Сабақтың көрнекілігі:, ақын портреті,суреттер т.б.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,бейнелеу,сөз өнері
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.
III.Білім тексеру
.Уәдиханов кім?
Ол қай жерде дүнееге келді?
Шоқан кімнің шөбересі?
Шоқаннаң шын аты кім?
IV.Жаңа сабаққа дайындық
Сабақ тақырыбын тақтаға жазу.
Сабақ мақсатын түсіндіру.
V. Жаңа сабақты түсіндіру:
Азамат-қайраткер
Абай
Құнанбаев
Сыншыл реалист
Қарасөздің шебері
сазгер
күйші
Аудармашы
Ақын
Ағартушы
Суреткер
Абай (Ибраһим) Құнанбаев 1845 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы (бұрынғы Семей облысындағы) Шыңғыс тауында дүниеге келген.
Абайдың әкесі тілге шешен, ақылға бай, әділ ел басқарып, жұртына жақсылық жасаған адам болыпты. Сол кездің өзінде жол бейнетін тартып, қажылық жолына тартып, Меккеге барған. Онда қажылыққа барған қазақтар үшін қонақ үй салдырған. Меккеден келген соң, ел басқаруды қойып, Қарқаралыда мешіт салдырып, мұсылманшылық жолын ұстаған.
Құнанбай қажы туралы Абайдан артық ешкім айта алмас. Біздің білетініміз:Абайдың ақылды әкеден алған тәлімі, тәрбиесінің көп болғандығы.
Абай өлеңді бала кезінен-ақ сүйді. Әжесі Зере мен анасы Ұлжаннан көптеген әңгімелерді, естеліктерді,ертегі, жырларды тыңдап өсті.
Оқу дегенде, Абай не бары үш жыл мұсылманша, үш ай орысша оқыды.
А. Құнанбайұлының алдына қойған мақсаты қараңғы қазақтың көзін ашу,көңілін ояту оларды мәдениетті елдердің қатарына қосу еді. Осы мақсатпен ол оқушыларды оқу-білімге шақырған «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі еді.