kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Инновациялы? технологияларды пайдалана отырып жан-жа?ты дамы?ан жеке т?л?а т?рбиелеу"

Нажмите, чтобы узнать подробности

  

 

"Инновациялы? технологияларды пайдалана отырып жан-жа?ты дамы?ан жеке т?л?а т?рбиелеу"  

    Ел Президенті Н.Назарбаев «?аза?стан-2050: Бір ма?сат, бір м?дде, бір болаша?»  Жолдауында   барлы? жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев Зияткерлік мектептеріні? де?гейіне к?теру керектігін ай?ындады. Сонымен ?атар, Ел басшысы о?ушыларды? білім алу н?тижесінде оларды? сыни т?р?ыдан ойлауы, ?здігінен білім алу?а, а?паратты тере? сараптама жасау?а  да?дылануына назар аударады. Айтыл?ан астарлы ойлар педагог ?ауымын ?лі де к?рделі жауапкершілікке  міндеттейді. ?л-Фарабиді? айтуынша  «?стаз тарапынан барынша ынталылы? пен табандылы? ?ажет. ?йткені, б?лар, ж?рт айт?андай, тамшысымен тас тесетін бейнебір су т?різді».  

      Ия, со??ы жылдарда елімізде білім ж?йесінде д?бірлі ?згерістер мен жа?а т?рпатта о?ытуды? ты? технологиялары енгені белгілі. Себебі, елімізде білім беруді? ?зіндік ?лтты? ?лгісі ?алыптасуда.  Б?л ?рдіс білім парадигмасыны? ?згерумен ?атар ж?реді. Білім парадигмасыны? ?згеруі «білетін адам» парадигмасын «?мір с?руге дайын адам», «?рекетшіл адам» парадигмасымен ауыстыруды ?ажет етеді. Б?л ?дістеме к?п ?згерістерді енгізуді талап етеді. Б?дан «білімді адам» - деген ма?ынаны? ке?еюіні? ?ажеттігі туындайды.Сонымен , білімді адам білімді ?ана емес, оны? осы білім негізінде ?мірге ?з к?з?арасы ?алыптас?ан, ?азіргі к?рделі жа?дайда ?з ба?ытын ба?дарлай алатын, ?мірде б?секеге ?абілетті жеке т?л?а ретінде ?з орыны?ды табу?а ?абілетті адам. Ал, білім беру ісі жеке т?л?аны? жан-жа?ты дамуына барлы? м?мкіндікті ?амтамасыз етуі ?ажет.
      Осы білім прадигмасыны? н?тижесінде білетін адам парадигмасын ?рекетшіл ж?не дамытушы адам парадигмасына ауыстыру ба?ытында білім берудегі негізгі ба?ыт ?зі ?ызмет істеи алатын, барлы? о?у мазм?ны мен о?ыту технологияларын ?зінен ?ткізу ар?ылы ?зіні? ба?ытын аны?тай алатын адам т?рбиелеуге негізделеді.
      Жеке т?л?аны? дамуыны? ?оз?аушы к?ші мен оны? к?зі – т?л?аны? сол кезге дейінгі жина?тал?ан интеллектуалды?, адамгершілік ж?не рухани потенциалын пайдалана отырып, ?зін - ?зі жетілдіру мен жеке даму?а ба?ыттал?ан ?ажеттілігі болып табылады.

    ?азіргі та?да субъект – субъект т?сілі алды??ы орын?а ?ойылды, я?ни б?рында о?ушы басты объект болса, ?азір м??аліммен ?атар субъектіге айналды.

Жалпы, о?ушы бойында негізгі ?ш т?йінді ??зыреттілікті:

1.Коммуникативтік;

2.А?паратты?;

3. Проблеманы шешу ??зыреттілігін  дамытуымыз алды??ы орын?а ?ойылды.

     О?ушыны? жаттанды білімі емес, сол ал?ан білімін кейін ?згермелі ?мірге лайы?ты ?олдана алуы ма?ызды болып отыр.

    О?ушы бойында?ы ?абілет к?зін, дарынын ашу – м??алімні? ?олында, себебі, м??алім -  мотиватор, бастаушы к?ш.  

    Жа?ашыл м??алімдерді даярлауда де?гейлік курстарды? ?лесі ?те зор.        М??алімдер де?гейлік курстан ?ту ар?ылы о?ыту мен о?у т?жірибесіне жа?а ?діс-т?сілдерді енгізуде.  Орта білім беру ж?йесінде ?лемдік жо?ары де?гейге ?ол жеткізген ана??рлым танымал о?ыту ?дістемелері арасында сындарлы о?ыту теориясына негізделген т?сіл деп айтар едім, я?ни м??алімнен о?ушы?а на?ты білім беруді ма?сат ете отырып о?ушыны? идеясы мен білім-біліктілігін дамыту?а ы?пал ететін міндеттерге сай ?йымдастыру талап етіледі.  Б?л міндеттер о?ушыны? о?ы?ан та?ырып бойынша білімдерін ?з де?гейінде к?рсетіп, кейбір болжамдар мен к?м?нді ойларын білдіре алатындай, пікір-к?з?арастарын на?тылап, жа?а ??ым т?сініктерін ?рістете алатындай етіп ойластырылып ??рылады.

    Сын т?р?ысынан ойлау – ?аза?станда?ы білім беруді дамыту ?шін ма?ызды болып табылатын ?азіргі е? басты педагогикалы? т?сінік. Б?л модуль о?ушыларды? да, м??алімдерді? де сын т?р?ысынан ойлауды дамытуды саналы ж?не оймен ?абылдауын к?здейді. СТО ба?ылау, т?жірибе, тол?ану, ой ж?гірту н?тижесінде алын?ан а?паратты ??ыну, ба?алау, талдау ж?не жина?тауда ?олданылатын ?діс болып табылады.      

СТО о?ушыны? т?л?алы? ?абілетін ашып ?ана ?оймайды, ?зіндік к?з?арасын, «менін» ?алыптастырады.Осы жоба?а негіздеп ?ткізген ?р саба? ?орытындысы осыны к?рсетіп отыр.

 СТО тиімділігі неде?

• Кез келген ?стаз?а уа?ытты ?тымды ?олдану?а болатынды?ымен;

• О?ыту мен ?йымдастыруды? тиімді ?дістеріні? /стратегияларыны?/ к?птігімен;

• О?у мотивацияларын ?згертуге пайдалы екендігімен;

СТО ?зге технологиялардан ?андай ерекшеліктері бар?

• Сын т?р?ысынан ойлау саба?тарыны? ??рылымы /?ызы?ышылы?ты ояту, ма?ынаны ажырату, ой тол?аныс/ ;

• Негізгі ?ш кезеніні? ма?ыздылы?ы;

• Стратегияларды? психологиялы? астары мен ерекшеліктері;

    СТО ж?мыс жасау барысында м??алім о?ушыны? ?зін ізденуге жетелейді,ойлану?а ?йретеді. СТО о?ушыларды? жеке басын дамыту мен білім беру ма?сатына жету жолында?ы педагогикалы? ?ызметті?, іс- ?рекеті? ж?йелі дамып отыратын жобасы ретінде о?ушы белсенділігін арттыруды к?здейді. Ал, о?ушы белсенділігіні? артуы оны шы?армашылы??а жетелейді.

    Шы?армашылы? дегеніміз – адамны? ?мір шынды?ында ?зін-?зі тану?а , жа?алы? ашу?а, жа?а т?сілдер таьу?а ?мтылуы,ізденуі. Шы?армашылы? ?абілет ?р баланы? таби?атында болуы м?мкін. Біздін міндетіміз – о?ушы?а оны? бойында жасырынып жат?ан м?мкіндіктерін ашып к?рсету. ?з т?жірибемде бастауыш сынып о?ушыларыны? шы?армашылы? ?абілеттерін, саба?та ж?не саба?тан тыс уа?ытта дамытуда СТО –ды? к?птеген стратегияларын ?олданамын:

• Та?ырыпты мазм?нына ?арай жина?тау,арнаулы бір та?ырып?а пікірталас тудыру /ой ?оз?ау, «инсерт» кестесі/

• Берілген тапсырманы т?рлендіру ба?ытта?ы ж?мыс

/ эссе,шы?арма, сауаттылы?ты ашатын хаттар т.б стратегиялар/

• ?нгімені? ??састы?ын салыстыру, б?ліктерге б?лу, ат ?ой?ызу,

м?тіндегі ??састы? пен айырмашылы?ты табу?а /Венн

диаграммасы, аялдамамен о?у стратегиясы/

• ?иялдау ар?ылы сурет сал?ызу /сурет салу стратегиясы/

• Кейіпкерге мінездеме беру ?з ойын жаз?ызу /автор?а, кейіпкерге хат жазу стратегиясы /

• Шы?армада екі кейіпкерді? ?арама – ?арсы элементтерін сипаттау /?арама-?айшы элементтер стратегиясы/

• ?ле? шума?тарын ??растыру / 5 жолды ?ле?, Рафт стратегиясы/

      Сонымен ?атар б?гінгі та?да м??алімдеріні? к?сіби ??зырлылы?ы ??рылымынан о?ытуды? а?паратты? – коммуникациялы? технологиялары ерекше орын алады.  

    Экономикалы? ынтыма?тасты? ж?не даму ?йымы  жаса?ан ??зыреттерді аны?тау ж?не іріктеу жобасы да?дыларды? ке? ау?ымын ?амтитын ХХ1 ?асыр да?дыларыны? моделі болып табылады.  ЭЫД? ж?ргізген инновациялы? ортаны? салыстырмалы талдауы  «М??алімдер а?паратты?-коммуникациялы? технологиялар саласында мы?ты да?дыларды игеріп, о?ытуды? тиімді ??ралы ретінде оларды ?алай пайдалану ?дістемелерін ме?геруі тиіс, сондай-а? о?у ?дерісін ба?ылауда а?паратты?-бас?ару ж?йелерін тиімді ?олдана білгені ж?н» деген  ?орытынды жасау?а м?мкіндік берді.

      Жа?а а?паратты? технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде а?параттарды даярлап, оны білім алушы?а беру ?рдісі. Б?л ?рдісті іске асыруды? негізі компьютер болып табылады. Компьютер – м??алімні? басты к?мекшісі. Е? біріншіден, ол м??алімні? е?бегін жетілдіреді. К?птеген материалдарды, дайын саба?тарды реттеп са?тау?а м?мкіндік береді. Екіншіден, компьютерді? ар?асында м??алім ?р саба??а о?ушыларды? ерекшелігіне ?арай ж?не саба?ты? ма?сатымен міндетін ескере отырып, ?рт?рлі кестелер, материалдар дайындай алады. ?шіншіден, саба?ты? формаларын т?рлендіре алады, я?ни к?рнекілік, ?дістемелік, аудио ж?не бейнематериалдар ?олдана алады. М?ндай ж?мыс саба?ты? ?р кезе?інде іске асырылады.

    Сонымен бірге, а?паратты?- коммуникативтік технология саба??а

дайындалуда ?осымша а?паратты іздеуді ке?ейтеді. Интернетті? іздеу ж?йесі

ар?ылы ?ызы?ты м?ліметтер, к?рнекіліктер таба аламыз. Сол жа?ынан да

саба??а дайындалу барысында ?дістемелік к?мек береді. Компьютер ар?ылы

т?саукесер саба?тарын, компьютерлік формада?ы ба?ылау саба?тарын

дайындау?а болады.     

     Б?л технологияны? тиімділігі, о?ушы м??алімні? ба?ыт – ба?дар беруі

ар?ылы ?з бетімен ізденіп, жа?а м?ліметтер алып, е?бектену ар?ылы игереді.

Білімді ме?гере отырып, о?ушы сын к?збен ?арау?а, ?з ойын еркін айту?а, ?з

???ы?тарын ?ор?ай білуге, а?парат к?здері ар?ылы ізденуге, білімін

толы?тыру?а ж?рдемдеседі.  

   Жа?а технологияны? бізге ?сынып отыр?ан та?ы бір жетістігі б?л ?рине мультимедиялы? о?улы?ымыз - электронды? о?улы?.

    Электронды? о?улы?ты пайдалану м??алімні?  ?ылыми-?дістемелік потенциалын дамытып, оны? саба? ?стіндегі е?бегін же?ілдетеді. О?ытуды? ?р сатысында компьютерлік тестер ар?ылы о?ушыны жекелей ба?ылауды, графикалы? бейнелеу, м?тіндер т?рінде, мультимедиалы? , бейне ж?не дыбыс б?лімдеріні? ба?дарламасы бойынша алатын жа?алы?тарды іске асыру?а к?п к?мегін тигізеді.

    Электронды? о?улы? ар?ылы т?рлі суреттер, видеок?ріністер, дыбыс ж?не музыка ты?датып к?рсетуге болады. Б?л ?рине, м??алімні? та?та?а жазып т?сіндіргенінен ?лде?айда тиімді, ?рі ?серлі.

    О?ушылар?а білім беруде жа?ашыл технологияларын ?олдану инновациялы? ба?ытта ж?мыс жасау заман а?ымына сай талап етілуде. О?у ?рдісінде осындай жа?ар?ан озы? т?жірибелерді белсенді пайдалану ж?не ?олдану кейінгі жылдары айтарлы?тай о? т?жірибе беріп отыр. Б?гінде ?о?амны? жеке т?л?алы, дамы?ан адамын т?рбиелейтін маман?а ?зіні? ?здіксіз шы?армашылы? ізденуі, о?ытуда жа?а педагогикалы? технологиялар мен инновациялы? ?діс-т?сілдерді ме?геруі, к?сіби ??зырлы?ыны? жо?ары де?гейде болуы ?ажет.

?азіргі кезде белгілі бір білім к?лемімен ?амтамасыз ету жеткіліксіз. О?ушыны білім алу?а, о?у?а, ?йретуге к?п м?н берілуі тиіс.О?ушыларды к?сіптік білім алуымен ?атар шешендік шеберлігі мен баяндау ж?йелілігі ?алыптас?ан, ?з пікірін ашы? білдіретін саналы ?рпа? етіп т?рбиелеу керек.

       ХХІ ?асыр – б?л а?паратты? ?о?ам д?уірі, технологиялы? м?дениет д?уірі, айналада?ы д?ниеге, адамны? денсаулы?ына, к?сіби м?дениеттілігіне м??ият ?арайтын д?уір.

Білім беру ?рдісін а?параттандыру – жа?а а?паратты? технологияларды пайдалану ар?ылы дамыта о?ыту, дара т?л?аны ба?ыттап о?ыту ма?саттарын ж?зеге асыра отырып, о?у т?рбие ?рдісіні? барды? де?гейлеріні? тиімділігі мен сапасын жо?арылатуды к?здейді.

Б?? – ны? шешімімен «ХХІ – ?асыр а?параттандыру ?асыры» деп аталады. ?аза?стан Республикасы да ?ылыми – техникалы? прогресті? негізгі белгісі – ?о?амды а?параттандыру болатын жа?а кезе?іне енді.

   Жалпы жа?а ?асыр м??алімі алдында ?лкен жауапкершілік бар. Себебі, алды?ыз?а келген б?лдіршіндерді топтастырып, бірізділікке салу, тіл табыстыру ?лкен е?бекті, шыдамдылы?ты талап етеді.  

   «Не??рлым баланы? ?абілеті мен талантын дамыту?а ертерек к??іл б?лінсе, со??рлым оны толы? ашу?а м?мкіндік туады. Бала бойында?ы ерекше ?асиеттерді о?ан жа?ын жасы ?лкендер д?рыс, жеткілікті ба?аламаса оны? «?згелер сия?ты» болып ?алып ?оюы м?мкін», -  дейді американды? ?алымдар.
     ?орытындылай келе, бастауыш буында?ы жас ?рпа?ты б?секеге ?абілетті етіп, саналы да, сапалы білім н?рімен сусындату ?те ма?ызды дегім келеді.Себебі, бастауышта білімні? негізгі кірпіші ?аланады.Ал, ол ?шін м??алім жа?ашыл, мотиватор, басты ?оз?аушы к?ш болуы шарт.?рбір м??алім бала?а ж?рек жылуымен ?атар, ізгілендірген білім беруі тиіс.

Елбасы ?з жолдауында айт?андай «М??гілік ел» идеясыны? астары осында жатыр.Сонды?тан да, ?з ?ріптестерімді ел болаша?ын сапалы о?ытып, озы? идеялы азамат т?рбиелеуге ша?ырамын. ?зімні? осы жолда екендігімді ма?тан т?тамын!
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Инновациялы? технологияларды пайдалана отырып жан-жа?ты дамы?ан жеке т?л?а т?рбиелеу" »

Қамшыбаева Майкен Қинаятқызы

Шемонаиха қаласы

5 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі


"Инновациялық технологияларды пайдалана отырып жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу"

«Қазақтардың ұлттық статусы, ұлттық бағасы бүгінде нағыз мемлекет қалыптастырушы ұлт статусына лайық.»

Н.Ә.Назарбаев.

Ел Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында барлық жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев Зияткерлік мектептерінің деңгейіне көтеру керектігін айқындады. Сонымен қатар, Ел басшысы оқушылардың білім алу нәтижесінде олардың сыни тұрғыдан ойлауы, өздігінен білім алуға, ақпаратты терең сараптама жасауға дағдылануына назар аударады. Айтылған астарлы ойлар педагог қауымын әлі де күрделі жауапкершілікке міндеттейді. Әл-Фарабидің айтуынша «Ұстаз тарапынан барынша ынталылық пен табандылық қажет. Өйткені, бұлар, жұрт айтқандай, тамшысымен тас тесетін бейнебір су тәрізді».

Ия, соңғы жылдарда елімізде білім жүйесінде дүбірлі өзгерістер мен жаңа тұрпатта оқытудың тың технологиялары енгені белгілі. Себебі, елімізде білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл үрдіс білім парадигмасының өзгерумен қатар жүреді. Білім парадигмасының өзгеруі «білетін адам» парадигмасын «өмір сүруге дайын адам», «әрекетшіл адам» парадигмасымен ауыстыруды қажет етеді. Бұл әдістеме көп өзгерістерді енгізуді талап етеді. Бұдан «білімді адам» - деген мағынаның кеңеюінің қажеттігі туындайды.Сонымен , білімді адам білімді ғана емес, оның осы білім негізінде өмірге өз көзқарасы қалыптасқан, қазіргі күрделі жағдайда өз бағытын бағдарлай алатын, өмірде бәсекеге қабілетті жеке тұлға ретінде өз орыныңды табуға қабілетті адам. Ал, білім беру ісі жеке тұлғаның жан-жақты дамуына барлық мүмкіндікті қамтамасыз етуі қажет.
Осы білім прадигмасының нәтижесінде білетін адам парадигмасын әрекетшіл және дамытушы адам парадигмасына ауыстыру бағытында білім берудегі негізгі бағыт өзі қызмет істеи алатын, барлық оқу мазмұны мен оқыту технологияларын өзінен өткізу арқылы өзінің бағытын анықтай алатын адам тәрбиелеуге негізделеді.
Жеке тұлғаның дамуының қозғаушы күші мен оның көзі – тұлғаның сол кезге дейінгі жинақталған интеллектуалдық, адамгершілік және рухани потенциалын пайдалана отырып, өзін - өзі жетілдіру мен жеке дамуға бағытталған қажеттілігі болып табылады.

Қазіргі таңда субъект – субъект тәсілі алдыңғы орынға қойылды, яғни бұрында оқушы басты объект болса, қазір мұғаліммен қатар субъектіге айналды.

Жалпы, оқушы бойында негізгі үш түйінді құзыреттілікті:

1.Коммуникативтік;

2.Ақпараттық;

3. Проблеманы шешу құзыреттілігін дамытуымыз алдыңғы орынға қойылды.

Оқушының жаттанды білімі емес, сол алған білімін кейін өзгермелі өмірге лайықты қолдана алуы маңызды болып отыр.

Оқушы бойындағы қабілет көзін, дарынын ашу – мұғалімнің қолында, себебі, мұғалім - мотиватор, бастаушы күш.

Жаңашыл мұғалімдерді даярлауда деңгейлік курстардың үлесі өте зор. Мұғалімдер деңгейлік курстан өту арқылы оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа әдіс-тәсілдерді енгізуде. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл деп айтар едім, яғни мұғалімнен оқушыға нақты білім беруді мақсат ете отырып оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыру талап етіледі. Бұл міндеттер оқушының оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар мен күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым түсініктерін өрістете алатындай етіп ойластырылып құрылады.

Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. СТО бақылау, тәжірибе, толғану, ой жүгірту нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және жинақтауда қолданылатын әдіс болып табылады.

СТО оқушының тұлғалық қабілетін ашып қана қоймайды, өзіндік көзқарасын, «менін» қалыптастырады.Осы жобаға негіздеп өткізген әр сабақ қорытындысы осыны көрсетіп отыр.

СТО тиімділігі неде?

• Кез келген ұстазға уақытты ұтымды қолдануға болатындығымен;

• Оқыту мен ұйымдастырудың тиімді әдістерінің /стратегияларының/ көптігімен;

• Оқу мотивацияларын өзгертуге пайдалы екендігімен;

СТО өзге технологиялардан қандай ерекшеліктері бар?

• Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының құрылымы /қызығышылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс/ ;

• Негізгі үш кезенінің маңыздылығы;

• Стратегиялардың психологиялық астары мен ерекшеліктері;

СТО жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді,ойлануға үйретеді. СТО оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс- әрекетің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді.

Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға , жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер таьуға ұмтылуы,ізденуі. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздін міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Өз тәжірибемде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда СТО –дың көптеген стратегияларын қолданамын:

• Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау,арнаулы бір тақырыпқа пікірталас тудыру /ой қозғау, «инсерт» кестесі/

• Берілген тапсырманы түрлендіру бағыттағы жұмыс

/ эссе,шығарма, сауаттылықты ашатын хаттар т.б стратегиялар/

• әнгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу,

мәтіндегі ұқсастық пен айырмашылықты табуға /Венн

диаграммасы, аялдамамен оқу стратегиясы/

• Қиялдау арқылы сурет салғызу /сурет салу стратегиясы/

• Кейіпкерге мінездеме беру өз ойын жазғызу /авторға, кейіпкерге хат жазу стратегиясы /

• Шығармада екі кейіпкердің қарама – қарсы элементтерін сипаттау /қарама-қайшы элементтер стратегиясы/

• Өлең шумақтарын құрастыру / 5 жолды өлең, Рафт стратегиясы/

Сонымен қатар бүгінгі таңда мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығы құрылымынан оқытудың ақпараттық – коммуникациялық технологиялары ерекше орын алады.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жасаған Құзыреттерді анықтау және іріктеу жобасы дағдылардың кең ауқымын қамтитын ХХ1 ғасыр дағдыларының моделі болып табылады. ЭЫДҰ жүргізген инновациялық ортаның салыстырмалы талдауы «Мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында мықты дағдыларды игеріп, оқытудың тиімді құралы ретінде оларды қалай пайдалану әдістемелерін меңгеруі тиіс, сондай-ақ оқу үдерісін бақылауда ақпараттық-басқару жүйелерін тиімді қолдана білгені жөн» деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді.

Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру үрдісі. Бұл үрдісті іске асырудың негізі компьютер болып табылады. Компьютер – мұғалімнің басты көмекшісі. Ең біріншіден, ол мұғалімнің еңбегін жетілдіреді. Көптеген материалдарды, дайын сабақтарды реттеп сақтауға мүмкіндік береді. Екіншіден, компьютердің арқасында мұғалім әр сабаққа оқушылардың ерекшелігіне қарай және сабақтың мақсатымен міндетін ескере отырып, әртүрлі кестелер, материалдар дайындай алады. Үшіншіден, сабақтың формаларын түрлендіре алады, яғни көрнекілік, әдістемелік, аудио және бейнематериалдар қолдана алады. Мұндай жұмыс сабақтың әр кезеңінде іске асырылады.

Сонымен бірге, ақпараттық- коммуникативтік технология сабаққа

дайындалуда қосымша ақпаратты іздеуді кеңейтеді. Интернеттің іздеу жүйесі

арқылы қызықты мәліметтер, көрнекіліктер таба аламыз. Сол жағынан да

сабаққа дайындалу барысында әдістемелік көмек береді. Компьютер арқылы

тұсаукесер сабақтарын, компьютерлік формадағы бақылау сабақтарын

дайындауға болады.

Бұл технологияның тиімділігі, оқушы мұғалімнің бағыт – бағдар беруі

арқылы өз бетімен ізденіп, жаңа мәліметтер алып, еңбектену арқылы игереді.

Білімді меңгере отырып, оқушы сын көзбен қарауға, өз ойын еркін айтуға, өз

құқықтарын қорғай білуге, ақпарат көздері арқылы ізденуге, білімін

толықтыруға жәрдемдеседі.

Жаңа технологияның бізге ұсынып отырған тағы бір жетістігі бұл әрине мультимедиялық оқулығымыз - электрондық оқулық.

Электрондық оқулықты пайдалану мұғалімнің  ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Оқытудың әр сатысында компьютерлік тестер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндер түрінде, мультимедиалық , бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді.

Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл әрине, мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі.

Оқушыларға білім беруде жаңашыл технологияларын қолдану инновациялық бағытта жұмыс жасау заман ағымына сай талап етілуде. Оқу үрдісінде осындай жаңарған озық тәжірибелерді белсенді пайдалану және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Бүгінде қоғамның жеке тұлғалы, дамыған адамын тәрбиелейтін маманға өзінің үздіксіз шығармашылық ізденуі, оқытуда жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруі, кәсіби құзырлығының жоғары деңгейде болуы қажет.

Қазіргі кезде белгілі бір білім көлемімен қамтамасыз ету жеткіліксіз. Оқушыны білім алуға, оқуға, үйретуге көп мән берілуі тиіс.Оқушыларды кәсіптік білім алуымен қатар шешендік шеберлігі мен баяндау жүйелілігі қалыптасқан, өз пікірін ашық білдіретін саналы ұрпақ етіп тәрбиелеу керек.

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу тәрбие үрдісінің бардық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.

БҰҰ – ның шешімімен «ХХІ – ғасыр ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.

Жалпы жаңа ғасыр мұғалімі алдында үлкен жауапкершілік бар. Себебі, алдыңызға келген бүлдіршіндерді топтастырып, бірізділікке салу, тіл табыстыру үлкен еңбекті, шыдамдылықты талап етеді.

«Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады. Бала бойындағы ерекше қасиеттерді оған жақын жасы үлкендер дұрыс, жеткілікті бағаламаса оның «өзгелер сияқты» болып қалып қоюы мүмкін», - дейді американдық ғалымдар.
Қорытындылай келе, бастауыш буындағы жас ұрпақты бәсекеге қабілетті етіп, саналы да, сапалы білім нәрімен сусындату өте маңызды дегім келеді.Себебі, бастауышта білімнің негізгі кірпіші қаланады.Ал, ол үшін мұғалім жаңашыл, мотиватор, басты қозғаушы күш болуы шарт.Әрбір мұғалім балаға жүрек жылуымен қатар, ізгілендірген білім беруі тиіс.

Елбасы өз жолдауында айтқандай «Мәңгілік ел» идеясының астары осында жатыр.Сондықтан да, өз әріптестерімді ел болашағын сапалы оқытып, озық идеялы азамат тәрбиелеуге шақырамын. Өзімнің осы жолда екендігімді мақтан тұтамын!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Инновациялы? технологияларды пайдалана отырып жан-жа?ты дамы?ан жеке т?л?а т?рбиелеу"

Автор: Камшыбаева Майкен Кинаятовна

Дата: 12.11.2014

Номер свидетельства: 129939


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства