kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама "?лтты? ??ндылы?тар- т?рбиені? т?п ?азы?ы "

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ЛТТЫ? ??НДЫЛЫ?ТАР – Т?РБИЕНІ? Т?П ?АЗЫ?Ы

«?рбір ?лтты? баласы ?з ?лтыны?
арасында ?з ?лты ?шін ?ызмет
?ылатын бол?анды?тан, т?рбиелі баланы
сол ?лт т?рбиесімен т?рбие ?ылу?а міндетті»
М. Ж?мабаев

?аза?станны? ?лемні? білім ке?істігі мен ы?палдасуы «?аза?стан Республикасында 2011-2020 жыл?а дейінгі білім беруді дамытуды? мемлекеттік ба?дарламасы» аясында т?рбие ?дерісін  ?лтты? ??ндылы?тар негізінде ?йымдастыру отанды? білім беруді жа?ашаландыру ж?не т?рбие мазм?нын к?ркейтуді талап етуде.

Б?гінгі та?да жас ?рпа?ты ?з хал?ыны? тарихын, тегін, салт-д?ст?рін, тілін білімін, адамзатты? м?дениетті, адами ?асиетті мол тере? т?сінетін шы?армашылы? т?л?а етіп т?рбиелеу ?мір талабы, ?о?ам ?ажеттілігі.  «?аза?стан – 2050» ?за? мерзімдік стратегиялы? ба?дарламасын белгілеп, ?лемдік ?ркениетке бет ал?ан т?уелсіз ?аза? елі ?шін ?лтты? ??ндылы?тарды са?тап ?алуды? ма?ызы ?те зор. ?йткені сонау ?асырлардан б?гінге жеткен ?лтты? ??ндылы?тарымыз (лиро-эпосты? ж?не батырлар жырлары, ?лтты? ?ол ?нер, ?лтты? спорт т?рлері, ?азы-?арта, жал-жая т.б.) –елімізді? дамуы мен м?дениетіні? айнасы. Демек, сан ?асырлы?  тарихы бар рухани ??ндылы?тарсыз ?лтты? дамып, ?ркендеуі ?сте м?мкін емес.

?азіргі ?аламдану процесінде ?лтты? ??ндылы?тарымызды са?тау мен ?зіні? бет-бейнесін, ізгі д?ст?рлерін са?тау жолында?ы к?рес ?лтты? сананы са?тау к?ресі екенін т?сіну. ?лтты? т?рбие деп жеке т?л?аны? ?лтты? сана- сезімі мен мінез-??л?ыны? ?алыптасуын, я?ни ана тілін, ата тарихын, т?л м?дениетін ж?не ?лтты? салт-д?ст?рлерді ме?геруі негізінде ?алыптасуын айтамыз. ?лтты? м?дени ??ндылы?тар дегеніміз не? ?арапайым тілімен айт?анда ?лтты? м?дени ??ндылы?тар белгілі бір ?лт?а, ?лт азаматына т?н зат, адами ?адір-?асиет, я?ни халы? ?асырлар бойы жина?та?ан ?лтты? рухани ж?не материалды? ??ндылы?тар. Адамны? бойында ?алыптас?ан имандылы? ?адір-?асиеттер рухани ??ндылы?тар?а, ал адамдарды?  ?олымен жасал?ан т?тыну заттары мен к?сібі материалды ??ндылы?тар?а жатады.  ?лтты? ??ндылы?тарды іріктеп, о?ыту процесіне енгізу ар?ылы ?лтты? т?нып т?р?ан асыл м?ралы? рухани байлы?ынан болаша?та ел билейтін ?рпа?тарды сусындатып, отбасында да, мектепте де ?лтжандылы? пен отаншылды??а баулып, ?з хал?ын, ?з мемлекетін к?зді? ?арашы?ындай ?ор?айтын т?л?аларды т?рбиелеп шы?арамыз.

?аза? м?дениеті – ?асырлар бойы ?алыптас?ан ?лтты? м?дениет. Ол ?лтты? т?лім-т?рбиені? негізінде дамып, ?алыптасты. ?лтты? т?рбие сол ?лтты? м?дениетін дамытуды? ?оз?аушы к?ші болып табылады. ?рбір халы?ты? тарихи тіршілігі мен рухани т?жірибесі бар. Халы?ты? т?рмыс – тіршілігіндегі рухани т?жірибелері ар?ылы ?алыптас?ан т?рбиелік ж?не д?ниетанымды? к?з?арастарын біз халы? педагогикасы дейміз. Халы? педагогикасы – халы?ты? м?дени м?расы. Халы? педагогикасы сол халы?ты? (?лтты?) этносты? ерекшеліктеріне байланысты дамып, ?алыптас?ан.
         Ал, ?лтты? т?рбие м?селесі – адамзат тарихынан ?н бойына ?рпа?тан-?рпа??а жал?асып келе жат?ан ?лы ма?сат. Б?гінде адамзатты? ?ркениетті? ?згеше биігіне к?терілген, ?шінші мы?жылды??а ?адам бас?ан кезе?інде де жас мемлекетіміз ?шін рухани асыл м?рат болып ?аза?станды? патриотизм, азаматты? парыз, т?л?а бойында?ы ?лтты? ??ндылы?тар мен ар тазалы?ы ж?не   та?ы  бас?а ?асиеттерді         жат?ызамыз.

Жас ?рпа??а ?лтты? т?рбие беруді? ба?дарлы идеялары елімізді? Президенті Н.?. Назарбаевты? "?алы? елім ?аза?ым" атты жина?ында мемлекеттік идеология м?селесін ?дайы есте ?стауымызды ескерте келе былай деп жазады: «Бес арыстарымыз?а арнал?ан тарихи зерде кешенінде мен ?аза?станды? отаншылды? сезімін т?рбиелеуге к??іл б?лген едім. ?аза?станда т?ратын ?рбір адам ?зін осы елді? перзентті сезінбейінше, оны? ?ткенін біліп, болаша?ына сенбейінше бізді? ж?мысымыз ілгері баспайды…»
Олай болса, ?азіргі кезе?де мектеп табалдыры?ынан бастап білім беруде ел тарихын тере? ?оз?ап, т?рбие са?аттарында ?аза? зиялы ?ауымыны? е?бектерін, ?о?ам дамуына ?ос?ан ?лесін айтып т?сіндіру ар?ылы о?ушыларды? адами ??ндылы? ?асиеттерін ?алыптастыра аламыз. Сондай-а? ?лтты? салт-сананы? ?мірдегі ?олданылмалы к?ріністері: р?сімдер, р?міздер, ырымдар, тыйымдар, ж?н-жорал?ылар, діни уа?ыздар, сенімдер, кісілік р?сімдері, перзенттік парыз, адамгершілік борыш, ?рпа?ты? міндет ар?ылы іске асырылып ?лтты? ?асиеттерге айналады.
О?ушыны? ?лтты? ?асиеттеріне меймандосты?, кісілік, сыйласымдылы?, имандылы?, кішіпейілділік, ке?пейілділік, салауаттылы?, тіршілікке бейімділігі, ?нерпазды?, шешендік, а?ынжандылы?, сыпайылы?ы, м?дениеттілігі т.б. ?асиеттері ар?ылы ерекшеленеді.
?рбір ?лтты? ?лтты? ?асиеттері ?лтты? т?рбиеге (халы? педагогикасына) байланысты дамып, ?алыптас?ан. Халы? педагогикасы ?лтты? ?дебиет пен сол ?лтты? салт-д?ст?рлерінен ??ралады. ?дебиет к?ркем шы?армалар ар?ылы сан ?йренуден бастап, шы?арма кейіпкерлеріні? тілін, ойын, іс-?рекеттерін, мінез-??л?ын, ?лтты? ?асиеттерін ?лгі ретінде ?серлі баяндап, содан со? к?ркемдеп к?рсетіп ?йрету ар?ылы жеке т?л?аны? адамды? ?асиеттерін ?алыптастырып, кісілік сана-сапасын арттырады. Ал ?лтты? салт-д?ст?рлер игі ?деттерді? ?деп-??рып?а ( ?депті іс-?рекетке) айналып, одан ?деп (?лтты? м?дени к?рініс), ?дептен д?ст?р (м?дени ?рдісті? ?лтты? д?режедегі к?рнісі), д?ст?рден салт (д?ст?рді? ?лтты? сана?а сі?іп, с?зсіз ?олданыста болуы) ?алыптас?анын к?рсетіп, жеке т?л?аны? ?лтты? м?дени ?асиеттерін ?алыптастырады. ?рбір м?дениетті, білімді адам ?зіні? к?сіптік, д?ниетанымды? де?гейін ?лтты? м?дениетпен ?штастыра білуге міндетті. М?дениетті болу ?шін – білімді болу міндет. Білімді бол?анмен, ?лтты? м?дениетті игермеген болса, ондай т?л?а ?лт алдында “м??г?рт”, м?дениетсіз болып к?рінеді де, халы?ты? наразылы?ына ?шырайды. Білім беру мен т?рбиелеуді? ма?сатын ай?ындау ?шін ?аза? білімпазы Ж?сіпбек Аймауытовты? мына с?здерін еске ал?ан ж?н. “Мектеп бітіріп шы??ан со? бала б?кіл ?лемге, ?згені? ж?не ?зіні? ?міріне білім ж?зімен ашыл?ан саналы а?ыл к?зімен ?арай білсе, міне, білімдендіруді? к?здейтін т?пкі ма?саты осы. Мектеп осы ба?ытта баланы? келешекте жетілуіне мы?ты негіз салуы керек” - деген         екен.

Олай болса, о?ушыларды? ?лтты? ??ндылы? ?асиеттерін ?алыптастыру негізіні? бірден-бірі – мектепішілік ж?ргізілетін т?рбиелік іс-шаралар. Осындай т?рбие ж?мыстарын ?лтты? ??ндылы?тар негізінде мынадай іс-?рекеттер ар?ылы ?йымдастыру?а болады. Мысалы: арнайы п?ндер, о?у ?дерісі, сыныптан тыс т?рбие, ж?ртшылы?пен ж?мыс, ата-аналармен ж?мыс т.с.с. Атап айт?анда арнайы п?ндер ар?ылы, я?ни  «Абайтану», «?лкетану», «Бауыржантану», «?нер тарихы»  сия?ты п?ндерді о?ыту барысында; о?у ?дерісінде негізгі п?ндермен ?оса, «?деп негіздері», «?деп ж?не жантану», «Діндер тарихы» сия?ты п?ндерді ме?герту ар?ылы; сыныптан тыс т?рбиеде спортты? ойындарды, ?ол?нершілік шеберлікті дамытатын сайыстарды, шы?армашылы? ?асиеттерді шы?дайтын іс-шараларды ?йымдастыру ар?ылы; ата-аналармен ж?мыста «Ана мектебі», «?келер мектебі», «А?са?алдар ал?асы», «Зергерлер клубы» сия?ты т?рлі мектептер мен клубтарды ??ру ар?ылы, ал ж?ртшылы?пен ж?мыста ?нер-т?рбие отаулары мен этнографиялы? клубтарды ?йымдастыру ар?ылы біз ?лтты? ??ндылы?тарымызды ?рпа? бойына дарыта аламыз. Жалпы о?у барысында да, сынып ішінде де, сыныптан тыс уа?ытта да халы?ты? педагогика мен ?лтты? салт-сана?а негізделген осындай ?рекеттер ?скеле? ?рпа?ты? білімді, ?рі т?рбиелі боп ?алыптасуына зор ы?палын тигізеді.

Олай дейтін себебіміз, хал?ымызды? асыл ?азынасын сыныптан тыс ж?мыстарда тиімді пайдалану – о?ушыларды ?з ?лтын с?юге, оны? салт-д?ст?рлері мен м?дениетіне ??рметпен ?арау?а ?йретері с?зсіз. ?лтты? ??ндылы?тарды? бірі – ?лтты? ойындар. Олар тек балаларды алдандыру, ойнату ?дісі ?ана емес, жас ерекшеліктеріне ?арай к?з?арастары мен мінез-??л?ыны? ?алыптасуына, тап?ырлы??а, шешендікке баулитын, ой-?рісін жетілдіретін атадан ?ал?ан асыл м?рамызды кейінгі ?рпа??а жеткізу ??ралы болып табылады. Мысалы, асы? ойыны - ?аза? хал?ыны? ?лтты? ойыныны? бірі. Асы? ойыны баланы? ойлау ?абілетін дамытады, адаммен тез тіл табысу?а ?йретеді, денені шыны?тырады, ?ан айналымы мен тыныс алу м?шелеріні? ж?мысын жа?сартады, баланы? к?зі ?ашы?ты?тан к?руге да?дыланады, мергендікке баулиды, бойды? жылдам ?суіне де к?мектеседі. Демек, ?рбір ?лтты? ??ндылы?ымызды? ?зіне т?н ма?ызы мен м?ні бар.

Та?ы бір ма?ызды н?рсе, ол ?аза?ты? ?лтты? б?йымы бесікті? пайдасын ?мірді? ?зі д?лелдеп, б?гінгі к?нге жеткізді. Баланы? таза, ?й?ысыны? тыныш болуы ?з алдына, бесік с?биді? та­би?и ?суіне айры?ша ы?пал етеді. Д?л осы м?селені жапонны? танымал д?рігер-?алымы Гау Щияу Иде Ила? жан-жа?ты зерттеген. Оны? зерттеуінше, с?би ?мір есігін ашпас б?рын, ана ??рса?ында тербеліске т?седі. Ал ол ?мір есігін аш?ан со? бірден жары? д?ниеге ?йлесе алмайды. Сонды?тан ол «с?биді ана ??рса?ында?ыдай тербетіп отыру керек» деген ?орытынды жаса?ан. Міне, осы процестерді ескерген болса керек, ата-бабаларымыз с?би ?мірге бейімделгенше оны бесікке б?леп, тербетіп отыр?ан. Б?л – хал?ымызды? ?лылы?ы! ?кінішке ?арай, б?гінде кейбір келіншектер баланы бесікке б?леуге ерініп, памперсті ?олданып ж?р. А?Ш пен Еуропа елдеріні? озы? ойлы д?рігерлері м?ны ?олдану?а ?арсы алуан т?рлі акциялар ?йымдастырып, памперстен бас тарту?а ша?ыруда. Себебі бала?а памперсті? зияны ?шан-те?із. М?ны? со?ы адамды белсіздік пен бедеулікке душар етеді. Со??ы жиырма бес жылда Еуропа елдерінде бала тууды? азаюыны? бір себебі де осыдан. Та?ы бір себебі, памперс киіп ?скен баланы? ?уаты ?ыры? жас?а жетер-жетпесте то?ырайды. Ал б?л – ?лт?а т?нген ?ауіп! Халы?ты ?сіретін де, ?шіретін де – ?йел! Демек, жас келіншектерді? ?з жанын аялап, жал?аулы?тан баласын бесікке б?лемей, памперс кигізуі ?аза? хал?ын «?шіріп» жіберуі м?мкін. Сонды?тан бесікті? арты?шылы?ын ба?алай білейік. ?рбір ?аза? отбасы м?ны тере? ойлануы керек. Б?л бір ?ана мысал. Баланы? д?ниеге келген с?тінен бастап орындалатын ?рбір ырым-жорал?ыларды, салт-д?ст?рлерді ?рдайым сыныптан тыс шаралар мен ата-аналармен ж?мыстар барысында жиі ?олданып отыр?ан абзал. Осындай ??ндылы?тарды жиі к?ріп, ?немі пайдаланып ?скен жас ?рпа?тан на?ыз отаншыл, елін с?йетін, ?зіні? ?лтыны? ??ндылы?тарын ба?алай білетін жеке т?л?а ?алыптасатыны айдан аны?.

?азіргі уа?ытта бізге жетіспей жат?аны – ?зімізді? ?аза?и ?мір тіршілігіміз бен шы?ысты? д?ниетанымда?ы ?лтты? мектебімізді ??ру.    Т?рбие мектебі болып табылатын ?аза?ты? ма?ал-м?телдері мен а?ыз-??гімелері д?ниеж?зілік т?жірибеде батысты? ??ымдармен с?йкес келе бермейтіні аны?. ?аза?и д?ниетанымны? ?зегі – адамшылы?. ?аза?: «Жаным – арымны? сада?асы», «Д?ние – ?олды? кірі», «Ту?ан елім болмаса, тумай-а? ?ойсын К?н мен Ай», «Кісі елінде с?лтан бол?анша, ?з елі?де ?лтан бол», - деп, еліне деген і?к?рлік сезімін ?алыптастырады. Халы?ты? т?рбие ?з д?ст?рін дінмен бекіте отырып, адам ?алыптастыруды? ?айталанбас мектебін жаса?ан. С.Торай?ыров ?аза?и п?лсапаны ??райтын он бір ма?алды келтіре отырып, «Бай?аса? ?аза?ты? ?зі?де бар, д?ниені? генийлігі, пай?амбары», - деген екен. Жат?а еліктеу – ?зін-?зі ?ор санау. Б?л ?лтты? санасы жетілмеген елде болатын к?рініс. Жалпы, сонау ?асырларда ?р ?лт ?ариялары ?лтты? ??ндылы?тарды ?мір с?ру салтымыз?а байланысты шы?арып, дамытып, ?рпа??а м?ра ретінде ?алдырып отыр?ан. Ма?ыздысы сол, ?лтты? ??ндылы?тар ?р ?лтты? меншігі болып табылады. Оны ?лт ?рпа?тары са?тап, заманына ?арай дамытып отыруы ?ажет. Егер халы? ?зіні? ?лтты? ??ндылы?тарын жо?алтып алса, онда ол халы? «?лт» болудан ?алады. Сонды?тан ?аза? хал?ы ?зіні? ?лтты? ??ндылы?тарын са?тауы керек. Сонау бір ?асырда Италияны? жи?анкез к?сіпкері Реналью Гаспирин: «Мен ?лемні? 141 елін арала?ан адаммын. Соларды? ішінде ?з мемлекетінде, ?з тілінде ?мір с?ре алмай отыр?ан бейшара халы?ты к?рдім,» – деп жазды. Б?л пікірден к?п ой т?юге болады. Егер ?аза? хал?ын ?лт ретінде ?лем елдері мойындасын дейтін болса?, онда міндетті т?рде ?лтты? ??ндылы?ымызды к?зді? ?арашы?ындай са?тап, ?немі байытып отыруымыз керек. Себебі ?лтты? ??ндылы? – ?асырдан-?асыр?а жал?ас?ан, ?мірді? ?ата? сынынан ?ткен, ма?ызы айры?ша ??ндылы?, я?ни асыл ?азына. ?кінішке ?арай, елімізде д?л ?азіргі к?ні ?лтты? ??ндылы?тарды са?тау м?селесінде «?ттеген-айымыз» ?те к?п. Жасыратын т?гі жо?, сонау ке?естік кезе?де ?ызыл империя басшылары ?лтты? ??ндылы?ымызды «ескіні? ?алды?ы» деген желеумен ??рту?а ?рекет етті. Тіпті сол ар?ылы ?лтты? ?зін жою?а тырысты. ??дай?а ш?кір, егемендігімізді ал?алы бері Елбасы Н?рс?лтан Назарбаевты? еселі е?бегі жа?дайында ?мыт боп бара жат?ан ?лтты? ??ндылы?ымызды ?айтадан ?алпына келтіріп, т?гендей бастады?. Сонды?тан ?лтты? ??ндылы?тарды т?лім-т?рбиені? т?п ?азы?ына айналдыру ма?ызды іс. ?р халы? ?зіні? жас ?рпа?ын ?айырымды, адал, ?лкенді ??рметтейтін, ерж?рек, ар-ожданы мол болып ?ссе дейді ж?не б?л м?селені ?зіні? т?рмыс-салтына байланысты шешіп те келеді. ?аза? хал?ыны? ?лы педагогы, этнограф, жазушысы Ы.Алтынсарин ?зіні? ?деби ж?не педагогикалы? е?бектерінде ?аза?ты? фольклорын ?те тиімді пайдалана білген. М?селен, «?рмекші, ??мырс?а, ?арлы?аш» атты ??гімесі ар?ылы е?бек етуді? ма?ызы мен ?з уа?ытын зая кетірмеуді? м?нін т?сіндіреді. Ы.Алтынсаринні? ?ла?атты с?здері, педагогикалы? м?ралары халы? педагогикасында ?лкен орын алады. Оларды ?азіргі ?аза? хал?ыны? ?лтты? м?дениеті мен салт-д?ст?ріні? ?айта жа?арту кезе?інде ке? ма?ынада насихаттау керек.

?орыта айт?анда, болаша? иелері жас ?рпа?ты толы??анды т?л?а?а айналдыру ?шін ?лтты? ??ндылы?тар ар?ылы т?рбие беруді?  ма?ызы зор.

На?тыра? айтса?, ана тілі мен ?лтты? салт-д?ст?рін ??рметтейтін, бас?а тілде де жетік с?йлей білетін, д?ниетанымы, а?ыл-ой парасаттылы?ы ?алыптас?ан, е?бек?ор, ма?сат ?оя алатын ж?не сол ма?сат?а жету жолдарын та?дай білетін, жауапкершілігі мол, мінез-??л?ы, айналада?ы адамдар?а, ?арым-?атынас м?дениеті жо?ары, Отанын с?йетін, к?рделі жа?дайларда на?ты шешім ?абылдай алатын, ?зіне сын к?збен ?арай білетін салауатты т?л?аны т?рбиелеуді басты ма?сат етіп ?оюымыз ?ажет. Осы ??ндылы?тарды? барлы?ы ?анына дарып, бойына тарап, санасына сі?ген ?рпа?ымыз?а елімізді? болаша?ыны? кілтін сеніп тапсыра аламыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама "?лтты? ??ндылы?тар- т?рбиені? т?п ?азы?ы "»

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ТӘРБИЕНІҢ ТҮП ҚАЗЫҒЫ

«Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының
арасында өз ұлты үшін қызмет
қылатын болғандықтан, тәрбиелі баланы
сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»
М. Жұмабаев



Қазақстанның әлемнің білім кеңістігі мен ықпалдасуы «Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» аясында тәрбие үдерісін ұлттық құндылықтар негізінде ұйымдастыру отандық білім беруді жаңашаландыру және тәрбие мазмұнын көркейтуді талап етуде.

Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі.  «Қазақстан – 2050» ұзақ мерзімдік стратегиялық бағдарламасын белгілеп, әлемдік өркениетке бет алған тәуелсіз Қазақ елі үшін ұлттық құндылықтарды сақтап қалудың маңызы өте зор. Өйткені сонау ғасырлардан бүгінге жеткен ұлттық құндылықтарымыз (лиро-эпостық және батырлар жырлары, ұлттық қол өнер, ұлттық спорт түрлері, қазы-қарта, жал-жая т.б.) –еліміздің дамуы мен мәдениетінің айнасы. Демек, сан ғасырлық  тарихы бар рухани құндылықтарсыз ұлттың дамып, өркендеуі әсте мүмкін емес.

Қазіргі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарымызды сақтау мен өзінің бет-бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі екенін түсіну. Ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана- сезімі мен мінез-құлқының қалыптасуын, яғни ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз. Ұлттық мәдени құндылықтар дегеніміз не? Қарапайым тілімен айтқанда ұлттық мәдени құндылықтар белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән зат, адами қадір-қасиет, яғни халық ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтар. Адамның бойында қалыптасқан имандылық қадір-қасиеттер рухани құндылықтарға, ал адамдардың қолымен жасалған тұтыну заттары мен кәсібі материалды құндылықтарға жатады. Ұлттық құндылықтарды іріктеп, оқыту процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, отбасында да, мектепте де ұлтжандылық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығарамыз.

Қазақ мәдениеті – ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Ол ұлттық тәлім-тәрбиенің негізінде дамып, қалыптасты. Ұлттық тәрбие сол ұлттың мәдениетін дамытудың қозғаушы күші болып табылады. Әрбір халықтың тарихи тіршілігі мен рухани тәжірибесі бар. Халықтың тұрмыс – тіршілігіндегі рухани тәжірибелері арқылы қалыптасқан тәрбиелік және дүниетанымдық көзқарастарын біз халық педагогикасы дейміз. Халық педагогикасы – халықтың мәдени мұрасы. Халық педагогикасы сол халықтың (ұлттық) этностық ерекшеліктеріне байланысты дамып, қалыптасқан.
Ал, ұлттық тәрбие мәселесі – адамзат тарихынан өн бойына ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат. Бүгінде адамзаттың өркениеттің өзгеше биігіне көтерілген, үшінші мыңжылдыққа қадам басқан кезеңінде де жас мемлекетіміз үшін рухани асыл мұрат болып қазақстандық патриотизм, азаматтық парыз, тұлға бойындағы ұлттық құндылықтар мен ар тазалығы және тағы басқа қасиеттерді жатқызамыз.

Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Қалың елім Қазағым" атты жинағында мемлекеттік идеология мәселесін ұдайы есте ұстауымызды ескерте келе былай деп жазады: «Бес арыстарымызға арналған тарихи зерде кешенінде мен қазақстандық отаншылдық сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлген едім. Қазақстанда тұратын әрбір адам өзін осы елдің перзентті сезінбейінше, оның өткенін біліп, болашағына сенбейінше біздің жұмысымыз ілгері баспайды…»
Олай болса, қазіргі кезеңде мектеп табалдырығынан бастап білім беруде ел тарихын терең қозғап, тәрбие сағаттарында қазақ зиялы қауымының еңбектерін, қоғам дамуына қосқан үлесін айтып түсіндіру арқылы оқушылардың адами құндылық қасиеттерін қалыптастыра аламыз. Сондай-ақ ұлттық салт-сананың өмірдегі қолданылмалы көріністері: рәсімдер, рәміздер, ырымдар, тыйымдар, жөн-жоралғылар, діни уағыздар, сенімдер, кісілік рәсімдері, перзенттік парыз, адамгершілік борыш, ұрпақтық міндет арқылы іске асырылып ұлттық қасиеттерге айналады.
Оқушының ұлттық қасиеттеріне меймандостық, кісілік, сыйласымдылық, имандылық, кішіпейілділік, кеңпейілділік, салауаттылық, тіршілікке бейімділігі, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайылығы, мәдениеттілігі т.б. қасиеттері арқылы ерекшеленеді.
Әрбір ұлттың ұлттық қасиеттері ұлттық тәрбиеге (халық педагогикасына) байланысты дамып, қалыптасқан. Халық педагогикасы ұлттық әдебиет пен сол ұлттың салт-дәстүрлерінен құралады. Әдебиет көркем шығармалар арқылы сан үйренуден бастап, шығарма кейіпкерлерінің тілін, ойын, іс-әрекеттерін, мінез-құлқын, ұлттық қасиеттерін үлгі ретінде әсерлі баяндап, содан соң көркемдеп көрсетіп үйрету арқылы жеке тұлғаның адамдық қасиеттерін қалыптастырып, кісілік сана-сапасын арттырады. Ал ұлттық салт-дәстүрлер игі әдеттердің әдеп-ғұрыпқа ( әдепті іс-әрекетке) айналып, одан әдеп (ұлттық мәдени көрініс), әдептен дәстүр (мәдени үрдістің ұлттық дәрежедегі көрнісі), дәстүрден салт (дәстүрдің ұлттық санаға сіңіп, сөзсіз қолданыста болуы) қалыптасқанын көрсетіп, жеке тұлғаның ұлттық мәдени қасиеттерін қалыптастырады. Әрбір мәдениетті, білімді адам өзінің кәсіптік, дүниетанымдық деңгейін ұлттық мәдениетпен ұштастыра білуге міндетті. Мәдениетті болу үшін – білімді болу міндет. Білімді болғанмен, ұлттық мәдениетті игермеген болса, ондай тұлға ұлт алдында “мәңгүрт”, мәдениетсіз болып көрінеді де, халықтың наразылығына ұшырайды. Білім беру мен тәрбиелеудің мақсатын айқындау үшін қазақ білімпазы Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн. “Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек” - деген екен.

Олай болса, оқушылардың ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру негізінің бірден-бірі – мектепішілік жүргізілетін тәрбиелік іс-шаралар. Осындай тәрбие жұмыстарын ұлттық құндылықтар негізінде мынадай іс-әрекеттер арқылы ұйымдастыруға болады. Мысалы: арнайы пәндер, оқу үдерісі, сыныптан тыс тәрбие, жұртшылықпен жұмыс, ата-аналармен жұмыс т.с.с. Атап айтқанда арнайы пәндер арқылы, яғни «Абайтану», «Өлкетану», «Бауыржантану», «Өнер тарихы» сияқты пәндерді оқыту барысында; оқу үдерісінде негізгі пәндермен қоса, «Әдеп негіздері», «Әдеп және жантану», «Діндер тарихы» сияқты пәндерді меңгерту арқылы; сыныптан тыс тәрбиеде спорттық ойындарды, қолөнершілік шеберлікті дамытатын сайыстарды, шығармашылық қасиеттерді шыңдайтын іс-шараларды ұйымдастыру арқылы; ата-аналармен жұмыста «Ана мектебі», «Әкелер мектебі», «Ақсақалдар алқасы», «Зергерлер клубы» сияқты түрлі мектептер мен клубтарды құру арқылы, ал жұртшылықпен жұмыста өнер-тәрбие отаулары мен этнографиялық клубтарды ұйымдастыру арқылы біз ұлттық құндылықтарымызды ұрпақ бойына дарыта аламыз. Жалпы оқу барысында да, сынып ішінде де, сыныптан тыс уақытта да халықтық педагогика мен ұлттық салт-санаға негізделген осындай әрекеттер өскелең ұрпақтың білімді, әрі тәрбиелі боп қалыптасуына зор ықпалын тигізеді.

Олай дейтін себебіміз, халқымыздың асыл қазынасын сыныптан тыс жұмыстарда тиімді пайдалану – оқушыларды өз ұлтын сүюге, оның салт-дәстүрлері мен мәдениетіне құрметпен қарауға үйретері сөзсіз. Ұлттық құндылықтардың бірі – ұлттық ойындар. Олар тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі ғана емес, жас ерекшеліктеріне қарай көзқарастары мен мінез-құлқының қалыптасуына, тапқырлыққа, шешендікке баулитын, ой-өрісін жетілдіретін атадан қалған асыл мұрамызды кейінгі ұрпаққа жеткізу құралы болып табылады. Мысалы, асық ойыны - қазақ халқының ұлттық ойынының бірі. Асық ойыны баланың ойлау қабілетін дамытады, адаммен тез тіл табысуға үйретеді, денені шынықтырады, қан айналымы мен тыныс алу мүшелерінің жұмысын жақсартады, баланың көзі қашықтықтан көруге дағдыланады, мергендікке баулиды, бойдың жылдам өсуіне де көмектеседі. Демек, әрбір ұлттық құндылығымыздың өзіне тән маңызы мен мәні бар.

Тағы бір маңызды нәрсе, ол қазақтың ұлттық бұйымы бесіктің пайдасын өмірдің өзі дәлелдеп, бүгінгі күнге жеткізді. Баланың таза, ұйқысының тыныш болуы өз алдына, бесік сәбидің та­биғи өсуіне айрықша ықпал етеді. Дәл осы мәселені жапонның танымал дәрігер-ғалымы Гау Щияу Иде Илаң жан-жақты зерттеген. Оның зерттеуінше, сәби өмір есігін ашпас бұрын, ана құрсағында тербеліске түседі. Ал ол өмір есігін ашқан соң бірден жарық дүниеге үйлесе алмайды. Сондықтан ол «сәбиді ана құрсағындағыдай тербетіп отыру керек» деген қорытынды жасаған. Міне, осы процестерді ескерген болса керек, ата-бабаларымыз сәби өмірге бейімделгенше оны бесікке бөлеп, тербетіп отырған. Бұл – халқымыздың ұлылығы! Өкінішке қарай, бүгінде кейбір келіншектер баланы бесікке бөлеуге ерініп, памперсті қолданып жүр. АҚШ пен Еуропа елдерінің озық ойлы дәрігерлері мұны қолдануға қарсы алуан түрлі акциялар ұйымдастырып, памперстен бас тартуға шақыруда. Себебі балаға памперстің зияны ұшан-теңіз. Мұның соңы адамды белсіздік пен бедеулікке душар етеді. Соңғы жиырма бес жылда Еуропа елдерінде бала туудың азаюының бір себебі де осыдан. Тағы бір себебі, памперс киіп өскен баланың қуаты қырық жасқа жетер-жетпесте тоқырайды. Ал бұл – ұлтқа төнген қауіп! Халықты өсіретін де, өшіретін де – әйел! Демек, жас келіншектердің өз жанын аялап, жалқаулықтан баласын бесікке бөлемей, памперс кигізуі қазақ халқын «өшіріп» жіберуі мүмкін. Сондықтан бесіктің артықшылығын бағалай білейік. Әрбір қазақ отбасы мұны терең ойлануы керек. Бұл бір ғана мысал. Баланың дүниеге келген сәтінен бастап орындалатын әрбір ырым-жоралғыларды, салт-дәстүрлерді әрдайым сыныптан тыс шаралар мен ата-аналармен жұмыстар барысында жиі қолданып отырған абзал. Осындай құндылықтарды жиі көріп, үнемі пайдаланып өскен жас ұрпақтан нағыз отаншыл, елін сүйетін, өзінің ұлтының құндылықтарын бағалай білетін жеке тұлға қалыптасатыны айдан анық.

Қазіргі уақытта бізге жетіспей жатқаны – өзіміздің қазақи өмір тіршілігіміз бен шығыстық дүниетанымдағы ұлттық мектебімізді құру. Тәрбие мектебі болып табылатын қазақтың мақал-мәтелдері мен аңыз-әңгімелері дүниежүзілік тәжірибеде батыстық ұғымдармен сәйкес келе бермейтіні анық. Қазақи дүниетанымның өзегі – адамшылық. Қазақ: «Жаным – арымның садағасы», «Дүние – қолдың кірі», «Туған елім болмаса, тумай-ақ қойсын Күн мен Ай», «Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», - деп, еліне деген іңкәрлік сезімін қалыптастырады. Халықтық тәрбие өз дәстүрін дінмен бекіте отырып, адам қалыптастырудың қайталанбас мектебін жасаған. С.Торайғыров қазақи пәлсапаны құрайтын он бір мақалды келтіре отырып, «Байқасаң қазақтың өзіңде бар, дүниенің генийлігі, пайғамбары», - деген екен. Жатқа еліктеу – өзін-өзі қор санау. Бұл ұлттық санасы жетілмеген елде болатын көрініс. Жалпы, сонау ғасырларда әр ұлт қариялары ұлттық құндылықтарды өмір сүру салтымызға байланысты шығарып, дамытып, ұрпаққа мұра ретінде қалдырып отырған. Маңыздысы сол, ұлттық құндылықтар әр ұлттың меншігі болып табылады. Оны ұлт ұрпақтары сақтап, заманына қарай дамытып отыруы қажет. Егер халық өзінің ұлттық құндылықтарын жоғалтып алса, онда ол халық «ұлт» болудан қалады. Сондықтан қазақ халқы өзінің ұлттық құндылықтарын сақтауы керек. Сонау бір ғасырда Италияның жиһанкез кәсіпкері Реналью Гаспирин: «Мен әлемнің 141 елін аралаған адаммын. Солардың ішінде өз мемлекетінде, өз тілінде өмір сүре алмай отырған бейшара халықты көрдім,» – деп жазды. Бұл пікірден көп ой түюге болады. Егер қазақ халқын ұлт ретінде әлем елдері мойындасын дейтін болсақ, онда міндетті түрде ұлттық құндылығымызды көздің қарашығындай сақтап, үнемі байытып отыруымыз керек. Себебі ұлттық құндылық – ғасырдан-ғасырға жалғасқан, өмірдің қатаң сынынан өткен, маңызы айрықша құндылық, яғни асыл қазына. Өкінішке қарай, елімізде дәл қазіргі күні ұлттық құндылықтарды сақтау мәселесінде «әттеген-айымыз» өте көп. Жасыратын түгі жоқ, сонау кеңестік кезеңде қызыл империя басшылары ұлттық құндылығымызды «ескінің қалдығы» деген желеумен құртуға әрекет етті. Тіпті сол арқылы ұлттың өзін жоюға тырысты. Құдайға шүкір, егемендігімізді алғалы бері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еселі еңбегі жағдайында ұмыт боп бара жатқан ұлттық құндылығымызды қайтадан қалпына келтіріп, түгендей бастадық. Сондықтан ұлттық құндылықтарды тәлім-тәрбиенің түп қазығына айналдыру маңызды іс. Әр халық өзінің жас ұрпағын қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін, ержүрек, ар-ожданы мол болып өссе дейді және бұл мәселені өзінің тұрмыс-салтына байланысты шешіп те келеді. Қазақ халқының ұлы педагогы, этнограф, жазушысы Ы.Алтынсарин өзінің әдеби және педагогикалық еңбектерінде қазақтың фольклорын өте тиімді пайдалана білген. Мәселен, «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» атты әңгімесі арқылы еңбек етудің маңызы мен өз уақытын зая кетірмеудің мәнін түсіндіреді. Ы.Алтынсариннің ұлағатты сөздері, педагогикалық мұралары халық педагогикасында үлкен орын алады. Оларды қазіргі қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрінің қайта жаңарту кезеңінде кең мағынада насихаттау керек.

Қорыта айтқанда, болашақ иелері жас ұрпақты толыққанды тұлғаға айналдыру үшін ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие берудің  маңызы зор.

Нақтырақ айтсақ, ана тілі мен ұлттық салт-дәстүрін құрметтейтін, басқа тілде де жетік сөйлей білетін, дүниетанымы, ақыл-ой парасаттылығы қалыптасқан, еңбекқор, мақсат қоя алатын және сол мақсатқа жету жолдарын таңдай білетін, жауапкершілігі мол, мінез-құлқы, айналадағы адамдарға, қарым-қатынас мәдениеті жоғары, Отанын сүйетін, күрделі жағдайларда нақты шешім қабылдай алатын, өзіне сын көзбен қарай білетін салауатты тұлғаны тәрбиелеуді басты мақсат етіп қоюымыз қажет. Осы құндылықтардың барлығы қанына дарып, бойына тарап, санасына сіңген ұрпағымызға еліміздің болашағының кілтін сеніп тапсыра аламыз.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Баяндама "?лтты? ??ндылы?тар- т?рбиені? т?п ?азы?ы "

Автор: Алиева Гульвира Кадырбековна

Дата: 10.03.2016

Номер свидетельства: 303966


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства