kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Менің мектепке дейінгі философиям»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Менің педагогикалық философиям қарапайым. Оның көптеген қырларын сөзбен айтып көрсету мүмкін емес, жүрегіңмен және жан-тәніңмен сезіне аласың.  

Балабақшадағы тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы. Тәрбиеші балаларды адам мәдениетінің әлеміне, күрделі және алуан түрлі қарым-қатынастардың әлеміне ертетін үлкендердің бірі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Менің мектепке дейінгі философиям»»


25 жалпы білім беретін орта мектеп

«Менің мектепке дейінгі философиям»

Орындаған: Сердалина Сымбат Зейниловна

Менің педагогикалық философиям қарапайым. Оның көптеген қырларын сөзбен айтып көрсету мүмкін емес, жүрегіңмен және жан-тәніңмен сезіне аласың.  

Балабақшадағы тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы. Тәрбиеші балаларды адам мәдениетінің әлеміне, күрделі және алуан түрлі қарым-қатынастардың әлеміне ертетін үлкендердің бірі.

Өмірде мыңдаған мамандық бар, олардың барлығы қажет және қызықты. Мұғалім мамандығы- барлығының ішіндегі ең мәртебелісі. Әрине, әр адам мамандықты өзінің табиғи қабілетіне және бейімділігіне байланысты таңдайды, яғни өзінің бейімділігін табады. Мен, тәрбиешімін, бұл мамандықты кездейсоқ таңдағаным жоқ. Мен әрдайым балаларды жақсы көретінмін, балалармен әр уақытта, мектепте де, аулада да әлектеніп жүретінмін: олардың көңілдерін көтеретінмін, ойындар ойнататынмын, әр түрлі байқаулар өткізетінмін. Жер бетіндегі көптеген мамандықтардың ішіндегі ең қызықтысы және ең жағымдысы ұстаз мамандығы деп ойлайтынмын. Әсіресе, ұстаз, саған қажетті білімді береді, қызықты әлеммен таныстырады, қиын жағдайларда дұрыс іс-әрекет етуге үйретеді және де сол қиындықтардан ар-намыспен шығып, адамгершілікті сақтауға көмектеседі. Әрбір оқыту сабағы- бұл кішкентай ғана спектакль, балалардың жіңішке жүрек қылын қозғайтын, егер сол қылдар ән сияқты дыбыстаса, ән айтса, онда ұстаз ретінде танылғандығы. Ұстаздың қасиеті- ол балаларды жақсы көру. Балалар әр түрлі болады, бірақ біз олардың әрқайсысына түсіністікпен қарауымыз керек. Егер адам өзінің мамандығын жақсы көрсе, онда ол қуанышпен және ықыласпен жұмыс жасайды, іске асырады, арттыра түседі, кәсіби түрде өседі және жақсы нәтижелер мен табыстарға қол жеткізеді, ал бұл мамандық таңдаудағы ең маңызды шешім. Өзіңнің жүрегіңе жақын істі бастағанда көзің жанып, ұшқын атып, жаның жарық сәулемен толатыны ешкімге де құпия емес. Неге тап сол тәрбиеші...? Себебі, балабақшада жалықпайсың. Әрбір күн-ол қызықты оқиға. Баламен күнде әңгімелесу. Бала мені көріп, балабақшаға қуанышпен, жыламай келсе, үйге кетерде «Бізде бүгін өте көңілді болды!» деп айтқандары менің жанымды жадыратады. Тәрбиеші болу- төзімділік, рақымдылық қасиеттерінің болуы, бұның мағынасы баланы жақсы көру, түсіну және сезу. Жеке басын, дербестігін, белсенділігін тұншықтырмау, баланы қандай болса, сондай етіп қабылдау, бір сөзбін, баланың бала болып қалу құқығын құрметтеу. Мен әр баланың жетістігіне, кішкентай болса да, бірақ оның жеке жеңісіне қуанамын. Сен балалардың күлкісін және ата-аналардың қуанышты бет-бейнесін көресің. Әр балаға өзімнің жанымды және жүрегімді, өзімнің бөлшегімді беру арқылы мен бұл әлемді мейірімді және керемет етемін деп сенемін... К.Гелвецийдің айтуы бойынша: «Тәрбиеші- ол балаларға үлкендер әлеміне есік ашатын сиқыршы. Тәрбиешінің білгені өзінің тәрбиеленушілеріне неге және қалай үйретуіне байланысты». Жақсы көретін мамандығым менің өмірімде қандай рөл ойнады? Мен өмірге балалардың шаттанған көздерімен қарауға және күнделікті ғажайыпты күтумен оянуға үйрендім. Балалардың осы шақта өмір сүруі сияқты балалықты қайта-қайта өмір сүру өмірге деген оптимистік бағытты сақтайды және өмір сүруге үйретеді. Тәрбиеші мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды мектепке дейінгі оқыту орталығына енгізу жағдайы білім беру жүйесінде ең бір басымды бағыт болып саналады. Бүгінгі уақытта мектепке дейінгі оқыту орталықтарында әлбетте, сапалы, жаңаша мектепке дейінгі білім беру жүйесінің қажеттілігінің мәселесі туындайды. Мектепке дейінгі білім беру мемлекеттік стандартының міндеттерімен сәйкесінше,балаларды оқыту мен тәрбиелеуді адамның, отбасының, қоғамның қызығушылығындағы рухани адамгершілік және әлеуметтік мәдени құндылықтар және қоғамда орнаған ережелер және тәртіп нормаларына негізделіп, бүтін білім беру жүйесіне біріктіру қажет. Балалардың жеке тұлғалық жалпы мәдениетін қалыптастыру, олардың әлеуметтік, адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін, ынтасын, дербестігін және жауапкершілігін жетілдіру. Сондықтан да жаңаша педагог ретінде маған жаңа бағдарламаның және технологияның енгізілуіне байланысты инновациялық өзгерістер кіргізу керек.Мен әрдайым жеке балаға және оның отбасының сұраныстарына педагогикалық жүйені ұйымдастырудың тиімді моделдерін іздеумен айналысамын. Мен өз педагогикалық жұмысымда жаңаша білім беру жүйесін, ақпараттық-коммуникативті технологияны белсенді пайдаланамын.

Әр мамандықтың өз қиындығы, өз қызығы бар. Тәрбиешінің жұмысы күрделіде, қызықты да. Шынын айтсам, кейде жұмыстан соң үйге келгенде, қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ сол өткізген күнді талдай отырып, балаларымның маған деген ықыласын, маған ұмтылған үміт толы көздерін, тәтті қылықтарын бір сәт еске түсірсем, шаршағаным ұмытылып та кетеді. Осы бір «Балалар әлемінің» теңізіне бір бойласаң, ешқашан басқа жаққа кете алмайсың деп ойлаймын. Өйткені бала – пәк, бала – тап-таза. Мөлдір бұлақтың бастауын, көзін ашып, тұнығына қану үшін қаншама қиын да, қызықты еңбек пен тер төгу керек десеңіз!  Балаларды ана тілінде әдемі сөйлету, олардың ой-сезімдерін анық, еркін, көркем жеткізе алуға баулу, танымдық қабілеттерін дамыту – тәрбиешінің мақсаттарының бірі.

Ұстаз – киелі мамандық. Адам тәрбиелеу, оған ғылыми негіздерінен мәлімет беру, баланы өмір сүруге үйрету – өте қиын шаруа. Бір рет жиырма , жиырма бес баламен сабақ өткізіп көрген адам ғана оны түсінеді. Тәрбиеші күн сайын ерлікке пара-пар жұмыс жасайды.

Өзімнің эссемді мына сөздермен аяқтағым келеді:

«Тәрбиеші қандай болуы керек? Әрине, мейірімді болуы керек! Балаларды жақсы көру, білімді жақсы көру, өзінің мамандығын жақсы көруі керек! Тәрбиеші қандай болуы керек? Әрине, қолы ашық болуы керек! Балаларға өзін өкінішсіз сыйлауы керек!». Балалардың танымдық іс-әрекеттерін белсендіру мақсатында әртүрлі әдістемелік әдістер мен технологиялардың түрлерін қолданамын. Жұмыста мақсаты-оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырудың арқасында оқытуды тиімді жоғарылататын ойын технологиясын жиі қолданамын. Ойын-қызықтырғыш. Ойын ақыл-ойдың жиналып қалған шаршауын басады, оқушылардың көңіл-күйін көтереді, топты біріктіреді және оқу іс-әрекетін ынталандырады.

Ойынның элементтерін әрдайым қолдана білетін тәрбиеші- ол әдетте сүйікті тәрбиеші. Тәжірибе сабақтарына, зерттеу сабақтарына, әртүрлі саяхатқа көп уақытымды бөлемін. Бұл мерекелік шаралар тәрбиеленушілердің даму деңгейін жоғарылатады, өзбетіндік, пәнге қызығушылық, тілек білдіру, берілген ойдың дұрыстығын дәлелдеу дағдыларын жетілдіреді. Олар талдау, салыстыру, негізгіні бөліп алу, себеп-салдар байланысын орнату негіздерін жоғары сатыға көтеруді біледі.

Таңғажайып балалар әлемін тереңірек танып, өз өмір тәжірибемнің, мейірімнің дәндерін қондыру – менің жұмысымның мәні. Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт. Себебі, тек қана бала, ешнәрсеге де алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып, маған сенім артады. Пәк көңіл балаларыммен ара-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды, себебі мен оларға, олар маған керектігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы – әр педагогтың бақыты деп ойлаймын.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
«Менің мектепке дейінгі философиям»

Автор: Сердалина Сымбат Зейниловна

Дата: 24.12.2021

Номер свидетельства: 596025

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(148) "Мектепке дейінгі білім беру жа?дайында педагог  пен ата-аналарды? ынтыма?тасты?ы. "
    ["seo_title"] => string(93) "miektiepkie-dieiinghi-bilim-bieru-zhag-daiynda-piedaghogh-pien-ata-analardyn-yntymak-tastyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "169668"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1423454234"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(138) "Семинар-практикум:?«Мектепке дейінгі мекемеде жобалау  ?рекетін пайдалану»"
    ["seo_title"] => string(80) "sieminarpraktikumdwaegmiektiepkiedieiinghimiekiemiediezhobalauriekietinpaidalanu"
    ["file_id"] => string(6) "288731"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1454670181"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(175) "Балабақшадағы мектепке дейінгі балалардың денсаулығы мен адамгершілік рухани сапалы тәрбиесі"
    ["seo_title"] => string(80) "balabak_shadag_y_miektiepkie_dieiinghi_balalardyn_diensaulyg_y_mien_adamghiershi"
    ["file_id"] => string(6) "398410"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1488973092"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "?ызы?ты психология"
    ["seo_title"] => string(23) "k-yzyk-ty-psikhologhiia"
    ["file_id"] => string(6) "262285"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449310374"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(93) "Ата-аналармен тренинг «Жапыра? тамырдан н?р алады» "
    ["seo_title"] => string(52) "ata-analarmien-trieningh-zhapyrak-tamyrdan-n-r-alady"
    ["file_id"] => string(6) "243229"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1445675971"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства