kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Білім мазмұның жаңарту жағдайында оқушылардың білім сапасын арттыруға арналған әдіс - тәсілдер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Осы мақалада білім мазмұның жаңарту жағдайында оқушылардың білім сапасын арттыруға арналған тиімді әдіс - тәсілдер көрсетілген. Қазақ тілі және әдебиеті сабақтарында сабақтың әр кезеңінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға арналған жаттығулар мен әдістерді кеңінен пайдалануға мүмкіндік бар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Білім мазмұның жаңарту жағдайында оқушылардың білім сапасын арттыруға арналған әдіс - тәсілдер»

Білім мазмұның жаңарту жағдайында оқушылардың білім сапасын арттыруға арналған әдіс – тәсілдер

Смагулова Асылзат Сериковна, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Қарағанды қаласы «№4 жалпы білім беретін мектеп – интернаты» КММ

Қазіргі заман мектебі бала үшін қызмет ете отырып, оның мақсаты білімді өмірге қолдана, көпшілікпен араласа алатын, ішкі мәдениеті, ойлау және сезіну қабілеті бар, адамгершілігі мол адам дайындау болуға тиіс.

Ендеше осы талаптарды іске асыруда мұғалімге бірден-бір көмек ол – озық технологияларды үйрену, қолдану, қолданыс кезінде саралау, жүйелеу болып табылады.

Біздің, мұғалімдердің, басты міндетіміз – балаларды:

  1. Ақпаратты талдау, қажетті фактілерді іріктеп, оларды салыстыруды үйрету.

  2. Меңгерілген материал мен жаңа материал фактілерін байланыстыра білу.

  3. Мәселені дәлелдеу, түсіндіру немесе шешу үшін логикалық сараптау тізбегін құруға үйрету.

  4. Қарастырылатын нысан немесе проблеманы барлық ықтимал жағдайларда және өзара байланыстыра қарауды үйрету.

  5. Ойша және іс жүзінде эксперимент жасауды үйрету.

  6. Күрделі мәселелер жайлы алған білімдерін пайдалана отырып, өз бетінше ізденуге үйрету.

  7. Түрлі әрекеттер мен шешімдердің салдарын болжай білуге үйрету.

  8. Сыныптастарымен жұптасып, үлкен не шағын топ құрып ынтымақтаса жұмыс істеуге үйрету.

  9. Сөйлей білуге және тыңдай білуге үйрету.

  10. Зерттеу жұмысын жүргізуге үйрету.

  11. Топтық жұмыс кезінде топ жетекшісі, бағалаушы, уақыт үнемдеуші болуға дағдыландыру.

Оқыту барысында мұғалім оқушыларға мынадай міндеттер қоя алады:

Мұғалімнің оқушыларға қоятын басты міндеттері

Білімді өз бетінше табуды үйрен.

Зерттеулік ізденіс техникасын меңгер.

Проблеманы анықтау, оның шешімін табуды үйрен.

Қарастырылатын мәселеге өз көзқарасың болсын.

Жолдастарыңмен де, үлкендермен де байланыс орнатуды үйрен, сөйлеп қана қоймай, өзгелерді тыңдай білуді үйрен, бұл саған өмірде қажет болады.

Не үшін оқып жүргеніңді және алған біліміңді қай кезде қолдануға болатынын түсінуге тырыс.

Қарым-қатынас мәдениетін үйрен.



1.2. СТО бағдарламасының стратегиялары.

Біз озық технологияларды естіп, біліп, көріп жүрміз. Сол технологиялардың алуан түрлілігі таң қалдырса, қолданудың ерекшелігі мен тиімділігі қатты қызықтырады. Жалпы озық технологиялардың түрлері мен әдіс-тәсілдерін біз айтпай-ақ ізденісте жүретін шығармашыл ұстаздар жақсы біледі.

Жаңа технологиялар, озық технологияларды толық қолданбасақ та стратегияларымен танысып, сабақта үнемі қолданып жүрміз. Жалпы озық технологиялармен жұмыс жасау үстіндеміз.

Енді осы стратегиялардың бірнешеуі туралы айтып өтсек. Олар СТО бағдарламасының стратегиялары:

  1. «Топтастыру»;

  2. «Бір айналым сөйлесу»;

  3. «Әңгімені бірлесе жазу»;

  4. «Галереяны шарлау»;

  5. «ЖИГСО 1»; «ЖИГСО 2»;

  6. «Араласып кеткен оқиғалар»;

  7. «Кубизм»;

  8. «Пирамидалық оқиға»;

  9. «Ұқсастық пен даралық»;

  10. «Семантикалық карта»;

  11. «Білемін. Білгім келеді. Не үйрендім?»;

  12. «Бес жолды өлең»;

  13. «Пікірталас»,

  14. «Қарама-қарсы элементтер»;

  15. «Соңғы сөзді мен айтамын»;

  16. «Психологиялық дайындық»;

  17. «Мағынаны таныту»;

  18. «Ой қозғау»;

  19. «Еркін жазу»;

  20. «Жұп болып оқу»;

  21. «Миға шабуыл»;

  22. «РАФТ» (рөл, аудитория, форма, тақырып);

  23. «ЖМКМ» (жылдамдық, мәнер, көңіл-күй, мазмұны) – «СИЭП»;

  24. «Пирамида»;

  25. «Сауаттылықты ашатын хаттар» және т.б.

СТРАТЕГИЯ – бұл болып жатқан әрекеттен күтулі болжамға ауысуға мүмкіндік беретін интеллект күші мен шешімнің жиынтығы.

«АКТ», «Дамыта отырып оқыту», «Деңгейлеп оқыту», «Сыни тұрғыдан ойлау» және т.б. технологиялар аясында болған зерттеулер, сараптамалар қорытындысы тек жақсы жағынан сипат алып отыр. Оқушының қызығушылығын оятып, білім алуға деген құштарлығын арттыра білген осы жобалар оқытылып отырған курстарда кеңінен қолданылуда. Тек мұғалім назары ізденісте, шағармашылықта болғаны абзал.

СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ – ақпаратты сыни тұрғыдан қабылдау, талдау және жан-жақты қарастыру, іріктеу және тиімді қолдану. Өз ой-пікірлеріне де сыни тұрғыдан қарап, «иә» және «жоқ» деген әрекеттеріне үнемі талдау жасау. Біреудің айтылған пікірі сынау деп емес, әркімнің өз көзқарасы бар деген ұғымды ұстану керек. Сыни тұрғыдан ойлай білетіндер біреудің ойын тыңдай біледі.

Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылауды және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Мұғалімдер педагогикалық білімі бар және қосымша білім беру мен өз біліктілігін арттырушы субъектілер болғандықтан, оларда бұл дағдылар дамыған және іс-тәжірибеде қолданылады деп ойлаймыз. Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.

Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. Оқыту мен білім беруді сыни тұрғыдан ойлау сияқты күрделі міндеттермен қатар, қарастырылмаған болжамдар мен құндылықтарды, мәселелерді мойындау және олардың шешудің тиімді құралдарын табуды, басымдықтарды бекітудің маңыздылығы мен міндеттерді шешудегі артықшылығын түсінуді қарастырады.

Сыни тұрғыдан ойлауды, әдетте, білім берудің кейінгі кезеңдерімен – орта мектептің жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындарында оқушылармен байланыстырады. Алайда сыни тұрғыдан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл – балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Бізде балалардың қызығушылығын оятып, олардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту үшін қолдануға болатын, әлемнің түрлі бөліктеріндегі және тарихтың кезеңдеріндегі тұрмыс салты туралы мысалдар жеткілікті.

Сыни тұрғыдан ойлау мән мәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. Сыни тұрғыдан ойлаудың бұл дағдылары төмендегідей сипатталады:

  • бақылау;

  • талдау;

  • қорытынды.

Осы озық технологиялар, сол бағдарламардың стратегиялары оқушыға болсын, мұғалімге болсын қажет, қызықты, нәтижелі, ерекше, тиімді, болжамды және қазіргі таңда өзекті.

ІІ бөлім. Сабақ кезеңдері және қолдануға тиімді стратегиялар.





Сабақ кезеңдері

Қолдануға тиімді стратегиялар

І

Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық, Миға шабуыл, Кубизм, Ой қозғау

ІІ

Үй тапсырмасын сұрау

Топтастыру, Бір айналым сөйлесу, Әңгімені бірлесіп жазу, Араласып кеткен оқиғалар, Кубизм, Ұқсастық пен даралық, Еркін жазу, РАФТ, ЖМКМ (СИЭП), Пирамида

ІІІ

Жаңа сабақ

Топтастыру, Бір айналым сөйлесу, Әңгімені бірлесіп жазу, Галереяны шарлау, ЖИГСО 1,2, Араласып кеткен оқиғалар, Кубизм, Ұқсастық пен даралық, Семантикалық карта, Пікірталас, Қарама-қарсы элементтер, Соңғы сөзді мен айтамын, Мағынаны таныту, Еркін жазу, Жұп болып оқу, Миға шабуыл, РАФТ, ЖМКМ (СИЭП), Сауаттылықты ашатын хаттар, Пирамида

IV

Қорытынды

Топтастыру, Бір айналым сөйлесу, Әңгімені бірлесіп жазу, Пирамидалық оқиға, Кубизм, Ұқсастық пен даралық, Семантикалық карта, Білемін. Білгім келеді. Не үйрендім?, Бес жолды өлең, Пікірталас, Еркін жазу, РАФТ, ЖМКМ (СИЭП), Сауаттылықты ашатын хаттар, Пирамида

2.1. Стратегияларды тиімді пайдалану жолдары.

«Топтастыру» – мұғалімге өз қалауынша сабақтың барлық кезеңдерінде қолдануға мүмкіндік береді. Үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты бекіту немесе қорытынды сабақтарда жақсы ұйымдастыра білген жағдайда оң нәтиже беретіні анық. Оқушыларға белгілі бір тақырып аясында топтастыру тапсырылады. Оқушы сол тақырыпты ашу мақсатында ойына бірден келген сөздерді жазу арқылы толтырады.





«Бір айналым сөйлесу» – әдебиеттік оқу және дүниетану пәндерінде қолданған тиімді. Сабақта өтіп жатқан тақырып бойынша оқушылардың білімдерін тексеру кезеңінде жүргізіледі. Мысалы, әдебиеттік оқу сабағында ертегінің мазмұнын ашатындай 6 сөйлем құрап айту тапсыралады. Топ мүшелері тізбек бойынша әңгімелеп шығады.

«Әңгімені бірлесіп жазу» - бұл стратегия былай жүзеге асырылады. Әртүрлі тақырып жазылған бірнеше карточка болады, әр топ бір-бір тақырыпты таңдап алады.

Алдымен топ мүшелері тақырып бойынша қандай идеялар қамтылатынын топтастыру арқылы жазады. Оқиға желісін анықтап алғаннан кейін, 1-оқушы мәтіннің басталуын (кіріспе бөлім) жазады, 2-оқушы болған оқиғаны жазады, яғни негізгі мәселеге тоқталады, 3-оқушы мәтінді аяқтайды (қорытынды бөлім), 4-оқушы оқиғаға өз көзқарасын білдіреді.

Мысалы, 3-сыныптың әдебиеттік оқу пәнінен М.Қуанышбаевтың «Екі дос» аңыз әңгіме сабағы:

1-оқушы: Кіріспе. Ерте заманда екі дос болыпты. Жаугершілік заманы екен...

2-оқушы: Негізгі мәселе. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. ..... Досымды босатыңдар, ең қымбат өмірімді қияр едім...

3-оқушы: Қорытынды. Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады....

4-оқушы: Өз көзқарасын білдіру. Менің ойымша, екі дос бір-біріне өте адал...

«Галереяны шарлау» - сынып оқушылары топтарға бөлінеді. Оқушылар өз топтарында тапсырмаларды орындайды. Дайын болған жұмыстар сынып қабырғасына ілінеді. Барлық топтар Галереяны аралауға шығады да, басқа топтың жұмысына қатысты пікірлері мен ескертулерін стикерлерге жазып қалдырады. Әр топ өзінің плакатын тобына алып келіп, берілген нұсқауларды ескере отырып, өз жұмыстарын толықтырады. Өзге топтан берілген нұсқаулар бағалау түрінде берілмеуі тиіс және өте сыпайы болғаны дұрыс.

Мысалы, қазақ тілі пәнінен «Сөз таптары» тақырыбын қайталау барысында 4 топ бойынша жұмыс жүргізіледі. Әр топ өзіне берілген сөз табы бойынша білгендерін жазып, қабырғаға іледі. Барлық топ жұмысты аяқтағаннан кейін өзге топтардың жұмысымен танысып, өз ой-пікірлерін стикерлерге жазып қалдырады. Келесі толықтырулар енгізілуі мүмкін: «Зат есім» тобына – негізгі және туынды зат есімнің жасалуы: балық-балықшы, заң-заңгер; «Етістік» тобына – болымсыз етістіктің ережесі: -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалған етістіктерді болымсыз етістік дейміз; және т.с.с. Галереяны аралап болғаннан соң әр топ өз плакаттарын топқа әкеліп, берілген нұсқауларды ескере отырып, жұмыстарын толықтырып аяқтайды.

«ЖИГСО 1», «ЖИГСО 2» - бұл стратегия мұғалімнің құзіреттілігінде. Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде мұғалім оқушыларды топтарға бөлуде қолданылады. Бірінші, екінші сынып оқушыларын топқа бөлуде жемістердің, аңдардың, геометриялық фигуралардың суреттерін пайдалансақ, үшінші, төртінші сынып оқушыларын 1,2,3,4 деп жанұялық топтарға бөлу арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, дүниетану сабағында «Түсті металл кендерін» тақырыбын өту барысында оқушыларды жанұялық 4 топқа және эксперттік топқа бөлінеді:

І топ - «Мыс»;

ІІ топ – «Алюминий» металы;

ІІІ топ – «Полиметалл»;

ІV топ – «Мырыш»;

Әр топ мәтіннің бөлігі бойынша дайындалып, өз дайындығымен келесі топқа барып, презентациясын көрсетіп, таныстырады. Сөйтіп, барлық топ мәтіннің толық нұсқасымен танысып шығады. Эксперттік топ оқушылардың Мұғалім өз ойын, пікірін топтарға міндетті түрде қолдануларын талап етпейді, бірақ, нұсқау бере отырып, оқушылардың жұмысын қадағалап, оқушылардың нәтижелі жұмыс істеуіне қолайлы жағдай туғызуы керек.

«Араласып кеткен оқиғалар» – көбінесе мәтінді талдау кезінде жүргізіледі. Мұғалім оқушыларға алдын ала дайындалған мәтін бөліктерін таратады. Топтағы оқушылар осы бөліктерден оқиға желісін сақтай отырып мәтін құрастырып, оқиды. Оқушылардан әңгіменің мазмұнына байланысты оқиғаның барысын жүйелі түрде орналастыру талап етіледі. Осы стратегияның көмегімен мұғалім топтардың жаңа сабақтағы мәтіннің мазмұнын қалай түсінгендігін аңғарады.

«Кубизм» – сабақты қорытындылау кезеңінде пайдаланса өте тиімді болады. Ол үшін оқушылар шағын топтарға бөлінеді. Неше топ болса, текшенің сонша жағына тапсырмалар жазылады. Текшені топтың ортасына тастағанда, әр топ отырған жаққа қай жағындағы тапсырма түссе, топ сол тапсырма бойынша дайындалады. Мысалы, 3-сыныптың математика сабағында көбейту кестесін қайталау:



5-тің көбейту кестес











Тапсырмаларды мұғалім қалауынша өзгерте алады.

«Пирамидалық оқиға» - бұл статегияны сабақтың қорытынды бөлігінде қолданған тиімді болады. Өйткені оқушылардың жаңа тақырыпты қаншалықты түсінгендерін берден анықтауға мүмкіндік береді. Әдебиеттік оқу және дүниетану пәндері бойынша мына үлгі бойынша іске асырылуы мүмкін:

  1. __________

  2. _______________

  3. ______________________

  4. _____________________________

  5. _____________________________________

  6. ____________________________________________

  7. _____________________________________________________


Мұндай сызба барлық оқушыға таратылады. Берілген тапсырма осы жолдарға жазылады.

  1. Оқиға кейіпкерінің атауын беретін (адам, аң, өсімдік, жансыз зат) 1 сөз.

  2. Кейіпкердің сырт бейнесін, мінезін, түрін анықтайтын 2 сөз.

  3. Оқиғаның болған орнын анықтайтын 3 сөз.

  4. Оқиғаның өтуін түсіндіретін 4 сөзден тұратын сөйлем.

  5. Оқиғаның шығу себебі (5 сөз).

  6. Әрі қарай не болды? (6 сөз).

  7. Оқиға қалай аяқталды? (7 сөз).

«Ұқсастық пен даралық» – Венн диаграммасымен қатар қолданылып жүрген стратегия болып табылады. Венн диаграммасының жолымен жүргізіледі. Екі тақырып бойынша немесе әңгімедегі кейіпкерлердің ұқсастығы мен даралығын тауып, кестені толтыру керек.









Мысалы, и және й әріптерін салыстыру үшін Венн диаграммасын толтыруға болады. Алдымен әр топ диаграмманы толтырып, өзара талқылайды. Содан кейін топ мүшелері бірін-бірі толықтыра отырып, барлығы бірлесіп тақтада Венн диаграммасын құрайды.


и

й

  1. Дауысты дыбыс.

  2. Дауыссыз дыбыстан кейін жазылады.

  3. Сөздің басында көп кездеседі.

  4. Буын құрайды.

  5. Айтылуында и дыбысының алдында -ы, -і дыбысы естілгенімен, жазылмайды.

  6. Тек тый, сый сөздерінде ы әрпі жазылады.

  1. Дауыссыз дыбыс.

  2. Әріптік таңбасы бар.

  3. Сөздердің ішінде кездеседі.

  4. Сөздің басы, ортасы, соңында келеді.

  5. Дауысты дыбыстан кейін жазылады.

  6. Шет тілден енген сөздердің ғана басында келеді.

  7. Буын құрамайды.


«Семантикалық карта» – қазақ тілі пәніне арналған стратегия десе де болады. Өз іс-тәжірибемізде осы пән бойынша оқушыларды қызықтырып, жақсы нәтиже көрсетті. Әсіресе ережелерді қайталауда әр оқушының білім деңгейін анықтауға әсері мол. Оқушылардың ережелер мен олардың анықтамасынан қателеспеуге, мысалдар ойлап айтуға, жазуға көп көмегін тигізеді. Семантикалық карта толтыру «+», «-» таңбаларын қою арқылы орындалады.


Дауысты

Дауыссыз

Жуан айтылады

Жіңішке айтылады

Сөз басында

Сөз ортасында

Сөз соңынеда

и








й








у










«Білемін. Білгім келеді. Не үйрендім?» - әр сабақтың қорытынды кезеңінде қолданылады. Өтілген тақырып бойынша оқушылардың сабақтан алған әсерлерімен қоса өздерін қызықтыратын сұрақтардың да туындауы даусыз. Сондықтан «Білемін. Білгім келеді. Не үйрендім?» кестесін толтыру кезінде оқушылардың білімін тексеріп қана қоймаймыз, олардың тілек-ұсыныстары назардан тыс қалмайды.

Білемін

Білгім келеді

Не үйрендім?

1.

1.

1.

2.

2.

2.

3.

3.

3.



«Бес жолды өлең» – жаңа сабақты бекіту кезеңінде қолданылады. Оқушылардың сабақта алған білімдерін жаңа ұғымды қаншалықты меңгергендерін білу мақсатында жүргізіледі. «Бес жолды өлең» стратегияның ережесін сақтай отырып жазылуы тиіс. Мысалы, қазақ тілі сабағында «Кітап» деген сөзге өлең құрастырып жазу тапсырылды делік:

Үлгі:

1-жол

Зат есім (1 сөз)

Кітап


2-жол

Сын есім (2 сөз)

Қызықты, пайдалы


3-жол

Етістік (3 сөз)

Үйретеді, тәрбиелейді, қызықтырады

4-жол

Сөйлем

(4 сөзден тұратын)

Ол сенің жақын досың

5-жол

Сөз – 1-жолдағы сөзге қатысты синоним (ассоциация – 1 сөз)

Білім



«Пікірталас» – сабақтың әр кезеңдерінде жүзеге асырылуы мүмкін. Бір тақырып таңдалады. Әр топ қорғау кезінде бір-бірін қайталамайтындай етіп тапсырма беріледі. Мысалы, дүниетану сабағында «Суды қорғау» тақырыбы бойынша әр топ «Су неліктен ластанады?» сұрағына әртүрлі көзқараспен сипаттап, жауап беруге дайындалады.

І топ: «Адамдар»;

ІІ топ: «Завод пен фабрикалар»;

ІІІ топ: «Табиғи апаттар»;

ІV топ: «Адамның кінәсінан емес».

«Қарама-қарсы элементтер» - қарама-қарсы мағыналы сөздерді табуға арналған жаттығуларды орындағанда осы стратегияны қолдануға болады. Көбінесе қазақ тілі және дүниетану пәндерінде пайдалану тиімді.

Мысалы,

қыс жаз

күн түн

жіңішке жуан

биік аласа

ыстық суық

Оқушылар бұл сөздердің неге қарама-қарсы мағыналы сөздер деп аталатынын дәлелдейді.

«Соңғы сөзді мен айтамын» - сөздің мағынасын анықтауда қолдану тиімді. Барлық оқушыға бірнеше бөлікке бөлінген бір-бір қағаз таратылып беріледі. Ол қағаздарға жаттығулардағы мағынасы қиын сөздер жазылады. Оқушылар қағаздың екінші бетіне ол сөздердің түсіндірмесін жазады. Топ мүшелерінің әрқайсысы өз түсіндірмесін оқиды. Олар ішінен ең дұрыс түсіндірілгенін таңдап алады.

Бүгінгі таңда ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың дамуына байланысты балалардың көркем әдебиеттен алыстап кетуі алаңдатады. Сондықтан оқушылардың көркем әдебиеттерді қызыға оқып, өмірде қолдана білуге баулу әр ұстаздың парызы деп ойлаймыз.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:


    1. ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған «Алматыкітап» баспасы оқулықтары, 5-9 сынып.

    2. ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған «Алматыкітап» баспасы оқулықтарының әдістемелік құралдары, 5-9 сынып.

    3. А.К.Количенко «Энциклопедия педагогических технологий», Санкт-Петербург «КАРО», 2002.

    4. С.Мирсеитова «Тіл және мәдениет», Алматы «Верена», 2007.

    5. С.Мирсеитова «RWCT сөздігі», Алматы «Верена», 2005.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Смагулова Асылзат Сериковна

Дата: 03.10.2019

Номер свидетельства: 521671

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(114) "Математика саба?ында о?ушыларды? шы?армашылы? ?абілетін дамыту "
    ["seo_title"] => string(71) "matiematika-sabag-ynda-ok-ushylardyn-shyg-armashylyk-k-abilietin-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "185077"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1426145772"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(194) "Физика п?нін о?ытуда а?паратты?- коммуникативтік технологиясы ар?ылы о?ушыны? ойы мен белсенділігін дамыту."
    ["seo_title"] => string(102) "fizikapninokytudaakparattykkommunikativtiktiekhnologhiiasyarkylyokushynynoiymienbielsiendilighindamytu"
    ["file_id"] => string(6) "285997"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454262780"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "??мырс?аны? ?ана?аты "
    ["seo_title"] => string(25) "k-u-myrsk-anyn-k-anag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "151018"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420622724"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(138) "Ша?ын жина?ты мектептерде саба? жоспарлау мен ?йымдастыруды? тиімді жолдары "
    ["seo_title"] => string(87) "shag-yn-zhinak-ty-miektieptierdie-sabak-zhosparlau-mien-u-iymdastyrudyn-tiimdi-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "186656"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1426402643"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(114) "?аза?стан тарихы  п?нін о?ытуда тиімді ?діс-т?сілдерді пайдалану"
    ["seo_title"] => string(55) "kazakstantarikhypninokytudatiimdidistsildierdipaidalanu"
    ["file_id"] => string(6) "294214"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1455620811"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства