kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

А?ылшын ж?не ?аза? тіліндегі т?ра?ты тіркестер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: А?ылшын ж?не ?аза? тіліндегі т?ра?ты тіркестер ?ндестігі

Ж?мыс мазм?ны:

1.Кіріспе

2.Негізгі б?лім

2.1 Фразеологизмдер тіл ?азынасыны? бір б?лігі

2.2 Фразеологизмдерді? т?рлері

3.?орытынды б?лім

Пайдаланыл?ан ?дебиеттер тізімі

Кіріспе

А?ылшын тілі, м?дениеті, д?ниетанымды? к?з?арасы ?р т?рлі а?ылшын ж?не ?аза? халы?тарыны? т?ра?ты с?з тіркестері жан-жа?ты, ??рылымы, ішкі форма, аялы? білім, жал?аса туында?ан ауыспалы ма?ына, концепт,м?дени т?р?ысынан зерттеу н?тижесінде тіл-тілге т?н орта? за?дылы?тар, жалпы халы?ты? рухани д?ниелер, ?лттар?а т?н танымды? ерекшеліктер т.б. ж?нінде бір?атар жа?а ма?л?маттар жайында с?з етіледі.  

Тіл ?асырлар жемісі, халы? м?расы, ?лтты? ??былыс екені барша?а белгілі. Бір тіл бір ?лтты танытады. Я?ни, кез-келген халы?ты? ойлау ерекшелігі оны? ?лтты? тілінде к?рініс табады, халы? даналы?ы, д?ниетаным к?з?арасы тілінде т?йінделеді. Тіл ?азынасына жататын к?кейге ?онымды, бейнелі, алуан т?рлі т?ра?ты тіркестер, оларды? тілдік таби?аты, за?дылы?тары, ??рылымды? ерекшеліктері ?лемдік тілдерді? к?пшілігінде зерттеліп келе жат?аны белгілі. Себебі, оларды? шы?у т?ркіні, к?неленуі, ма?ыналы? ??рылымы, т?л?асы жа?ынан ж?не стильдік т?р?ыдан ?зіндік ерекшеліктері бар. Осы к?ркем, мазм?ны тере?, к?лемі ша?ын-?абат тіркес, тізбектерді? танымды? м?ні ерекше. Уа?ыт ?те келе ы?шамдалып, ??деліп, халы?ты? орта? м?ра?а айнал?ан сан-саналы тізбектерді жина?тап, бір ізге т?сіру, оларды? мазм?н м?жесіндегі код?а салын?ан ?р т?рлі а?параттарды ай?ындау тіл мамандарын ерекше ?ызы?тырып отыр.

А?ылшын ж?не ?аза? тілдеріндегі етістікті фразеологизмдерді? ма?ына-м?ні осы тілдерде с?йлейтін ?лтты? ертеден бергі ?мірін жан-жа?ты ай?ындайды. Халы?ты? к?нделікті ?мір тіршілігі негізінде пайда болып ?алыптас?ан т?ра?ты тіркестерді ?ос тілден жинал?ан деректерімізден кездестіруге болады. Б?л т?ра?ты тіркестер тілдік ?олданыста ?р уа?ытты? салт-д?ст?ріне, ?дет-??рыптарына, м?дениетіне, психологиясына, тарихына байланысты ?алыптасып, тілдік ?олданыста дамып ?рбіген. Сонды?тан да олар ?р халы?ты? ерекшелігіне байланысты ?сіп-?рбіп, сол халы?ты? ?асырлар бойы жина?ан ??ндылы?ыны? бірі болып табылады. А?ылшын ж?не ?аза? тілдеріндегі т?ра?ты тіркестерді? беретін ??ымы ?р ?лтты? ?зіне ?ана т?н рухани ?мірін суреттейді. Я?ни, ?ос тілдегі етістікті фразеологизмдер ?лтты?  сезім, ?лтты? мінез, ?лтты? салт-д?ст?р негізін  ай?ындайды. Осы?ан орай а?ылшын ж?не ?аза? тілдеріндегі т?ра?ты тіркестерді? ?алыптасуын ай?ындауда ?р ?лтты? д?ниетанымын, ой-парасатын ж?не рухани парасатымен байланысты пайда болып ?алыптас?ан т?ра?ты тіркестерді саралап, оларды? тілдік ?атынаста ?алыптасуын негіз етіп алды?.

Негізгі б?лім

Фразеологизмдер тіл ?азынасыны? бір б?лігі

?лемдегі тіршілікті? бар саласын ?амтитын ?р ?лтты? ?зіне ?ана т?н к?ркем с?з орамдары – фразеологизмдерді молынан табу?а болады. Фразеологизм тілді? айшы?ты да, м?нерлі, бай саласыны? бірі. Б?лар ?зіні? бейнелік, ?серлік, экспрессивті – эмоциялы?, суреттеме ?асиетімен к?зге т?седі. Осындай к?ркем, п?рменді бояуы ?аны? алуан т?рлі фразеологизмдерді халы? орынды пайдаланып, ?рпа?тан-?рпа??а жеткізіп келеді. Халы?ты? талай ?асыр сомдап шы?ар?ан т?ра?ты тіркестері – фразеологизмдер тіл ?азынасыны? бір б?лігі екені даусыз.

Со??ы жылдары халы?аралы?, тіларалы? ?атынасты? дамуына байланысты ??рылымы жа?ынан да м?лдем алша? тілдерді салыстыра зерттеу тіл ?ылымында д?ст?рге айналып келе жатыр. Салыстыра зерттеу барысында екі тілді? ?зіндік ??рылымды? ж?не ж?йелік ерекшеліктері мен ??састы?тары ай?ындалады. Сондай-а?, тіл таби?атында осы уа?ыт?а дейін зерттеушілер назарынан шет ?ал?ан кейбір ??былыстарды? сыры ашылып, осы кезе?ге дейін ?алыптас?ан т?жырымдар бас?а ?ырынан зерделенуі, тілді? ?зіндік сипаты ай?ындатуда. ?р типтес тілдердегі фразеологизмдерді салыстыра зерттеу де  ?зіндік т???иы? сыры бар ?иынды?ы да мол к?рделі ж?мыс.

Фразеологизмдерді? т?рлері

Фразеология тану   ?ылымында    фразеологизмдерді?   басты   белгілері, релевантты? ?асиеттері ретінде ?ш ерекшелігі аталады:

а) даяр ?алпында ж?мсалу белгісі;

?) ма?ына т?тасты?ы;

б) тіркес тияна?тылы?ы.

Фразеологизмдерді? дайын ?алпында ж?мсалу белгісі – т?ра?ты тіркестер ?арым-?атынас процесінде, с?йлеу кезінде жасалынбайды, даяр ?алпында бірт?тас (б?тін, бірлік) единица ретінде ж?мсалады. Фразеологиялы? етістікті? б?л ?асиеті оны еркін с?з тіркесімен салыстыр?анда аны? к?рінеді. Мысалы: тама? ішу, ?олды жуу, ?й тазалау ж?не to love music, clever man, to build houses деген еркін с?з тіркестері ?арым-?атынас процессінде, с?йлесу кезінде бір-бірімен емін-еркін тіркесіп айтылуынан жасалса, ас адамны? ар?ауы, т?ймедейді т?йедей ету, ?ой аузынан ш?п алмас ж?не mare’s nest, small hours, husband’s tea, т.б. т?різдес с?з тіркестер тіркескен к?йінде, б?тін к?йінде жадымызда айна ?атесіз са?талады да, с?йлеу кезінде оларды? сы?арлары (с?здер) с?йлеушіні? ?алауы бойынша тіркеспейді, б?тінні? б?лшектері т?різді б?рыннан тіркесіп ?ой?ан ?алпында, ?ле?дегі ?айырма т?різді б?лжымай бір т?тас к?йінде ?олданылады. М?ндай ?асиет т?ра?ты тіркестерге ?ана емес, сонымен ?атар лексикалы? бірлік (единица) с?зге де т?н. Мысалы: ?демі, жылдам, ?ндемеу, talk, laugh, smile деген с?зде ж?не б?лар?а белгілі д?режеде синонимдес болып келетін «?ріп ауыз?а сал?андай», «к?зді ашып ж?м?анша», «ж?м?ан аузын ашпау», get a talk with, give a laugh, give a look, force a smile т?різді фразеологизмдер дайын ?алпында ж?мсалу ?асиетімен сипатталады. Мысалы, ?аза?-а?ылшын тілдеріндегі т?ра?ты тіркестерді салыстырса?:

kill two birds with one stone- екі ?оянды бір о?пен ?лтіру;
cat and dog life- ит пен мысы?тай ?мір;
to pick up one’s ear- ??ла? т?ру;
to abound іn courage — ж?рек ж?т?ан болу;
to meet adversіtіes wіth — б?леге шалды?у, ?ырсы??а іліну;
to take advantage of somethіng – бірде?ені? пайдасын к?ру;

justіfy somebody’s confіdence — біреуді? сенімін а?тау;
talk nonsense, talk rubbіsh, talk rot – аузына т?скенін о?тай;
take revenge, to cook one’s goose – алдына келтіру;

to judge by appearances – сыртына ?арап тон пішу;
aggress agaіnst a country — баса к?ктеп кіру;
to go ape (over, for) — торы?у (к?йзелу) [2].

Тіркес тияна?тылы?ы да фразеологизмдерді? е? негізгі белгілеріні? біріне жатады. Тияна?ты с?з тізбегіндегі с?здер ?ркімні? ?алауынша емес, ?алыптас?ан белгілі бір ж?йемен орналас?ан. ?зара ты?ыз жымдасып орналас?ан с?здерді? жігі ажырамай т?рады. Олар бір-бірімен иін тіресіп, ?зге с?збен алмастыру?а я болмаса, т?ра?ты орын т?ртібін ?згертуге келмейді.

М?селен, м?рнын к?кке к?терді дегенні? орнына ?олын к?кке к?терді десек, м?н-ма?ынасын м?лде ?згертіп жібереді, т?ра?ты тіркес еркін тіркеске айналып кетеді. Ал к?к с?зін оны? синонимі аспан деген с?збен алмастырса? (м?рнын аспан?а к?терді), ма?ына т?таста?ы онша б?зылма?анмен стильдік м?ні сол?ындап, ?йлесімі кемиді, ??ла??а жа?ымды тимейді. К?терген деген етістікті к?термеді, к?теріп т?р, к?термекші деп ?згерте беруге к?нбейді. Тек ?зіні? сіресіп ?алыптас?ан ?алпында ?одануды талап етеді [3].

Сондай-а? red tape, kick the bucket деген т?ра?ты тіркес ??рамында?ы red, kick деген с?здерді? орнына blue, give немесе tape, the buckеt дегенні? орнына radio,the ball деген с?здер ?олданылмайды: егер б?лай етіп ?згертсек, олар т?ра?ты тіркес болудан ?алады, немесе тіптен ма?ынасыз, т?сініксіз, кей жа?дайда с?з тіркесі болып ма?ына т?тасты?ынан айырылып ?алады. Н.М.Шанский с?зді? морфемалы? ??рамыны? т?ра?тылы? сипаты ?алай болса, фразеологизмні? ??рамынан ж?не сы?арынан (компоненттеріні?) орын т?ртібіні? т?ра?тылы? сипаты да сондай деп есептейді. Кейде т?ра?ты тіркес ??рамында?ы бір с?зді? ?р т?рлі т?л?асынан ?лденеше фразеологизмдер жасала берілуі де м?мкін [4, 72 б.]. Мысалы: жамбасы жерге тигенше (?ле ?лгенше), жамбасы жерге тиді (?лді, жер тастады), жамбасы жерге тимеген (ешкімнен жы?ылып к?рмеген к?шті). Кей ретте жал?ыз дыбысты? бір ?зі-а? т?ра?ты тіркесті? м?н-ма?ынасын б?тіндей ?згертіп жібереді.

Б?л жа?ынан ?ара?анда фразеологизмдерді? орын т?ртібіні? т?ра?тылы?ы с?зді? морфемалы? ??рамыны? т?ра?тылы? сипатымен бірдей деп есептеуге болады. Жо?арыда атал?ан ?ш т?рлі белгі (т?ра?тылылы?, т?тасты?, тияна?тылы?) ар?ылы фразеологизмдер тілді? ?зге категориясынан о?шауланып, ?зіндік бітім бейнесімен ?мір с?рді.

?орытынды  б?лім

К.Аханов: «Фразеологиялы? т?тасты? деп б?лініп ажыратылмайтын, беретін ма?ынасы жа?ынан ??рамында?ы сынарлады? ма?ынасымен м?лдем байланыспайтын, ?бден бітісіп, т?тысып кеткен тома?а т?йы? тіркестерді айтамыз» – дейді. М?селен, м?рнынан шаншылып ж?р, м?рнына су жетпеді дегеннен ?олы тимеді, б?рылу?а м?ршасы болмады дегенді немесе а?ылшын тілінде: to let the cat out of the bag дегеннен сыр шашу, немесе а?дамай с?йлеу дегенді т?сінеміз.

Б?л ма?ына осында?ы ?ш с?зді? т?тас жиынты?ынан келіп шы?ады. Т?йдек ішіндегі жекелеген талдау жасап, бірін екіншісінен б?ліп алу?а к?нбейді. Фразеологиялы? т?тасты? жеке с?здерді? т?тас жиынты?ынан пайда бол?анымен, олар іштей т?рлі б?лшектерге б?лінбей, іс-?рекетті, сапа мен белгіні, зат пен ??былысты бір б?тін атау ретінде к?рсетіп бере алады.

Фразеологиялы? бірлікке К.Аханов мынандай аны?тама береді: «Ма?ынасы жа?ынан ажыратылмай, т?тасымен бір б?тін ма?ынаны білдіретін, біра? с?з тіркестеріні? бір б?тін ма?ынасы лексикалы? сы?арларды? ма?ыналарыны? бірігіп т?тасуынан т?ра?ты фразеологиялы? с?з тіркестері». Б?ларды? лексикалы? ма?ынасы толы? са?тал?ан с?здерден бірігіп, тіркесті? б?тін ма?ынасы с?з тізбегіні? ма?ынасымен астарлас, образды, астарлы болады. М?селен, ескі жараны? аузын ашты дегеннен ?ткенді ?айта ?оз?ады, ?мытып кеткенді еске салды дегенді т?сінеміз. Ал а?ылшын тілінде: to give a person a blacklook – ашулы немесе ала к?збен ?арау. Б?л фразеологиялы? ма?ынаны? жасалуына, с?з жо?, е? ал?аш?ы еркін тіркестегі тура ма?ынасы негіз бол?ан.

Кейде фразеологиялы? т?тасты? пен арасында айырмашылы? бай?алмай т?ратын фразеологизмдер бар. М?нда?ы ескертетін н?рсе т?ра?ты тіркес ма?ынаны? тек к?нелуіне байланысты т?сіну керек. Мысалы: ит басына іркіт т?гілу – «а?ыл-тегіл, молшылы?». Сырт т?л?асы жа?ынан фразеологиялы? бірлікке ??сас, ма?ынасыны? тым к?мескіленуінен фразеологиялы? т?тасты??а да ??сас. Жалпы ал?анда фразеологиялы? т?тасты?тар мен фразеологиялы? бірліктер с?здерге жанамалы? ?атыста ж?мсалуына орай, к?біне бір топ?а біріге береді. М?селен, орыс тіл білімінде м?ндай ??былысты Н.Шанский идиомалар немесе орамдар деп атайды. ?аза? тілінде де фразеологияны? б?л екі тобы бір-біріне ?те жуы? т?ра?ты с?з тіркесі деп ?арастырады. Фразеологиялы? т?тасты? пен фразеологиялы? бірліктер фразеологиялы? тізбектерден семантикалы? таби?аты мен ??рылымы жа?ынан ?згелешеленеді.

Фразеологиялы? тізбектер — ма?ынасы жа?ынан ??рамында?ы с?здерді? ма?ынасымен  байланысып,  тіркесу  т?р?ысынан  орны?ып  т?йы?тал?ан  с?з тіркестері болып табылады. Тілде с?здерді? тіркесу ?абілеті бірдей десем, ?айсы бірі кез келген с?збен тіркесіп, белгілі бір ??ымды білдіруге бейім болса, енді бірі  аз  ?ана  с?здермен  ода?тасып,  сонымен  ?ана   тіркеседі.   Т?ра?ты   с?з тіркестерін с?здер тобы ?ана жасайды. Кез келген с?з т?ра?ты с?з тіркестерін жасай алмайды. Мысалы: бота к?з, ?оян ж?рек, то? мойын, жел ая?, т.б. А?ылшын тілінде: white crow, a bosom friend, т.б.

Фразеологиялы? тізбекті? сы?арларыны? бастап?ы ма?ынасы онша ашы? та ай?ын бол?анымен, сол?ын тартып сезіліп т?рады. Мысалы: к?з ?шында, к?з жеткісіз, к?зін тырнап аш?алы, к?зі тірісінде, т.б.

?орыта келе, халы?ты? сана-сезім, салт-д?ст?р, м?дени т?рмыс тарихын бейнелейтін фразеологизмдерді  о?ып  танымайынша,  тіл байлы?ын, тіл ерекшелігін толы? т?сіну м?мкін емес. Халы?аралы? ж?не тіларалы? ?атынастар дамы?ан осы кезе?де шет тілін ана тілімізбен салыстыра зерттеу тіл біліміні? ?рбір саласы ?шін ма?ызы айры?ша.

Пайдаланыл?ан  ?дебиеттер

Ке?есбаев I. Каза? тіліні? фразеологиялы? с?здігі. –Алматы: ?ылым, 1977.   – 632 б.

Сма??лова Г. Фразеологизмдерді? варианттылы?ы. –Алматы: Санат, 1996. – 420 б.

Бол?анбай?лы ?., ?али?лы Г. ?азіргі ?аза? тіліні? лексикалогиясы мен фразеологиясы. –Алматы: Санат, 1997. –187 б.

Шанский Н.М. Фразеология современного русского языка. 3-е изд. –Москва: Высшая школа, 1985. –462 б.

Ке?есбаев I. Каза? тіліндегі т?ра?ты с?з тіркестері. –Алматы, 1954. –706 б.

Аханов ?. Тіл біліміне кіріспе. –Алматы: Мектеп, 1969. –416 б.

Аманжолов С. ?аза? тілі теориясыны? негіздері. –Алматы: ?ылым, 2002. – 624 б.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«А?ылшын ж?не ?аза? тіліндегі т?ра?ты тіркестер»

Тақырыбы: Ағылшын және қазақ тіліндегі тұрақты тіркестер үндестігі

«Ағылшын және қазақ тіліндегі тұрақты тіркестер үндестігі» жұмысының мазмұны:

1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім

2.1 Фразеологизмдер тіл қазынасының бір бөлігі

2.2 Фразеологизмдердің түрлері

3.Қорытынды бөлім

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Ағылшын тілі, мәдениеті, дүниетанымдық көзқарасы әр түрлі ағылшын және қазақ халықтарының тұрақты сөз тіркестері жан-жақты, құрылымы, ішкі форма, аялық білім, жалғаса туындаған ауыспалы мағына, концепт,мәдени тұрғысынан зерттеу нәтижесінде тіл-тілге тән ортақ заңдылықтар, жалпы халықтық рухани дүниелер, ұлттарға тән танымдық ерекшеліктер т.б. жөнінде бірқатар жаңа мағлұматтар жайында сөз етіледі.  

Тіл ғасырлар жемісі, халық мұрасы, ұлттық құбылыс екені баршаға белгілі. Бір тіл бір ұлтты танытады. Яғни, кез-келген халықтық ойлау ерекшелігі оның ұлттық тілінде көрініс табады, халық даналығы, дүниетаным көзқарасы тілінде түйінделеді. Тіл қазынасына жататын көкейге қонымды, бейнелі, алуан түрлі тұрақты тіркестер, олардың тілдік табиғаты, заңдылықтары, құрылымдық ерекшеліктері әлемдік тілдердің көпшілігінде зерттеліп келе жатқаны белгілі. Себебі, олардың шығу төркіні, көнеленуі, мағыналық құрылымы, тұлғасы жағынан және стильдік тұрғыдан өзіндік ерекшеліктері бар. Осы көркем, мазмұны терең, көлемі шағын-қабат тіркес, тізбектердің танымдық мәні ерекше. Уақыт өте келе ықшамдалып, өңделіп, халықтық ортақ мұраға айналған сан-саналы тізбектерді жинақтап, бір ізге түсіру, олардың мазмұн мәжесіндегі кодқа салынған әр түрлі ақпараттарды айқындау тіл мамандарын ерекше қызықтырып отыр.

Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістікті фразеологизмдердің мағына-мәні осы тілдерде сөйлейтін ұлттың ертеден бергі өмірін жан-жақты айқындайды. Халықтың күнделікті өмір тіршілігі негізінде пайда болып қалыптасқан тұрақты тіркестерді қос тілден жиналған деректерімізден кездестіруге болады. Бұл тұрақты тіркестер тілдік қолданыста әр уақыттың салт-дәстүріне, әдет-ғұрыптарына, мәдениетіне, психологиясына, тарихына байланысты қалыптасып, тілдік қолданыста дамып өрбіген. Сондықтан да олар әр халықтың ерекшелігіне байланысты өсіп-өрбіп, сол халықтың ғасырлар бойы жинаған құндылығының бірі болып табылады. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі тұрақты тіркестердің беретін ұғымы әр ұлттың өзіне ғана тән рухани өмірін суреттейді. Яғни, қос тілдегі етістікті фразеологизмдер ұлттық  сезім, ұлттық мінез, ұлттық салт-дәстүр негізін  айқындайды. Осыған орай ағылшын және қазақ тілдеріндегі тұрақты тіркестердің қалыптасуын айқындауда әр ұлттың дүниетанымын, ой-парасатын және рухани парасатымен байланысты пайда болып қалыптасқан тұрақты тіркестерді саралап, олардың тілдік қатынаста қалыптасуын негіз етіп алдық.

Негізгі бөлім

Фразеологизмдер тіл қазынасының бір бөлігі

Әлемдегі тіршіліктің бар саласын қамтитын әр ұлттың өзіне ғана тән көркем сөз орамдары – фразеологизмдерді молынан табуға болады. Фразеологизм тілдің айшықты да, мәнерлі, бай саласының бірі. Бұлар өзінің бейнелік, әсерлік, экспрессивті – эмоциялық, суреттеме қасиетімен көзге түседі. Осындай көркем, пәрменді бояуы қанық алуан түрлі фразеологизмдерді халық орынды пайдаланып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді. Халықтың талай ғасыр сомдап шығарған тұрақты тіркестері – фразеологизмдер тіл қазынасының бір бөлігі екені даусыз.

Фразеология – «phrasis» – орам, сөйлемше «logia» – ұғым, ілім деген грек сөздерінен жасалған термин. Бұл атау негізінен екі түрлі мағынада қолданылады. Біріншіден, тілдегі тиянақты тұрақты сөз тіркестерін қазіргі және тарихи даму тұрғысынан зерттейтін тіл білімнің бір саласы дегенді, екіншіден – белгілі бір тілдегі фразеологимдердің тұтас жиынтығы дегенді білдіреді. Сондықтан болар фразеологизмдер көкейге қонымды, ықшам, ұтқыр да ұтымды сөз өнерінің тілдік және поэтикалық бұлақтары санатына жатады. Айшықты сөз өнерінің басым көпшілігі халықтың тұрмыс тіршілігінде, салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына, діни, наным-сеніміне байланысты туындаған. Олардың құрылымын, тілде қалыптасу кезеңдерін тұрақталу негіздерін зерттеу, сайып келгенде, оқырман қауымды оның тілдік табиғатынан хабардар етіп қоймай, сонымен қатар этнос өмірімен тұтастығымен ерекшеленеді.

Соңғы жылдары халықаралық, тіларалық қатынастың дамуына байланысты құрылымы жағынан да мүлдем алшақ тілдерді салыстыра зерттеу тіл ғылымында дәстүрге айналып келе жатыр. Салыстыра зерттеу барысында екі тілдің өзіндік құрылымдық және жүйелік ерекшеліктері мен ұқсастықтары айқындалады. Сондай-ақ, тіл табиғатында осы уақытқа дейін зерттеушілер назарынан шет қалған кейбір құбылыстардың сыры ашылып, осы кезеңге дейін қалыптасқан тұжырымдар басқа қырынан зерделенуі, тілдің өзіндік сипаты айқындатуда. Әр типтес тілдердегі фразеологизмдерді салыстыра зерттеу де  өзіндік тұңғиық сыры бар қиындығы да мол күрделі жұмыс.

Қазақ тіліндегі фразеологизмдерді зерттеуге деген құлшыныс академик І.Кеңесбаевтың «Қазақ тілі фразеологиялық сөздігі» атты көлемді еңбегінен етек бастаған. Бұл құнды еңбек тек қана қазақ тілінде ғана емес, бүкіл түркі тануға қосылған елеулі үлес деп қарауға болады. Автор аталған сөздіктің «Қазақ тілінің фразеологизмдері» бөлімінде қазақ тіліндегі фразеологиялық теорияның мәселесін жан-жақты қарастырып, біраз ілгері дамытқан. Қазақ тілінің фразеологизмдерін зерттеушілердің қай-қайсысы да бұл еңбекті қолданатыны айдан анық.

Фразеологизімдердің түрлері

Фразеология тану   ғылымында    фразеологизмдердің   басты   белгілері, релеванттық қасиеттері ретінде үш ерекшелігі аталады:

а) даяр қалпында жұмсалу белгісі;

ә) мағына тұтастығы;

б) тіркес тиянақтылығы.

Фразеологизмдердің дайын қалпында жұмсалу белгісі – тұрақты тіркестер қарым-қатынас процесінде, сөйлеу кезінде жасалынбайды, даяр қалпында біртұтас (бүтін, бірлік) единица ретінде жұмсалады. Фразеологиялық етістіктің бұл қасиеті оны еркін сөз тіркесімен салыстырғанда анық көрінеді. Мысалы: тамақ ішу, қолды жуу, үй тазалау және to love music, clever man, to build houses деген еркін сөз тіркестері қарым-қатынас процессінде, сөйлесу кезінде бір-бірімен емін-еркін тіркесіп айтылуынан жасалса, ас адамның арқауы, түймедейді түйедей ету, қой аузынан шөп алмас және mare’s nest, small hours, husband’s tea, т.б. тәріздес сөз тіркестер тіркескен күйінде, бүтін күйінде жадымызда айна қатесіз сақталады да, сөйлеу кезінде олардың сыңарлары (сөздер) сөйлеушінің қалауы бойынша тіркеспейді, бүтіннің бөлшектері тәрізді бұрыннан тіркесіп қойған қалпында, өлеңдегі қайырма тәрізді бұлжымай бір тұтас күйінде қолданылады. Мұндай қасиет тұрақты тіркестерге ғана емес, сонымен қатар лексикалық бірлік (единица) сөзге де тән. Мысалы: әдемі, жылдам, үндемеу, talk, laugh, smile деген сөзде және бұларға белгілі дәрежеде синонимдес болып келетін «үріп ауызға салғандай», «көзді ашып жұмғанша», «жұмған аузын ашпау», get a talk with, give a laugh, give a look, force a smile тәрізді фразеологизмдер дайын қалпында жұмсалу қасиетімен сипатталады. Мысалы, қазақ-ағылшын тілдеріндегі тұрақты тіркестерді салыстырсақ:

kill two birds with one stone- екі қоянды бір оқпен өлтіру;
cat and dog life- ит пен мысықтай өмір;
to pick up one’s ear- құлақ түру;
to abound іn courage — жүрек жұтқан болу;
to meet adversіtіes wіth — бәлеге шалдығу, қырсыққа іліну;
to take advantage of somethіng – бірдеңенің пайдасын көру;

justіfy somebody’s confіdence — біреудің сенімін ақтау;
talk nonsense, talk rubbіsh, talk rot – аузына түскенін оқтай;
take revenge, to cook one’s goose – алдына келтіру;

to judge by appearances – сыртына қарап тон пішу;
aggress agaіnst a country — баса көктеп кіру;
to go ape (over, for) — торығу (күйзелу) [2].

Тіркес тиянақтылығы да фразеологизмдердің ең негізгі белгілерінің біріне жатады. Тиянақты сөз тізбегіндегі сөздер әркімнің қалауынша емес, қалыптасқан белгілі бір жүйемен орналасқан. Өзара тығыз жымдасып орналасқан сөздердің жігі ажырамай тұрады. Олар бір-бірімен иін тіресіп, өзге сөзбен алмастыруға я болмаса, тұрақты орын тәртібін өзгертуге келмейді.

Мәселен, мұрнын көкке көтерді дегеннің орнына қолын көкке көтерді десек, мән-мағынасын мүлде өзгертіп жібереді, тұрақты тіркес еркін тіркеске айналып кетеді. Ал көк сөзін оның синонимі аспан деген сөзбен алмастырсақ (мұрнын аспанға көтерді), мағына тұтастағы онша бұзылмағанмен стильдік мәні солғындап, үйлесімі кемиді, құлаққа жағымды тимейді. Көтерген деген етістікті көтермеді, көтеріп тұр, көтермекші деп өзгерте беруге көнбейді. Тек өзінің сіресіп қалыптасқан қалпында қодануды талап етеді [3].

Сондай-ақ red tape, kick the bucket деген тұрақты тіркес құрамындағы red, kick деген сөздердің орнына blue, give немесе tape, the buckеt дегеннің орнына radio,the ball деген сөздер қолданылмайды: егер бұлай етіп өзгертсек, олар тұрақты тіркес болудан қалады, немесе тіптен мағынасыз, түсініксіз, кей жағдайда сөз тіркесі болып мағына тұтастығынан айырылып қалады. Н.М.Шанский сөздің морфемалық құрамының тұрақтылық сипаты қалай болса, фразеологизмнің құрамынан және сыңарынан (компоненттерінің) орын тәртібінің тұрақтылық сипаты да сондай деп есептейді. Кейде тұрақты тіркес құрамындағы бір сөздің әр түрлі тұлғасынан әлденеше фразеологизмдер жасала берілуі де мүмкін [4, 72 б.]. Мысалы: жамбасы жерге тигенше (өле өлгенше), жамбасы жерге тиді (өлді, жер тастады), жамбасы жерге тимеген (ешкімнен жығылып көрмеген күшті). Кей ретте жалғыз дыбыстың бір өзі-ақ тұрақты тіркестің мән-мағынасын бүтіндей өзгертіп жібереді.

Бұл жағынан қарағанда фразеологизмдердің орын тәртібінің тұрақтылығы сөздің морфемалық құрамының тұрақтылық сипатымен бірдей деп есептеуге болады. Жоғарыда аталған үш түрлі белгі (тұрақтылылық, тұтастық, тиянақтылық) арқылы фразеологизмдер тілдің өзге категориясынан оқшауланып, өзіндік бітім бейнесімен өмір сүрді.

Фразеологизімдердің түрлері — фразеологизмге тән үш түрлі ортақ белгі болғанымен, бұлар бір-бірімен әрдайым ашық ажыратыла бермейді. Бұл белгілер, әсіресе мағына тұтастығы, біреуінен ап-айқын көрінсе, екіншісінен көмескі, үшіншісінен өте солғындау болып кездеседі. Сондықтан фразеологизмдерді түр-түрге бөліп топтастыру тіл біліміндегі ең күрделі де қиын мәселелердің бірінен саналады.

Қорытынды бөлім

Зерттеушілердің бір тобы тұрақты тіркестердің біртұтас мағынасы мен солардың құрамындағы сыңарлардың ара қатынасына қарай жіктеп бөлсе, екіншілері құрылым-құрылысы жағынан, үшіншілері атқаратын қызметі мен стильдік мәні жағынан топтастырады.

Сонымен, қазақ тілі фразеологизмдеріне терең, әрі жан-жақты сипаттама жасаған және болашақ зерттеулерге бағыт-бағдар берген І.Кеңесбаев фразеологизмдердің үш басты белгісіне (тұлға тұрақтылығы, мағына тұтастығы, қолдану тиянақтылығы) сүйене отырып ең негізгі үлкен екі топқа бөледі [5]:

1. фразеологиялық тұтастық;

2. фразеологиялық тіркес.

Бұл еңбектерде фразеологизмдердің негізгі белгілері анықталып, оларды семантикалық және грамматикалық тұрғыдан талдап топтастыру қаралады.

К.Аханов қазақ тілі фразеологизмдерін В.В.Виноградов  классификациясына

сүйене отырып, семантикалық тұрғыдан:

1. фразеологиялық тұтастық;

2. фразеологиялық бірлік;

3. фразеологиялық тізбек;

4. фразеологиялық сөйлемше деп топтастырады

К.Аханов: «Фразеологиялық тұтастық деп бөлініп ажыратылмайтын, беретін мағынасы жағынан құрамындағы сынарладың мағынасымен мүлдем байланыспайтын, әбден бітісіп, тұтысып кеткен томаға тұйық тіркестерді айтамыз» – дейді. Мәселен, мұрнынан шаншылып жүр, мұрнына су жетпеді дегеннен қолы тимеді, бұрылуға мұршасы болмады дегенді немесе ағылшын тілінде: to let the cat out of the bag дегеннен сыр шашу, немесе аңдамай сөйлеу дегенді түсінеміз.

Бұл мағына осындағы үш сөздің тұтас жиынтығынан келіп шығады. Түйдек ішіндегі жекелеген талдау жасап, бірін екіншісінен бөліп алуға көнбейді. Фразеологиялық тұтастық жеке сөздердің тұтас жиынтығынан пайда болғанымен, олар іштей түрлі бөлшектерге бөлінбей, іс-әрекетті, сапа мен белгіні, зат пен құбылысты бір бүтін атау ретінде көрсетіп бере алады.

Фразеологиялық бірлікке К.Аханов мынандай анықтама береді: «Мағынасы жағынан ажыратылмай, тұтасымен бір бүтін мағынаны білдіретін, бірақ сөз тіркестерінің бір бүтін мағынасы лексикалық сыңарлардың мағыналарының бірігіп тұтасуынан тұрақты фразеологиялық сөз тіркестері». Бұлардың лексикалық мағынасы толық сақталған сөздерден бірігіп, тіркестің бүтін мағынасы сөз тізбегінің мағынасымен астарлас, образды, астарлы болады. Мәселен, ескі жараның аузын ашты дегеннен өткенді қайта қозғады, ұмытып кеткенді еске салды дегенді түсінеміз. Ал ағылшын тілінде: to give a person a blacklook – ашулы немесе ала көзбен қарау. Бұл фразеологиялық мағынаның жасалуына, сөз жоқ, ең алғашқы еркін тіркестегі тура мағынасы негіз болған .

Кейде фразеологиялық тұтастық пен арасында айырмашылық байқалмай тұратын фразеологизмдер бар. Мұндағы ескертетін нәрсе тұрақты тіркес мағынаның тек көнелуіне байланысты түсіну керек. Мысалы: ит басына іркіт төгілу – «ағыл-тегіл, молшылық». Сырт тұлғасы жағынан фразеологиялық бірлікке ұқсас, мағынасының тым көмескіленуінен фразеологиялық тұтастыққа да ұқсас. Жалпы алғанда фразеологиялық тұтастықтар мен фразеологиялық бірліктер сөздерге жанамалық қатыста жұмсалуына орай, көбіне бір топқа біріге береді. Мәселен, орыс тіл білімінде мұндай құбылысты Н.Шанский идиомалар немесе орамдар деп атайды. Қазақ тілінде де фразеологияның бұл екі тобы бір-біріне өте жуық тұрақты сөз тіркесі деп қарастырады. Фразеологиялық тұтастық пен фразеологиялық бірліктер фразеологиялық тізбектерден семантикалық табиғаты мен құрылымы жағынан өзгелешеленеді .

Фразеологиялық тізбектер — мағынасы жағынан құрамындағы сөздердің мағынасымен  байланысып,  тіркесу  тұрғысынан  орнығып  тұйықталған  сөз тіркестері болып табылады. Тілде сөздердің тіркесу қабілеті бірдей десем, қайсы бірі кез келген сөзбен тіркесіп, белгілі бір ұғымды білдіруге бейім болса, енді бірі  аз  ғана  сөздермен  одақтасып,  сонымен  ғана   тіркеседі.   Тұрақты   сөз тіркестерін сөздер тобы ғана жасайды. Кез келген сөз тұрақты сөз тіркестерін жасай алмайды. Мысалы: бота көз, қоян жүрек, тоң мойын, жел аяқ, т.б. Ағылшын тілінде: white crow, a bosom friend, т.б.

Фразеологиялық тізбектің құрамындағы ерікті мағынадағы сөз сан алуан сөздермен тіркесіп жұмсалу қабілеті болса, фразеологиялық туында мағынадағы сөз бірді екілі сөзбен ғана шектеліп қолданылады. Мысалы: көк бет, қысыр көз деген фразеологиялық тізбектің құрамындағы бет (жалпы бет, сопақ бет) сөз (аз сөз, бұрыс сөз, көп сөз) деген қыруар сөздермен тіркесіп қолданыла берсе, фразеологиялық мағынадағы көк сөзі бет сөзімен, сөз қысыр сөзімен ғана тіркеседі.

Фразеологиялық тізбектің сыңарларының бастапқы мағынасы онша ашық та айқын болғанымен, солғын тартып сезіліп тұрады. Мысалы: көз ұшында, көз жеткісіз, көзін тырнап ашқалы, көзі тірісінде, т.б.

Қорыта келе, халықтық сана-сезім, салт-дәстүр, мәдени тұрмыс тарихын бейнелейтін фразеологизмдерді  оқып  танымайынша,  тіл байлығын, тіл ерекшелігін толық түсіну мүмкін емес. Халықаралық және тіларалық қатынастар дамыған осы кезеңде шет тілін ана тілімізбен салыстыра зерттеу тіл білімінің әрбір саласы үшін маңызы айрықша.

Пайдаланылған әдебиеттер

Кеңесбаев I. Казақ тілінің фразеологиялық сөздігі. –Алматы: Ғылым, 1977.   – 632 б.

Смағұлова Г. Фразеологизмдердің варианттылығы. –Алматы: Санат, 1996. – 420 б.

Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Г. Қазіргі қазақ тілінің лексикалогиясы мен фразеологиясы. –Алматы: Санат, 1997. –187 б.

Шанский Н.М. Фразеология современного русского языка. 3-е изд. –Москва: Высшая школа, 1985. –462 б.

Кеңесбаев I. Казақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестері. –Алматы, 1954. –706 б.

Аханов Қ. Тіл біліміне кіріспе. –Алматы: Мектеп, 1969. –416 б.

Аманжолов С. Қазақ тілі теориясының негіздері. –Алматы: Ғылым, 2002. – 624 б.

.






























































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Английский язык

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
А?ылшын ж?не ?аза? тіліндегі т?ра?ты тіркестер

Автор: Жаманадина Жанар Аитахыновна

Дата: 11.04.2016

Номер свидетельства: 317456


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства