kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Абай шы?армалары ?аза? тілінде" жатты?улар ж?мысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Б?л жатты?улар ж?мысы Абай шы?армаларын саба? барысында тере?ірек т?сіну ?шін берілген. бай е?бектері - жалпы адам баласын о?у, ?нер, е?бек, білім, адамгершілікке т?рбиелеуде мол м?мкіндік беретін дидактикалы? ??рал. ?сіресе, мектеп о?ушыларыны? с?здік ?орын байытып, тілін дамытуда алатын орны зор. А?ын е?бектері, сондай-а?, саба?ты ?мірмен ты?ыз байланыстыра ?туге де м?мкіндік жасайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Абай шы?армалары ?аза? тілінде" жатты?улар ж?мысы »

Абай шығармалары қазақ тілі сабағында

Мақсаты: Абай еңбектері –жалпы адам баласын оқу, өнер, еңбек, білім, адамгершілікке тәрбиелеуде мол мүмкіндік беретін дидактикалық құрал. Әсіресе, мектеп оқушыларының сөздік қорын байытып, тілін дамытуда алатын орны зор. Ақын еңбектері, сондай –ақ , сабақты өмірмен тығыз байланыстыра өтуде де мүмкіндік жасайды.

Сабақта қолданылатын үзінділерді Абайдың толық шығармалар жинағынан алуға болады. Алынған үзіндіні, біріншіден , сол күнгі өтілетін сабаққа жауап беретін, яғни, білім мен тәрбиені қоса атқаратын жағына назар аударсақ, екіншіден, өлеңнің мазмұнын терең, дұрыс қабылдауға кедергі келтіретін түсініксіз сөздерге түсінік қоса беріледі.

1

Құсы да, иесі де қоразданар,

Алпыс екі айлалы түлкі алғанда.

Тапсырма

  1. Өлеңнің мазмұмында кім, не туралы айтылған?

  2. Аңды қазақ не үшін, қандай құралдармен аулайды?

  3. Осындағы бірыңғай мүшені тап, жасалу жолын түсіндір, қандай сөйлем мүшесі, тыныс белгісін қой, қай сөз табы?



2

Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек,

Әр нәрсеге өзіңдей баға бермек.

Таразы да, қазы да өз бойында

Наданның сүйенгені көп пен дүрмек.

Тапсырма

  1. Үзіндіден не түсіндің?

  2. Ақынның ойына қосыласың ба?

  3. Бірыңғай мүшені тап. Жасалу жолын айт. Қандай сөйлем мүшесі,қай сөз табынан жасалған ?



3

Сыртансынбақ, қусынбақ, өршілденбек,

Сыбырменен топ жасап бөлек-бөлек.

Арамдықпен бар ма екен жаннан аспақ,

Өзімен – өзі бір күні болмай ма әлек?



Тапсырма

  1. Ақын өлеңінен қандай адам бейнесін аңғардың?

  2. Ақын осы шумақ арқылы не айтқысы келген?

  3. Бірыңғай мүшені тап, жасалу жолын түсіндір, қандай сөйлем мүшесі, қай сөз табы?



4

Қолдан келе бере ме жұрт меңгермек,

Адалдық, арамдықты кім теңгермек.

Мақтан үшін қайратсыз болыс болмақ,

Иттей қор боп өзіне сөз келтірмек.

Тапсырма

  1. «Қолдан келе бере ме» тіркесін қалай түсінесің?

  2. «Иттей қор боп» тіркесін қалай түсінесің?

  3. Бірыңғай мүшені тап, жасалу жолын айт. Қандай сөйлем мүшесі, қай сөз табы?



5

Алыс-жақын қазақтың бәрі қаңғып,

Аямай бірін-бірі жүр ғой аңдып.

Мал мен бақтың кеселін ұя бұзар,

Паруардигәр жаратқан несін жан қып!

Тапсырма

  1. Мұнда ақын қандай адам туралы айтып отыр?

  2. Ақын неге ренжиді, неге қапаланады?

  3. Бірыңғай мүшені тап, жасалу жолын айт. Қандай сөйлем мүшесі, қай сөз табы?



6

Қарындас қара жерге тыға алмай жүр,

Бірінің бірі сөзін құп алмай жүр.

Құда, тамыр, достарың, қатын –балаң,

Олар да бір қалыпты бола алмай жүр.

Тапсырма

  1. Ақын кімдер туралы айтып отыр?

  2. Қазіргі Қазақстанға ең бірінші не керек деп ойлайсың?

  3. Бірыңғай мүшені тап, жасалу жолын айт. Қандай сөйлем мүшесі, қай сөз табы?





7

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ-

Бес дұшпанын білсеңіз.

Тапсырма

  1. Ақын өсиетіне қалай қарайсың?

  2. Сен қаражатыңды неге жаратар едің?

  3. Бірыңғай мүшені тап, жасалу жолын айт. Қандай сөйлем мүшесі, қай сөз табы?



8

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой-

Бес асыл іс, көнсеңіз

Тапсырма

  1. Қандай асыл қасиеттер туралы айтып отыр?

  2. Тыныс белгісін қой. Сызықшаның қойылу себебін түсіндір.Бірыңғай мүшені тап, жасалу жолын айт. Қандай сөйлем мүшесі, қай сөз табы?














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
"Абай шы?армалары ?аза? тілінде" жатты?улар ж?мысы

Автор: Мырза?алиева Фарида Шамбыл?ызы

Дата: 18.10.2015

Номер свидетельства: 240853


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
2110 руб.
2640 руб.
2540 руб.
3170 руб.
2220 руб.
2770 руб.
1700 руб.
2130 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства