Талдау сұрақтары: - Сөздер қалай тіркескен?
- Сөздердің орнын ауыстырып айтып көр. Не аңғаруға болады?
- Әрбір берілген тіркестің мағынасын ашып көріңдер.
Тұжырымдау. Оқушыларға тұрақты тіркес туралы ережені өздеріне тұжырымдату. Демек, тұрақты тіркестер дегеніміз – екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі арқылы бір ғана мағынаны білдіретін сөз тіркесі.
Өзіндік белгілері қандай?
1. Тұрақты тіркеске тән мағына құрамындағы сөздердің жеке мағынасына сәйкес келе бермейді. Мысалы: жүрек жұтқан, тақиясына тар келу.
2. Тұрақты тіркестің құрамындағы сөздердің орны тұрақты. Тепсе темір үзетін (темірді тепсе үзетін деуге келмейді немесе тепсе болат үзетін емес).
3. Тұрақты тіркестердің де синонимі не антонимі болады. Мысалы: кірпігі айқаспады - көз ілмеді. Ит өлген жер - таяқ тастам жер
4. Олар сөйлемде бір ғана мүшенің қызметін атқарады, ойды әсерлі жеткізеді. Мысалы, Айдар өзінен кішілерге қол ұшын беруді әдетке айналдырды. Осындағы қол ұшын беруді нені? деген сұраққа жауап беріп, толықтауыш қызметін атқарып тұр.
Балалар, тұрақты тіркестер орыс тілінде де кездеседі екен. Тақтаға назар аударып, салыстырайық.
Тұрақты тіркесті тіліміздегі басқа тіркестерден қалай ажыратуға болады? Ол үшін кестеге назар аударайық.
Синтаксистік тіркес
● Сөз тіркесі
↓
Есімді сөз тіркесі → Сан есім, Сын есім, Есімдік