kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мені? педагогикалы? философиям.Рухани ??ндылы?тар ха?ында.

Нажмите, чтобы узнать подробности

    Жа?а ?асыр т?рбиесіні? негізі жалпыадамзатты? ??ндылы? ар?ылы ?лемдік рухани ынтыма?тасты? пен бейбітшілікті са?тау болса, ?стаз ?станымында?ы негізгі ма?сат- адамны? жан-д?ниесіне, санасына кішкентай  кезінен бастап имандылы?, ізеттілік, салауаттылы? сия?ты ?асиеттерді енгізе отырып, адамгершілікке т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мені? педагогикалы? философиям.Рухани ??ндылы?тар ха?ында.»

Жаңа ғасырға қарай қадам басар қарсаңында, 2000 жылы Қазақстан Республикасының Парламенті әлемдік әріптестеріне, яғни әлем парламентарийлеріне ұсыныс жолдады. Жолдауда «XXI ғасыр бейбітшілік пен адамгершілік жүз жылдығы болуы тиіс» делінген еді.

Жаңа ғасыр тәрбиесінің негізі жалпыадамзаттық құндылық арқылы әлемдік рухани ынтымақтсатық пен бейбітшілікті сақтау болса, ұстаз ұстанымындағы негізгі мақсат- адамның жан-дүниесіне, санасына кішкентай кезінен бастап имандылық, ізеттілік, салауаттылық сияқты қасиеттерді енгізе отырып, адамгершілікке тәрбиелеу.

Жеке тұлға бойында рухани құндылықтарды қалыптастыру- оның жан-жақты дамыған тұлға болуының қайнар көзі. Халқымыздың ежелден ашық қарым-қатынас, өзара байланыс жасау қасиеттері, адамды ең қымбат құндылық ретінде қадірлеу идеясын жоғары қоюы ұлтымыздың рухани құндылықтардың әр түрлі нұсқаларын үйлесімді түрде жинақтай білуіне әкеледі.

Рухани құндылықтың мәніне тоқталсақ, ол адамның өзін-өзі тануы, адам болмысының әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, тұлғаның жасампаздық іс-әрекетінің қозғаушы күші, яғни шығармашылық әрекеттер жасауға итермелеуші, адам еркіндігінің негізі.

Ұстаздар қауымының шығармашылық әрекеттер жасауға еркіндігін қамтамасыз етуші басты құқықтық құжаттар:Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім туралы» Заңы, білімге қатысты арнайы тұжырымдамалар т.б.

Қоғамның қарқынды дамуы жаңа сипаттағы мамандарды қажет етіп отыр. Ондай мамандар жаңа әлеуметтік- экономикалық жағдайларға кәсіби сай, іргелі білімді кеңінен меңгерген, еңбек нарқы мен технологиялардың ауысып тұратын талаптарына икемделген, жоғары білікті, бәсекеге қабілетті, ізденімпаз, құзіреттілік қасиеттері мығым, өзінің жеке басының мүмкіндіктерін бағалай білетін бастамашыл болуы тиіс.

Елбасы 2004 жылы Білім және ғылым қызметкерлерінің III съезінде сөйлеген сөзінде «Жаңа формация педагогі қажет. Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгендей біршама емес, әлдеқайда жоғары болуы тиіс- бұл уақыт талабы» ұстаздарға қойылатын міндеттер жайлы басып айтқан болатын.

Менің ойымша, әрбір мұғалім «Мен дамыта оқыту жүйесінің мақсат міндеттерін анықтай отырып, өзіме жауапты істі шешуге деген құштарлыққа ие боламын» деген қағиданы бойына сіңіріп, жүрегімен ұғуы тиіс. Сабақта мұғалім оқушының тек интелектуалдық дамуына назар аудармай, тұлғалық қасиеттерінің де ұшталуына басшылық жасауы шарт. Білім алуға күштемей танымдық қызығушылықтарын, талпынысын, мұқтаждығы мен ерік-жігерін оқу жұмысына бағыттағанда ғана тиімді болатынын түйсінуі қажет.

«Жеке тұлға – белсенді іс-әрекет арқылы дамиды»- деген қағиданы басшылыққа алатын болсақ, рухани құндылық адамның әрекетіне ғана әсер етіп қоймайды, ол оның дүниетанымыныың өмірлік ұстанымдарының қалыптасуына ықпал етеді.

Әрбір адамда табиғат берген өзіне тән ерекшеліктері негізінде әлеуметтік орта туралы көзқарастар, өзін танып-білу, белгілі бір құбылысты бағалай алу эталондары, өзіндік ішкі позициясы, адамдарға деген қарым-қатынасы, құбылыстар мен әр түрлі өмірлік факторларға көзқарасы қалыптаса бастайды.

Тұлғаның психологиялық дамуын сыртқы орта жағдайлары мен факторларынан бөліп алып қарауға да болмайды.

Сондықтан ұлы Абайдың:

«Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегін кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға»- деген ғаламат шумағының әсерімен

Бұрнағы білім беруде

Болған-ау білім жанама...

Еңбегің кетпесін десең,

Бей-берекет далаға,

Қазіргі таңғы мұғалім

Қызметіңді жаңала,- дегім келеді.

Рухани құндылық иегерлері- жаңа ұрпақ өкілдері елжандылық, отаншылдық қасиеттерді бойларына сіңірсе деп армандай отырып, «Мейірім әлемі құтқарады»- деген қағиданы шығарып, қазақ халқының билерінің бірі айтқан шумақпен сөзімді түйіндегім келеді:

«Жерінен жақсысы кеткен ел жесір

Жаманнан жақсыға болар –ау кесір

Өзіңе жамандық қылған адамға

Жібектей болып есіл»




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Мені? педагогикалы? философиям.Рухани ??ндылы?тар ха?ында.

Автор: Жуманбаева Нургуль Такановна

Дата: 16.03.2016

Номер свидетельства: 306602


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Курсы ПК и ППК для учителей!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства