kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАНЫ МЕҢГЕРТУДІҢ МАҢЫЗЫ МЕН ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өзіміз білетіндей, барлық сыныптарда дене шынықтыру пәніндегі оқытылатын тақырыптар қайталанып келеді.  Қойылатын талаптары арта түскенімен, негізінен алғанда 5-11 сыныптардағы күнтізбелік тақырыптық жоспардың ұқсас екендігі белгілі. Мәселен, жалпы білім беретін орта мектептердің орта буындарында, яғни 5-8 сынып аралығында дене шынықтыру пәнінде тақырыптық жоспар бойынша көзге ерекше түсетін айырмашылық жоқ, бірдей деп айтсақ та артық емес. Бір пән бойынша бір жылғы тақырыптың келесі жылдарда да қайталанып оқытылуы оқытудың концентрлік жүйесі деп аталады. Концентрлік жүйе арқылы оқушыға тақырып жайлы тиянақты, жан-жақты білім беріледі. Біз өз зерттеуіміздің нысаны етіп алып отырған «жеңіл атлетика» тақырыбы барлық сыныпта І тоқсанда және ІҮ тоқсанда оқытылады.

Сол себепті тақырыпты жыл сайын қарапайымнан күрделіге, жеңілден қиынға қағидаты бойынша тереңдетіп отырғанымыз жөн. Алайда оларға ол ойындардың мән-маңызы туралы ешкім түсіндіре бермейді. Бала «ойнап отыр ма, ол – заңдылық. Бала ойнап өседі». Баланың өзі де ойын десе елеңдеп, ішкен асын жерге қойып, бар ынтасын қойып ойнайды. Ал дене шынықтыру сабағында дәл солай жаңағы әдістемені пайдаланатын болсақ, яғни допты қолдарына ұстатып, «ойнай беріңдер» деп өзіміз жай сырттан бақылап отыратын болсақ, оқушылардың түсінігінде «дене шынықтыру пәні – ойын сабағы» деген ұғым қалыптасады. Оқушы «бұл ойынды не үшін ойнауы керек, мақсаты қандай, оған ұмтылудың нәтижесі қандай болмақ?» екендігінен хабардар болғаны жөн. Оқушылардың дене мәдениеті жайлы ұғым-түсініктерін кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және оның өмірлік маңызын түсіндіру, ойынды ойнау техникасымен таныстыру дене шынықтыру пәні мұғалімінің педагогикалық шеберлігіне байланысты. Мұғалімнің өзі тақырыпты теориялық тұрғыдан жетік меңгеріп, соны оқушыларға жеткізе білуі оның құзыреттілігіне, біліктілігіне  сын.

          Оқушылардың дене шынықтыру пәніне деген қызығушылығын арттыра түсу үшін, олардың дене мәдениеті жайлы өмірлік ұстанымдары қалыптасуы үшін, салауатты өмір салтына бейімдеу үшін пәнді әр оқушының жүрегіне ұялай білетіндей жоғары деңгейде өткізуіміз қажет.

            Оқушыларға дене шынықтыру пәнінен жаңа тақырыпты теориялық тұрғыдан түсіндіруде АКТ құралдарын қолданудың маңызы зор. Бұл бір жағынан оқушылардың материалды өз көздерімен көріп, тақырыпты жылдам меңгерулеріне септігін  тигізсе, екіншіден уақытты үнемдеудің тиімді жолы болып табылады. Үйден алдын ала дайындалған слайдты экран бетіне шығарып, оқушыларға таныстырамыз. Жеңіл атлетиканың бұл түрлері бір-бірімен тығыз байланысты. Мәселен, адамның табиғи жүрісі мен спорттық жүрісі екеуі мүлде екі басқа дүние. Әр тақырыпқа қатысты суреттерді, ережелерін үйрететін картинкаларды слайд түрінде дайындап әкеліп, беруге болады. Бұл олардың үйге барғаннан кейін өткен тақырыпты тағы бір мәрте қайталап көруіне септігін тигізеді. Сто әдіс-тәсілдерін пайдаланудың концентрлік жүйеде білім берудегі маңызы. Дене шынықтыру пәнінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдерін пайдалану өзінің тиімділігін көрсетіп келеді. СТО үш кезеңнен тұрады.

  1. Қызығушылықты ояту;
  2. Жаңа мағынаны тану;
  3. Ой- толғаныс.

         Оқушының пәнге деген қызығушылығын ояту мәселесі қай пәнде болмасын, ең бірінші кезекте алдыға қойылатын мақсат болуы керек. Негізінен оқушылардың арасында дене шынықтыру пәніне қызығушылық танытпайтыны кемде-кем. Тек мынадай жағдайлар олардың пәнде деген белсенділігіне нұқсан келтіруі мүмкін: мұғалімнің сабақтың барысын жүйелемеуі, оқушылардың белсенділіктерін бағаламауы немесе әділ бағаламауы, оқушылардың дене дайындықтары мен бейінділіктерін есепке алмауы, жаттығуларды орындауды тиянақты үйретпеуі, алғашында меңгермей қалған оқушының тақырыпты сол күйінде білмей қалуы т.т. Мысалы, «Миға шабуыл» әдісінде оқушыларға тақырып бойынша бірнеше сұрақ қоямыз, сол арқылы бүгінгі тақырыпты өздеріне анықтатамыз. Ал «Болжау» стратегиясы бойынша, тақырыпқа қатысты суреттерді немесе керекті сөздерді ұсынамыз.

Оқушылардың төменгі сыныптарда алған теориялық білімін анықтауда сабақта диалогтік әңгіме әдісін пайдаланудың маңызы зор. Сұрақ қою БЖӘ (Бастама – жауап – кейінгі әрекет) үлгісімен жүзеге асырылады.

Ал, «сынақтан өткізу» қойылған теориялық сұраққа бір оқушы жауап бергеннен кейін, «Сіз соған мысал келтіре аласыз ба?» деген сауал қоямыз. Сол арқылы теориялық жауапты іс-қимыл арқылы дәлелдеп көрсетеміз. «Қайта бағыттау» бір оқушы тарапынан берілген жауапты «кім толықтырады?» немесе «толықтыратындар бар ма?», «кім көмектесе алады?» тәрізді сұрақтар арқылы неғұрлым толық жауап ала аламыз. Бұндай сұрақтар арқылы оқушылар әрбір спорттық ойынның өзіндік тарихы, ерекшелігі, ойнау ережелері, шарттары болатындығын терең түсінеді.

Бұдан кейін рефлексия кезеңіне көшеміз. Дене шынықтыру пәнінде уақыт аз болғандықтан, оқушылар смайликтер арқылы өз пікірлерін білдіреді.

         Қорытынды: Қазіргі таңда барлық пәннен оқушыға жан-жақты білім берілуі қажет. Оқушының мектеп қабырғасында оқу мен жазудағы сауаттылығы, математикалық сауаттылығы, компьютерлік сауаттылығы, денсаулық сақтау бойынша сауаттылығы, отбасы мәселелері бойынша сауаттылығы және дене мәдениеті бойынша сауаттылығы қалыптасып шығуы қажет. Дене шынықтыру пәнінде оқушыларға спорт түрлерін, спорттық ойындардың маңызын, ережелерін толық меңгертіп, оны іс жүзінде қолдана білуге тәрбиелеуіміз қажет. Дене шынықтыру пәнінде оқушылардан секіруді, ойынның жақсы нәтижесін талап етпес бұрын, алдымен оның техникасын міндетті түрде үйрету керек. Оқушыларға жеңіл атлетиканың маңызын түсіндіреміз:

  • сыртқы дене бітімі өзгеріп, әдемілене түседі,
  • денесі икемді, епті бола түседі;
  • қимыл-қозғалыстары үйлесімді, сәнді болып шығады;
  • бұлшық еттері сергиді.
  • дене шынықтыру және спорт жаттығуларын орындау адамның жан-жақты өсіп-жетілуіне қолайлы жағдай туғызады.

Жеңіл атлетиканың әрбір түрін өткенде міндетті түрде теориялық ұғымдармен қысқаша таныстырып, оның ережелерімен таныстыруымыз қажет. Спортты жүріс, жүгірудің түрлерін өту барысында мұғалім өз тарапынан көрсетуі қажет не болмаса сыныптағы дене шынықтыру пәнінің көшбасшысы болып саналатын, дене дайындығы жоғары оқушыға жасатып, соны үлгі ретінде көрсеткен дұрыс. Сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын пайдалану арқылы видео жазбаларды көрсеткен де оң нәтиже берері анық. Қазір техниканың дамыған заманы, сабақта түрлі музыкалық ырғақтарды пайдалану, бейнежазбаларды қолдану сабақтың әсерлілігін арттыра түседі. Әдістемелік нұқсаулықта жеңіл атлетиканың түрлері және оның меңгертудің жолдары, сабақ барысында сыни тұрғыдан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдері мен ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын пайдаланудың тиімділігін өз тәжірибеміз негізінде дәлелдеп көрсеттік. Нұсқаулық материалын дене шынықтыру пәндерінде қолдануға болады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Э.Ж.Тілеуов. Дене тәрбиесі ілімі мен  әдістемесі. Оқу құралы. Шымкент,  2003 ж.

2. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Назарбаев Интеллектуалдық университеті.

3.Ұ.Мұхамеджанова.Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі

4.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

дене шынықтыру жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған оқу бағдарламасы

5.С.Тайжанов. С Қасымбекова. Дене тәрбиесі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАНЫ МЕҢГЕРТУДІҢ МАҢЫЗЫ МЕН ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ»

Нурписова Светлана Балташевна

Рудный қаласы әкімдігінің

«№15 орта мектебі» КММ

[email protected]

ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАНЫ МЕҢГЕРТУДІҢ МАҢЫЗЫ МЕН ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

дістемелік нұсқаулық)

Фамилия Имя Отчество

Нурписова Светлана Балташевна

Должность

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Организация

Рудный қаласы әкімдігінің

«№15 орта мектебі» КММ

Адрес

Ленина көшесі 39

Телефон раб сот

87143144950

e-mail

[email protected]

Название статьи

Жеңіл атлетиканы меңгертудің маңызы мен тиімді жолдары

(әдістемелік нұсқаулық)

Фотография

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАНЫ МЕҢГЕРТУДІҢ МАҢЫЗЫ МЕН ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Автор: Нурписова Светлана Балташевна

Дата: 28.11.2016

Номер свидетельства: 363577

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства