kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

О?ушыларды? шы?армашылы?ын дамытуда м??алімдерді? к?сіби ??зыреттілігін арттыруды? р?лі

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушыларды? шы?армашылы?ын дамытуда м??алімдерді? к?сіби ??зыреттілігін

 арттыруды? р?лі

Абдрахманова Зияда Жасталаповна

Екібаст?з ?аласы

С.Торай?ыров атында?ы №22 гимназия-мектебі

?лы Абайды?: «Тегінде, адам баласы адам баласынан а?ыл, ?ылым, ар, мінез деген н?рселермен озады», - деген с?здері ?стазды? маманды?ты? болмысын ашатын с?здер емес пе? Сонды?тан к?сіби шеберлігі шы?дал?ан, ??зырлы?ы жо?ары, ?з ісіні? технологы болу ?стаздан нені талап етеді десек, ол м??алімні? шы?армашылы? іс - ?рекетіні? мазм?ны зерттеушілік ?ызметтен, жеке ізденістерден т?рады. Н?тижеге ба?ыттал?ан білімдендіруді? жа?а ж?йесіне к?шу м??алімдерді? к?сіби біліктілігін арттыруда да жа?а к?з?арасты ?алыптастыруды, ??зырлы?тарын ?немі дамытуды талап етеді.Жо?ары м?дениетті адам ?ана осы ?ажеттіліктерді шешуді? жолдарын іздейді, табады. Ойы ж?йрік, а?ылы тере?, б?секеге ?абілетті, ?згерістерге бейім, шы?армашылы?ы биік, к?сіби шеберлігі жетілген, ізденуші, зерттеуші, жасампаз жа?ашыл ?стаз – б?гінгі ?о?амны? тапсырысы. ?р саба?ына ?здігінен білім ме?геруді?, ізденіс пен жемісті е?бекті? ?айнар к?зіне айналдыр?анда ?ана, талап?а сай м??алім болу м?селесі шешіледі. «Саба? беру - ?йреншікті жай ?ана шеберлік емес, ол – жа?адан жа?аны табатын ?нер», - дейді Ж?сіпбек Аймауытов.

            ?лемдік б?секелестік заманында ?рбір адамны? білім сапасын, ?абілеттік де?гейін, іскерлік м?мкіндігін аны?тайтын адам ресурстарын дамыту м?селелері к?н т?ртібіне ?ткір ?ойылып, адамны? білімі мен біліктілігі ?азіргі кезе?де мемлекеттерді? б?секеге ?абілеттілігіні? е? ма?ызды к?рсеткішіне айналып отыр.

            «?аза?стан Республикасында 2015 жыл?а дейінгі білім беруді дамыту т?жырымдамасы» білімді ?зі бетімен ала алатын ж?не оны т?рлі жа?дайларында ?олдана білетін жеке т?л?аны? ?алыптасуын ?амтамасыз ететін о?ытуды? жа?ар?ан ?діс-т?сілдеріне к?шу талабын ?ойып отыр. Демек, о?ушы білімді дайын к?йінде м??алім т?сіндірмесінен алмай, ?зіні? ?мірлік т?жірибесіне с?йену ар?ылы танымды? "жа?алы?” ашуы шы?армашылы? тапсырмаларды орындау негізінде ?р т?рлі ?німдер жасауы тиіс. Н?тижесінде о?ушыны? д?ниетанымы ке?ейіп, ?зіндік пікірі мен к?з?арасы ?алыптасуы керек. ?аза?стан Республикасыны? 2011-2020 жылдарда білім беруді дамытуды? мемлекеттік ба?дарламасында білім беру саласында?ы мемлекеттік саясатты? басты ?а?идалары ретінде жеке адамны? білімділігін ынталандыру ж?не шы?армашылы? ?абілетін дамыту м?селелері ай?ындалып, басым міндеттер ?атарына ?ойыл?ан.

Шы?армашылы? тапсырмалар мазм?ны танымды? сипатта, я?ни о?ушыны? ой – ?рісін, ?иялын, т.б. дамытатындай, со?ан байланысты іс – ?рекетті? т?рлі амалдарын ?олдана алатындай білік ?алыптастыру к?зделуі ?ажет. Шы?армашылы? тапсырмаларды ??растыруда о?ушыны? дара ерекшелігін, ?дебиетке ??штарлы?ын есепке алу ?ажет. Шы?армашылы? ж?мыстарды орындау н?тижесі о?ушыны? п?нінен алатын білімін тере?детуге, п?нге ?ызы?ушылы?ын арттыру?а ба?ытталуы тиіс. Шы?армашылы? тапсырмалар негізінде о?ушыларды? с?здік ?орын байыту, ?ажетті жа?дайда айры?ша шешім ?абылдай алатын жеке т?л?аны дайындау, осы?ан орай о?ытуды ізгілендіру, мектептерді? алдында т?р?ан ?лкен міндет. Негізгі ма?сат – о?ушыларды? танымды? міндеттерін ?алыптастыру, шы?армашылы? ?абілеттері мен ?ызы?уын жетілдіру, білімге ??штарлы?ын ояту. Сонды?тан м??алімдер о?ушыларды? шы?армашылы? ?абілеттерін дамытуда инновациялы? технологиялар стратегиясын шебер, ж?йелі ?олдануы ?ажет.

 ??зыр - б?л адамны?  бойында?ы бар білік пен білім ж?не ?абілеттері. ??зырет – ?ойыл?ан ма?саттар?а жету ?шін ішкі ж?не сырт?ы ресурстарды тиімді іске асыру?а дайынды?; жеке ж?не ?о?амды? ?ажеттіліктерді ?ана?аттандыру ма?сатында табысты іс ?рекетке дайынды?. Ал, ??зыреттілік дегеніміз – б?л адам?а берілген немесе ж?ктеген істі н?тижелі т?рде орындауын ба?алау мінездемесі. Б?л адамны? бойында ?зіндік, жауапкершілік, коммуникабельдік, жа?алы?ты жо?ары ?абылдайтын, м?селені шеше алатын, адамгершілігі мол, білімі жо?ары, жа?а технологияларды ме?гере алатын, ?жымда ж?мыс ж?ргізе алатын, белсенділік ?асиет - ?абілеттеріні? болуы.

  1. Арнайы ??зыреттілік- ?зіні? к?сіби дамуын жобалай білетін ?абілеті.
  2. ?леуметтік ??зыреттілік- к?сіптік ?ызметімен айналысу ?абілеті.
  3. Білім беру ??зыреттілігі - педагогикалы? ж?не ?леуметтік психологияны? негіздерін ?олдана білу ?абілеті. Ендеше, ??зыреттілік дегенімізді? ?зін ?азіргі заман талабына сай педагог ?ауымыны? ?зін -?зі ?згерте алу ?абілеттілігі деп т?сінуге болады. Демек, м??алімдер осы а?паратты? ?о?амнан ?алыспай: жедел ойлаушы: жедел шешім ?абылдаушы:ерекше ?йымдастырушылы? ?абілетті: на?ты ба?ыт- ба?дар беруші болып шы?уы - б?л ?азіргі заманны? талабы. Міне, ??зыреттілік ?алыптастыру дегенімізді? ?зі м??алімдерді? шы?армашылы? ?абілеттерін дамыта отырып ойлауды?, интеллектуалды? белсенділікті? жо?ары де?гейіне шы?у, жа?аны т?сіне білуге, білімні? жетіспеушілігін сезінуге ?йрету ар?ылы ізденуге ба?ыттауды ?алыптастыруда?ы к?тілетін н?тижелер болып табылма?. Б?ны? ?зі ?з кезегінде ?азіргі ?стаздардан ш?кіртті о?ытуда, білім беруде, т?рбиелеп ?сіруде белгілі бір ??зіреттіліктерді бойына сі?ірген жеке т?л?аны ?алыптастыруды талап етеді. с М?ндай ??зырлылы?ты? ?атарына мыналар жатады:
  • ба?дарлы ??зіреттілік (азаматты? белсенділік, саяси ж?йені т?сіну, ба?а бере білу, елжандылы?, т.б);
  • м?дениеттанымдылы? ??зіреттілік (?лтты? ерекшеліктерді тани білу, ?з хал?ыны? м?дениеті мен ?зге ?лттар, ?лем м?дениетін салыстыру, саралай білу ?абілеті);
  • о?у-танымды? ??зіреттілік(?зіні? білімділік ?абілетін ?йымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік ?рекет да?дыларын игеру, талдау, ?орытынды жасай білу);
  • коммуникативтік ??зіреттілік ( адамдармен ?зара ?арым-?атынас т?сілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде ?аза? тілінде, халы?аралы? ?атынаста шетел тілінде ?атынас да?дылары болуы);
  • а?паратты?-технологиялы? ??зіреттілік (а?паратты? технологиялармен, техникалы? обьектілер к?мегімен ба?дарлай білу, ?з бетінше іздей білу, та?дай, талдай білу, ?згерте білуді ж?зеге асыра білу ?абілеті);
  • ?леуметтік- е?бек ??зіреттілігі (?леуметтік-?о?амды? жа?дайлар?а талдау жасай білу, шешім ?абылдай білу, т?рлі ?мірлік жа?дайларда жеке басына ж?не ?о?ам м?ддесіне с?йкес ы?пал ете білу ?абілеті);
  • т?л?алы? ?зін-?зі дамыту ??зіреттілігі (отбасылы? е?бек, экономикалы? ж?не саяси ?о?амды? ?атынастар саласында?ы белсенді білімі мен т?жірибесіні? болу ?абілеті).

 Атал?ан ??зыреттілік ?асиеттерді т?л?а бойына дарытуда педагог ?ауымны? арнайы ?леуметтік білім беру ??зыреттіліктеріні? жан- жа?ты болуы талап етіледі.Егер педагог ?зіні? к?сіби ?су жобасын д?рыс жол?а ?оя отырып, ?зіні? к?сіптік ?ызметіне на?ты берілу ар?ылы т?л?аны? ал?ан білімін ?мірде ?олдана білетіндей тапсырмалар ж?йесін ?сына алатын жа?дайда бол?анда ?ана студент ??зыреттілігін ?алыптастыру?а м?мкіндік табады. Бір с?збен айт?анда, т?л?а?а ба?ыттал?ан білімдер ж?йесі білім стандартына сай т?л?аны? жан- жа?ты дамуына негізделген, ал?ан білімін ?мірді? ?андай бір жа?даяттарына ?олдана алатындай д?режеде ?сыну педагогті? ??зыреттілігіне байланысты болады.    

 Психологтер де, педагогтер де адамны? рухани интеллектуалды?, к?сіби шы?армашылы?пен ?зін-?зі дамытуы ?міріні? ?р кезе?інде ?р ?алай деп к?рсетеді. Мысалы, ?лы педагогтер А.Дистерверг,К.Ушинский,А.Макаренко, В.Сухомлинский,т.б м??алімдік е?бекті адамтану ?ылымы, адамны? жан д?ниесі, рухани ?леміне бойлай алу ?нері дей отырып, педагогикалы? шеберлікті? дамуына зор ?лес ?ос?ан. Осы т?р?ыдан алып ?ара?анда педагогикалы? шеберлік- к?сіби ?рекетті жо?ары де?гейге к?теретін м??алімні? жеке ?асиеттеріні?, оны? білімі мен білігіні? ж?йесі. Осы м?селені тере? зерттеген А.Маркова м??алімні? к?сіби де?гейге к?терілуіні? т?мендегідей психологиялы? критерийлерін аны?та?ан.

            Обьективті критерийлер. М??алімні? ?з маманды?ына ?аншалы?ты с?йкес ?леуметтік т?жірибеге ?осар ?лесі ?андай екендігі. Жо?ары е?бек к?рсеткіші, ?рт?рлі м?селелерді шы?армашылы?пен шеше алу біліктері, т.б жататынды?ын атап ?теді.

            Субьективті критерийлер. Адамны? маманды?ы ?аншалы?ты оны? таби?атына, ?абілеттері мен ?ызы?ушыларына с?йкес ?аншалы?ты ол ?з ісінен ?ана?ат табатынды?ымен байланысты. М??алім е?бегіндегі субьективті критерийлерге к?сіби – педагогикалы? ба?ыттылы?, к?сіпті? ма?ыздылы?ын, оны? ??ндылы?ын т?сіну, маман иесі ретінде ?зіне позитивті к?з?арасты? болуын жат?ызады.

            Н?тижелі критерийлер. М??алім ?з ісіне ?о?ам талап етіп отыр?ан н?тижелерге ?ол жеткізіп отыр ма деген м?селе т?р?ысынан ?арастырады.Біреулер н?тиже ретінде о?ушыларды? білімдеріні? стандарт?а сай болуын алса, енді біреулер оларды? ?арым- ?абілетін дамытуды алады, ал кейбіреулері о?ушыларды? ?мірге дайынды?ын басты назарда ?стайды, ал о?ыту н?тижесі біз ?шін баланы? психологиялы? функцияларын жетіліп, ?зіні? педагогикалы? ?рекеті ар?ылы ал?ан білімдерін ?з ?мірлік м?селелерін шешуге ?олдана алуы.

            Шы?армашылы? критерийлер. М??алім ?з к?сібіні? шекарасынан шы?а алуы, сол ар?ылы ?з т?жірибесін, е?бегін ?згерте алуы жат?ызылады.Шы?армашыл м??алім ?шін біреуді? т?жірибесін ?айтала?аннан г?рі ?з жа?алы?тарын, білгендері мен т?йгендерін бас?алар?а ?сына алуыны?, шы?армашылы? ба?ыттылы?ты? болуыны? м?ні зор. К?сібилікті? бірден келе салмайтынды?ы белгілі, оны ?р м??алім ерте ме, кеш пе ме?геруі тиіс. А.Маркова оны? кезе?дерін т?мендегідей етіп б?леді: м??алімні? ?з маманды?ына бейімделу кезе?і: маманды?та ?зін-?зі ?зектендіру кезе?і:маманды?ты еркін ме?герген кезе?: маманды?та шы?армашылы? де?гейге жеткен кезе?. Осылайша ?алым к?сіби ??зыреттілікті? сипаттамасын шебер- м??алімні?, жа?ашыл- м??алімні?, зерттеуші- м??алімні?, к?сіби д?режесіне к?терілген м??алімдерді? жиынты? бейнесі ретінде ?арастырады. Е? бірінші кезекте м??алімні? «?зіндік жа?алы?ы» болуы ?ажет. ?ылым жа?алы?ын т?рлендіруде ?з ?лесін ?осу ар?ылы жаса?ан н?тижелі ж?мысы ?згелерді? т?жірибесін толы? к?шірмей, жа?а орта?а икемдеп, ?зіндік іс- ?рекет жиынты?ы ар?ылы айтарлы?тай н?тижеге ?ол жеткізу керек.?азіргі к?сіптік- педагогикалы? ?ызмет ?андай м??алімді талап етеді. М??алім – о?ушыларды? жеке т?л?асын дамыту?а басымды? беретін, к?рделі ?леуметтік-м?дени жа?дайларда еркін ба?дарлай алатын, шы?армашылы? процестерді бас?ара алатын, адам туралы ?ылымны? жетістіктерін, оны? даму за?дылы?тарын, компьютерлік о?ыту ?нерін тере? ме?герген жан- жа?ты дамы?ан шы?армашыл т?л?аны талап етеді. Ал, білім беруде к?сіби ??зырлы маман иесіне жеткен деп маманды?ы бойынша ?з п?нін жетік білетін, о?ушыны? шы?армашылы?ы мен дарындылы?ыны? дамуына жа?дай жасай алатын, т?л?алы?- ізгілілік ба?ыттылы?ы жо?ары, педагогикалы? шеберлік пен ?зіні? іс- ?имылын ж?йелілікпен ат?ару?а ?абілетті, о?ытуды? жа?а технологияларын толы? ме?герген ж?не білімдік мониторинг негізінде а?параттарды тауып, оларды та?дап сараптай алатын, отанды? ж?не шетелдік т?жірибелерді шы?армашылы?пен ?олдана білетін к?сіби маман педагогті айтамыз.

?сыныс: О?ушыларды? шы?армашылы?ын дамытуда облысты? (ауданды?, ?алалы?) білім б?лімі де?гейінде бастауыш сынып м??алімдеріні? шы?армашылы? тобын ??ру;

    Пайдалан?ан ?дебиеттер :

  1. ?.С. ??дайбергенова, « ??зырлылы? білім сапасыны? критерийі: ?діснамасы ж?не ?ылыми- теориялы? негізінде», монографиялы? е?бек, Алматы, 2008, бет 257,258
  2. ?аза?стан Республикасыны? «Білім туралы» За?ы. – Алматы, 2010. 6 б.
  3. ?аза?стан Республикасында 2015 жыл?а дейінгі білім беруді дамыту т?жырымдамасы. – Астана, 2004.
  4. А.К.Маркова.К?сіби ??зыреттілікті? даму де?гейі – 2009
  5. М.И.Скаткин. Зерттеу м?дениеті – педагогикалы? ?абілет – 2008
  6. ?Р-ны? 2011-2020жж. арнал?ан білімді дамытуды? мемлекеттік ба?дарламасы Астана 2010
  7. ??дайбергенова К.С. ??зырлы? білім сапасыны? критерийі: ?діснамасы ж?не ?ылыми-теориялы? негізі. Алматы, 2008ж
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«О?ушыларды? шы?армашылы?ын дамытуда м??алімдерді? к?сіби ??зыреттілігін арттыруды? р?лі »

Оқушылардың шығармашылығын дамытуда мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін

арттырудың рөлі

Абдрахманова Зияда Жасталаповна

Екібастұз қаласы

С.Торайғыров атындағы №22 гимназия-мектебі


Ұлы Абайдың: «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады», - деген сөздері ұстаздық мамандықтың болмысын ашатын сөздер емес пе? Сондықтан кәсіби шеберлігі шыңдалған, құзырлығы жоғары, өз ісінің технологы болу ұстаздан нені талап етеді десек, ол мұғалімнің шығармашылық іс - әрекетінің мазмұны зерттеушілік қызметтен, жеке ізденістерден тұрады. Нәтижеге бағытталған білімдендірудің жаңа жүйесіне көшу мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруда да жаңа көзқарасты қалыптастыруды, құзырлықтарын үнемі дамытуды талап етеді.Жоғары мәдениетті адам ғана осы қажеттіліктерді шешудің жолдарын іздейді, табады. Ойы жүйрік, ақылы терең, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, шығармашылығы биік, кәсіби шеберлігі жетілген, ізденуші, зерттеуші, жасампаз жаңашыл ұстаз – бүгінгі қоғамның тапсырысы. Әр сабағына өздігінен білім меңгерудің, ізденіс пен жемісті еңбектің қайнар көзіне айналдырғанда ғана, талапқа сай мұғалім болу мәселесі шешіледі. «Сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер», - дейді Жүсіпбек Аймауытов.

Әлемдік бәсекелестік заманында әрбір адамның білім сапасын, қабілеттік деңгейін, іскерлік мүмкіндігін анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәселелері күн тәртібіне өткір қойылып, адамның білімі мен біліктілігі қазіргі кезеңде мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне айналып отыр.

«Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» білімді өзі бетімен ала алатын және оны түрлі жағдайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңарған әдіс-тәсілдеріне көшу талабын қойып отыр. Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық "жаңалық” ашуы шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарда білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басты қағидалары ретінде жеке адамның білімділігін ынталандыру және шығармашылық қабілетін дамыту мәселелері айқындалып, басым міндеттер қатарына қойылған.

Шығармашылық тапсырмалар мазмұны танымдық сипатта, яғни оқушының ой – өрісін, қиялын, т.б. дамытатындай, соған байланысты іс – әрекеттің түрлі амалдарын қолдана алатындай білік қалыптастыру көзделуі қажет. Шығармашылық тапсырмаларды құрастыруда оқушының дара ерекшелігін, әдебиетке құштарлығын есепке алу қажет. Шығармашылық жұмыстарды орындау нәтижесі оқушының пәнінен алатын білімін тереңдетуге, пәнге қызығушылығын арттыруға бағытталуы тиіс. Шығармашылық тапсырмалар негізінде оқушылардың сөздік қорын байыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру, мектептердің алдында тұрған үлкен міндет. Негізгі мақсат – оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығуын жетілдіру, білімге құштарлығын ояту. Сондықтан мұғалімдер оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда инновациялық технологиялар стратегиясын шебер, жүйелі қолдануы қажет.

Құзыр - бұл адамның  бойындағы бар білік пен білім және қабілеттері. Құзырет – қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық; жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында табысты іс әрекетке дайындық. Ал, құзыреттілік дегеніміз – бұл адамға берілген немесе жүктеген істі нәтижелі түрде орындауын бағалау мінездемесі. Бұл адамның бойында өзіндік, жауапкершілік, коммуникабельдік, жаңалықты жоғары қабылдайтын, мәселені шеше алатын, адамгершілігі мол, білімі жоғары, жаңа технологияларды меңгере алатын, ұжымда жұмыс жүргізе алатын, белсенділік қасиет - қабілеттерінің болуы.

  1. Арнайы құзыреттілік- өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті.

  2. Әлеуметтік құзыреттілік- кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті.

  3. Білім беру құзыреттілігі - педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті. Ендеше, құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін -өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Демек, мұғалімдер осы ақпараттық қоғамнан қалыспай: жедел ойлаушы: жедел шешім қабылдаушы:ерекше ұйымдастырушылық қабілетті: нақты бағыт- бағдар беруші болып шығуы - бұл қазіргі заманның талабы. Міне, құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың , интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ. Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. с Мұндай құзырлылықтың қатарына мыналар жатады:

  • бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, елжандылық, т.б);

  • мәдениеттанымдылық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті);

  • оқу-танымдық құзіреттілік(өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу);

  • коммуникативтік құзіреттілік ( адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы);

  • ақпараттық-технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен, техникалық обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті);

  • әлеуметтік- еңбек құзіреттілігі (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті);

  • тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті).

Аталған құзыреттілік қасиеттерді тұлға бойына дарытуда педагог қауымның арнайы әлеуметтік білім беру құзыреттіліктерінің жан- жақты болуы талап етіледі.Егер педагог өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына алатын жағдайда болғанда ғана студент құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады. Бір сөзбен айтқанда, тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай тұлғаның жан- жақты дамуына негізделген, алған білімін өмірдің қандай бір жағдаяттарына қолдана алатындай дәрежеде ұсыну педагогтің құзыреттілігіне байланысты болады.

Психологтер де, педагогтер де адамның рухани интеллектуалдық, кәсіби шығармашылықпен өзін-өзі дамытуы өмірінің әр кезеңінде әр қалай деп көрсетеді. Мысалы, ұлы педагогтер А.Дистерверг,К.Ушинский,А.Макаренко, В.Сухомлинский,т.б мұғалімдік еңбекті адамтану ғылымы, адамның жан дүниесі, рухани әлеміне бойлай алу өнері дей отырып, педагогикалық шеберліктің дамуына зор үлес қосқан. Осы тұрғыдан алып қарағанда педагогикалық шеберлік- кәсіби әрекетті жоғары деңгейге көтеретін мұғалімнің жеке қасиеттерінің, оның білімі мен білігінің жүйесі. Осы мәселені терең зерттеген А.Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей психологиялық критерийлерін анықтаған.

Обьективті критерийлер. Мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі. Жоғары еңбек көрсеткіші, әртүрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктері, т.б жататындығын атап өтеді.

Субьективті критерийлер. Адамның мамандығы қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен қызығушыларына сәйкес қаншалықты ол өз ісінен қанағат табатындығымен байланысты. Мұғалім еңбегіндегі субьективті критерийлерге кәсіби – педагогикалық бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын , оның құндылығын түсіну, маман иесі ретінде өзіне позитивті көзқарастың болуын жатқызады.

Нәтижелі критерийлер. Мұғалім өз ісіне қоғам талап етіп отырған нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма деген мәселе тұрғысынан қарастырады.Біреулер нәтиже ретінде оқушылардың білімдерінің стандартқа сай болуын алса, енді біреулер олардың қарым- қабілетін дамытуды алады, ал кейбіреулері оқушылардың өмірге дайындығын басты назарда ұстайды, ал оқыту нәтижесі біз үшін баланың психологиялық функцияларын жетіліп, өзінің педагогикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуге қолдана алуы.

Шығармашылық критерийлер. Мұғалім өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы жатқызылады.Шығармашыл мұғалім үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алуының, шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор. Кәсібиліктің бірден келе салмайтындығы белгілі, оны әр мұғалім ерте ме, кеш пе меңгеруі тиіс. А.Маркова оның кезеңдерін төмендегідей етіп бөледі: мұғалімнің өз мамандығына бейімделу кезеңі: мамандықта өзін-өзі өзектендіру кезеңі:мамандықты еркін меңгерген кезең: мамандықта шығармашылық деңгейге жеткен кезең. Осылайша ғалым кәсіби құзыреттіліктің сипаттамасын шебер- мұғалімнің , жаңашыл- мұғалімнің, зерттеуші- мұғалімнің, кәсіби дәрежесіне көтерілген мұғалімдердің жиынтық бейнесі ретінде қарастырады. Ең бірінші кезекте мұғалімнің «өзіндік жаңалығы» болуы қажет. Ғылым жаңалығын түрлендіруде өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы өзгелердің тәжірибесін толық көшірмей, жаңа ортаға икемдеп, өзіндік іс- әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу керек.Қазіргі кәсіптік- педагогикалық қызмет қандай мұғалімді талап етеді. Мұғалім – оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін, күрделі әлеуметтік-мәдени жағдайларда еркін бағдарлай алатын, шығармашылық процестерді басқара алатын, адам туралы ғылымның жетістіктерін, оның даму заңдылықтарын, компьютерлік оқыту өнерін терең меңгерген жан- жақты дамыған шығармашыл тұлғаны талап етеді. Ал, білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығының дамуына жағдай жасай алатын, тұлғалық- ізгілілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс- қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген және білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды тауып, оларды таңдап сараптай алатын, отандық және шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті айтамыз.


Ұсыныс: Оқушылардың шығармашылығын дамытуда облыстық (аудандық, қалалық) білім бөлімі деңгейінде бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық тобын құру;


Пайдаланған әдебиеттер :

  1. Қ.С. Құдайбергенова, « Құзырлылық білім сапасының критерийі: әдіснамасы және ғылыми- теориялық негізінде», монографиялық еңбек, Алматы , 2008, бет 257,258

  2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Алматы, 2010. 6 б.

  3. Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. – Астана, 2004.

  4. А.К.Маркова .Кәсіби құзыреттіліктің даму деңгейі – 2009

  5. М.И.Скаткин . Зерттеу мәдениеті – педагогикалық қабілет – 2008

  6. ҚР-ның 2011-2020жж. арналған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы Астана 2010

  7. Құдайбергенова К.С. Құзырлық білім сапасының критерийі: әдіснамасы және ғылыми-теориялық негізі. Алматы, 2008ж







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
О?ушыларды? шы?армашылы?ын дамытуда м??алімдерді? к?сіби ??зыреттілігін арттыруды? р?лі

Автор: Абдрахманова Зияда Жасталаповна

Дата: 21.05.2015

Номер свидетельства: 214003


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства