Қазіргі қоғамда болып жатқан терең әлеуметтік өзгерістер білім беруді дамытуға жаңаша көзқараспен қарауды, педагогикалық ғылым әдістемелері мен парадигмасын өзгертуді талап етеді. Осындай өзгерген әдістерді мектеп өміріне енгізетін де, мектепті жақсартатын да негізгі тетік – қабілетті мұғалім. Бауыржан Момышұлының сөзімен айтсақ, мұғалім «болашақтың баласын да, данасын да, ғылымын да өсіреді». Сондықтан, қазіргі қоғам болашағының данасын өсіру үшін мұғалімнің өзі де дәстүрлі сабақ беру әдістерін өзгертіп, жаңа формацияның мұғалімі болуға жан-жақты бетбұрыс жасауы керек.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Кәсіби даму - замани құзыреттілік»
КӘСІБИ ДАМУ – ЗАМАНИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК
Қазіргі қоғамдық-саяси әлеуметтік-мәдени жағдай еліміздегі білім берудің әдістемелік негіздеріне,стратегиялық бағыттарына,мақсаты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып отыр.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 8-бабында «білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар,ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға,дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» деп көрсетілген.
«Қазақстан – 2030 » стратегиясындағы «білімі мен білігі жағынан шетелдердегі замандастарымен бәсекеде жеңілмейтін,отаншылдық рухы кемел қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу» -білім беру мекемелерін басқарудың басты міндеттері.Соған орай лицей мен гимназияларда тұлғаны өз өмірінің,өзіндік білім мен тәрбиесінің субъектісі ретінде қалыптастыру көзделген. Жас ұрпақты тәрбиелеуді ізгілік пен демократиялыққа негізделген тұлғалық бағдарлы технологиялардың оқу және тәрбие үрдісіне кеңінен негізделуі ,ғылыми әдістемелердің жеткіліксіздігі де ақиқат.
Бүгінгі мектеп үнемі даму үстіндегі күрделі педагогикалық-психологиялық жүйе болып табылады.Ы Алтынсариннің педагогикалық көзқарасы «егер балалар бірдеменітүсінбейтін болса,онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кінәлауға тиіс....» Қазіргі мұғалімдер технология мен стратегиялардың сан алуан түрімен қаруланғандар.
Қазақстандық ғалымдар еңбектерінде жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамытудағы теориялары іс-тәжрибені ізгілендіру мен демократияландыруға негізделеді. Шығармашыл мұғалім мен оқушы тұлғасын «оларды өзін-өзі дамыту мен өзіндік білім алуға қажеттілігі байланыстырады. Шын мәнінде олар бір баспалдақтың, бір алаңның екі жағына ұқсайды.» Сондықтан оқыту процесінде оқушы мен мұғалімнің бірлескен әрекеттері мен психологиялық байланысы аса маңызды болып табылады.
Қазіргі кезде мұғалімнің тұлғалық қасиеттерінің ең бастысы- балаға деген сүйіспеншілік көзқарас,онсыз педагогтік қызметтің тиімді болуы мүмкін емес деп санайды.Мұғалім үшін маңызды мәселе өзіндік білімін жетілдіруге,өзін-өзі дамытуға деген құлшыныстың болуы.Бұл орайда білім жетілдіру курстары жоспарға сай,жаңа заман талабын, жаңа технология түрлерімен дер кезінде дәрістер өтіп отырады.
Ш. А. Аманашвили, В В Сериков еңбектерінде оқушы индивид ретінде өзін тану үшін өзі оған құндылық таңдап алуы керек,білім әлеміне ену ғылыми және өмірлік проблемаларды шешудің шығармашылық тәсілдерін меңгеру оның өзіндік «Мендік»ревлексивтік дүниесін ашуға ықпал етеді делінген.
Бүгінгі мектептерге қойылып отырған мәдени-гуманитарлық талаптар оқушыларды адамзат құндылықтарын меңгеруге бағытталғандықтан мәдениетпен етенелік ұстамын негізге алу арқылы мектепте ұлттық,әлеуметтік негіздегі білім беру құндылықтары жүзеге асырылады. Тірек мектептерде үнемі семинарлар мен конференциялар өткізілді.
Атап айтқанда, №42 «Ақниет» МГ, №36 орта жалпы білім беретін мектеп және «Талап», жеке меншік МГ, Вольдорф бағытындағы МГ, т.б.
Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сындарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен, жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықты игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңістігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы алғанда, «құзырлылық» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылық ұғымы - соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субьектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «competens» белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді.
Бұл жайлы Б.Тұрғынбаева «…өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз» деп анықтаса, Ресей ғалымы Н. Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз – педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлылығы».
Мұғалім сана және ойлау процесін іске қоса алды,өзінің меншікті қызметін балалардың өзіндік шешімімен біріктіріп ұйымдастыра алады.
Мұғалімнің кәсіби дамуы оқушы,мұғалім,ата-ана арасындағы өзара қарым-қатынастың азаматтыққа,білім беруге жаңа техногогиялардың тиімділігін өз іс-тәжірибелері арқылы бөліседі.
Болашақ ұрпаққа білім беру мен оларды дамыту мұғалімнен өмірдің қандай саласынан болмасын туындаған мәселерге оң көзқараспен қарап,олар туралы позитивті пікірде болуды талап етеді. Мұндай көзқарастық ұстаным бәрімізде де болуы тиіс,барлық ұстаздар осыған ұмтылуы қажет.Қоршаған ортамен, адамдармен қарым-қатынас оң позитивті болғанда ғана жеке тұлғаның дамуы нәтижелі болады деп ойлаймыз. Тіпті біз қарым-қатынасымыз оң болу үшін,ойымыз да оң болу керек деп те айтар едік.
Еліміздегі әлеуметтік-саяси ахуал, позициялар,пікірлер, әр түрлілігі жағдайында адамдар арасындағы сенім,өзара түсінушілік адами қарым-қатынастарға деген қажеттіліктерді қатты сездіруде.Әр адамның өз ішкі әлемі,өмірлік тәжірибесі,әлеуметтік құбылыстарға деген өз көзқарасы бар екенін ескерсек,мұнан туындау қаупі бар қарама-қайшылықтарды шешу толеранттық сананы қажет етеді.
Сондықтан мектеп өз пәнінің аясында ғана ойлайтын өте тар ұғымдағы кәсіби мұғалім емес ,адам танитын,оның жанын түсінетін рухани тәлімгер ұстазға аса зәру.Мұндай ұстазға жаңаша педагогикалық ойлаумен қатар қарым-қатынастағы демократиялық стиль,практикалық қиындықтарды шешудегі эмоционалдық тұрақтылы, психологиялық бір қалыптылықты сақтау тән.
Мұғалімнің кәсіби дамуы-қоғам сұранысына дер кезінде жауап беру мүмкіндігі,ұздіксіз білімнің оралымды құрылымдарының бірі.
Маман үшін ол-қалыптасқан кәсіби іс-әрекетіне өзгерістер енгізу,өз тәжірибесін басқа адамдардың, қоғамда жинақталған тәжірибесімен байланыстыру,біріктіру,кәсіби құзырлылықты қалыптастыру. Бастысы білім алушыны,айналаны танып білу,одан өзіне қажеттіні таңдай алу,өз бетінше іздену,тәжірибесін молайту жағдайына қоя білу болып отыр. Осылайша ұйымдастырылған оқу ғана тұлғаның жекелік кәсіби деңгейін арттырып, дамуына жол ашады. Сондықтан біліктілікті арттыру жүйесінің нәтижелі болуы курстың мазмұндылығына ғана емес,ұйымдастыру формасына,дәріскер мен тыңдаушылар арасындағы шығармашылық атмосфераға да тікелей байланысты.
Мұғаліннің өзін-өзі іске қосуын жетілдіруі қалыптасатын орта жасау.
Мақсаттар:
-Үздіксіз білім алуға деген қажеттіліктерін оятуға жағдай жасау;
-Ішкі мүмкіндіктерін белсенді,қарқынды ету арқылы шығармашылығын дамыту.
Бұл мақсаттар курстық жұмысты мұғалімдердің әрекеті негізінде ұйымдастыру немесе білім алу ісін технологияландыру арқылы шешіледі. Білім беру жүйесіне еніп жатқан интерактивті әдістер және «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасының педагогтардың белсенді,шығармашылық әрекетін қамтамасыз етудегі орны ерекше.Өйткені жоба білім алушыларды ізденіс жолына түсіріп, дәріскермен бірлесе отырып, жаңа ақпарат алуға жетелейді.
Ұстаздық қызметтің қыры мен сыры мол, сондықтан да ұстаздар өз ісінің қыр-сырын жетік меңгеріп, игеру жолында кәсіптік шеберлікті толық меңгерсе ғана ,бүгінгі қоғамымызды байытатын,дамытатын, жаңартатын адам тәрбиелеуге мол мүмкіндік ашылатыны күмәнсіз.
Мұғалімнің кәсіби білік-дағдылары-өз кезегінде оның жеке кәсіби педагогикалық мәдениетін көрсететін өлшем. Олай болса, жаңаша өмірге бет бұрып,жаңаша ой түзеген егемен еліміздің ұрпағын білім нәрімен сусындататын саналы тәрбие,сапалы білім беретін жеке тұлға,мәдениеті мен кәсіби шеберлігі шыңдалған мұғалім-ғасыр көшін бастаушы болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. Астана, 2000.
2. Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
3. Ж.Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев. Педагогика. – Алматы, 2002.