Заман талабына сай жаңа технологияларды игеру-мұғалімдер алдындағы мақсаттардың бірі. Қазіргі оқытуда тың жаңалықтар, өзгерістердің болып жатқаны анық. Соның бірі - Қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесуді міндет еткен тиімді оқыту тәсілі.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Кәсіби даму-әр ұстаздың міндеті»
Етекбаева Баян Уаткановна
қазақ тілі мен әдеиет пән мұғалім
№19 ЖООБМ
Семей қаласы
Bayan1976_semey@mail.ru
Кәсіби даму әр ұстаздың міндеті
«Еліміздің ертеңгі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
ол жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»
Н.Ә.Назарбаев
Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, білім мазмұнының түбегейлі өзгеруі, әлемдік білім кеңістігіне енуі білім жүйесіне, ондағы мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.
Заман талабына сай жаңа технологияларды игеру-мұғалімдер алдындағы мақсаттардың бірі. Қазіргі оқытуда тың жаңалықтар, өзгерістердің болып жатқаны анық. Соның бірі - Қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесуді міндет еткен тиімді оқыту тәсілі
Бағдарламамен танысқан күннен бастап, дәстүрлі оқытудан мүлдем алшақтығын, өзіміз қолданып жүрген Отандық тәжірибеміздегі технологиялық оқытулардан өзгешілігін, жаңашылдығын байқадым. Бұл курс ұстаздық жолымды өзгеше бір бет бұрысқа, жаңашылдыққа бұрды.
Әлемдік озық технологияларға тұнып тұрған Бағдарлама оқыту мен оқудағы тәжірибеме мол өзгерістер енгізгенініне сенімдімін.
Сол себебті курстың негізінде жеке басыма өзгеріс енгендігін байқадым. Қатып қалған дәстүрден айыға алмай жүрген өз басым, ең біріншіден, ұстанымымды қалыптастырдым. «Мұғалімнің ұстанымы – оның көзқарасы, қабылдаған шешімінің және іс-әрекетінің негізі»,-деген қағиданы ұстаным етемін
Мерсер мен Литлон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді.
Осыдан шығатын қорытынды, мақсатыма қол жеткізу үшін «Тиімді оқыту» бағдарламасы бойынша біліктілік арттыру курстарынан «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді (диалог арқылы) оқыту» модулі бойынша алған теориямды мектептен тәжірибеден өту барысында тізбектелген сабақтар топтамасында 9-сыныптың оқушыларына тәжірибе жүзінде өткізіп, сапалы, нәтижеге жеттім деп ойлаймын.
Сондықтан орыстың ұлы ғалымы педагог ғалымы К.Д.Ушинскидің «Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім», оқуды ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады»-деген. Бұл ұстаз атты сүрлеуге соқпағын салып, жол тартқан көкірегі ояу, көзі ашық әрбір адамға берілген елеулі ескерту.
«Ұстаздық-ұлы іс» деп кемеңгер жазушымыз М.Әуезов айтқандай,бұған лайық болу-үлкен абырой,басты борышым деп есептеймін. Мұғалім-мамандық болса,ұстаздық қасиет,табиғат дарытқан құдірет екен..Бойыңа қуат, жүрегіңе жарық жігер беріп өрге сүйрейтін де, жаныңа азық, өміріңе өзек боп төрге сүйрейтін де осы ұстаздық қасиет. Қазағымның, елім мен жерімнің және ана тілімнің мерейін өсіретін ұстаздық ұлағатты істе адал болу-абыройлы іс.«Оқушының жетістігі-мұғалімнің жетістігі, ал мұғалімнің жетістігі жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануында».