Құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге немесе басқа сөзбен орнын ауыстыруға бола беретін тіркестерді еркін тіркестер дейміз.
2. Құрамындағы сөздер жеке-жеке мағынаны білдіреді.
3. Құрамындағы сөздер жеке-жеке сұраққа жауап беріп, екі сөйлем мүшесі болады.
1.Құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге немесе басқа сөзбен орнын ауыстыруға болмайтын тіркестерді тұрақты тіркестер дейміз
2. Құрамындағы сөздер жеке-жеке мағына бермей, барлығы тұтас бір мағынаны білдіреді.
3. Бір сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесі болады.
Мысалы: Оқу инемен құдық қазғандай(қиын)
Көзі ашық(оқыған), көкірегі ояу(сапалы) азаматтар елге қызмет етеді.
Бірінші сөйлемдегі «оқу инемен құдық қазғандай» деген тұрақты тіркестер тұтас бір мағынаны білдіріп, қандай деген бір сұраққа жауап беріп, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады.
Екінші сөйлемдегі «көзі ашық», «көкірегі ояу» деген тұрақты тіркестер де тұтас бір мағынаны білдіріп, қандай деген бір сұраққа жауап беріп, сөйлемде бірыңғай баяндауыш қызметін атқарады.
(Синонимдік тұрақты тіркестер)
1.Үріп ауызға салғандай, ай десе аузы бар, күн десе көзі бар.
2.Ит арқасы қиянда, ит өлген жер.
3.Зәре-құты қалмау, көзі шарасынан шығу.
4.Мұрнынан шаншылып жүру, сүрініп жығылу.
5.Жүрек жұтқан, жүрегінің түгі бар.
6. Қоян жүрек, су жүрек.
Қарама-қарсы мағынадағы сыңарын табу
(Антонимдік тұрақты тіркес)
1.Бетінен оты шығу Ат ізін салмау
2.Ат ізін құрғатпау Беті шімірікпеу
3.Ит өлген жер Көңілі тасу
4.Құлақ аспау Таяқ тастам жер
6.Көңілі басылу Құлақ қою
Кітаппен, дәптермен жұмыс
111-жаттығу. 1.Төмендегі тұрақты тіркестерді жаттап алу.
2.Қайсылары антонимдік қатар, қайсылары синонимдік қатар құрап тұрғанын табу.