Мерзiмі: 25.10.2016 ж.
Тақырыбы | Адамгершілік қарым-қатынастың тәлімдік негізі |
Мақсаты | Өзара түсінушілікке қол жеткізу құралы ретінде адамдар арасында адамгершілік қарым-қатынасқа құндылық көзқарасын қалыптастыру. |
Міндеттері | 1. Адамдар арасында тілдесу мәдениетінің дамуына ықпал ету; 1. Жеке қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру; 2. Адам өмірінде тілдесудің рөлі туралы түсінікті ұлғайту; 3. Сөйлесу мәдениетін, үйлесімді тілдесімнің қажеттілігін дамыту; 4. Кикілжің жағдайды шешу білігін қалыптастыру. |
Күтілетін нәтиже | Сөйлеудің мәнін. Қарым-қатынас түрлерін түсінеді. Адамгершілік қарым-қатынастың психологиялық әсерін сезінеді. Және де адами қарым-қатынастың тәлімдік негіздерін ұғады. |
Қолданылатын әдіс-тәсілдер | «Конверттегі сұрақ» әдісі, шығармашылық жұмыс, жағдаяттарды талдау, әңгіме әдісі |
Қолданылатын ресурстар | Слайд, конверттер, мәтін, тірек-сызба |
Сабақ барысы | Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті |
Тыныштық сәті (5 минут) | Жағымды көңіл-күйге ену | Тыңдайды |
Ұйымдастыру кезеңі (5 минут) ОҮБ | «Достық», «Адамгершілік», «Төзімділік» топтарына бөлу. Топтың атын мақал-мәтел немесе нақыл сөздер арқылы таныстырады Сабақтың мақсатымен, бағалау парағымен таныстырамын. | «Достық», «Адамгершілік», «Төзімділік» топтарына бөлінеді. Топтың атын қорғау |
Әңімелесу (5 минут) | Сөздің адамгершілік қарым-қатынасты маңызы, мәні туралы әңгімелесуді ұйымдастыру үшін студенттердің назарын осы тақырыптың дәйексөзі ретінде алынған төмендегі ұлағатты ой-пікірге аудартамын. «Кешіре білген сайын абыройың арта түседі» (Публилий Сир) «Түсінудің өзі де – адамның үлкен еңбегі» (Б. Момышұлы) «Кекшілдік өзіңе де, өзге де шөп шығармайды» (Ә. Кекілбаев) Кешірімді болу адамның қандай қасиетін білдіреді? Адамдардың бірін-бірі түсінуі немесе түсінбеуі неге байланысты деп ойласыз? Кекшілдік қасиет қалай көрінеді? | Студенттер дәйексөздің мағынасын түсіндіреді және сұрақтарға жауап береді. |
Конверттегі сұрақ әдісі (6 минут ) ОҮБ | Әр топқа конвертке салынған сұрақ үлестіремін: 1. «Достық» тобына - Әдепті сөйлеу 2. «Адамгершілік» тапсырма. - Шешендік сөйлеу 3. «Төзімділік» тобына тапсырма. - Астарлап сөйлеу | Оқушылар конверттегі сұрақпен танысады. Берілген тапсырмаларды нақтылап, мысал менен өмірге байланыстырып талдайды |
Тапсырма (5 минут) | Достық | Адамгершілік | Төзімділік | Сыпайы сөздер | Құрметті сөздер | Жағымды сөздер | | | | | Күнделікті өмірде кездесетін спайы, құрметті, жағымды сөздерді естеріне түсіріп төмендегі кестені толтырады |
Интеграциялау (5 минут)
| Қарым-қатынас
Интерактивті Перцевтивті
Комуникативті
Вербальді Вербальді емес
Сөз, айтылған сөздің мағынасы
Интонация, пауза, мимика, әріптестер арасындағы қашықтық
| Қарым-қатынастағы сөйлесудің түрлерін түсінеді |
Сергіту | Үнсіз пошта Талқылауға арналған сұрақтар: Студенттен алған ақпарат оқытушы айтқан ақпаратқа сай келеме? Осы жаттығу арқылы қандай қорытындыға келеміз? Өзгертілген ақпарат кикілжіңнің тууына себеп болуы мүмкін бе?
| Топ студенттері бір-бірінің артына тізбек құрып отырады немесе тұрады. Соңғы студент мұғалімнің айтқан затын өзінің алдында отырған адамның арқасына саусағымен салады. Осылай тізбек арқылы ең соңғы отырған адамға жетеді. Ол өзінің арқасына не салынғанын айту керек. |
Шығармашылық жұмыс (5 минут ) | «Достық» тобы Басқа – амандық, табыс күтсең ісіңнен, Жарамсыз бір сөз шығарма тісіңнен Ж. Баласағұни Адамдармен олардың ақыл-парасатына қарай сөйлес Сағди Ширази Кісі болар баланың, кісіменен ісі бар, Кісі болмас баланың кісіменен несі бар Халық мақалы «Адамгершілік» тобы Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, содан қашпақ керек: әуелі – надандық, екіншісі – еріншектік, үшіншісі - зұлымдық Абай Адам мәдениетінің алғышарты – дұрыс сөйлей білу... Тілін білмеген түбін білмейді, ондай адам күлдірем деп күйдіреді, сүйдірем деп сүріндіреді, білдірем деп бүлдіреді, қуантам деп қуартады, келтірем деп кетіреді, емірентем деп егілтеді, жұбатам деп жылатады! Ғ. Мүсірепов Ашулы адамның сөзі аз болса, ыза қуаты артында болғаны. Егер де аузынан қара қан ағызса – мақтаншақ, қорқақ. Абай «Төзімділік» тобы Діни қағидаларда адамдар арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын ұстанымдар бар: Християндық: Өзіңе жақынды, өзіңдей жақсы көр Буддизм: өзің зұлымдық деп есептейтін нәрсені, басқаларға жасама Ислам: өзіне тілеген тілегін өзінің бауырларына тілемейтін адамдарды құдайға сенетін адам деуге болмайды Шапалақтау арқылы марапаттау | Әр топ өздеріне берілген ұлағатты сөздердегі даналардың ойларын талдау негізінде адамгершілік қарым-қатынасқа тағы қандай ізгіліктердің бар екендігін табу |
Жағдаятты талқылау (5 минут) | «Достық» Сенбілік. Куратор тазартуға тиісті орындарға 10 студенттен бөліп, әр топқа бір студенттен жауапты етіп қойды. Сіз сол жауапты студенттің бірісіз. Оның бесеуі жұмыс істейді де, бесеуі әңгімелесіп отыра береді. Сіз не істер едіңіз? «Адамгершілік» Тәрбие жөніндегі орынбасары Наурыз мерекесін өткізуге байланысты ойланып келуге тапсырды. Жақсы идея үшін сыйлық болатынын ескертті. Сіз өз идеяңызды топтағы курстасыңызбен бөлістіңіз. Ол жиналыста сіздің идеяңызды өзінің атынан айтты. Сіз не істер едіңіз? «Төзімділік» Сіз бүгінгі күнге үнемі жұмысқа кешігетін қызметкеріңізді сөйлесуге шақырып қойғансыз. Бірақ сіз үйдегі бір себептермен жұмысқа өзіңіз кешігіп келдіңіз. Шақырып қойған қызметкеріңіз сізді күтіп отыр. Сіз оған не айтар едіңіз? | Берілген жағдаяттарды әдептілік тұрғысынан шешеді
|
Қорытынды (5 минут) | Таза мінсіз асыл тас Су түбінде жатады. Таза мінсіз асыл сөз Ой түбінде жатады. Су түбінде жатқан тас Жел толқытса шығады. Ой түбінде жатқан сөз Шер толқытса шығады. | Асан Қайғы бабамыздың өнегелі сөзін хормен айтып шығады
|
Үйге тапсырма (2 минут ) | «Сөйлеу мәдениеті» | |