Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілі сабағында жаңа инновациялық технологияларды қолданудың жолдары»
Қазақ тілі сабағында инновациялық технологияларды қолданудың тиімді жолдары
Айдахмет Н.А.
Қазіргі таңда білімге ерекше көңіл бөлінгендігі белгілі. Ол бүгінгі өскелең өмірдің талаптарына сай маңыздылығымен ерекшеленеді. «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек» деп көрегендікпен Шоқан Уәлиханов айтқандай, халқымызды кемеліне келтіру үшін жастарымызды білімді, мәдениетті, Отанын, тілін шексіз сүйетіндей етіп дайындауға - әрбір ұстаз міндетті.
Қазақ тілін оқыту – қиын да қызық жұмыс. Қазіргі кезде қазақ тілін оқытатын мамандарға қойылатын талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы білім беру. Олардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіру және танымдық күшін қалыптастыруға жағдай жасау, оқытушының жеке басының интелектісін, оқу әрекетін, өтетін тақырып мазмұнын аша білу. Білім негізінен пән арқылы берілгендіктен, әр пәнді заман талабына сай өз деңгейінде игерту, қай кезде болмасын, ең маңызды мәселе болып келгені даусыз. Әрине терең білім де, материалдың игеруге қолайлығы да, оқулық деңгейімен шектелу де мүлде нәтижесіз болды деп айта алмаймын. Технология мен әдістеменің мақсаты бір – “қалай оқыту мәселелерін қарастырады”.‘‘Сабақ беру жай ғана шеберлік емес,ол-жаңадан жаңаны табатын өнер деп Ж.Аймауытов айтқандай бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеумен қатар оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды.
Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады.
Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
«Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады»,- деген В.Сухомлинскийдің сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім беруіне жағдай жасап отыр. Оқытушы баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, ал оқушы тыңдайды, қабылдайды, ойлайды, т.б. таным әрекеттерін жасайды.
Осы технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:
- оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;
- танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;
- этнопедагогикалық тәрбие береді;
- оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;
- оқытушының уақытын үнемдейді;
- қосымша мәліметтер береді.
Әр саланың өз жаңалық-жасампаздығы болса, біздің тіліміздегі тілдік талдауларға қажетті жаңалықтың бірі – сатылай оқыту технологиясы. Тіл білімінің қай саласы болмасын сатылап талдануға бағынады. Сатылай комплексті талдаудың маңызы зор деп ойлаймын:
- оқушы материалды қалай меңгергендігі байқалады;
- оқушы білімін тұрақтандыруға көмектеседі;
- ізденуге жетелейді, қызықтырады;
- талдау нәтижесінде оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеті артады;
- өзіндік пікірі қалыптасады.
“Қызығушылығын ояту” кезеңінде алдыңғы өткен тақырыпты тексеру мақсатында тест жұмыстарын өткізу арқылы оқушының білім деңгейін қадағалап, жаңа сабақты бастар алдында “Топтастыру” стратегиясы арқылы оқушылармен бірлесе отырып, жай сөздермен емес, тақырыппен байланыстыра жаңа сабақтың атауын шығарамыз.
Сабақтың қай құрылымында болмасын оқытушы осындай стратегияларды қолданғанда “Мен не ұтам?” және “Оқушы не ұтады?” деген сұрақтарды есінен шығармауы керек.
“Мағынанаы тану” кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап, оны “Куббизм” стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады. Сұрақтар үш деңгейде әзірленеді. Дайындалған сұрақтарға оқушылар өз ойларымен жауап бере отырып, бұл сұрақтар оқушылардың деңгейіне сай топтастырылған немесе сұрақтардың өзін сұрыптауда “Жуан және жіңішке сұрақтар” стратегиясын оқытушы жүзеге асырады.
Осы кезеңде “Түртіп алу кестесі” бойынша да жұмыстану арқылы қорытынды шығаруға болады:
Бұл технологияның келесі бір кезеңі – ой-толғаныс. Мұнда “Венн” дианраммасын қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетуге болады. Осы кезеңде оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру мақсатында сабақ тақырыбына байланысты “Дебат” яғни, пікір-сайыс өткізуге немес “5 минуттық эссе” жаздыруға болады. Мұндағы мақсат – оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру.
Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану - біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек деп ойлаймын.