Мақала: Заманауи технологиялар білім сапасын арттырудың негізі
Мақала: Заманауи технологиялар білім сапасын арттырудың негізі
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Қай уақыт, қай ортада болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстазға үлкен жауапкершілікті жүктейді. Оқушыны өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, алдағы болашағын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу-ұстаз қолында. Кәсіби тұрғыда жаңа сатыға қадам басып, білім жүйесіне енген жаңалықтың қыр–сырын зерттей бастаған сәтіміз арнайы 3 апталық курстан басталды. Курс тренері ақылды да білімді, жылы жүзді педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Басқару мен білім беру сапасы» кафедрасының аға оқытушысы М.Мухамадиева еді. Мариям Наримановна жоғары деңгейлі, өз ісіне шебер, білікті әр ұстаздың жүрегінен орын ала білді. Алғашқы күннен-ақ бәрімізге жылы шырай танытып, бірлесіп жұмыс жүргізуімізге топ тренеріміздің ерен еңбегін атап өтпесем болмас. Білім берудің негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдерін және әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды үйретті.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Мақала: Заманауи технологиялар білім сапасын арттырудың негізі»
Алматы облысы
Кербұлақ ауданы
Шұбар орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
А.Ж.Оразымбетова
Заманауи технологиялар білім сапасын арттырудың негізі
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Қай уақыт, қай ортада болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстазға үлкен жауапкершілікті жүктейді. Оқушыны өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, алдағы болашағын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу-ұстаз қолында. Кәсіби тұрғыда жаңа сатыға қадам басып, білім жүйесіне енген жаңалықтың қыр–сырын зерттей бастаған сәтіміз арнайы 3 апталық курстан басталды. Курс тренері ақылды да білімді, жылы жүзді педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Басқару мен білім беру сапасы» кафедрасының аға оқытушысы М.Мухамадиева еді. Мариям Наримановна жоғары деңгейлі, өз ісіне шебер, білікті әр ұстаздың жүрегінен орын ала білді. Алғашқы күннен-ақ бәрімізге жылы шырай танытып, бірлесіп жұмыс жүргізуімізге топ тренеріміздің ерен еңбегін атап өтпесем болмас. Білім берудің негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдерін және әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды үйретті.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша 1-сынып оқытатын ұстаздар қолдарына сертификат алғаннан кейін, 1-қыркүйектен бастап өз жұмыстарын бастап та кетті. Өз мамандығын шынайы жүрекпен жақсы көретін, игі істермен «Ұстаз» деген атты алып жүретін қаншама ұстаздар қауымы белсене кірісті. Әрине әр жұмыстың қиындығы бары сөзсіз. Дегенмен, осы бастама өз жалғасын тапты. Мектепішілік, аудандық, аймақтық, облыстық семинарлар ұйымдастырылып, мұғалімдер арасында жаңа талапқа сай сабақтар, критериалды бағалаудың жүзеге асыруылуы, пәндік оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері туралы өзара тәжірибе алмасудамыз.
Үстіміздегі жылы наурыз айының 4 жұлдызында Панфилов ауданы Жаркент қаласында «Билал Назым» атындағы орта мектепте Заманауи технологиялар бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету, педагогикалық тәжірибесін жетілдіру және кәсіби шеберлігін шыңдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Замануи технологиялар білім сапасын арттыру негізі» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинар Мариям Наримановнаның ұйымдастыруымен жүзеге асты. Семинардың өту барысы мен басшылыққа алған Панфилов аудандық білім бөлімінің бастауыш пән әдіскері Р.А.Карабалаева мен «Билал Назым» атындағы орта мектептің директоры Ш.Ш.Асанова болды. Семинарға Кербұлақ, Ұйғыр, Іле, Панфилов аудандарындағы жаңартылған оқу бағдарламасымен сертификатталған бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Семинарды «Билал Назым» атындағы орта мектептің директоры ашып, мектеппен таныстырды. Панфилов аудандық білім бөлімінің әдіскері Райгуль Ахметқалиевна жаңартылған білім беру бағдарламасының жүзеге асыру барысында ауданда атқарылып жатқан іс-шараларға қолдау көрсетіп, сәттілік тіледі. Мариям Наримановна оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс,- деп атап көрсетті. Қазіргі таңда елімізде жаппай білім беру мазмұны жаңғыртылуда. Білім мазмұнын жаңғырту – сапалы білім, жарқын болашаққа негізделетінін айта келіп, семинар қатысушыларына сәттілік тіледі.
Жоспарланған бағдарлама бойынша Панфилов ауданының Б.Назым ат.ОМ МКМ оқу ісі жөніндегі орынбасары С.Шаудинова «Активные формы обучения» тақырыбында ұстаздармен коучинг, бастауыш сынып мұғалімі А.Курбанова 3-сыныппен әдебиттік оқу пәнінен «Дәсләпки меһман», Р.Ибрагимова 1-сыныппен сауат ашу пәнінен «Урпи адәтләр вә еғиз әдәбияти», К.Кутлукмаметова 2-сыныппен математика пәнінен «Бирдәк санларни кошуш», Г.Семятова 3-сыныппен математика пәнінен «Калдуклук бөлүш», Еңбекші ОМ МКМ И.Асанова «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау», Ұйғыр ауданы, И.Молотов ат.ОМ МКМ С.Дараева «Бәлгүсизи бар тәңлик», Іле ауданы, №34 ОМ МКМ М.Санай «Жаңартылған білім беру аясындағы педагогикалық тәсілдер» және Кербұлақ ауданынан келген Д.Қонаев ат.ОМ МКМ Э.Чинибаева «Бастауыш сынып пәндік оқуларда әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы қалыптастырушы бағалауды жүзеге асырудың жолдары», Шұбар ОМ МКМ А.Оразымбетова «Әріпті және санды өрнектер» математика пәнінен, №49 ОМ МКМ М.Досимайлова «Бастауыш сыныптарда жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігі», Сарыбұлақ ОМ МКМ Ш.Ақылбай «Ежелгі ата-бабаларымыз» атты заманауи талапқа сай сабақтары, ұстаздарымыздың пәндерді оқытуда сөйлеу қызметінің барлық түрлері мен АКТ-ны жетілдіруге, сын тұрғысынан ойлауды үйретуге, өз бетімен ізденіс жүргізіп, ақпаратты жан-жақты іздей алуына, пәндерді оқыта отырып, функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған.
Кербұлақ ауданынан келген Э.Чинибаева, А.Оразымбетова, М.Досимаилова және Ш.Ақылбай облыстық семинарда көрсеткен шығармашылық жетістіктері үшін Құрмет грамоталарымен марапатталды. Ұйғыр, Іле, Панфилов аудандарынан келген ұстаздар да, Құрмет және Алғыс грамоталарына ие болып, қатысушы ұстаздарға, семинарға қатысқаны үшін сертификаттар берілді. Бір күндік семинарда ұстаздар өзара тәжірибе алмасып, ойларын ортаға салып, болашақта білім саясатындағы ғылыми-техникалық бағытты жандандырудағы өз жетістіктерін көрсете білді.