930"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "«Адамзатты? б?рін с?й «бауырым» деп...» "
    ["seo_title"] => string(35) "adamzattyn-b-rin-sui-bauyrym-diep-1"
    ["file_id"] => string(6) "204129"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429612840"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Азаматты? б?рін с?й, бауырым деп "
    ["seo_title"] => string(32) "azamattyn-b-rin-sui-bauyrym-diep"
    ["file_id"] => string(6) "150998"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420618186"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) ""Адамзаттың бәрін сүй,бауырым деп ""
    ["seo_title"] => string(33) "adamzattyn_b_rin_sui_bauyrym_diep"
    ["file_id"] => string(6) "403984"
    ["category_seo"] => string(16) "obschestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1490658336"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства