kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мені? педагогикалы? философиям!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Эссе

                            Мені? педагогикалы? философиям

                                                     ?стаз болу – ж?ректі? батырлы?ы,

                                                     ?стаз болу – сезімні? а?ылды?ы.

                                                     ?стаз болу – мінезді? к?н шуа?ы,

                                                     ?стаз болу – адамны? асылды?ы,-

деген ?афу Кайырбековты? ?ле? жолдарын о?ы?анда, мен ?зімді ба?ытты сезінемін. ?стаз бол?аныма ма?танамын. ?йткені ?стаз – ма?тан т?тар маманды?. Киелі ?рі ?те к?не маманды?. Адам Ата Хауа Анадан бері ж?мыр басты пендені ойландырып,тол?андырып келе жат?ан, ?о?ам ?згерсе де ?ажеттігін жоймайтын ?лкен м?селе – шыр етіп д?ниеге келген н?рестені ?мір с?руге дайындау. Б?л – ?иынны? ?иыны. Себебі ?р адам – ?айталанбас т?л?а. Оны? жан д?ниесі - ?зінше бір ?лем. Ал ?стаз сол ?лемді шар-тарап?а жетелеуші. ?стаз - бала болмысына ?згеріс енгізуші, ба?ыт-ба?дар беруші, ата-ананы? сенімді к?мекшісі.

?мірдегі к?п маманды?тарды? ішінде жан-жа?ты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше ш?кіртжандылы?ты, мейірімділікті ?ажет ететін маманды? та – ?стазды? маманды?. Олай дейтінім, м??алім е?бегі біріншіден, адамзат ?о?амы тарихында жина?тал?ан ?ылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, ?немі ш?кірттерімен ?арым-?атынаста болып, білсем, ?йренсем деген бала арманы мен оны? сырлы та?дырына басшылы? етуді мойнына ал?ан маман.

Осындай ?ызы?ы да, ?иынды?ы мол маманды?ты мен де та?дадым. ?стаз болу – бала кезімнен арманым еді. Отбасымызда педагогтер болма?анымен, ?з ту?ан жерінде е? ал?аш мектеп ашып, бала о?ыт?ан ар?ы атам Бекжанны? ?асиеті ма?ан дары?ан болса керек. Біра? сол кездегі атам аш?ан мектепті? орны белгісіз. Б?рын «Шіркін, атамны? ?стазды? еткен жылдары туралы деректерді білсем ?ой»,- армандайтынмын. Жылдар ?тті. Дегенмен деректер табылмаса да, сол арман?а ?азір ?стазды? е?бегім ар?ылы жеттім деп ойлаймын. «?стазы жа?сыны? ?стамы жа?сы»демекші, ш?кірт бойында?ы ?стамдылы? пен т?рбиелілік к?біне ?стаз?а келіп тіреледі. Ескендір З?л?арнайын: «Да?? пен абырой?а кенелуімде мен бір адам?а ?арыздармын, ол – ?стазым Аристотель»,- десе, Абылайхан Т?ле биді, Ш?к?рім ?лы а?ын Абайды ?стазым деп, шексіз ??рметтеп кеткен екен. Ендеше, мені? табынатын ?стазым – ?иыншылы?, ?ысым к?рсе де, ауыр кезе?де мектеп ашып, бала о?ыт?ан атам Бекжан. ?рине, б?рын?ы ?аза? даласында?ы а?артушылы? ?ызмет бала?а жазу-сызу, о?уды ?йретуге ?ана саятын болса, б?гінгі та?да?ы білім беру саясы м?лде бас?аша. Б?гінгі ?стаз ш?кіртіне ?ылым негіздерінен м?лімет беріп ?ана ?оймай, оны д?ниеж?зілік білім, а?парат, зкономика ке?істігіне шы?у?а, я?ни ?ата? б?секе жа?дайында ?мір с?руге т?рбиелеуі керек. Ол на?ыз ?стазды? ?ана ?олынан келеді.  

Ал ХХІ ?асырды? на?ыз ?стазы ?андай болма? керек? ?рине, ол ?з к?сібіні? майталманы, осы ма?сат?а рухани к?ш-жігерін, парасат-?уатын салу керектігі айтпаса да т?сінікті. Б?л - ?ркімні? ?олынан келе бермейтін, ерекше талантты ?ажет ететін, бай ?иялды адам?а т?н ?асиет.

Сондай-а? ?стаз к?нбе к?нгі ?зіні? к?п ?ырлы е?бегінде мазм?ны ?р т?рлі кездейсо? жайттарды? туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап ж?не оны? о? шешімін табу?а дайын болу?а тиіс.Сонды?тан да ?стазды ?р баланы? жан-д?ниесін танып-білуші ?рі оны жеке т?л?а етіп ?алыптастырушы, ел болаша?ыны? м?сіншісі деуге болады.

«?стаз» с?зіні? 2 т?рлі сипаты бар. Бірі – белгілі п?ннен саба? беретін о?ытушы да, екіншісі – жо?ары беделді адамдар?а ы?пал етуші дана адам. Мектептегі ?стаз – баланы? екінші ата-анасы, болаша??а ай?ын жол сілтер а?ылшысы. Оны? мейірімге толы ж?регі ш?кірт бойнда?ы  талай а?атты?ты кешіре біледі. Оны? бойында?ы білім мен а?ыл, ойыны? ?уаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына т?сіреді, т?ртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сонды?тан ?рбір ш?кірт ?зіне ?лгі-?неге бол?ан с?йікті м??алімін  ?стазым деп атайды. Осы т?ста Абайды?:

                                 А?ырын ж?ріп, аны? бас,

                                 Е?бегі? кетпес дала?а.

                                 ?стазды? еткен жалы?пас,

                                 ?йретуден бала?а,- деген ?ле? жолдары еріксіз ой?а оралады. Егер ?р ш?кірт ?мірде бір кірпіш болып ?аланып, ?стаздан ш?кірт озып жатса, т?ккен тер мен адал е?бекті? а?тал?аны емес пе ?!

 ?стаз атана білу, оны ?адір т?ту, ?астерлеу, арындай таза ?стау - ?р м??алімні? борышы. Ол - ?з к?сібін, ?з п?нін, барлы? ш?кіртін, мектебін шексіз с?йетін адам.Осы іске деген ?ызы?ушылы? пен с?йіспеншілік ?ана оны небір ?иын ?рекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге себін тигізеді. Н?тижесінде бір емес, бірнеше жас ж?рекке м??гі ?стаз болып ?алады.

?стазды? осыншама ?адір-?асиет, ??рметке б?ленуі ?зін ?орша?ан орта мен ?рбір ш?кіртіне ас?ан сезімталды?пен, жауапкершілікпен ?арым-?атынас жасауында.?йткені оны? ?арапайым да сыпайы киім киісі, м?дениетті с?зі, ?депті ж?ріс-т?рысы, жина?ы іс-?рекеті, білімі ш?кіртке де, ата-ана?а да, ж?ртшылы??а да ?неге.

?лы а?ылшын а?артушысы Уильям Уорд:

                            Жай м??алім хабарлайды,

                            Жа?сы м??алім т?сіндіреді,

                            Керемет м??алім к?рсетеді,

   ?лы м??алім шабыттандырады,- дейді. Білім беру ж?йесі мамандардан к?сіби икемділік пен ?т?ырлы?ты, сан ?ырлы шы?армашылы? ?ызмет пен ?зін-?зі бас?ару, ?зін-?зі ?йымдастыру жа?дайында?ы біліктілікті ?ажет етеді. ?йткені ?азіргі жас буын - елімізді? келер к?нгі келбеті. Б?л ж?нінде Елбасымыз Н?рс?лтан ?біш?лы Назарбаев: «?асырлар ма?саты – саяси-экономикалы? ж?не рухани да?дарыстарды же?іп шы?а алатын, ізгіленген ХХІ ?асырды ??рушы іскер, ?мірге икемделген, жан-жа?ты жеке т?л?аны т?рбиелеп ?алыптастыру»,- деген т?жырым жасады. Ол ?шін б?гінгі о?у ?рдісіне сай педагогикалы? шеберлік ?ажет. «Педогогтік шеберлік – дарынды талант емес, ?йрену, ізденуді? н?тижесі. М??алім шеберлігі жайлы жазыл?ан дайын ?а?ида жо?, болуы да м?мкін емес. Барлы?ы да ?зімізге байланысты»,- дейді Д?йсенова ?лия апай. Біздер, м??алімдер, к?нделікті ?мірді? жай ?ана адамы емес, болаша?ты ??рушыларды, адамзатты? с?улетті болаша?ын жасаушыларды т?рбиелеп отыр?анымызды ойласа?, м??алім м?ратыны? ?андай болатыны ?зінен-?зі ай?ын. Осы?ан байланысты ?стаз?а т?н мынадай сипаттарды даралап к?рсетуге болады:

  • Д?ниетанымды? к?з?арасы, сенімі
  • ?ызметке бейімділігі
  • К?сіптік білімі мен біліктілігі
  • ?ам?орлы? к?з?арас, с?йіспеншілік сезім
  • ?йымдастырушылы? ?абілет
  • Заман?а сай жа?ашылды?

Осындай даралы? ?асиеттер ?стазды? ба?ыт?а жеткізеді. Ба?ытты? ?лкені - ?зі?ді-?зі? тану. ?стаз ?зін-?зі ?ай уа?ытта таниды? Ол алдында?ы ш?кіртіні? ?ия?а ?анат ?а?ып, еліні? азаматы бол?ан с?тінен таниды. Ендеше, б?гінгі білім мен білік б?секелес заманда ?ландарымызды? биіктен к?рінуіне к?нделікті ісіміздегі жа?ашылды?ымыз ар?ылы, жан-жа?ты берген т?рбиеміз ар?ылы ?ол жеткіземіз.                                                                              

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мені? педагогикалы? философиям! »

Эссе

Менің педагогикалық философиям


Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Ұстаз болу – адамның асылдығы,-


деген Ғафу Кайырбековтың өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін. Ұстаз болғаныма мақтанамын. Өйткені ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі өте көне мамандық. Адам Ата Хауа Анадан бері жұмыр басты пендені ойландырып,толғандырып келе жатқан, қоғам өзгерсе де қажеттігін жоймайтын үлкен мәселе – шыр етіп дүниеге келген нәрестені өмір сүруге дайындау. Бұл – қиынның қиыны. Себебі әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі - өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді шар-тарапқа жетелеуші. Ұстаз - бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі.

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.

Осындай қызығы да, қиындығы мол мамандықты мен де таңдадым. Ұстаз болу – бала кезімнен арманым еді. Отбасымызда педагогтер болмағанымен, өз туған жерінде ең алғаш мектеп ашып, бала оқытқан арғы атам Бекжанның қасиеті маған дарыған болса керек. Бірақ сол кездегі атам ашқан мектептің орны белгісіз. Бұрын «Шіркін, атамның ұстаздық еткен жылдары туралы деректерді білсем ғой»,- армандайтынмын. Жылдар өтті... Дегенмен деректер табылмаса да, сол арманға қазір ұстаздық еңбегім арқылы жеттім деп ойлаймын. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне ұстазға келіп тіреледі. Ескендір Зұлқарнайын: «Даңқ пен абыройға кенелуімде мен бір адамға қарыздармын, ол – ұстазым Аристотель»,- десе, Абылайхан Төле биді, Шәкәрім ұлы ақын Абайды ұстазым деп, шексіз құрметтеп кеткен екен. Ендеше, менің табынатын ұстазым – қиыншылық, қысым көрсе де, ауыр кезеңде мектеп ашып, бала оқытқан атам Бекжан. Әрине, бұрынғы қазақ даласындағы ағартушылық қызмет балаға жазу-сызу, оқуды үйретуге ғана саятын болса, бүгінгі таңдағы білім беру саясы мүлде басқаша. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, зкономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді.

Ал ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет.

Сондай-ақ ұстаз күнбе күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс.Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады.

«Ұстаз» сөзінің 2 түрлі сипаты бар. Бірі – белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы да, екіншісі – жоғары беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойндағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Осы тұста Абайдың:

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?!

Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге себін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады.

Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге.

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:

Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді,

Керемет мұғалім көрсетеді,

Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педогогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Барлығы да өзімізге байланысты»,- дейді Дүйсенова Әлия апай. Біздер, мұғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын. Осыған байланысты ұстазға тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады:

  • Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі

  • Қызметке бейімділігі

  • Кәсіптік білімі мен біліктілігі

  • Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім

  • Ұйымдастырушылық қабілет

  • Заманға сай жаңашылдық

Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені - өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Мені? педагогикалы? философиям!

Автор: Абдусаламова Жазира Абдрашитовна

Дата: 03.03.2015

Номер свидетельства: 181456

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Мені? педагогикалы? философиям "
    ["seo_title"] => string(35) "mienin-piedaghoghikalyk-filosofiiam"
    ["file_id"] => string(6) "180196"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1425138694"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "«Менің мектепке дейінгі философиям»"
    ["seo_title"] => string(34) "menin_mektepke_deiingi_filosofiiam"
    ["file_id"] => string(6) "596025"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1640334091"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(92) "Сабақтын тақырыбы: « Сандар әлеміне саяхат жасау»."
    ["seo_title"] => string(51) "sabak_tyn_tak_yryby_sandar_lieminie_saiakhat_zhasau"
    ["file_id"] => string(6) "408929"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1492071236"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(104) "Мені? педагогикалы? философиям.Рухани ??ндылы?тар ха?ында."
    ["seo_title"] => string(68) "mienin-piedaghoghikalyk-filosofiiam-rukhani-k-u-ndylyk-tar-khak-ynda"
    ["file_id"] => string(6) "306602"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1458150902"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Эссе "Менің педагогикалық философиям""
    ["seo_title"] => string(36) "esse_menin_pedagogikalyk_filosofiiam"
    ["file_id"] => string(6) "496305"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1547996159"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства