деген ?афу ?айырбековты? ?ле? жолдарын о?ы?анда, мен ?зімді ба?ытты сезінемін. ?стаз бол?аныма ма?танамын. ?йткені ?стаз – ма?тан т?тар маманды?. Киелі ?рі ?те к?не маманды?. Адам Ата Хауа Анадан бері ж?мыр басты пендені ойландырып, тол?андырып келе жат?ан, ?о?ам ?згерсе де ?ажеттігін жоймайтын ?лкен м?селе – шыр етіп д?ниеге келген н?рестені ?мір с?руге дайындау. Б?л – ?иынны? ?иыны. Себебі ?р адам – ?айталанбас т?л?а. Оны? жан д?ниесі - ?зінше бір ?лем. Ал ?стаз сол ?лемді шар-тарап?а жетелеуші. ?стаз - бала болмысына ?згеріс енгізуші, ба?ыт-ба?дар беруші, ата-ананы? сенімді к?мекшісі.
?мірдегі к?п маманды?тарды? ішінде жан-жа?ты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше ш?кіртжандылы?ты, мейірімділікті ?ажет ететін маманды? та – ?стазды? маманды?. Олай дейтінім, м??алім е?бегі біріншіден, адамзат ?о?амы тарихында жина?тал?ан ?ылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, ?немі ш?кірттерімен ?арым-?атынаста болып, білсем, ?йренсем деген бала арманы мен оны? сырлы та?дырына басшылы? етуді мойнына ал?ан маман.
«?стазы жа?сыны? ?стамы жа?сы» демекші, ш?кірт бойында?ы ?стамдылы? пен т?рбиелілік к?біне ?стаз?а келіп тіреледі. Ескендір З?л?арнайын: «Да?? пен абырой?а кенелуімде мен бір адам?а ?арыздармын, ол – ?стазым Аристотель»,- десе, Абылайхан Т?ле биді, Ш?к?рім ?лы а?ын Абайды ?стазым деп, шексіз ??рметтеп кеткен екен. ?рине, б?рын?ы ?аза? даласында?ы а?артушылы? ?ызмет бала?а жазу-сызу, о?уды ?йретуге ?ана саятын болса, б?гінгі та?да?ы білім беру саясы м?лде бас?аша. Б?гінгі ?стаз ш?кіртіне ?ылым негіздерінен м?лімет беріп ?ана ?оймай, оны д?ниеж?зілік білім, а?парат, зкономика ке?істігіне шы?у?а, я?ни ?ата? б?секе жа?дайында ?мір с?руге т?рбиелеуі керек. Ол на?ыз ?стазды? ?ана ?олынан келеді.
Ал ХХІ ?асырды? на?ыз ?стазы ?андай болма? керек? ?рине, ол ?з к?сібіні? майталманы, осы ма?сат?а рухани к?ш-жігерін, парасат-?уатын салу керектігі айтпаса да т?сінікті. Б?л - ?ркімні? ?олынан келе бермейтін, ерекше талантты ?ажет ететін, бай ?иялды адам?а т?н ?асиет.
Сондай-а? ?стаз к?нбе к?нгі ?зіні? к?п ?ырлы е?бегінде мазм?ны ?р т?рлі кездейсо? жайттарды? туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап ж?не оны? о? шешімін табу?а дайын болу?а тиіс.Сонды?тан да ?стазды ?р баланы? жан-д?ниесін танып-білуші ?рі оны жеке т?л?а етіп ?алыптастырушы, ел болаша?ыны? м?сіншісі деуге болады.
«?стаз» с?зіні? 2 т?рлі сипаты бар. Бірі – белгілі п?ннен саба? беретін о?ытушы да, екіншісі – жо?ары беделді адамдар?а ы?пал етуші дана адам. Мектептегі ?стаз – баланы? екінші ата-анасы, болаша??а ай?ын жол сілтер а?ылшысы. Оны? мейірімге толы ж?регі ш?кірт бойнда?ы талай а?атты?ты кешіре біледі. Оны? бойында?ы білім мен а?ыл, ойыны? ?уаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына т?сіреді, т?ртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сонды?тан ?рбір ш?кірт ?зіне ?лгі-?неге бол?ан с?йікті м??алімін ?стазым деп атайды. Осы т?ста Абайды?:
А?ырын ж?ріп, аны? бас,
Е?бегі? кетпес дала?а.
?стазды? еткен жалы?пас,
?йретуден бала?а,- деген ?ле? жолдары еріксіз ой?а оралады. Егер ?р ш?кірт ?мірде бір кірпіш болып ?аланып, ?стаздан ш?кірт озып жатса, т?ккен тер мен адал е?бекті? а?тал?аны емес пе ?!
«№24 жалпы негізгі білім беретін мектеп» КММ
?аза? тілі мен ?дебиеті п?ніні? м??алімі – Жолбарысов Н.М.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Мені? педагогикалы? философиям »
«№24 жалпы негізгі білім беретін мектеп» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – Жолбарысов Н.М.
Менің педагогикалық философиям
(Эссе)
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Ұстаз болу – адамның асылдығы,-
деген Ғафу Қайырбековтың өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін. Ұстаз болғаныма мақтанамын. Өйткені ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі өте көне мамандық. Адам Ата Хауа Анадан бері жұмыр басты пендені ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғам өзгерсе де қажеттігін жоймайтын үлкен мәселе – шыр етіп дүниеге келген нәрестені өмір сүруге дайындау. Бұл – қиынның қиыны. Себебі әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі - өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді шар-тарапқа жетелеуші. Ұстаз - бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі.
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне ұстазға келіп тіреледі. Ескендір Зұлқарнайын: «Даңқ пен абыройға кенелуімде мен бір адамға қарыздармын, ол – ұстазым Аристотель»,- десе, Абылайхан Төле биді, Шәкәрім ұлы ақын Абайды ұстазым деп, шексіз құрметтеп кеткен екен. Әрине, бұрынғы қазақ даласындағы ағартушылық қызмет балаға жазу-сызу, оқуды үйретуге ғана саятын болса, бүгінгі таңдағы білім беру саясы мүлде басқаша. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, зкономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді.
Ал ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет.
Сондай-ақ ұстаз күнбе күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс.Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады.
«Ұстаз» сөзінің 2 түрлі сипаты бар. Бірі – белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы да, екіншісі – жоғары беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойндағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Осы тұста Абайдың:
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?!