Жаңа технологияны сабақ үстінде қолдану үшін, әр мұғалім оқушыларының жас ерекшеліктерін ескеріп, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыру үшін мұғалім көп іздену керек. Сонымен қатар, сынып оқушыларының қабілеттерін байқап, ары қарай дамытуға көп көмегін тигізу қажет.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Оқытудағы құзыреттілік тәсіл идеясының маңызы»
Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебі
Баяндама
ОҚЫТУДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ТӘСІЛ ИДЕЯСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
Дайындаған: Саркулов Т С
2017-2018 оқу жылы
Құзыреттілік тәсіл – білікті мамандар даярлаудың шарты.Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден-бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа – сол сабақты өткізудің әртүрлі әдіс-тәсілдерді, яғни жаңашыл сабақ. Қазіргі кезде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің тынымсыз ізденуі нәтижесінде оқу – тәрбие жұмысының тиімділігін арттырудың жаңа технологиялары өмірге келді.
Жаңа технологияны сабақ үстінде қолдану үшін, әр мұғалім оқушыларының жас ерекшеліктерін ескеріп, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыру үшін мұғалім көп іздену керек. Сонымен қатар, сынып оқушыларының қабілеттерін байқап, ары қарай дамытуға көп көмегін тигізу қажет.
Қазақстан мектептерінің тәжірибесінде жаңа технологияларды оқыту әдістерін белгілі бір топтарға топтап, көрсетуге болады:
жартылай іздендіре оқыту – оқушылар оқудың мақсат-міндеттерін шешуге зерттеудің жеке сатыларын орындау арқылы үйренеді;
проблемалық сипаттағы оқу-мақсаттары мен мәселелерді ұйымдастыру және шешу. Бұл оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға қызмет етеді;
іскерлік және білімдік ойындар;
зерттеушілік әдістер – дағдыларды, білімді және біліктерді меңгеру барысында оқушы шығармашылық жұмысқа мейілінше үйренеді, толық меңгереді.
Жаңа технологиялық әдістерді сабақта пайдалана отырып өткізу бары-
сында мынадай қорытындыға келуге болады:
- Оқушылардың пәнге қызығушылығы артады
- Білім сапасы көтеріледі;
- Оқыту процесіне барлық оқушыларды қамтылады;
- Дарынды оқушыларды шығармашылыққа баулып ізденушілік қасиеттерін жетілдіреді. Уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндік алады.
- Оқушылар өз жұмыстарының қорытындысын шығарып өз дәрежесінде бағасын алады.
Әртүрлі технологияларда сабақтарды құру жеңіл емес, алайда, ол – уақыт талабы.
Үшінші мыңжылдықтың тұлғасын қалыптастыруға қызмет ететін мұндай түрлі стратегия-лар бүгінгі мектептің жұмыс көрсеткішіне айналуда.
Қазіргі кезде білім беру үрдісінде 50 ден астам жаңа технология қолданады екен.
Мен «деңгейлеп оқыту» технологиясын жаратылыстану пәніне қолдануға болады. Мұндағы мақсат- өз бетімен дами алатын, әртүрлі қиындықтарға төзе білетін, белсенді, білімді оқушы тәрбиелеу. Сонымен қатар, осы технология оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағыттайды.
Дифференция дегеніміз – оқушыларды қандай да ерекшеліктерінің негізінде топтастырып оқыту. Қазіргі кезде мектептегі осыған байланысты өзгерістер – оқытуда дифференциялауды енгізуге тікелей тәуелді. Бұл жағдайда әртүрлі оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша жүргізіледі.
Дифференциялаудың маңызды түрі – деңгейлік дифференция болып отыр. Бұның басты ерекшелігі – оқушыларға берілетін тапсырмалардың деңгейлерге бөлінуі және олардың меңгерген білімі мен іскерліктеріне қойылатын талаптардың дифференциялануы. Яғни, материалды меңгерудің төменгі жеткілікті шегін қамтитын міндетті дайындық. Бұл деңгей – барлық оқушылардың шамасы жететін деңгей. Осы деңгейдің барысында курсты меңгерудің жоғары деңгейлері қалыптасады. Оқушылар бір сыныпта бір бағдарлама бойынша білім ала отырып, қабілеттеріне, қызығушылығына сай деңгейді таңдауға мүмкіндік табады.
Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі-оқушылардың сабақ барысында бірнеше жұмыс жасай алатындығында.Оқушыларды деңгейге бөліп оқытуға бола ма, оның қандай тиімділігі бар, деңгейге бөліп оқытудың өзіндік ерекшелігі қандай, жеке тұлға тәрбиелеуде қандай көмегі бар деген сауалдарға тоқталсақ, деңгейге бөліп оқыту кезінде оқушылардың тәжірибелік-теориялық дайындығын, оқуға деген ынтасын, дара қасиетін, әлеуметтік психологиялық танымын, сұранымын ескеру талап етіледі.Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады.Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыстар жүргізіледі.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты әрбір оқушы өзінің даму деңгейіне оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.
І деңгейдегі тапсырмалар жаттап алуға лайықталған, меңгерген білімін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беретін болуы тиіс және тап-сырмалар өмірмен байланысты болуы керек. Мен осы деңгейде алатын әдіс-тәсілдерім: сұрақ-жауап, сын жұмысы-диалог. Сын жұмысы – диалог әдісімде сұрақтарды оқимын, оқушылар жауабын жазады.
ІІ деңгейдегі тапсырмалар өтіп кеткен материалдарды реттеуге, жүйе-леуге берілген, өзгертілген, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білім түрлендіріліп пайдаланылуы қажет. Бұл тапсырмаларға логикалық есептер, әр түрлі ребустар, сөзжұмбақтар жатады. Осы деңгейдегі тапсырманы орындауға «Көру сын жұмысы» әдісін аламын, яғни өткен тақырыпқа байланысты терминдер сәл өзгертіліп оқылып, тақтаға ілінеді. Оқу, жеке және хормен қайталап, есте сақтап, сосын өшірі-леді де, сөйлем дәптерге жазылады. Ең соңында сөйлем түгел тақтаға ілінеді. Оқушы өз-өзін тексереді. Көру сын жұмыс есте сақтауға жағдай жасап, орфо-графиялық байқағыштықты дамытады.
ІІІ деңгейдегі тапсымаларға танымдық іздену түріндегі тапсырмалар беріледі де, оны орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша мең-герген алғашқы қарапайым білімдерінен заңдылықтар шығарады. Бұл дең-гейде әр түрлі схемалар мен схемантикалық схемаларды, сызба кестелер мен Венн диаграммасын пайдалануға болады.
IV деңгейдегі тапсырмалар – шығармашылық деңгейдегі тапсырмалар. Оқушылардың жинаған өмір тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсінік-терінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шағаруға негізделген. Бұл деңгейге жататын тапсырмалар: олимпиадалық жұмыстар, берілген тақырыпқа өз бетінше рефераттар жасау, баян-дамалар дайындау, тақырыптық тест тапсырмаларын дайындау, яғни бұл тап-сырмалар оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады. Міне, осы деңгейге жеткен оқушыларға ситуациялық жағдайлар мен проблемалық сұрақтар беріп отырамын. Өз тәжірибемнен байқағаным: бұл деңгейде шығармашылықпен жұмыс істей алатын оқушы дараланып шығады.
Құзыреттілік тәсіл идеясы – қоғамға қандай, жеке тұлғаға қандай білім қажет және ол қоғамның қандай қажетін өтей алады деген сұраққа жауап береді. Оқушының құзыреттілігін қалыптастыру – бүгінгі білім беру сала-сының өзекті мәселелерінің бірі. Құзыреттілік тәсілді, жоғарыдағы айтқаны-мыздай, білім сапасын арттыруды дәстүрлі тәсілмен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама-қайшылықтан туындаған дағдарысты жағдайдан шығудың бір жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім беру-дің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімінің көптігімен емес, сол білімді қолдана білуімен маңызды. Сонда мұғалімнің кәсіби құзереттілік деңгейі қандай болмақ? Педагогикалық зерттеулерге жасалған шолу бұл мәселенің тарихи тұрғыда кезеңдеп дамығанын көрсетеді. Бұл проблеманың ғылыми-теориялық тұрғыда аз зерттелуі, мұғалімге құзырет-тілігін нығайтуға мүмкіндік берілмеуі біздің біліктілікті жетілдіру жүйесінде мұғалімнің әдістемелік шығармашылығын кәсіби тұрғыдан дамытудың тео-риялық негізін жасау міндетін койды.
Оқытудағы құзыреттілік тәсіл – оқушыға қойылатын мектептегі талап пен өмірлік талаптарды ұштастыру.
Құзыреттіліктің түрлері: проблеманың шешімін табу немесе өзіндік менеджмент құзыреттілігі, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктер.
Проблеманың шешімін табу немесе өзіндік менеджмент құзыреттілігі:
түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, жауапты шешім қабылдауға, өз шешімінің нәтижесін бағалауға;
өз әрекетіне мақсат қоя білуге, оны жүзеге асыруға қажетті жағдайды анықтауға, оқу үрдісін жоспарлауға және ұйымдастыруға;
өзіндік тұжырым жасауға, өзіндік бағалауға, өз әрекетін бағалауға;
түрлі жағдайда өзінің шамасын білуге;
қойылған міндетті орындауға, технология таңдай білуге мүмкіндік береді.
Ақпараттық құзыреттілік:
сыни қараған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға;
өз бетімен мақсат қоюға және негіздеуге, осы мақсатқа жеткізетін та-нымдық әрекеттерін жоспарлауға және жүзеге асыруға;
ақпаратты өз бетімен табуға, талдауға, таңдауға, өңдеуге, сақтауға, ин-терпретациялауға және қазіргі ақпараттық-коммуникативтік техноло-гияның көмегімен жүзеге асыруға;
логикалық операцияларды (анализ, синтез, жинақтау, құрылымдау, тіке-лей және қосымша дәлелдеу, салыстыру, моделдеу, ойша эксперимент жүргізу, материалдарды жүйелеу) қолдана отырып дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Коммуникативтік құзыреттілік:
нақты өмірлік жағдаяттарда ағылшын немесе басқа тілде ауызша және жазбаша түрлі коммуникативтік құралдарды қолдануға;
коммуникативтік міндеттерді шешуде стиль мен жанрды таңдай білуге, қолдана білуге;
өзінің көзқарасын этикет нормаларына сәйкес жеткізуге;
өнімді өзара іс-қимылды, оның ішінде басқа да көзқарас пен бағыттарды ұстанатын өзге ұлт өкілдерімен қарым-қатынас диалогына түсе отырып жанжалдық ахуалды шешуді жүзеге асыруға;
жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі позициядағы адамдармен топта қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.
Кәсіби құзыреттілік – ізденімпаздықпен, жауапкершілікпен әрекет етуге адамның еңбегінің нәтижесінде байқалатын белгілі бір еңбек функциясын қабілет-тілікпен және біліктілікпен меңгеруіне мүмкіндік беретін психологиялық жағдай.
Қазіргі заманғы құзырлылығы қалыптасқан мұғалімнің кәсіби әреке-тінің құрамына енетін бөліктерді меңгеру мектептің әр мұғалімінің міндеті, олар:
ақпараттық (біліктер: ақпаратты қабылдау, жинау, таңдау, жүйелеу, жалпылау, бағалау, шолу, кодтау, өзгерту және тарату);
зерттеу (біліктер: проблема туғызу, оны көкейкестілендіру, мақсатты, міндетті,
пәнді, объектіні тұжырымдау, зерттеу әдістерін меңгеру және жоспарлау, бақылау, эксперимент жүргізу, қорытынды тұжырымдау);
интеллектуалдық (біліктер: жүйелеу, жалпылау, талдау, абстрактілеу, салыстыру, мәнін түсіну, жалпы мен жекені айыра білу, мақсат қою, ой жүгірте алу (рефлексия));
креативті (біліктер: елестету, жалғастыра алу (агглютинация), сүлбелеу (схематизация), топтастыру (типизация), негізгісін бөліп көрсете алу (акцентировать), әсірелеу (гиперболизация), алдын ала білу, қайта түзу, жаңаша түрлендіру);
диагностикалық (біліктер: диагностиканың тәртібі бойынша жүргізу, оның нәтижелерін өңдеу)
болжау (біліктер: мақсат қою, ақырғы нәтижені болжау, үрдісті интуи-тивті болжау, заңдылықтарды, шарттарды айқындау, қор іздестіру, түзетулер жасау);
инновациялық (біліктер: мәліметтер жинақтау, педагогикалық тәжірибелерді талдау, эксперимент жүргізу, өзгертулер жасау, жан-жақты ойлана алу, ой жүгіртулер арқылы бағалау, қадағалау, жаңаша түрлендіру, екінші рет эксперимент жүргізу, өңдеу енгізу).
Жеке тұлғаның құзыреттілігін дамыту мен қалыптастыруда нысандар
мен құбылыстарды зерттеумен байланысты өңдеу әрекетінің маңызы зор. Оқушының танымдық өзгертушілік әрекеті зерттеушілік деп аталатын әдістің көмегімен жүзеге асырылады. Интеллектуалдық, шығармашылық қабілеті жоғары оқушыға өз бетімен білім алуына жағдай жасалуы тиіс, яғни оқушының өз іс-әрекетін өзі ұйымдастырып, басқаруына мүмкіндік туғызы-луы қажет.
Шығармашылық оқушыға шын ләззат, қуаныш сезімін әкелуі тиіс. Жаңаны жасау, өзі жасаған тың дүниеден алған жан ләззаты оқушы үшін шабыт баспалдағы болмақ. Сабақ беру үрдісінде шәкірттерді шығармашылық жұ-мысқа баулудың маңызы зор.
Қазіргі талап –оқушыларды ойландыру,іздендіру, сол арқылы өз беттерін-ше еңбектеніп оқуға баулу. Осы міндет тұрғысынан сабақта ойларын кемелдендіру тілдерін дамыту,сөз байлығы молайса,ой қабілеті шынықса , білім көлемдері де артады, тереңдейді және сапалы, тиянақты болады. Бұл орайда төмендегідей жұмыстарды жүзеге асырдым.
Мысалы: «Адасқан сөздер». Орны ауыстырылып қойылған сөздер беріп, сол сөздерді орны-орнына қойып, сөйлем құратамын, оқушылар сол сөйлемдерден мәтін құрайды.
«Қалып қойған сөзді тап». Оқушыларға мәтін беремін, оның ішінен кейбір сөздерді қалдырып кетемін. Сол нүктенің орнына керікті сөздерді тапқызып жаздыртамын.
«Сұраққа жауап бер». Тақырып белгіленіп, сол бойынша ыдыратылған сөй-лемдер беріледі, астына сұрауларын жазып қоямын. Оқушылар сол сұрауға жауап боларлық сөйлемдерді орнына қойып, әңгіме айтады.
« Тақырыбын тап». Бір тақырыпқа байланысты белгілі сұрақтар жазып қоямын. Балалар сол сұрақтарға жауап береді және әңгіменің тақырыбын белгілейді.
«Әңгімені құра». Белгілі бір оқиғалы суретті үлестіріп беремін,кейде сынып тақтасына үлкейтілген түрін іліп қоямын.Суреттің астына сұрақтар жазамын. Оқушылар сол сұрақтарға жауап беру арқылы мәнді әңгіме құрап береді.
«Әңгімені аяқта». Тиісті тақырыпқа жазылған әңгіменің бас жағына 2-3 сөйлем өзім жазып қоямын. Оқушы сол әңгімені өзі аяқтау керек.
«Мақалды тап».
«Полиглот».
Жаңа сөздерді есте сақтау жадысын дамыту бағытында сөзжұмбақтардың
қолданудың орны ерекше.
Әр мұғалім сабақ жоспарын құрмас бұрын сол сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктерін, психологиялық ерекшеліктерін, белсенділігін толық зеттеп алғаны жөн. Сонда ғана оқушы білімінің шыңдалған, сөйлеу дағдылары жетілген, проблемалық сұрақтардышеше алатын, жаңалық аша алатын, топ алдында жасаған жұмыстарын қорғай алатын, зияткерлікті дамыған, шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға тәрбиелеп шығаруға болады.
Дүниежүзілік өркениетке жету үшін ұрпағымыз білімді, парасатты, жан-жақты болып өсуі – бәрімізге ортақ міндет.
Қорытынды
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы және терең білім іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Құзіреттілік тәсіл идеясы негізінде жаратылыстану пәндерін оқытудың негізгі мақсаты – арнайы педагогикалық әдістермен мақсатты жүйелі түрде пайдаланып оқушылардың интеллектін, шығармашылық ойлауын, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту болып табылады.
Оқушылардың өз бетімен жұмысын қалыптастыру оқушының пәнге деген қызығушылығынан және қажеттілігінен туындайды. Өз білімін көтеру жекеленген оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамытып, шығармашылық белсенділігін арттырады. Мұғалім оқушыны қарапайым таным әрекеттерімен таныстырады. Оқушы өз жұмысына анализ жасап, кеткен кемшіліктерін талдап, өзінің нені жетік білмейтініне көз жеткізеді. Алдағы істейтін, оқып–үйренетін материалдарын жоспарлайды, ізденеді.Оқушының шығармашылық ізденістерінің нәтижесі көрінеді. Оқушы белгілі бір тақырыптарға ой толғап, суреттеп, еске түсіріп, болжап, жаңалық ашқандай қалыпқа жетіп, ойын айтуға ынталанады.