Название эссе "учитель нового формата" здесь говориться о том что жизнь не стоит на одном месте появляються новые технологии и мы учителя должны меняться JJJJJJJJJJJJJJJJJJJJJJJJJJJJJJJJJJJJJJJJJJJJJJJJJJJJJJJJJJJJJJJJJJjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjj
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«эссе учитель нового формата»
ІІІ деңгейлік бағдарлама бойынша сертификатталған,
Тауағаш орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Досанова Асель Темиргалиевна
Эссе
«Мен жаңа форматты ұстазбын»
Қазіргі таңдағы еліміздегі өзгерістер тұрақты дамудың жаңа стратегиялық бағыттары және қоғамның ашықтығы оның жедел ақпараттануы, қарқындылығы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. ҚР -да білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты: экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қаблеттілігін арттыру деп атап көрсетілген. Осы мақсатқа жету жолында көптеген істер атқарылып жатыр. Біз тыңдаушы болып отырған деңгейлі бағдарламаның құрылуы да осының айғағы. Біз, мұғалімдер білім беру саласына өзгерістер қажет екенін білеміз.
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім болғандықтан, ал сол мұғалім заман талабына сай болуы үшін - әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан - жақты, білікті болуды талап етеді. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уарт жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады деген екен. Сол мәселелерге сүйене отыра мен Үшінші деңгейлік курсқа бару арқылы өзгере бастадым. Өйткені Оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздері орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған. Осыдан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір көзқарастарды жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды.
Мен осы курсқа келгеніме өте қуаныштымын өйткені мен осы курстан кейін өзгере бастадым бір сөзбен айтқанда «Жаңа форматты ұстаз» болдым деп айтуға болады. Оған дәлел сындарлы оқытудағы Жеті модульді сабағыма енгізуім. Ал сындарлы оқытудың негізігі мақсаты оқушылардың пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Оқытудың тиімді жолдарын меңгеру топпен ынтымақтастықта бірлесе жұмыс істеуге, мәселені сын тұрғысынан ойлап шешуге, қабілеттілік әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беретіндігі болғандықтан оқушылар да менімен бірге өзгере бастады.
Сындарлы оқытудағы Жеті модульдің бірі – оқытуды басқару және көшбасшылық екені белгілі. Мен осы сұрақ төңірегінде айтқым келеді. «Мұғалім – дамыту жұмысының көшбасшысы». Осы қағиданы негізге алатын болсақ, мұғалімдердің біліктілігін арттырудың деңгейлік курстарында мұғалімдер оқу көшбасшылары деп саналады, ал оқу көшбасшылары қолданатын тетіктер мектептің оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуге көмектеседі. Сондықтан курста алған білімімді пайдаланып, кеңесу жұмысын жүргіздім. Әріптестерді ашық сабақтарға қатыстырып, қызықтырып, бірлесе жұмыс істеуге шақырдым. Сабақ жоспарларын жаңа форматта жасауды үйрендім, оны әрі қарай толықтырамын, жетілдіремін соның ішіндегі жұмыстың белсенді формалары олар: топтық, жұптық, жеке жұмыстарды қазіргі уақытта жиі қолданып жүрмін. Жеті модульді терең меңгеріп, оларды сабақтарымда ықпалдастырып жүрмін. Оқушыларға
жаңа форматта өтікізіліп жүрген сабақтар ұнайды, өйткені топта жұмыс жасаған оларға ұнайды деген лебіздерін білдіріп жүр.
Сабақтағы топтық жұмыстарды дамыту көрсеткіші арқылы мұғалімнің басшылық жасауы қалыптасады. Мен әр сабағымды, өзім сабақ беретін әр сыныпта топтық жұмыстарды жүргізу үшін, тақырыпқа сай түрлі тапсырмалар ойластырамын. Көбінесе тапсырмаларды түрлендіріп отыруға тырысамын. Себебі оқушыларға келесі тапсырма қандай түрде болатынын жұмбақ, сондықтан олар оны орындау ерекшелігіне қызыға отырып жасайды. Жоспарыма сай оқу жылында 4 рет ашық сабақтар беріп отырамын. Сабаққа қатысқан мұғалімдер көбінесе сабақтың қалай өткенін білмей қалдық, сөйлемейтін оқушылардың өзі топ ішінде тапсырмалар орындауға қатысқанын, бос, зерігіп отыратын оқушылардың болмағанын, оқушылардың бір – біріне түсіндіруі, көмегі, ортақ тіл табысуы, өзін-өзі бағалаулары туралы жақсы пікірлерін үнемі білдіріп отырды. Бірақ бұл әдісті өз сабақтарында пайдаланудың оңай еместігін, көп ізденіс, шеберлік қажет екенін біледі.
Қазіргі кезде Жапон елінің «LS» тәсілін көптеген елдер қолдануда екені бәрімізге мәлім.
Бұл тәсіл енді міне бізге де жетіп қолданысқа алынып енгізіліп жатыр. Бұл тәсілдің құрамдас бөлігі рефлексия тек мұғалімге ғана емес, оқушыға да көп пайдасы бар. Әр сабақ жүйелі тиімді жоспарланғаннан соң оқушы да білімді жүйелі түрде алады және де топта жұмыс жасаған инклюзивті оқушының өзі құрдастарының арасында өз ойын еркін айтады, тіпті кейде өз ойын басқа баладан ұтымды айтуы да мүмкін. Топ мұғалімдері жауапкершілікті бірге бөлісіп, зерттеу барысында жинақтаған білімін педагог қауыммен кеңінен бөлісетіндігі өте тиімді деп ойлаймын.
Мектепте оқушылардың қалай оқып үйренуіне, ойлау қабілетінің дамуына назар аударылады. Мұғалімдердің рөлі білім беру емес, оқушыға білімді қалай алуды үйрету болып табылады. Жетістікке жеткен мектеп көшбасшысының көрсетуі бойынша жетістікке жетулерінің басты үш себебі бар екен. Олар:
- оқыту әдістері мен есеп берушіліктің тұрақтылығы;
-оқушылардың жеке қажеттіліктерін жете түсінуді басшылыққа алу;
-сабақтарды бірлесіп жоспарлау.
Бірлесіп жоспарлау үшін мұғалімдер жиналып,оқушылар үлгерімінің көрсеткіштерін зерттейді, және оқушылардың қажеттіліктеріне жауап беретіндей жаңа сабақ жоспарын жасайды. Бұл мұғалімдер тобына коучерлер көмек береді. Менің ойымша, болашақта біздің мектепте де осы тәжірибені енгізу сабақ сапасын арттырудың бір жолы болып табылады деп ойлаймын. Ынтымақтаса оқыту әдісі біздің мектептерде де қолға алуға болатын инновациялық әдіс. Себебі мұнда ақпараттар көзі көп болады да, таңдау мүмкіндігі көбейеді. Мұғалімдер оқушының білімі мен дағдысын дамытуы, оқуын барынша даралауы, қалай оқу керектігін үйренуді қалыптастыруға мән беруі және оны тұлға ретінде дамытуда икемділік танытуы тиіс. Мұғалім әр оқушының күшті және әлсіз жақтарын дәл бағалай алуға, қай пәнге бейімі барын біліп, оның білім алуына көмек көрсетуге лайықты педагогикалық әдістерді таңдай білуге және оқушымен қарым-қатынаста тиімді әрі мақсатқа лайықты тәсілді қолдануға қабілетті болуы тиіс.
«Мен жаңа форматты ұстазбын» деп өзімді қазіргі уақытта айта аламын, өйткені мен III деңгейлік бағдарлама бойынша оқып келген сертификатталған мұғаліммін. Сондықтан мен мектеп әкімшілігіне, әріптестеріме, ата-аналарға, оқушыларға «Кембридж әдісін» енгізу, дамыту, жетілдіру жұмыстарына басшылық етуді міндет көрдім. Өйткені мен жаңа форматты мұғалім болуға оқушылар үшін міндеттімін. Ендеше мұғалім білім беруде көшбасшы бола отырып, өзінің көздеген мақсатына табанды түрде жету үшін батылдық, шыдамдылық, ашықтық таныта біліп, өзінің маңайындағыларға бойындағы харизмдік қасиетін көрсетіп, оны дамыту керек деп ойлаймын. Жаңа форматты ұстаз болғандықтан мен осы күнге дейін мынадай жұмыстарды атқарып келе жатырмын олар: оқытудағы “Кембридж тәсілі” туралы алған біліміммен мектептегі мұғалімдерге педагогикалық кеңесте, әдістемелік бірлестікте тәжірибе алмасамын, ІІІ –ші деңгейлі біліктілігін арттыру курсынан өткен мектеп мұғалімдерімен кеңесіп, тәжірибе алмаcамын, жаңа тәсілдерді пайдаланып ашық сабақ беремін, қалалық, облыстық, республикалық сайыстарға қатысамын.
Ал болашақта өз мектебіме, қандай өзгерістер енгізер едім?
Финляндия, Оңтүстік Корей, Жапон, Австралия елдерінің реформаларының ұтымды тұстарын алып, ұлттық дәстүрімізді, құндылықтарымызды сақтай отырып, толығырақ айтсам:
-Оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту;
-Ақпараттық технологияларды пайдалану;
-Топтық, жұптық диалогтық оқыту;
-Әрбір адамға өмір бойы әсер ететін, үздіксіз білім беру жүйесін қалыптастыру;
-Бастауыш сыныптан бастап эссе жазуды ендірер едім;
-Бойыма жинаған, сіңірген алған білімімді, құнды тәжірибемді менімен бірге қызмет ететін мектептегі және аудан аумағындағы әріптестермен бөлісемін.
Ойымды қорыта келсем, алдымызда үлкен міндеттер тұрғанын түсінемін, ынтымақтаса жұмыс жасасақ тәжірибемізді жариялау кезеңіне де оңай жетеміз деген ойдамын.