Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан- тәуелсіз мемлекет. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі»
Сабақтың мақсаты: тәуелсіздігімізге 25 жыл толуына орай оқушылардың білімдерін ортаға салу. Оқушыларды қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, жол жеткен жетістіктерімен қысқаша таныстыру.
Дамытушылық: «Қазақстан- тәуелсіз мемлекет» такырыбына байланысты сөздерді қайталау, Қазақстан туралы әңгімелер беруге машықтандыру және сөйлемдегі сөз орындарының тәртібін сақтап дұрыс сөйлем құрастыруға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу; ұлттық мінез, ұлттық намыс қалыптастыру; оқушылардың елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.
Оқу құралдары: мәтін, Қазақстан туралы видеоклиптер, интерактивтік тақта, жеке карточкалар.
Сабақтың түрі: өткенді қайталау, пысықтау.
Сабақтың әдістері: сұрақ- жауап, әңгімелесу, оқу, аудару, талдау, мәнерлеп оқу, сөйлемдер құрастыру.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан жағрапиясы, тарихы, ән - күй сабағымен байланыстыру.
Сабақтың жоспары.
1) Амандасу, қонақтарға көңіл бөлу; оқушыларды түгелдеп, дайындықтарын қадағалау.
3) Фильмді көріп, сабақ тақырыбын анықтау, мақсаттарымен танысу.
Кластер аркылы Қазақстан туралы қайталау, пысықтау.
1) Жаңа сөздермен танысу, жазу.
2)Мәтінді мәнерлеп оқып, аудару.
3)Сұрақ- жауап құрастыру, сөйлесу.
Сабақтың барысы.
1 Ұйымдастыру кезеңі.
- Бүгің нешесі?
- Кім бар, кім жоғын тексерейік. Сыныпта кім кезекші?
– Балалар, қазір сендер өленді тындадындар және фильм қөрдіңдер, ал енді өздерін айтыңдаршы бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай? Не туралы?
- Сонымен сабағымыздың такырыбы «Қазақстан- тәуелсіз мемлекет. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі» Дәптерін ашыңдар, жазыңдар. Бүгін бұл тақырыптарды қайтала пысықтайық.
2 Қайталау кезеңі.
- Балалар, Қазақстан туралы не білесіңдер? «Қазақстан» деген сөзі естерінде қандай ассоциация тудырады? Сондай сұрыктарға жауап беріп, кластер жасайық.
- Интерактивтік тақтаға назар аударыңыз.Біздің жауаптарымызды қысқаша түрде кластер жасауға үшін тақтаға жазамыз.
3 «Тәуелсіздік жылы» мәтінмен жұмыс.
1 тапсырма. Жаңа сөздермен танысу.
Жетістіктер-достижения әділ саясат-справедливая политика бейбітшілік-мир қабылдау-принять жариялау-провозглашать дербес-самостоятельный қүқық-право әлеуметтік жағыдай-социальное положение
2 тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқу, аудару.
Тәуелсіздік жылы.
2016 жыл біздің елде Тәуелсіздік жылы деп жарияланды, өйткені биыл Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл толады.
Осы 25 жыл ішінде Қазақстан көп жетістіктерге жетті:
Дербес, тәуелсіз ел болу үшін деген қандай бақыт! Елдің өз құқы қолында. Дүние жүзінің жүзден астам елі Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп таныды.
3 тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарды құрастыру.
4 Сөйлем құрастыру. Синтаксистік талдау.
Бүгін Қазақстан – тәуелсіздік, егеменді мемлекет. (Құрамына қарай, бұл жай сөйлем. Айту мақсатына қарай, хабарлы. Жақты, толымсыз (толықтауышы жоқ), жайылма сөйлем. Бұл сөйлемде сызықша неге қойылады?Бұл сөйлемде бастауышы мен баяндаушы зат есім атау септікте тұр, сондықтан сызықша қойылады.)
Биыл Қазақстан тәуелсіздігіне жиырма жыл толды.
Қазақстандықтардың өмірі жақсарады.
Қазақстан өз саясатын әділ жүргізеді ме?
5 Қорытынды кезеңі. Видеоклип көру.
6 Үйге тапсырма келесі: жаңа сөздерді жаттау және диалогты құрастыру.
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт