Қазақ тілі
Сабақтың атауы
Сөйлемдегі сөздердің байланысы.
Мақсаты
Күтілетін нәтиже
Әр сөздің мағынасы болатындығымен таныстыру; сөздердің мағынасын дұрыс ажырата білуге дағдыландыру; сөздерді орынды, дұрыс қолдана білуге үйрету; сөздік қорларын арттыру.
Психологиялық ахуал
Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Қызығушылықтарын ояту
Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысып тұрады. Олардың байланысы сұрақ қою арқылы табылады
Мағынаны тану
1-жаттығу. Берілген сөздерден сөйлем құрастыр. Сөйлем құрастыру үшін не істедің?
Өсімдіктер, өседі, жайқалып. Ғарышкерлер, әлемін, аспан, зертейді. Ана тілін, құрметтеу керек, әрбір, адам. Жусан -, иісті, жұпар, өсімдік. Біздің, шежірелі, жерлер, елімізде, көп.
2-жаттығу . Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөйлемдегі сөздерге сұрақ қой.
Балалар тоғайға барды. Әсет адасып қалды. Балалар үйлеріне қайтты. Олар болған жайды Әсеттің анасына айтты. Анасы Әсетті тоғайдан тауып алды. Анасын көрген Әсет қатты қуанды.
3-жаттығу. Сөйлемдерді оқы. Сөйлемдердегі сөздердің байланысын гі бойынша сұрақ қойып анықта.
Үлгі: балалар циркке барды.
- Балалар не істеді?
- Балалар барды.
- Қайда барды?
- Циркке барды?
4-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөйлемдерге сұрақ қой. Сызба бойынша сөздерге сұрақ қой.
Түн болды. Аспанда жұлдыздар жымыңдайды. Жұмысшылар зауытқа келді. Арманның анасы тамақ пісірді.
Сергіту сәті
Сөздік ойын «Қарама – қарсы сөздер»
Мен «жоғары» десем, сен.. Мен «төмен» десем, сен..
Мен «үлкен» десем, сен.. Мен «алыс» десе, сен..
Ой толғаныс
Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысып тұрады. Олардың байланысы сұрақ қою арқылы табылады ма?
Сөзбердеің байланысын не арқылы анықтаймыз?
Үйге тапсырма
Үйге: 5-жаттығу.Суреттер бойынша сөйлемдер құрастыр. Сөйлемдегі сөз-дердің байланысын сызба арқылы көрсет.
Күнделіктеріне жазады
Бағалау
Баға қою
Күнделіктеріне қоямын
Кері байланыс
«Бас бармақ» арқылы кері байланыс жасау