kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жаттығу жұмысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы:Жаттығу жұмысы                                                                          Сабақтың мақсаты: білімділік –Төл сөз бен автор сөзі туралы түсінік беру;                  тәрбиелік – тілді құрметтеуге,сүюге,белсенділік пен қызығушылыққа тәрбиелеу; дамытушылық – оқушыларға қазақ тілін оқыту арқылы ой-өрісін, таным,қабілетін, төл сөз туралы түсініктерін дамыту.                                                                                             Сабақтың түрі: аралас сабақ                                                                                                 Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру, талдау.                                                                   Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.                                  Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі                                                                            Сабақтың барысы:  а) Ұйымдастыру кезеңі:                                                              Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.                                                                                                                                        Сабақтың жоспары;                                                                                                                                                                                                                                               1.Үй тапсырмасын сұрау. «Сыр сандық» ойыны                                                                                                                                           2.Жаңа тақырып; Төл сөз бен автор сөзі. Жаттығу жұмысы                                                                                         3.а)Тапсырмалар; Кітаппен жұмыс                                                                                                                                                                                                     ә) Тапсырма  б) тапсырма                                                                                                                                                   4. «Байлық пен ақыл» ертегісі                                                                                                                                                                                                                          5. Мәтінмен жұмыс. «Даналық ағаш»ойыны                                                                                                                                          6.Шығармашылық жұмыс.Суретке қарап әңгіме құрастыру.                                                                                                7.Білімдерін бекіту,сема

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жаттығу жұмысы»

Күні: 17.04.2015 Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8 «в»

Сабақтың тақырыбы:Жаттығу жұмысы Сабақтың мақсаты: білімділік –Төл сөз бен автор сөзі туралы түсінік беру; тәрбиелік – тілді құрметтеуге,сүюге,белсенділік пен қызығушылыққа тәрбиелеу; дамытушылық – оқушыларға қазақ тілін оқыту арқылы ой-өрісін, таным,қабілетін, төл сөз туралы түсініктерін дамыту. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру, талдау. Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар. Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың жоспары; 1.Үй тапсырмасын сұрау. «Сыр сандық» ойыны 2.Жаңа тақырып; Төл сөз бен автор сөзі. Жаттығу жұмысы 3.а)Тапсырмалар; Кітаппен жұмыс ә) Тапсырма б) тапсырма 4. «Байлық пен ақыл» ертегісі 5. Мәтінмен жұмыс. «Даналық ағаш»ойыны 6.Шығармашылық жұмыс.Суретке қарап әңгіме құрастыру. 7.Білімдерін бекіту,семантиаалық карта. 8.Бағалау. 9.Үйге тапсырма. ә) Үй тапсырмасын пысықтау: Оқушыларды әр түрлі түстер арқылы топқа бөлу.Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын «Сыр сандық» ойыны. 1.Төл сөз дегеніміз не? 2.Төлеу сөз дегеніміз не? 3.Автор сөзі дегеніміз не? 4.Құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді? 4..Төл сөз бен автор сөзі қалай байланысады? 6.Сабақтас құрмалас дегеніміз не? б)Жаңа сабақты түсіндіру:Жаттығу жұмысы Кестемен жұмыс.

Төл сөз

Сөйлеушінің біреудің сөзін бұлжытпай, еш  өзгеріс жасамай, үтір , нүктесіне дейін сол күйінде қолдануы

Төлеу  сөз

Сөйлеушінің өз сөзінің ішінде басқаның сөзін өзгертіп, жалпы ойын,  мазмұнын ғана сақтап айтуы

Автор сөзі

Осы екеуін де басқаға жеткізіп, түсіндіріп беретін сөз

Өнер алды – қызыл тіл

Өнер алды қызыл тіл екендігін айтқан халық данышпан ғой.

Деді халық

Осы мысалдарға қарап отырып ереже шығарту.

Төл сөз

Сөйлеуші өз сөзінде  басқа адамның айтқан сөзін өзгертпей , сол айтылған күйде беруін төл сөз деп атаймыз

Автор сөзі

Төл сөзбен байланысты айтылған сөйлеушінің өз сөзі  автор сөзі деп аталады

Төлеу  сөз

Сөйлеушінің өз сөзінің ішінде басқаның сөзін өзгертіп, жалпы мазмұнын ғана сақтап айтуын төлеу сөз деп атайды

1. Тапсырма.Кітаппен жұмыс. Берілген мысалдардағы төл сөздердің астын түзу, автор сөздерінің астын ирек сызықпен сызыңдар. 1сөйлемге морфологиялық талдау жасау. Мырзатай Жолдасбеков өзінің «Бауыржан туралы сөз» атты еңбегінде; «Бауыржандай дара тұлғаларды табиғат-ана қай заманда да, қай халыққа да сирек сыйлайды»,- деп жазды. «Сөзін оқы және ойла, Тез үйреніп, тез жойма, Жас уақытта көңіл –гүл»,- деді Абай. «Тағдырдың қиын сынынан абыройлы өту үшін, - деген М.Жолдасбеков,-Бауыржанның тәуекелі мен қайсарлығы, намысқойлығы мен жауапкершілігі керек».
2. Тапсырма. Төл сөз бен автор сөзін тауып, орын тәртібінің сызбасын көрсетіндер.Айрықша берілген сөздердің үш тілдегі аудармасын айтыңдар.

  1. «Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ», – деді Абай.     Өнер-искусство-art

  2. Мағжан Жұмабаев қазақ тілі туралы: «Таза, терең, өткір, күшті,кең тілім!»- деп айтқан.                                                                              тіл-язык-language

  3. Жүсіп Баласағұн: «Адамға екі нәрсе тірек, тегі:Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі»,- дейді                                                                              Жүрек – сердце-  heart

  4. «Тіл – елшінің қылышы,- деді Жүсіп Баласағұн ,- тіл қылыштан да өткір.»                                                                                    Қылыш – мечь-sword

  5. «Қасиетін сезем деп ана тілдің,
    Қауырсыны қалмады қанатымның» – деп Мұқағали Мақатаев жырлаған.                                                                                                  Ана – мать – mother

3.Тапсырма.Төл сөзді төлеу сөзге айналдыр. 1. «Білімсіздер тіліне берік болсын,
2. «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз”,- деді Елбасы.   3. «Өлді деуге бола ма , айтыңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.»-дейді    Абай. 4.Тапсырма. «Байлық пен ақыл» ертегісі
(Мәтіндегі төл сөз бен автор сөзінің тыныс белгілеріне назар аудару.)
Бір қарияның төрт ұлы болыпты. Бір күні әкесі балаларын шақырып алып: -- Мен қартайдым. Кімнің ақылы мен байлығы болса, сол менің мұрагерім болады, - депті.
1. «Міне, менің байлығым. Ал кім бай болса, сол ақылды», - депті үлкен ұлы асыл тасты жүзігін көрсетіп.
2. Екінші ұлы асыл киімдерін киіп келеді де, әкесіне былай дейді:
«Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді».
3. «Мұндай белдікті,- деді үшінші ұлы күміс пен асыл тастармен әшекейленген белдігін буынып,- ешкім буынып көрген жоқ!»
4. - Сен неге үндемейсің? – деді әкесі төртінші ұлына қарап. – Әлде сенің көрсететін
ештеңең жоқ па?
5. Сонда төртінші ұлы басын төмен салып: «Менде асыл тас та, жүзік те, киім де, белдік те жоқ. Тек еңбек сүйгіш екі қолым, қайрат пен жігерге толы жүрегім бар», - дейді.
Әкесіне кіші ұлының жауабы ұнайды. Ол өзінің мұрагері етіп кіші ұлын атапты. Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпауды өсиет етіпті.
Мәтінмен жұмыс. «Даналық ағашы» ойыны.
Оқушылар мәтінді жылдам оқып шығады. Оқушылар мәтін бойынша қиын сұрақ құрап, қағазға жазады, жүргізушінің қолында сандықша болу керек, соған оқушылар кезегімен өз сұрақтарын салады. Мәтінді тағы бір рет жылдам оқып шығу керек. Әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап неғұрлым дұрыс жауап беруі тиіс. Басқалар сұрақпен жауапты бағалайды, жүргізуші жеңімпазды анықтайды. Әр дұрыс жауапқа фишка беріледі.
Шығармашылық жұмыс: Суретке қарап отырып төл сөз бен автор сөзіне әңгіме құрастырыңдар. Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін. Семантикалық карта.

Сөйлемдер

Төл сөз

Төлеу сөз

Автор сөзі

«Тіл — жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт — жойылған жұрт»




деп Халел Досмұхамедұлы айтқан.




деп үміт артады  Ахмет Жұбанов




«Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті… Біздің қазақ жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын»




Ердің жүзін күйдіретін нәрсе –– тіл екендігін  Ахмет Йүгінеки бабамыз айтып өткен.




Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнегесі, нағыз белгісі болатындығын Бауыржан Момышұлы атамыз айтқан.




Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: Әдебиет оқулығынан «Қонақтар» әңгімесінен төл сөз бен автор сөзіне 3 сөйлем жазып келу. Сөйлемдерді талдап келу.

 











































































2. Тапсырма.Кітаппен жұмыс. Берілген мысалдардағы төл сөздердің астын түзу, автор сөздерінің астын ирек сызықпен сызыңдар Мырзатай Жолдасбеков өзінің «Бауыржан туралы сөз» атты еңбегінде; «Бауыржандай дара тұлғаларды табиғат-ана қай заманда да, қай халыққа да сирек сыйлайды»,- деп жазды. «Сөзін оқы және ойла, Тез үйреніп, тез жойма, Жас уақытта көңіл –гүл»,- деді Абай. «Тағдырдың қиын сынынан абыройлы өту үшін, - деген М.Жолдасбеков,-Бауыржанның тәуекелі мен қайсарлығы, намысқойлығы мен жауапкершілігі керек».


3. Тапсырма. Төл сөз бен автор сөзін тауып, орын тәртібінің сызбасын көрсетіндер.Айрықша берілген сөздердің үш тілдегі аудармасын айтыңдар.

  1. «Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ», – деді Абай.     Өнер-искусство-art

  2. Мағжан Жұмабаев қазақ тілі туралы: «Таза, терең, өткір, күшті,кең тілім!»- деп айтқан.                                                                              тіл-язык-language

  3. Жүсіп Баласағұн: «Адамға екі нәрсе тірек, тегі:Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі»,- дейді                                                                              Жүрек – сердце-  heart

  4. «Тіл – елшінің қылышы,- деді Жүсіп Баласағұн ,- тіл қылыштан да өткір.»                                                                                    Қылыш – мечь-sword

  5. «Қасиетін сезем деп ана тілдің,
    Қауырсыны қалмады қанатымның» – деп Мұқағали Мақатаев жырлаған.                                                                                                  Ана – мать – mother



















































































Сөйлеуші өз сөзінің ішінде біредің айтқан сөзін өзгертпей,сол айтылған күйінде беруін төл сөз дейміз.

Мысалы: Майқы би баласы – Үйсінге: «Хан ақылды,әділ болса,қарашы батыл,ынтымақты болса,қара жерден су ағызып,кеме жүргізеді!, - деп батасын береді.Осы мысалда сөйлеуші Майқы айтқан сөзді төл сөз етіп отыр.

Төл сөзбен байланысты айтылған сөйлеушінің өз сөзін автор сөзі дейміз.

Жоғарыдағы алынған мысалдағы Майқы би баласы – Үйсінге ... деп батасын береді деген - автор сөзі: мұнда сөйлеуші төл сөзді кімге қаратып айтқаны жайында түсінік береді.

Төл сөзбен автор сөзі де көмекші етістігі арқылы байланысады,ол үнемі автор сөзінің құрамында болады және деді,дейді,деп,деген,деген екен (болатын),дей жаздады,дегендей, т.б. тұлғада тұрып қолданылады.

Мысалы: Майқы ақсақ - өмір бойы арбамен жүретін және арбасын жаяу адамға жетектетіп жүретін кісі екен.

  • Оған мені апарыңдар,мен көрейін, - дейді Майқы би.Бала Майқыны кргеннен-ақ орнынан атып тұрып:

  • Ассалаумағалейкум,хан біткеннің қызығы,бұқара жұрттың қазығы,азығы, - деп сәлем береді.

Төл сөздің мазмұны автор сөзінің ыңғайына қарай біреудің айтқан сөзі ғана еес,оның ойлаған ойы,айтуға оқталған сөзі де болып келеді.мсалы: Ішінен: «Қандай жақсы ырым еді,жүрегімді жүрегің қан жайлаудың қалың елінің арасынан қараңғы кеште адаспай танып,шақырып алғаны қалай еді» - деп,Керімбалаға алғыс пейілін бағыштап келеді.Бұл мысалда Керімбаланың айтқан сзі емес,ойлаған ойы төл сөз ретінде берілген. «Қошқардан туатын баланың аты Жәнібек болсын,ол дүниенің төрт бұрышын билейтін адам болады,бақ-дәрежесі жеті атаға жетеді», - деп аян береді.Мұнда Шақшақ батырдың түсі төл сөз ретінде берілген.



Жаттығумен жұмыс: 158-жаттығу. Көшіріп жазып төл сөз бен автор сөзін ажыратыңдар

Шығармашылық жұмыс: Мақал-мәтелдерді қатыстыра отырып төл сөз бен автор сөзіне әңгіме құрастырыңдар.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма: Сөйлемдерді талдап келу.





Күні: 06.04.2015                              Пәні: қазақ тілі                                   Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы:     Төл сөз бен автор сөзі                    

Сабақтың мақсаты:    білімділік –Төл сөз  бен автор  сөзі туралы түсінік беру;

                                           тәрбиелік – тілді құрметтеуге,сүюге,белсенділік пен қызығушылыққа тәрбиелеу;              

                                           дамытушылық – оқушыларға қазақ тілін  оқыту арқылы ой-өрісін, таным,қабілетін, төл сөз туралы түсініктерін дамыту.  

Сабақтың түрі:                                   аралас  сабақ

Сабақтың әдісі:                                  сұрақ-жауап,   деңгейлеп оқыту

Сабақтың көрнекілігі:                     плакат,кеспе қағаздар, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс:                     әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

                                               а)    Ұйымдастыру кезеңі: 

                                 Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                                  ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

                                Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

                                     б)     Жаңа сабақты түсіндіру:

Сөйлеуші өз сөзінің ішінде біредің айтқан сөзін өзгертпей,сол айтылған күйінде беруін төл сөз дейміз.

   Мысалы: Майқы би баласы – Үйсінге: «Хан ақылды,әділ болса,қарашы батыл,ынтымақты болса,қара жерден су ағызып,кеме жүргізеді!, - деп батасын береді.Осы мысалда сөйлеуші Майқы айтқан сөзді төл сөз етіп отыр.

   Төл сөзбен байланысты айтылған сөйлеушінің өз сөзін автор сөзі дейміз.

   Жоғарыдағы алынған мысалдағы Майқы би баласы – Үйсінге ... деп батасын береді деген  - автор сөзі:  мұнда сөйлеуші төл сөзді кімге қаратып айтқаны жайында түсінік береді.

   Төл сөзбен автор сөзі де көмекші етістігі арқылы байланысады,ол үнемі автор сөзінің құрамында болады және деді,дейді,деп,деген,деген екен (болатын),дей жаздады,дегендей, т.б. тұлғада тұрып қолданылады.

  Мысалы: Майқы ақсақ - өмір бойы арбамен жүретін және арбасын жаяу адамға жетектетіп жүретін кісі екен.

-          Оған мені апарыңдар,мен көрейін, - дейді Майқы би.Бала Майқыны кргеннен-ақ орнынан атып тұрып:

-          Ассалаумағалейкум,хан біткеннің қызығы,бұқара жұрттың қазығы,азығы, - деп сәлем береді.

   Төл сөздің мазмұны автор сөзінің ыңғайына қарай біреудің айтқан сөзі ғана еес,оның ойлаған ойы,айтуға оқталған сөзі де болып келеді.мсалы: Ішінен: «Қандай жақсы ырым еді,жүрегімді жүрегің қан жайлаудың қалың елінің арасынан қараңғы кеште адаспай танып,шақырып алғаны қалай еді» - деп,Керімбалаға алғыс пейілін бағыштап келеді.Бұл мысалда Керімбаланың айтқан сзі емес,ойлаған ойы төл сөз ретінде берілген. «Қошқардан туатын баланың аты Жәнібек болсын,ол дүниенің төрт бұрышын билейтін адам болады,бақ-дәрежесі жеті атаға жетеді», - деп аян береді.Мұнда Шақшақ батырдың түсі төл сөз ретінде берілген.

 

Жаттығумен жұмыс:            158-жаттығу.   Көшіріп жазып төл сөз бен автор сөзін ажыратыңдар

    Шығармашылық  жұмыс:  Мақал-мәтелдерді қатыстыра отырып төл сөз бен автор сөзіне әңгіме құрастырыңдар.

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:                Сөйлемдерді талдап келу.

 

 

 

●●● развернуть ●●●




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жаттығу жұмысы

Автор: Давидова Перизат Осбановна

Дата: 04.02.2017

Номер свидетельства: 387547

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Ашық сабақ "Жаттығу жұмысы""
    ["seo_title"] => string(30) "ashyk_sabak_zhattyg_u_zhu_mysy"
    ["file_id"] => string(6) "458057"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1518892763"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "Саба?ты? та?ырыбы: М?тіндік ??жатты суреттермен ж?мыс "
    ["seo_title"] => string(62) "sabak-tyn-tak-yryby-m-tindik-k-u-zhatty-suriettiermien-zhu-mys"
    ["file_id"] => string(6) "205253"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429849068"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "?аза? тілінен жатты?у ж?мысы"
    ["seo_title"] => string(34) "k-azak-tilinien-zhattyg-u-zhu-mysy"
    ["file_id"] => string(6) "286135"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454302430"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) "Конспект урока на тему "Дауыссыз дыбыстар?а жатты?у ж?мысы" "
    ["seo_title"] => string(64) "konspiekt-uroka-na-tiemu-dauyssyz-dybystarg-a-zhattyg-u-zhu-mysy"
    ["file_id"] => string(6) "194203"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427735666"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) ""Абай шы?армалары ?аза? тілінде" жатты?улар ж?мысы "
    ["seo_title"] => string(56) "abai-shyg-armalary-k-azak-tilindie-zhattyg-ular-zhu-mysy"
    ["file_id"] => string(6) "240853"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1445146692"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства