kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Білім беру жүйесінде ақпараттық технологияны қолданудың маңызы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қай кезде,қай заманда болсын адамзаттың басты міндеті – ақылды, да саналы, еңбексүйгіш ұрпақ тәрбиелеу.Кез келген халық ұрпағының адал,әділ, кішіпейіл, мәдениетті, ұлтжанды, батыл болып өсуін қалайды. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Білім беру жүйесінде ақпараттық технологияны қолданудың маңызы»

Білім беру жүйесінде ақпараттық технологияны қолданудың маңызы


Қай кезде,қай заманда болсын адамзаттың басты міндеті – ақылды, да саналы, еңбексүйгіш ұрпақ тәрбиелеу.Кез келген халық ұрпағының адал,әділ, кішіпейіл, мәдениетті, ұлтжанды, батыл болып өсуін қалайды. Осы мақсатта халық ғасырлар бойы өзімен жасасып келе жатқан тілі мен әдет – ғұрпына сүйенеді.Ұрпақ тәрбиесі аса жауапкершілікті қажет ететін іс. Сондықтан уақыт ағымы ұстаздар қауымына жаңа міндеттер, ауқымды талаптар қойып отыр.Заман алға жылжып, қоғам өзгерген сайын жаңа мазмұнды оқу жүйесін қалыптастыру - өмір талабы.

Еліміздің егемендік алуы нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде, білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы күнге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты. Жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі – білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы. Білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас (жаңа базистік оқу жоспарына көшу, білім мазмұнын жетілдіру, жаңа буын оқулықтары мен оқу әдістемелік кешендерге көшу, т.б.), жаңаша ойлау қалыптасуда,өйткені еліміз әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.

Қазір дәстүрлі білім беруде оқушыларға тек пәндік білім, білік, дағдылардың белгілі жиынтығын меңгертуге ғана бағытталмай , олардың жеке басының дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына да көңіл бөлініп отыр.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі

  1. Білім беру мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен ерекшеленеді.

  2. Ақпараттың ауызша және жазбаша, телефон және радио байланыс қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде.

  3. Баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына зор көңіл бөлінуде.

  4. Қоғамдық біліммен пара-пар педагогикалық технологияның кеңінен қолданылуына және ғылымның рөліне мән біріліп келеді.

Бұл технологияның өзін мұғалім түрліше (орташа дәрежеде ұқыпты, дәл нұсқау бойынша немесе шығармашылықпен) іске асыруы мүмкін. Бұл жерде технологияны жүзеге асырушының тұлғалық компоненті, белгілі бір ерекшеліктері елеулі түрде әсер етеді, сонымен бірге оқушы әрекеті – оның қабылдауы, ынтасы, құштарлығы негізгі рөл атқарады.

Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Мұғалімнің сабақтағы қолданған әдістері оқушыға әсер етуіне қарай бағаланып, өз талабына сай орындалып отыруы тиіс. Бұл орайда өзім сабақ беретін қазақ тілі мен әдебиет пәніне көңіл аудара сөз қозғайын. Қазіргі кезеңде оның алатын орны ерекше, ана тіліне тек мәдени шара деп емес, экономикалдық қажеттілік деп те қарау керек. Жалпы білім саласында тілдерді оқыту ең басты орын алады.Ол оқушының қарым – қатынастық мәдениетін қалыптастырады.Қазақ тілі – мемлекеттік мәртебемізді,ұлттық болмысымызды танытатын басты белгі.Қазақ тілі халқымыздың рухани байлығын ғасырдан – ғасырға жалғастырып келе жатыр. Ол байлыққа қазақтың тіл мәдениетін толық меңгеру арқылы ғана қол жеткізуге болады.Қазақтың тіл мәдениеті қазақ тілі пәні арқылы жүзеге асады .

Бүгінгі таңда электрондық оқулықтар білімді ақпараттандырудың негізгі факторлары болып табылады. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте-мөте қажет» деп, ел Президенті атап көрсеткендей, электронды оқыту әдіс-тәсілдерін мектеп өміріне енгізу – жаңа білім берудің бірден-бір шарты. Біздің мектеп ұжымы педагогикалық жаңалықтарды дер кезінде қабылдап, оны нәтижелі пайдалана білу арқылы мұғалімдер шығармашылығын шыңдап, кәсіби біліктілігін арттыра түсуге ұмтылып келеді.

Қазіргі уақытта білім берудің озық технологияларын меңгеру – заман қажеттілігі. Әрине, ол компьютердің көмегімен болмақ. Компьютермен жұмыс істеу өте қызықты. Нашар оқитын оқушының өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді. Соның нәтижесінде асықпай компьютермен еркін сырласа отырып, ойлануға қолын жеткізеді.

Қазақ тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпараттарды білуге жол ашады. Бұрын адам ойында болмаған оқытудың жаңа әдістерін ұйымдастыруға болады.

Оқушының сабақ барысында алған білімін бағдарлама тікелей тексеріп, оқу процесі барынша екі жақты жүреді. Бұл оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдысын және олардың танымдық белсендігін арттырады, орфографиялық, лексикалық, грамматикалық дағдыларды қалыптастырады. Компьютерді қолданудың психологиялық тұрғыда тиімділігі – олар оқушылрды есту, көру, сөйлеу, түрлі ойындар ойнау, суреттер салуына септігін тигізеді.

Дамудың жаңа сатысына бағыт алған мектептің ең негізгі өзегі – мұғалімнің жеке басының іздемпаздығы мен білімділігі. Мұғалім көбінесе оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолданған жөн. Көбінесе, проблемалық оқыту, ойын арқылы оқыту, инновациялық оқыту, саралап оқыту, тірек сызбаларды қолдану арқылы оқыту, компьютерлік оқыту және жаңа технологиялар бойынша оқыту, электронды оқыту, т.с.с.

Жаңа технология жүйесінде проблемалық және іскерлік ойын арқылы оқытудың да маңызы зор. Оқушылар әртүрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге қызығуын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.

Білім беру саласындағы өзгерістер, жаңалықтар, оқыту мен тәрбиелеу ісін ізгілендіру, демократияландыру, ұлттық ерекшелікті ескеру, даралап, саралап оқыту бүгінгі буынның басты мәселесіне айналуда.

Осы орайда ақпараттандыру ғасыры деп танылып отырған XXI ғасырдағы бүгінгі білім беру үрдісі Қазақстан Республикасы Ата Заңының 93-бабына және Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 23-бабына сәйкес оқытылатын мемлекеттік тілді меңгертудің тиімділігін арттыратын әдіс-тәсілдерді ұсынатын жаңа парадигманы қажет етеді. Мұнда білім беру үрдісінің объектісі бұрыңғыдай тек білім, яғни оқу материалы ғана деп қаралмайды. Білім беру үрдісі, ең алдымен, дара тұлғаға бағытталып, оқушының интеллектуалдық-танымдық, психологиялық, іскерлік сапаларын, өз бетінше оқу әрекетін, коммуникативтілігін, әлеуметтенуге бейімділігін, эстетикалық, рухани-адамгершілік, мәдениетін қалыптастыру мен дамыту сияқты міндеттермен ұштасады. Ендігі жерде білім мазмұнын құрайтын оқу материалдары осы дамытушы мүддені көздеуге тікелей қызмет ететіндей етіп құрылуға тиіс. Ол үшін мемлекеттік тіл ретінде оқылатын қазақ тілінің білім мазмұнын құрудың әдістемесін дұрыс таңдап алу қажеттілігі туындайды.

Күн талабына сай айтылған «Дәуір даналарын ілестіреді, ұстаз білімділікті үлестіреді» деген қанатты сөз ұстаздың кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп тұрудың қажеттігін еске түсіреді. Білікті де білімді, мейірімді ұстаз ғана білімді үлестіруші, көш басының тұлғасы бола алады деп есептеймін.


Қарқаралы қаласы,

2 орта мектеп,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекова Т.М.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Білім беру жүйесінде ақпараттық технологияны қолданудың маңызы

Автор: Бекова Тамашагуль Маулетовна

Дата: 08.12.2016

Номер свидетельства: 367148

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "Білім беру ?рдісінде а?паратты? технологияны  ?олдану "
    ["seo_title"] => string(60) "bilim-bieru-urdisindie-ak-parattyk-tiekhnologhiiany-k-oldanu"
    ["file_id"] => string(6) "212372"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1431843524"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "?аза? тілі саба?ында АКТ?ны ?олдануды? ма?ызы "
    ["seo_title"] => string(49) "k-azak-tili-sabag-ynda-aktony-k-oldanudyn-man-yzy"
    ["file_id"] => string(6) "191710"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427360531"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(168) "О?ЫТУДЫ? А?ПАРАТТЫ? ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ Ж?НЕ БІЛІМ БЕРУ Ж?ЙЕСІНДЕ ?ОЛДАНУДЫ? НЕГІЗГІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ "
    ["seo_title"] => string(106) "ok-ytudyn-ak-parattyk-tiekhnologiialary-zh-nie-bilim-bieru-zhuiiesindie-k-oldanudyn-niegizgi-probliemalary"
    ["file_id"] => string(6) "199975"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1428683846"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "А?паратты? технологияны математика саба?ында ?олдану "
    ["seo_title"] => string(60) "ak-parattyk-tiekhnologhiiany-matiematika-sabag-ynda-k-oldanu"
    ["file_id"] => string(6) "156355"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421414337"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАНЫ МЕҢГЕРТУДІҢ МАҢЫЗЫ МЕН ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ"
    ["seo_title"] => string(64) "zhien_il_atlietikany_mien_giertudin_man_yzy_mien_tiimdi_zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "363577"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1480354569"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства