kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Балаларға арналған поэзиялық шығармалар тілі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға арналған поэзиялық шығармалар тілі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Балаларға арналған поэзиялық шығармалар тілі»

ӘОЖ 811.512,122’42

Саткенова Ж.Б.1 , Бисегалиева Н.Қ. 2 ,

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің1ф. ғ. к. доцент

2II курс магистранты

Алматы қ., Қазақстан,

e-mail: [email protected], [email protected]


Балаларға арналған поэзиялық шығармалар тілі


Мақалада балаларға арналған поэзиялық шығармалардың тілі туралы сөз болады. Балалар әдебиеті – қоғам қажеттілігінен өрбіген әдебиеттің маңызды бір арнасы. Оның туу, қалыптасу, өркендеу тарихын жалпы қазақ әдебиеті тарихынан бөліп қарауға болмайды. Балалар әдебиетінің жас ұрпақ тәрбиесіндегі орны айрықша. Қазақбалалар поэзиясының түп-төркіні, бастауы қазақ халық ауыз әдебиетіндегі бесік жыры, мал баласын сүю, санамақ, жаңылтпаш, өтірік өлең, т.б. жанрларда жатыр. Сәби шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап, халқымыз оған артқан үміт-арманын, тілегін әсем жырға қосып, сөз өнерінің қуатты күшімен тәрбиелей бастаған. Кішкене кезден сөз өнерінің жарқын үлгілерінен сусындап өскен бүлдіршіндердің адамгершілік тәрбие алумен қатар, дүниетанымы да рухани-эстетикалық жағынан кеңейетіндігі белгілі. Сондықтан да бүлдіршінді жеке тұлға етіп тәрбиелеп, қалыптастыруда балалар ақындарының өлеңдерінің маңызы мен тәлімдік-тәрбиелік мәні айрықша.

Түйін сөздер: балалар әдебиеті, балалар поэзиясы, бала тәрбиесі, балалар ақындары, балалар жазушылары, қазақ балалар әдебиеті.


СаткеноваЖ. Б., Бисегалиева Н. К.

Язык поэтических произведений для детей

В статье раскрывается тема о роли языка поэтических произведений для детей.  Детская литература - одно из литературных течений  необходимое для общества. Ее рождение  формирование историю развитие нельзя рассматривать отдельно от казахской литературы Казахская  детская поэзия берет свое начало от фольклора  куда вошли бесик   - жыры  считали скороговорки  и.д.  С рождением ребенка народ связывает с ним большие надежды и мечты. Свои помыслы  он вкладывает в стихи и через слово пытается донести народные ценности и воспитать свое поколение. И каждый ребенок уже с пеленок услышавший красоту песен и стиха закладывает   в себя основы человеческих отношений воспитывает эстетическое начало.Исходя из вышесказанного легко утверждать что произведение детской литературы играют большую роль в формирование ребенка как личности.

Ключевые слова: Детская литература, детская поэзия детское воспитание, детский поэт, детский писатель, казахская детская литература 


Satkenova ZH. B., Bissegaliyeva N. K.

Language of poetic composition for children

The article reavels the theme about the role of language poetry for children.  Literature for children - one of the literary currents in society.It ‘ s birth the formation , the histpry of the development can njt be considered separatly from Kazakh Literature. Kazakh children’s  poetryoriginats from folklore, which included  besik- zhyry though patters and etc. With the child’s birth people connects hopes. dreams with it. Their pomisty he puts into the poems and through the world trying to convey people’s values and to educate his generation. And every kid from the cradle hears the beauty of the songs and poems, lays the foundations of the human relations ,educatesaethetic. Based on the forgiving , it can be argued that the work of children’s literature play an important role in group of children’s as individuals.

Key words: Children’s literature, children’s  poetry,  children’s   education,  children’s  poet, children’s writer of the Kazakh children’s Literature.


Қазақ балалар әдебиеті – өз даму кезеңінде өзіндік тарихы бар сала. Балаларға арналған әдебиет ұлт тарихында сонау ауыз әдебиетінен бастау алып, қазіргі кезеңге дейін өзінің тілдік, стильдік жағынан, мазмұны мен құрылымы жағынан үлкен белеске көтерілді. Қазақ балалар әдебиетінің, оның ішінде балалар поэзиясының түп-төркіні, бастауы қазақ халық ауыз әдебиетіндегі бесік жыры, мал баласын сүю, санамақ, жаңылтпаш, өтірік өлең, т.б. жанрларда жатыр. Сәби шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап, халқымыз оған артқан үміт-арманын, тілегін әсем жырға қосып, сөз өнерінің қуатты күшімен тәрбиелей бастаған. Кішкене кезден сөз өнерінің жарқын үлгілерінен сусындап өскен бүлдіршіндердің адамгершілік тәрбие алумен қатар, дүниетанымы да рухани-эстетикалық жағынан кеңейетіндігі белгілі. Қазақ әдебиетінің тарихын бағдарласақ, мұнда балаларға арнап өлең жазбаған қаламгер кемде-кем. Мұның өзі қазақ қаламгерлерінің жас ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлгендігін көрсетеді. Қазақ жазба балалар әдебиеті өз бастауын Ы.Алтынсарин шығармашылығынан алады. Әдебиеттің күрделі де қызықты бұл саласының шын мәнісінде өркендеуі мен қарқынды дамуы, қайшылықтарға қарамастан, ХХ ғасыр, кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті кезеңінде болды. Аталмыш дәуірде Т. Жомартбаев, Б. Майлин, І. Жансүгіров, А. Тоқмағамбетов, Ж. Смақов Ө. Тұрманжанов, М. Әлімбаев, Ә. Табылдиев, Қ. Мырзалиев, , Ә.Дүйсенбиев сынды т.б. қаламгерлер қазақ поэзиясына айтарлықтай үлес қосты. 1931 жылғы мақаласында І. Жансүгіров: «Бізде «Балалар әдебиеті» - жасалмаған әдебиет. Сондықтан менің бір ойым – осы әдебиеттің бізде жасалуына көмектесу еді... Енді бұл кетікке кірпіш қалауымыз керек деймін» [1, 13] деген пікірі біздің осы ойымызды қуаттай түседі. Өйткені, бұл дәуірде Ыбырай Алтынсарин қаламынан бастау алған қазақ жазба балалар әдебиетінің барлық салалары дамып, тың, соны ізденістермен толықты. Әрине, саясат жетегінде кетушілік балалар әдебиетіне де кері әсерін тигізбей қоймады.

«Балалар әдебиеті – қиын әдебиет. Оның бірталай өзіндік ерекше сипаттары бар. Балалар кітаптарында әрекеттің нақтылығы мен образдың көрнектілігі, лириктік сезімталдылық, характерлер мен оқиғаның динамикалық түрде дамуы, тіл тазалығы мен тартымдылығы қажет» [2, 74] деген С.Қирабаев пікірі балалар әдебиеті сияқты әдебиеттің жеке бір арнасының өзіндік ерекшеліктері жайлы мәлімет береді. Шындығында да, балаларға арнап шығарма жазу - қаламгерден үлкен жауапкершілікті талап етері сөзсіз. Өйткені балалар ақыны жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін, оның дүниетанымын кеңейтетін шынайы көркем шығармалар жазуы қажет. Қаламгердің айтпақ ойы жас оқырманның көңілінен шығып, жүрегіне жылы тиюі шарт. Сонда ғана ол шығарма балаларды ізгілік, адамгершілік, әдептілік, адалдық, еңбексүйгіштік, инабаттылық тәрізді өзге де игі қасиеттерге баулып, жалқаулық, көрсеқызарлық, тентектік, сотқарлық пен бұзақылық сияқты мінездегі міндерден сақтандырады, ал қаламгердің шебер қиюластырған сөз өрнектері бөбектерге эстетикалық тәрбие береді. И. Лейбсон «Өнер неге үйретеді» еңбегінде: «Иә, өнер, оның ішінде поэзия – тәрбиенің ең күшті құралы» [3, 13] дейді. Балаларға арнап шығарма жазатын қаламгер өзін тек сөз зергері ретінде ғана емес, сонымен қатар тәрбиеші, кеңесші және нұсқаушы ретінде де сезінеді.

Алайда құрғақ уағыз балаға айтарлықтай әсер етпей, тез жалықтырып жібереді, сондай-ақ өлеңнен нәтиже шығарып, бір тоқтамға келуіне кедергі жасайды. Сондықтан балалар ақынынның алдында туындайтын маңызды мәселенің бірі – айтылмақ ойды, берілмек ақылды балалар түсінігіне, талғам-тілегіне, қызығушылығына сай етіп жазу. «Жетекші дарын, жемісті еңбек» атты мақаласында Қ. Ергөбек ақынның балаларға арналған өлеңдеріне тән он екі ерекшелікті атап көрсетеді. Солардың бірі – олардың юморлық жылылығы.[4, 105] Балалар аудиториясы юморды ұнатады. «Педагогтар, - И. Лейбсонның пікірінше, – күлкінің тәрбиелеу құралы екендігін біледі. Жеткіншек, бала жазалаудан қорықпауы мүмкін. Алайда, ол бала ешқашан достарының алдында күлкілі кейіпте көрінгісі келмейді. Күлкі көмегімен қалыптасып қалған міндерді емдеп қана қоймай, сонымен қатар олардың алдын алуға болатындығын естен шығармаған жөн». [3, 13]

Сөзіміз жалаң болмас үшін бірер мысалдар келтірейік. М. Әлімбаевта мынадай өлең кездеседі:

– Шәкір!

Көршіні шақыр.

–Мақұл!

–Шәкір!

Тілге қой шатыр.

–Мақұл!

... – Шәкір!

Бұл – біздің батыр.

–Мақұл! [5, 310]

«Шәкір-мақұл» деп аталатын бұл өлеңінде ақын Шәкір деген баланың бойындағы жалқаулықты, берген тапсырманы орындауға құлықсыздықты, үлкендер сөзіне құлақ аспаушылықты ойнақы түрде әжуалап жеткізеді. Шәкір берілген тапсырманың біріне де «жоқ» деп жауап қайтармағанымен, ешбіреуін де орындамайды. «Шәкір! Бұл – біздің батыр» деген уытты кекесін балаларды еріксіз езу тартқызары сөзсіз. Өзінің Шәкір тәрізді еріншек құрбысын көз алдына елестеткен бала оған ұқсамауға, ерінбеуге, үлкендердің айтқанын екі етпей орындауға бел байлайды. Өйткені Шәкір бейнесінен балалар өздерін танып, бір кездері ерініп, тіл алмаған сәттерін естеріне түсіреді және енді мұндай қателіктерді қайталамауға тырысады.

Белгілі балалар ақыны Әнуарбек Дүйсенбиевтің өлеңінде жалқау бейнесі өзге қырынан көрінеді:

Сен байқасаң,

Ол әрқашан

Батпақ-сатпақ,

Себебі:

Жақау –

Жалқау,

Самарқау.

... Егінді ол еккен,

Мал жеп кеткен,

Тып-типыл.[6, 303]

Ақынның Жақау деген кейіпкері де Шәкір тәрізді жалқау, жатыпішер. Бірақ оның Шәкірден бір ерекшелігі – мардымсыз болса да, жұмысқа араласуы, алайда сол жұмысты аяғына жеткізбей, тастап кетуінде десек болады. Жақау мінезінің бұл міні соңғы шумақта көрінеді. Жалқаулыққа салынып, өзі еккен егініне қарамай, одан айрылған еріншек бейнесі балаларды бір жағынан, күлдірсе, екінші жағынан, ондай жағымсыз міннен аулақ болуға, ерінбей еңбек етуге, бастаған істі аяқсыз тастамауға үйретеді. Демек, өлеңде көтерілген басты идея ұлы Абайдың «еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген сөзімен үндес. Осыған орай С.Көбеевтің: «...еңбек тәрбиесіне де баса назар аудару керек. Еңбекке тәрбиелемей тұрып, балаға дұрыс тәрбие бердім деп айту екіталай»,[7, 50]- деген пікірі балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеудің маңызын ашады.

Т. Жомартбаев «Балаларға жеміс» атты жыр жинағында бүлдіршіндерді оқуға үндеп, теріс қылықтардан бойды алшақ салуға үндейді. Ол «Жалқау» атты өлеңінде:

Сабаққа мойын бұрмайды,

Кітаппен кеңес құрмайды.

Мектепке ерте баруға,

Ұйқысынан тұрмайды.

Тұрса орнынан ырғалып,

Киінбей жылдам, жырғалып,[8, 7]

– деп, жалқау баланы, оның оқуға, жұмысқа деген құлықсыздығын, еріншектігін әжуалайды.

Сонымен қатар балалар ақындары өлеңдерін жаңылтпаш, жұмбақ түрінде беріп, оларды ойландыруға, сөздік қорын молайтуға тырысады. Балалар поэзиясында көп қолданылатын дәістердің бірі – адас атаулар арқылы өлеңдердің берілуі. Балалар адас атауларды табу арқылы сөздік қорын молайтады және омоним, көп мағыналы сөздермен танысады, әрбіреуінің мағынасына жете мән беруге дағдыланады. Бұл әдіс баланың ана тілін жетік меңгеруіне, оның тереңіне үңіліп, тұнығына бойлауына жәрдемдеседі.

Ас пісірсең, әрине,

Табыламын әр үйден,

Немесе

Ата-жұрты татардың

Ежелгі бір шаһармын [5, 531].

Екі бөліктен тұратын және екі түрлі затты жасырып тұрған жұмбақтың шешуі – «Қазан» деген омоним сөз. Бір сөздің бұлайша түрлі мағыналарды білдіруі балаларды қызықтырады. Бала өзі білмеген сөз мағыналарын есте сақтауға талпыныс білдіреді, мұның өзі бала танымын кеңейте түсері сөзсіз. Сондай-ақ мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер де жиі кездеседі. Мысалы:

Жақсы болсаң, салмағың ауыр тартар,

Жақыныңдай жатың да юауыр тартар.

Біліммен жетіледі кісінің ебі,

Үйренген үйрете алар кішілерді.

Түздегі мінез үйдегіден өзгеше:

Сыр берерсің қиындыққа төзбесең [5, 539].



Ақынның дидактикалық сарындағы бұл өлең жолдарының тәрбиелік мәні зор болумен қатар, қарама-қарсы мағынадағы сөздердің берілуі бір жағынан шумақтардың әсерлілігін арттырса, екінші жағынан, балаға «жақсы» мен «жаманның» ара-жігін ажыратып, салыстырып, қорытынды жасауға жетелейді.

Шумақтарда қолданылған «салмағың ауыр тартар», «сыр беру» деген сияқты тұрақты тіркестер өлең экспрессиясын арттырып тұрғаны түсінікті. Жекелеген дыбыстық сәйкестіктер де айтылмақ ойдың көркем, ісері болуына игі ықпалын тигізеді.

Қорыта айтқанда, бүлдіршін мінезін, өмірін, жан-дүниесін сөз ететін балалар ақынының өлеңдері шынайылығымен, юморлық жылылығымен, әрі шымырлығымен көз тартуы керек. Өйткеніюмор – ақынның балаларға арналған өлеңдерінің бұлжымас бір шарты, өзіндік ажары іспетті. Демек балалар өлеңдеріндегі юмор кейіпкерлер бойындағы жағымсыз қылықтарды әжуалап, мысқылдап қана қоймай, балаларды мұндай қылықтардан сақтандырады, адамгершілікке, ізгілікке, еңбеккерлікке баулиды.



Әдебиеттер



1 Жансүгіров І. Мен қалай жаздым // Қазақ әдебиеті. – 1959. – 16 қазан

2 Қирабаев С. Өнер өрісі. Мақалалар мен зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 1971. − Б. 272.

3 Лейбсон В. И. Чему учат стихи? Детская поэзия и эстетическое воспитание. – М. : Просвещение, 1964. – 104 с.

4 Ергөбек Қ. Арыстар мен ағыстар. –Алматы: Өркениет, 2003. − Б. 368.

5 Әлімбаев М. Шығармалар жинағы. Екі томдық. – Алматы: Санат, 1997. Т.2, − Б. 704.

6 Дүйсенбиев Ә. Жаңбырлы жаз. – Алматы, Жазушы, 1982. – 424 б

7 Ақыл кені. – Алматы: Көшпенділер, 2003. − Б. 244.

8 Жомартбаев Т. Жеміс. Өлеңдер. – Алматы, Жалын, 1985. − Б. 30.



References

1 Zhansugirov I. Men kalaizhazdym// Kazak adebieti. -1959.-16 kazan

2 Kirabaev S. OnerOrisi.Makalalar men zertteuler.- Almaty: Zhazuwy, 1971.-B.272.

3 Leibson V.I. Chemuuchitstihi?Detskayapoeziyaiesticheskoevospitaniya. –M.: Prosveshenie, 1964. -104 s.

4 Ergobek K. Aryster men agystar.- Almaty: Orkeniet, 2003.- B.368.

5 Alimbaev M. Shygarmalarzhinagy.Ekitomdyk.-Almaty: Sanat,1997. T.2,- B.704.

6 Dyisenbiev A. Zhanbyrlyzhaz.- Almaty, Zhazuwy, 1982.-424 b.

7 Akylkeni, - Almaty: Koshpendiler, 2003. –B.244.

8 Zhomartbaev T. Shygarmalarzhinagy.Ekitomdyk. – Almaty, Zhalyn, 1985. – B.30.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Балаларға арналған поэзиялық шығармалар тілі

Автор: Бисегалиева Назира Құрманқызы

Дата: 27.12.2018

Номер свидетельства: 493006

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "?адыр Мырза ?ліге 80жыл"
    ["seo_title"] => string(22) "kadyrmyrzalighie80zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "291352"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455105747"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(19) "Курбан айт"
    ["seo_title"] => string(10) "kurban-ait"
    ["file_id"] => string(6) "284090"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453914551"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(127) "Та?ырыбы:  «К?ркем ?дебиет ар?ылы о?ушыларды? танымды? ?абілетін дамыту»"
    ["seo_title"] => string(76) "tak-yryby-korkiem-diebiiet-ark-yly-ok-ushylardyn-tanymdyk-k-abilietin-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "307158"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1458279358"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) "Баяндама «?адыр Мырза ?лиді? арнау ?ле?дері» "
    ["seo_title"] => string(46) "baiandama-k-adyr-myrza-lidin-arnau-olien-dieri"
    ["file_id"] => string(6) "204748"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1429717940"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) ""Қазақ жырының Қадыры" баяндама"
    ["seo_title"] => string(33) "k-azak-zhyrynyn-k-adyry-baiandama"
    ["file_id"] => string(6) "215321"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1432647176"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства