Сыни ойлау,бұл көптеген ғалымдардың алдыңғы қатарлы идеялары негізінде құрылған жоба,оның тұтас құрылымы болғандықтан технология деген негіз бар.
Мақсаты: барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.
Сын тұрғысынан ойлауды сабақ үстінде қолдану барысында төмендегідей тиімділіктерге қол жеткізуге болады
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясының тиімділілі.»
Наурызбаева Каинкамал Берікболқызы - математика пәні мұғалімі
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласы.
«№6 жалпы білім беретін орта мектеп жанындағы интернатпен» КММ
Баяндама тақырыбы: Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясының тиімділілі.
Сыни ойлау,бұл көптеген ғалымдардың алдыңғы қатарлы идеялары негізінде құрылған жоба,оның тұтас құрылымы болғандықтан технология деген негіз бар.
Мақсаты: барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.
Сын тұрғысынан ойлауды сабақ үстінде қолдану барысында төмендегідей тиімділіктерге қол жеткізуге болады.
1.Сабақты белсенді өткізіп,әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.
2.Сенімділікке тәрбиелеу.
3.Қиялын дамыту.
4.Әртүрлі жауапты соңына дейін тыңдау.
5.Жауап беруге тілек білдірмеген баланы қинап сұрамау.
6.Баланың рухани өсуіне өсуіне жағдай жасау.
7.Жеке тұлға ретінде,өз пікірін қалыптастыру.
СТО технологиясының стратегиялары арқылы оқушылардың ой-пікірі, көзқарасы,дүниетанымы қалыптасады.Ең бастысы ,оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігі артады.
Сыни ойлау технологиясы сабақтың үш құрылымдық кезеңін ұстанады.
1.Қызығушылықты ояту.
2.Мағынаны ажырату.
3.Ой толғаныс.
«Қызығушылықты ояту» кезеңінде үйренушілер білім процесіне ниеттеледі, айрықша көңіл аударады,жаңа материалды игеруге ынталанады.Бұл кезеңде мынадай үш мақсат жүзеге асырылады:
1.Қарастырылған тақырып бойынша үйренушілер бұрынғы білімдерін есіне түсіреді.Алдағы уақытта қарастырылатын жаңа мәліметтермен байланыстырады.
2.Үйренушілер белсенді әрекеттерге жұмылдырылады.Білім игеру –белсенді әрекет.
3.Үйренушілер ойлау жұмысына ынталандырылады.
«Мағынаны ажырату» кезеңінде үйренушілер жаңа ақпаратпен немесе идеялармен тікелей қарым-қатынас жасап,оларды дербес түрде зерттейді,ізденеді.
«Ой толғаныс» кезеңінде үйренушілер жаңа мәліметтерді өздерінің бұрынғы білімдеріиен салыстыра отырып өзгертеді.
СТО оқушылардың тәуелсіз ойлауына,ой қорытуына, қабілетіне,өз бетімен ізденуіне ықпалын тигізеді.Сыни тұрғыдан ойлаудың стратегиялары өте көп.Ол іс-әрекеттер оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді,ақыл-ойын дамытады,ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді,жан-жақты іздненеді,өз ойын жеткізеді.
Мен 2016-2017 оқу жылында нысаналы 6«А» класында математика пәнінен сабақ беремін. Математика сабағы өмірді танытудың, ойлану мен ойлантудың сабағы болғандықтан, Блум Таксаномиясының «талдау,жинақтау,бағалау»сынды ойлаудың жоғары деңгейлерінің оқушыларды математика әлеміне енуіне, алған білімін өмірде қолдана алуына жетектейді.
6«А» класында математика сабағында оқушыларды топтарға бөлдім. Әр топ көшбасшы сайлады.Оқушылар өткен сабақта алған білімдерін нақтылап,постер құрастырып қорғады. Топтар бір-бірлерін бағалау критерийлері арқылы бағалап отырды.
Нысаналы 6«А» класында І тоқсанда білім сапасы 59% болса,
ІІ тоқсанда білім сапасы 65% болды. Екі тоқсанды салыстырғанда білім сапасы 6% -ға өсті.
Қорыта келгенде ,мұғалімнің жетістігі жаңа әдіс-тәлілдерді тиімді қолдануында.Жаңа мазмұнды оқытудың нәтижелігі мұғалімнің шеберлігі мен ізденісіне көп байланысты.
Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру ұстаздың білімділігін, жан-жақтылығын және кәсіби шеберлігін талап етері сөзсіз етері сөзсіз.
Мұғалім шеберлігін шыңдамай, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие береміз деу заман талабына сай келмейді. Бұл бізге үлкен жауапкершілік жүктеп отыр.Оның үдерісінен шығу-біздің міндетіміз.