kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дарынды бала ұлт болашағы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дарынды бала ұлт болашағы. Дарынды балалармен дұмыс жасау мұғалімнен көп еңбекті талап етеді. Барлық баланың қабілетін ашу психолог мамандардың да зерттеулері маңызды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дарынды бала ұлт болашағы»

Ақтөбе қаласы № 18 орта мектебінің

бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі

Дарибаева Кунзира Жолдановна



Дарынды оқушы-ұлт болашағы


Дарынды балалармен жұмыс жасау мұғалімнен үлкен ізденісті, көп еңбектенуді талап етеді. Барлық баланың ерекше қабілетін ашуда психолог мамандардың да зерттеулері маңызды. Ұлы ойшыл Плутарх: «Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді» деген екен. Осы сөзді ескере отырып, балаларды шығармашылыққа баулуда қажымай –талмай еңбек ету әрбір мұғалімнің міндеті. Қазіргі кезде қоғамға қажетті мамандықтар бейімділікті, ептілікті, шапшаңдықты, өзінше ерекше ойлау қабілетін, қиындықтан аз күш жұмсап шыға білуді, адамдармен тіл табыса білу өнерін, өзін қоршаған жағдайларға тез икемделгіштікті, сезімталдықты талап етеді.

Дарынды баламен жұмыс мұғалімнің бақылауымен тікелей жүзеге асып отыруы қажет. Жас ерекшелігін ескере отырып қабілетіне қарай баланы жүйелі дамытып қолдау көрсетіп отыру – келешек жастардың мемлекетімізге әкелер үлесінің зор екендігін айқындай түседі.

Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты – олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты. 
Дарынды баланың одан әрі жетіле түсуіне ұстаз тарапынан мейірім мен кішіпейілділік,бала жанын жазбай танушылық қасиет қажет-ақ. 
Осы тұрғыда мұғалім оқушының талантты немесе дарынды екенін қалай анықтауға болады. Балалар бір пәннен емес бірнеше академиялық пәндерден олардан күткеннен жоғары деңгей көрсетуі мүмкін, сонымен қатар олар бір салада дарынды болса,басқа салада қиындыққа тап болуы мүмкін; олар дамудың бір кезеңінде өте қабілетті болса, келесі кезеңдерде қабілеттерін танытпауы мүмкін.

Менің тәжірибемде бастауыш сыныпта оқып жүрген оқушылардың басым бөлігі негізгі пәндерден қабілеті аз балалар бейнелеу пәнініне келгенде жоғары құштарлығымен жұмыс жасап орындайды. Бұл оқушыларға өз тарапымнан деңгейлі тапсырма беруге тырысамын. Қызығатындай мәселе оқушы өзіне берілген тапсырмадан өзіне тән жанрды, оны орындау тәсіліне қарай түрін таңдауында болды. Дарынды балалардың әрқайсысына тән өзіндік талғамы болатындығына көзім жетті.

Шығармашылық – бұл өмір шындығында өзін – өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Шығармашылық –бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижес. «Шығармашылық» сөзінің төркіні этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «шығармашылық қайталанбайтын тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет»,-деп түсіндіріледі. Әсемдіктің қыр сырын түсіну мен сүйе білу әрбір адамға рухани байлығы үшін ғана емес, еңбекте де жаңа жетістікке жету үшін қажет. Ол қандай мамандық иесі болмасын, ол әсемдіктің нәзіктігін түсіне де,көре де білуі тиіс. Сурет салуға оқыту өзара байланысты екі міндетті шешуге ықпал етеді; Олар: оқушылардың көру арқылы қабылдауын дамыту және олардың көргендерін ой елегінен өткізу дағдыларын қалыптастыру. Соның бір дәлелі ретінде ғылыми шығармашылық зерттеуге қатысып жүрген оқушылардың бойынан тереңірек көруге болады. Олар әрбір жұмыстың ұсақ түйегіне көңілінен шыққанша орындауға барады. Шығармашыл оқушының қолынан шыққан әрбір туынды өзіндік ерекшелігімен таныналады. Ол әрине оқушының пәнге деген қызығушылығынан туындайды. Бейнелеу өнерінің қыр сырын меңгеруде оны әрі қарай өмірде пайдалануға үлкен үлестерін қосып келетін де осы дарынды оқушылар деп айтуға тұрарлық.

Мектептегі бейнелеу өнерінің өз дәрежесінде өтілуі, ең алдымен пән мұғаліміне байланысты. Адам өз табиғатында ақылға қарағанда сезімдік қабылдауға жақын жаратылған. Л.С.Выготский, В.А.Сухомлинский және т.б. белгілі психолог, педагогтардың пікірлерінен сүйенетін болсақ, өкінішке орай адам өміріндегі бұл ерекшелік көбінесе ескерілмейді.

«Дарынды ұстаздан-дарынды шәкірт шығады» демекші, дарынды оқушылардың көп болуы дарынды, шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздарға байланысты.

Осы уақытқа дейін елімізде небір дарынды да , талантты адамдар шықты. Дарынды адамдар өзінің қандай да әрекет сферасында қабілеттіліктің жоғары деңгейін көрсетіп, қоғамға қаншама жаңалықтар енгізгіп отырғаны белгілі.

Қорытындылай келе, дарынды баланың бойынан табылатын асыл қасиеттердің, өмірге құштарлықтың, биік ізгіліктің бірінші кілті – мыңды жығатын білімде бола отырып, оны дамытуды ұстаздардың дұрыс үйлестіре білуі басты мәселелердің бірі ретінде алға шығады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Бәсекеге қабілетті қоғам орнатудың негізі – білімде»-деп айқындап көрсетті. Ал, біз, ұстаздар қауымы, осы қоғамдық-әлеуметтік сұранымға сай білімді де, білікті әлемдік бәсекеге қабілетті ұрпақты оқытып, тәрбиелеуіміз керек. Қорыта айтқанда,оқушының мектеп қабырғасында алған білімі оған қызмет жасайтындай дәрежеге жеткізуге ұмтылуымыз керек.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Дарынды бала ұлт болашағы

Автор: Дарибаева Кунзира Жолдановна

Дата: 06.02.2018

Номер свидетельства: 455066

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(23) "дарынды бала"
    ["seo_title"] => string(11) "daryndybala"
    ["file_id"] => string(6) "292994"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1455382307"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Дарынды о?ушы- ?лт болаша?ы "
    ["seo_title"] => string(31) "daryndy-ok-ushy-u-lt-bolashag-y"
    ["file_id"] => string(6) "209591"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431242026"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Дарынды бала - болаша? тірегі"
    ["seo_title"] => string(27) "daryndybalabolashaktirieghi"
    ["file_id"] => string(6) "293042"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1455386082"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Дарынды о?ушылармен ж?мыс ж?ргізу т?жірибемнен."
    ["seo_title"] => string(56) "daryndy-ok-ushylarmien-zhu-mys-zhurghizu-t-zhiribiemnien"
    ["file_id"] => string(6) "289794"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454860527"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Бала?ызды тани аласыз ба?"
    ["seo_title"] => string(25) "balan-yzdy-tani-alasyz-ba"
    ["file_id"] => string(6) "253343"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1447587463"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства