1) Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының салт – дәстүрлері мен әдет – ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.
2) Дамытушылық: Оқушылардың қазақ халқының салт – дәстүрлерінің адамгершілік қасиеттерін бойларына сыйдырып, білім мен білік дағдыларын дамыту.
3) Тәрбиелік: Ата – аналармен тығыз байланыс жасау арқылы ортақ тәрбиеге жұмылдыру.
Көрнекілігі: слайд, суреттер, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, кітап көрмесі
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Салт – дәстүрім тәрбиенің негізі»
Салт – дәстүрім тәрбиенің негізі
Мақсаты:
1) Білімділік: Оқушыларға қазақ халқының салт – дәстүрлері мен әдет – ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету.
2) Дамытушылық:Оқушылардың қазақ халқының салт – дәстүрлерінің адамгершілік қасиеттерін бойларына сыйдырып, білім мен білік дағдыларын дамыту.
3) Тәрбиелік: Ата – аналармен тығыз байланыс жасау арқылы ортақ тәрбиеге жұмылдыру.
Көрнекілігі: слайд,суреттер, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, кітап көрмесі
Сабақтың барысы:
Кітапханашының кіріспе сөзі: Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет – адал, білімді, еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық салт-дәстүріне орай іске асырады. Яғни әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыпталған озық салт-дәстүрлерін жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келген. Бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана берілмейтіні анық. Ананың бесік жырынан бастап, адамның жер қойнына берілгенге дейінгі өзі көріп-білген салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар барлығы да адамның дүниетанымын қалыптастыратын өмір сабақтары. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі бар. Салт-дәстүрдің пайда болып, қалыптасу тарихына көз жіберсек, олар халықтың әл-ауқат, тұрмыс-тіршілік болмысынан туып қалыптасатынын көреміз. Дүниеден өткен адамды жерлеудің салтын қарайтын болсақ, үнділер өте тығыз орналасқандықтан, көмуге жер жетіспейтіндіктен мәйітті өртеуі, орыстардың ағаш табытқа салуы, топырағына күрек батпайтын жерде тұратын адамдар мәйітті адам жүре қоймайтын айдалаға апарып тастайды. Қоғамдық салт – қоғадық болмыстан туындайды деген осы. Сондықтан халық дәстүрлерінің дұрыс-бұрысы бар деуге болмайды. Халық педагогикасының тұрмыстық ереже болып, халықтың салтына айналған әдет-ғұрыптардың тәрбиелік мәні ерекше. Халық тәрбиені балаға ана құрсағында жатқаннан бастайды. Оған куә іштегі сәбидің уақытында дүниеге келуі үшін үлкен аналар түрлі ырымдар жасайды. Ал енді салт – дәстүрлер туралы қысқаша мәлімет беріп кетсек. Салт – дәстүрлерінің ішіндегі бала тәрбиесіне байланысты тәрбие дәстүріне тоқталсақ.
1-оқушы: Шілдехана – сәби дүниеге келген соң бір жеті бойы ана мен баланы күтіп, оның көңілін көтеріп, оның қасына дастархан жаю әдеті. Қазақ елінің әр түкпірінде бұл рәсім әр қалай өтеді. Сол күні баланы шілде суына шомылдырып, сыңғырлаған тиындар салады, балаға денсаулықпен бірге байлық та тілейді. Шілдехана өткізілетін күні ана әбден сорпаланып өзінің шілде терін шығаруы тиіс.
2-оқушы:Қырқынан шығару – бөбек дүниеге келген соң 40 күннен соң оның алғаш рет шашы мен тырнағы алынып, бесікке салу рәсімі орындалады. 40-күннің өзі ананың бой көтеріп, денсаулығы түзелген кезде болады. Жалпы осы уақыт ішінде ананың да, баланың да денсаулығы өте мықты күтімді қажет етеді. Анаға кіндік шеше көмек беруі тиіс. Бұл дастархан басына тек әйел адамдар келіп қатысады.
3-оқушы: Сәбиге ат қою — нәресте дүниеге келгенде оған берілетін есімді таңдау дәстүрі, ата-анасының жауапты міндеттерінің бірі. Сәби туылмай жатып та оған қойылатын есімді таңдауға болады. Қазақ халқы Ислам дінін ұстанғандықтан мұсылманша ат қою (азан шақырып ат қою) дәстүрі кеңінен тараған. Қазақ халқының салты бойынша балаға үш күннің ішінде ат қойылуы керек.Сәби дүниеге келген отбасында немесе үлкен әулетте үлкен ата-әжелер болса, есімді солар таңдайды. Үлкеннің айтқанына қарсы келмейтін жастар қаласа да, қаламаса да келісіп жататын кездер аз емес. Үлкендер жағы өздеріне таныс, мағынасы қанық аттарды таңдаса, жастар жағы заманауи есімдерді қоюға ұмтылады. Ескі немесе жаңа есімдер қойылса да оның мағынасына баса назар аудару керек. Өйткені адамды басқа адамдар есімі арқылы таниды, шақырады. Сол үшін адам өзінің есімінің ыңғайсыздығынан немесе құлаққа түрпідей тиюінен қысылмайтын болу керек.
4-оқушы:Бесікке салу – бұл кішігірім той ретінде өтеді. Келушілер тарту, шашу, жоралғыларыналып келеді, бесікке салу немесе бөлеу тәжірибелі әжеге немесе анаға жүктеледі. Бесікті түбегімен, жабдығымен кіндік шеше алып келеді, сумен бала шыланады, ыдыстары отырғандарға таратылып беріледі. Баланың «ит көйлегі» жүгіртіледі, яғни тәтті дәм толтырылған кішкене дорба иттің мойынына көйлегімен байланады да жүгіртіледі, соңынан қуып жеткен бала дорбаға ие болады. Бесіктің түбегі орналасқан жерден кішкене бұршақ тәрізді тоқаштар өткізіліп, оны «тыштырма» деп айтады. Осы жерде жиналған аналар бесік жырларын айтады. Бесік жырының сөздері естияр балалардың ой-қиялына жыр етіп, ананың мейір-шапағатын арттырады. Ондай отты жырларды балалар да жаттап алу керек.
5-оқушы: Тұсау кесу – бала тәй-тәй басқанда жасалатын думанды дәстүр. Ел арасында «Тұсауы кесілмеген бала көп сүрінеді, жығылады» деген наным бар. Тұсау кесу дәстүрі қыз балаға да, ұл балаға да жасалады. Жақсы ниетті ырымдарға сай шөппен, ала жіппен, малдың тоқішегімен тұсау кеседі.
Бала жүре бастаған кезде кішігірім той жасап, тұсау кеседі. Тойға келген тұсау кесер тойына сыйлықтарымен, шашуларымен келеді. Дастарқан жайылып, көрші-қолаңдар, әйелдер, қыз-келіншектер жиналады. Тұсау кесетін баланың аяғына байлайтын жіпті тұсау кесер әйел дайындап алып келеді.Ал тұсау кесетін әйелді баланың әке-шешесі таңдайды. Беделді, жасы үлкен, балалы-шағалы әйелге жүктейді. Тұсау кесуші көпшіліктің алдында даярлаған сыйлықтарын беріп, «Жүйрік бол!», «Шауып кет!» т.б. тілектер айта отырып, баланың аяғына байланған тұсауын кесіп жібереді. Тұсауы кесілген соң сәбиді екі адам екі қолынан ұстап, ортаға алып шығып, тез-тез жүргізеді. Осы кезде «Тұсаукесер» жыры айтылады.
Жіпті ақ, қара жіптермен өрііп, еркін байлауға жететіндей етіп дайындайды. Ақ пен қарадан есіп жасалған ала жіп «біреудін ала жібін аттамасын» деген жақсы ниетті білдіреді.
«Бай болсын» деген ниетпен жасыл шөптен жасалған арқанмен ырымдап тұсау кеседі. Ал малдың тоқішегімен тұсау кесудің сыры «тоқ болсын» деген ниетте жатыр.
Тұсау кесер тойында өлеңдер айтылып, қонақтар тілектерін тілейді. Тұсау кесер тойына арналған көпке мәлім әннің бірі мынау:
Қаз-қаз балам, қаз, балам, Қадам бассаң мәз болам. Күрмеуіңді шешейін, Тұсауыңды кесейін. Қаз-қаз балам, қаз, балам, Тоқымыңды жаз балам, Қадамыңды қарайық, Басқаныңды санайық. Қаз-қаз балам, жүре ғой, Балтырыңды түре ғой. Тай құлын боп шаба ғой, Озып бәйге ала ғой, Қаз баса ғой қарағым, Құтты болсын қадамың. Өмірге аяқ баса ғой. Асулардан аса бер. Жүгіре қойшы құлыным, Желбіресін тұлымың, Елгезек бол, ерінбе. Ілгері бас шегінбе.
6-оқушы:Баланы атқа мінгізу салты – баланың буыны бекіп, 4-6 жасқа келгенде ат үстінде өзін-өзі ұстап отыра алатын жағдайға жеткенде, атқа мінгізу салтын жасап, ат құлағында ойнайтын денсаулығы зор, мықты, шымыр жауынгер, еңбекқор, қиыншылыққа төзімді ұрпақ тәрбиелеудің бір түрі. Балаға ер-тұрмандарын сыйлап (ашамай, жандарба, тоқым, жүген, ноқта), атқа мінгізіп той жасайды. Бұл әрекет ер баланың ендігі азамат болуға дайындалғанының белгісі болып саналады.
Жүргізуші:
Шашу, шашу, шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойда
Керемет рәсім жасайық!
Бүгінгі кешіміз қызықты өту үшін келесі кезекті танымдық ойынға берейік. Мына қоржында асықтар салынған. Ол асықтардың бетінде сан жазылған. Қоржыннан кез келген бір асықты аласыңдар. Шыққан сол санға байланысты сұрақ қоямыз, кім көп жауап береді екен?
2-сұрақ. А. Үш мақсатты ата. (Жол мақсаты – жету, дау мақсаты – біту, сауда мақсаты – ұту.)
3-сұрақ. Үш арсызды ата. ( Ұйқы, тамақ, күлкі).
4-сұрақ. Үш алысты ата. ( Кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын.)
5- сұрақ. Үш жүздің биін ата . Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би.)
6- сұрақ. Үш даусызды ата. (Мінез, кәрілік, ажал.)
Қорытынды. «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегендей, ата-бабаларымыз ұл-қыздарын жасынан бастап сан алуан іс-әрекетпен, жауапкершілікті талап ететін еңбекпен тәрбиеленген. Ер баланы бес жасынан тай жалын тартып мінуге жарағаннан бастап, оны қолғанат деп есептеген. «Жігітке жеті өнер де аздық етеді» деп халқымыз ер баланы төрт түлік малды бағып-күтуге, жер қыртысын, өсімдік түрлерін білуге, қараңғы түндерде жұлдызды аспанға қарап бағыт-бағдарды белгілеп, қоныс-суды дәл табуға үйреткен.
Әкенің баласына ақыл айтып, жауапкершілікке жүктеп, оны бес-жиырма жасында енші беріп, жастарды өз бетімен шаруа құрып, өмір сүруге дайындаған. Аталарымыз ер жігіттен ауылдың, рудың, елдің мүддесін қорғауға әрқашан дайын болуды талап еткен. Ұлдарға көкпар тарту, бәйгеге шабу, аударыспақ, теңге алу, күрес, сайыс ойындарын үйреткен. Ерлерден садақ тарту, найзагерлік өнерді, сойыл соғуды білуді талап етіп, дайындаған.
Жеті атасын үйрету ескіден қалған аталы сөз, бабалардың өнегесін, ерлігін, азаматтығын балаларға ұғындыру - әке міндеті болып есптелген. «Қыз өссе – елдің көркі» дегендей, қыз баланың сырт бейнесі, киіне білуі оның ішкі мәдениетімен, тәрбиелік деңгейімен байланысты. Қыз – болашақ ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың береке құты. Қыз баланы жасынан төзімділікке, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиеленген. Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты - заман өзгерсе де ұлттық салт - дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту. Бүгінгі тәрбие сағатымызда өздеріңіз куә болған дәстүрлерді көкейлеріңізге тоқып, саналарыңызға сіңіріп алсаңыздар артық болмас. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар»демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт - дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін. Еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда, құрметті оқушылар!