??рбан айт туралы не білеміз?
Айт – арабшадан тілімізге аудар?анда «мейрам» деген ма?ынаны білдіреді. Айт намаздарыны? у?жіптігі ??ран мен с?ндетке с?йенеді. Біріншісі- Рамазан айты, екіншісі- ??рбан айт.
??рбан араб тілінде «жа?ындау» дегенді білдіреді, я?ни жаса?ан сауап істер ар?ылы ж?ректі тазартып, Алла?а жа?ындай т?су.Ал шари?атта терминдік ма?ынасы «шарттармен санаса отырып, ??лшылы? ниетімен мал бауыздау» дегенге саяды. ??рбан айт- м?сылманны? ?лы? мерекесі.
??рбан айтта ??рбанды??а мал шалу – Ханафи м?з?абында (шамасы жеткендерге ?ана) у?жіп.
Т?мендегідей т?рт шарт?а ие жандар?а ??рбан шалу у?жіп:
- М?сылман болуы;
- А?ылды ж?не бали?ат жасына толуы;
- ??рбан айт уа?ытында жолаушы болмауы;
- Негізгі ?ажеттерден тыс нисап м?лшеріндегі ?аржы?а ие болуы.
К?ркем ?дебиет – адамтану, адам т?рбиелеу ??ралы болса, поэзиялы? шы?армалар – адамды сезімге жетелейтін, ішкі жан д?ниесін ?оз?айтын, тілін, санасын дамытатын рухани д?ниелер. ?азіргі кезек имандылы? та?ырыбына арнал?ан ?ле?дер жолы.
?I. Ма?ал –м?телдер сайысы
Адамгершілік, мейірімділік, ??ыптылы?, тазалы? туралы. ?II. С?зж?мба? «Жарапазан»
1. М?сылманны? бес парызыны? бірі (?ажылы?)
2. Пай?амбарды? аты (М?хаммед)
3. Ораза айы ?алай аталады? (Рамазан)
4. Бізді? билеушіміз (Алла)
5. Жарлылар?а берілетін сада?а (Пітір)
6. Аптаны? ?асиетті к?ні (Ж?ма)
7. М?сылманны? бес парызыны? бірі (зекет)
8. Діни мереке (Айт)
9. Исламны? ?асиетті кітабы ( ??ран)
Мақсаты: 1.Білімділік: Құрбан айт мерекесінің қасиеті туралы түсіндіру. 2.Тәрбиелілік: Оқушыларды сабырлы, әдепті, ұқыпты болуға тәрбиелеу. 3.Дамытушылық: Оқушылардың бойында имандылық қасиеттерін қалыптастыру. Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, суреттер, діни кітаптар. 1.Құрбан шалу – мұсылмандықтың маңызы. 2. Құрбан шалу көрші ақысын еске түсіріп, татулыққа бастайды
3. Құрбан шалу шаңырақты берекеге бөлейді. 4. Құрбан шалудың қоғамдық пайдасы мол. Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. Армысыздар ұстаздар, оқушылар! Баршаларыңызды қасиетті «Құрбан айт» мейрамымен құттықтаймын! Әнұран орындау
ІІ. Психологиялық дайындық:
Күннің сәулесі ананың нәзік алақанындай екенін білесіңдер, аялайды, жылытады. Олай болса, қолымызды созып, күннен жылу алайық. Барлығы: Күн жарығын алақанға саламыз, Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейрімді, Болып кетер сонда мына жан – жағым. Міне, жүрегімізді осындай жылумен бір – бірімізбен амандасайық. Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз, Сәлем бердік сіздерге, Құрметпенен біз. Рахмет.
Оқушылар білімін жан – жақты тексеру. – Ғибрат деген не? Ата – баба салт дәстүрін үйрену. Ырым – тыйымдар меңгеру. Имандылықты үйрену. - Иманды адам қандай мақсатқа жетеді? Өзі иманды адам басқаға жамандық жасамайды. Иманды пенде шыққан түбін біледі, яғни Алланың жаратқанын біледі. Ол өзінің ұстазын да, ата – анасын да, жүрген ортасын да сыйлайды. Сыйлы да болады. Ондай пенде екіжүзді адам болмайды, жалған сөйлемейді.
Құрметті шәкірттер, ұстаздар! Әрине, бәрі де жақсы, бәрі де жаңаша, тың бастамалар. Бірақ бір нәрсе, бір ең негізгі мәселе біздің өн бойымызға сәл жетпей тұрған сияқты, бізді сол ойландырады. Ол – имандылық тәрбиесі. Иманы жоғары, жаны таза, ізгі ниетті, ішкі жан дүниесі мейірімге толы, ұрпақтарымыз көп болған жағдайда ғана туған еліміздің, өз ортамыздың мәртебесі жоғары болмақ. Бүгінгі өткізгелі отырған «Имандылық тәрбиесі – өзекті мәселе» тақырыбындағы ашық тәрбиелік шара, имандылық сабағы да осындай проблемалы тақырыпқа арналмақ.
ІІІ. Оқушыны білімді, саналы меңгеруге дайындау. Балалар алдымен бір жақсылықты кімге жасау керек? - Өзіме; - Үй – ішіме; - Туған – туыс, көршіме; - Көшеге, туған ауылыма; - Отаным Қазақстанға, яғни оның табиғатын қорғауға, шекарасын қорғауға; - Дұрыс – ақ. Олай болса, қолымыздағы бес саусақты салалап көрелік. 1. Жан. 2. Тән 3. Рух. 4. Ақыл. 5. Көңіл.
Құрбан айт туралы не білеміз? Айт – арабшадан тілімізге аударғанда «мейрам» деген мағынаны білдіреді. Айт намаздарының уәжіптігі құран мен сүндетке сүйенеді. Біріншісі- Рамазан айты, екіншісі- құрбан айт. Құрбан араб тілінде «жақындау» дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу.Ал шариғатта терминдік мағынасы «шарттармен санаса отырып, құлшылық ниетімен мал бауыздау» дегенге саяды. Құрбан айт- мұсылманның ұлық мерекесі. Құрбан айтта құрбандыққа мал шалу – Ханафи мәзһабында (шамасы жеткендерге ғана) уәжіп. Төмендегідей төрт шартқа ие жандарға құрбан шалу уәжіп: - Мұсылман болуы; - Ақылды және балиғат жасына толуы; - Құрбан айт уақытында жолаушы болмауы; - Негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болуы.
Көркем әдебиет – адамтану, адам тәрбиелеу құралы болса, поэзиялық шығармалар – адамды сезімге жетелейтін, ішкі жан дүниесін қозғайтын, тілін, санасын дамытатын рухани дүниелер. Қазіргі кезек имандылық тақырыбына арналған өлеңдер жолы.
IV
Жол қайда ақиқатқа апаратын? Ел қайда ақиқат деп аталатын? Айлакер, аразалар, алаяқтар, Аяғы көктен келіп маталатын?
Алауыздық әкелген адамдарға, Онда орын жоқ шығар адамдарға? Бар болса егер, сүреді қайтіп өмір, Ақиқаттан сүңгі қадалғанда?!
Ақ ана, қамқор тілегім, Жақсылық тілеп жүрегім. Қазақтың қамын ойлап сен, Өсе бер деп тіледің.
Құдайды, дінді ұмытқан, Шала қазақ халық ек. Еліңді қорға былықтан, Құдайы жолға салып кет.
Арақ ішіп, дінсіз боп, Қалың ел қайран бұзылды. Қолдайық елім біз, сіз боп, Аруақ қонған қызыңды !....
Ал енді, балалар жан мен тәнге қажет тазалық және әдеп туралы сөз қозғайық. ТАЗАЛЫҚ. Ішкі жан. Сыртқы тән иман әдеп (жақсылыққа тәрбиелеу) . –Әдепті болу үшін не істеу керек? 1. Тазалықты үйрену. 2. Иманды болу. 3. Қайрымды болу.
Сұрақ – жауап. 1. Тазалық деген не? Тазалық дегеніміз адам өз денесін, киген киімін, жүрген жерін, отырған орнын таза ұстау.
2. Иман деген не? Иман сенім. Неге сенеді? 1. Аллаға. 2. Періштеге. 3. Пайғамбарға 4. Құран – Кәрімге 5. Ақырет күннің бар екеніне 6. Өліп – тірілуге 7. Осының бәрі Алладан 3. Әдеп деген не? Әдеп – деген тек жақсылыққа тәрбиелену.
ҮI. Мақал –мәтелдер сайысы Адамгершілік, мейірімділік, ұқыптылық, тазалық туралы. ҮII. Сөзжұмбақ «Жарапазан» 1. Мұсылманның бес парызының бірі (қажылық)
2. Пайғамбардың аты (Мұхаммед) 3. Ораза айы қалай аталады? (Рамазан) 4. Біздің билеушіміз (Алла) 5. Жарлыларға берілетін садақа (Пітір) 6. Аптаның қасиетті күні (Жұма) 7. Мұсылманның бес парызының бірі (зекет) 8. Діни мереке (Айт) 9. Исламның қасиетті кітабы ( Құран)
ҮIІІ. Қорытынды Олай болса, Құрбан айт мерекесі де адамдардың бір-біріне ізгі ниеттер тілеп, бір-бірінің көңіл-күйін көтеріп, ренжітіп алған кездері болса кешірім жасасатын күн. Қасиетті Құрбан айт жүрегімізге қуаныш ұялатып, біздің рухани тазалығымызды қамтамасыз етсін. Жүрегімізді қуанышқа бөлеп, барлық ақ ниетті істерімізді қолдасын. Ән: «Дүние керуен» - Осымен ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Қатысқандарыңызға рахмет.