kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Хал?ымызды? салт-д?ст?р, ?деп-??рып элементтерін физика саба?ында ?олдану

Нажмите, чтобы узнать подробности

?лтты? т?рбие- ?лтты? сана-сезіміі жо?ары болаша? маман жастарды т?рбиелеуге негізделген білім беру ж?йесіні? ??рамдас б?лігі. Ма?саты ?лтты? сана-сезімі ?алыптас?ан ?лтты? м?ддені? ??ндылы?тары мен жалпыадамзатты? ??ндылы?тарды ?ара ?штастыра алатын кемелді, ?лтжанды т?л?аны  т?рбиелеу. ?лтты? т?рбиені? к?здері- ауыз-?дебиеті, ?лтты? ?дебиет, ?дет-??рып, салт-д?ст?р, ту?ан топыра?ымызда д?ниеге келген ойшыл ??ламаларымызды? е?бектеріндегі т?рбие ?а?идалары. ?аза? хал?ы ?зіні? б?гінгі к?ніні? ба?алай отырып, ?ткен ?міріне к?з салу тарихи т?жірибеден саба? алу, м?дени д?ст?рлерін  озы? ?дет -??рпын, ?мір салтын зерттеу оларды ?рпа?тан-?рпа??а м?ра етіп жеткізу м?селелерімен ?стаздар ?ауымы да м??ият ш??ылдана бастады. Халы?ты? тірнектеп жина?ан о?у т?рбие ісіні? бай т?жірибесін аса тиімді, шы?армашылы? пен ?олдана білу ?рбір ?стазды? міндеті.?лтты? т?рбие- сапалы білім беруді? негізі. ?аза? хал?ыны? т?рмыс-салтында ?дет- ??рпында ?олданыл?ан ?рдістерін ?р п?нді о?ыту негізінде пайдалануды? м?мкіншілігі мол. Б?л ?рбір ?стаз?а ?ылыммен ?штастыра отырып саба??а енгізуі. О?ушыларды? ?лтты? санасын ?алыптастыру, хал?ымызды? т?рмысты? ерекшеліктерімен таныстыру міндеттерін ж?ктейді. Осы орайда физикалы? ??ымдарды ?лтты? таным д?ниесі ар?ылы о?ушылар?а т?сіндіруді? ма?ызы зор. Физика саба?ында хал?ымызды? т?рмыс тіршіліктерімен саба?тастыра о?ыту о?ушыларды? логикалы? ойлау ?абілетіні? дамуына, жа?а та?ырыпты же?іл ме?геруіне ынтасын дамыта отырып, саба??а деген ?ызы?ушылы?ын арттыру?а септігін тигізеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Хал?ымызды? салт-д?ст?р, ?деп-??рып элементтерін физика саба?ында ?олдану »

Халқымыздың салт-дәстүр, әдеп-ғұрып элементтерін физика сабағында қолдану


Мукашева Галина Шараповна

Атырау қаласы, №24 орта мектеп


  Ұлттық тәрбие – ұлттық сана –сезімі жоғары болашақ маман жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі.Мақсаты-ұлттық сана сезімі қалыптасқан ұлттық мүдденің құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.Ұлттық тәрбиенің көздері – ауыз-әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, шешендік сөздер, туған топырағымызда дүниеге келген ойшыл ғұламаларымыздың еңбектеріндегі тәрбие қағидалары.  Қазақ халқы өзінің бүгінгі күнін бағалай отырып ,  өткен өміріне көз салу тарихи тәжрибеден сабақ алу,  мәдени дәстүрлерін,  озық әдет-ғұрпын,  өмір салтын зерттеу ,  оларды ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп жеткізу мәселерімен ұстаздар қауымы да мұқият шұғылдана бастады.Халықтың тірнектеп жинаған оқу-тәрбие ісінің бай тәжрибесін аса тиімді,  шығармашылықпен қолдана білу- әрбір ұстаздың міндеті. Халықтық педагогиканың негізгі көздер мақсаты-өзінің бай тарихи тәжрибесіне сүйене отырып,  келер ұрпақты еңбекке,  өнер –білім машықтарын меңгеруге отбасы,  ауыл-аймақтың,  Отанын сүюге,  ар-намысын қорғауға және т.б. ізгі адамгершілік қасиеттерге баулу.

   Қоғамымыздың ертеңгі болашағы- мектеп жасындағы жас жеткіншектер. Оларды халықтық салт-дәстүрді,  әдет-ғұрыпты қастерлеуге ,  құрметтеуге үйреткен абзал. Өз халқының мол мұрасын ,  ұлттық ерекшеліктерін білудің адам болып қалыптасуына берер пайдасы зор.

     Оқушыларды ұлтжандылыққа ,  халқын қастерлеп ,  оған қалтқысыз қызмет етуге тәрбиелеу және адамгершілікке ,  қайырымдылыққа баулу мақсатында күнделікті оқу-тәрбие жүйесіне халықтық педагогиканың тағылымдарын енгізу кең өріс алып келеді.

     Міне,  өз ұрпағының өнегелі ,  өнерлі ,  еңбексүйгіш ,  абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану  әрбір ұстаздың міндеті   блып табылады.

    Халықтық педагогика мен халықтық психология тағылымдарын пайдалану   физика пәнінің әр тарауларынан өткізілген сабақ түрлері оқушылардың пәнге  қызығушылығын ,  белсенділігін арттырып,  тарауды пысықтау кезеңін сапалы өткізуге ,  материалды толық меңгеруге көмектеседі. Сонымен бірге оқушы ойын дамытып ,  өзіндік пікір айтуға үйретеді. Оқушыны құрғақ жаттандылықтан аулақтатып ,  дербес ойлап ,  әрекет етуге жетелейді.Халық педагогикасының тағылымдарын физика сабағында қолдану – оның білімдік және тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асырумен қатар халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеп ,  оқушыларды ұлттық мақтаныш рухында тәрбиелеуде зор мәні бар

Ұлттық тәрбие - сапалы білім берудің негізі. Қазақ халқының тұрмыс салтында әдет ғұрпында қолданылған үрдістерін әр пәнді оқыту кезінде пайдаланудың мүмкіншілігі мол. Бұл әрбір ұстазға ғылыммен ұштастыра отырып сабаққа енгізу, оқушылардың ұлттық санасын қалыптастыру, халқымыздың тұрмыстық ерекшеліктерімен таныстыру міндеттерін жүктейді. Осы орайда физикалық ұғымдарды ұлттық таным дүниесі арқылы оқушыларға түсіндірудің маңызы зор. Ұлт болашағы бүгінгі оқушыларымыздың білім мен біліктілігіне, санасы мен тәрбиелілігіне байланысты. Физика сабағында халқымыздың тұрмыстық ерекшеліктерімен сабақтастыра оқыту оқушылардың логикалық ойлау қабілетінің дамуына, жаңа тақырыпты жеңіл меңгеруіне ынтасын дамыта отырып, сабаққа деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді.Физика сабағында оқушыларға қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр салтын оқып үйрету - бір –бірінен бөліп алуға болмайтын үш міндетті атқарады,олар – білім беру, оның тәрбиелік мәні мен бала танымын кеңейту.Физика пәнін оқытудағы өз тәжірибемде оқушыларға ұлттық тәлім-тәрбие беруге, қазақтың тұрмыстық салт-дәстүрлері,әдет-ғұрыптары туралы түсінік беруге болатынынына көзім жетті.Физика сабақтарында оқушыларды халықтық педагогика негізінде тәрбиелеу жұмыстары оқушылардың пәнге деген қызығушылығын тудырады.Енді физика сабақтарында қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қалайша дәріптеп жүргенімізге тоқталайын.

Мысалы,  7-сыныпта “Диффузия құбылысы” тақырыбын өткенде айран ұйыту,  құрт қайнату,  нан ашыту қалай орындалатынын айтып кеткен орынды. Айран ұйытқанда немесе нан ашытқанда судың жылы болуы ,  температура жоғарсайын молекулалардың бір заттан екінші затқа өтуі шапшаң жүретінін көреміз. “Қысым” тақырыбын өткенде бабаларымыздың ағаш қазықтың ұшын неге үшкір етіп жасағанын түсіндірген тиімді. Аз күш жұмсап қазықты жерге тез кіргізудің тәсілін ерте игерген.

   Ал 8-сыныпта “Жылу өткізгіштік” тақырыбын оқытқанда малдың,  аңның терілерінен тіккен киімдердің жылуды жақсы сақтайтынын білгенін,  байланысты тұлып,  ішік тігіп кигенін түсіндіру керек. Осы сыныпта “сәуле шығару” тақырыбын өтеді. Сол сабақта не себепті киіз үйге ақ киіз жабатынын ,  не себепті ақ киім киетінін нақты мысалдар арқылы дәлелдесе оқушылар миында тақырып ұзақ сақталады.

      Сондай-ақ  9-сыныпта “Ньютонның қозғалыс заңдарын” өткенде қазақтың ұлттық спорт ойындары – “Арқан тарту “,  “Күш сынау”,  тағы басқаларын айтса,  сабақтың мазмұны байып ,  құндылығы артады,  оқушылардың білімі молаяды.

       9,11-сыныптарда “Механикалық толқындар” тарауын өткенде домбыраның қалай дыбыс шығаратын аспап екенін айта кету керек. Алдымен тыныштықта тұрған ішекті тепе-теңдігін бұзып тербелтеміз. Екіншіден,  ішектің тербелісі ауаға беріліп ,  ол арқылы дыбыс бізге жетеді. Үшіншіден ,  домбыраның беттік тақтайы да тербеліске түседі. Домбырамен бірге қобыздың да қалай дыбыс  шығаратынына тоқтала кеткен жөн.

      Енді 10-сыныптағы “Броундық қозғалыс” тақырыбына келейік. Бұл сабақты да тартымды етіп өткізудің сан алуан жолдары бар. Нақты дәлелге жүгінсек ,  күбіге айран піскенде майдың түсуі ,  қатты дене бөлшектерінің сұйықтағы қалықтаған қозғалысы екенін жатық тілмен әңгімелеген жөн.

      Ал,  “Газдардағы электр тогы” тақырыбын өткенде мына мысалға назар аударған тартымды. Найзағай ойнағанда үйден шықпай,  есік-терезені жауып отыру керек деген ұғымның қалай пайда болғанына тоқталу оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады.

     Келесі сөз 11-сыныптағы “Спектрлер” тақырыбы туралы. Мұнда ақ және қара түстерді қалай пайдалану керектігін жан-жақты ұғындырған ұтымды. Тілге тиек ететініміз –  “Конвекция”,  “Сәуле шығару” құбылыстары. Бұларды түсіндірген кезде киіз үйдің іргесін түру ,  түндігін ашып қою есебіне тоқталу оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп ,  көзқарасын қалыптастырады.  Оқушылардың басым көпшілігі физика пәнін тек қаптаған жалаң формулалар,  заңдылықтар деп түсінеді. Осы себептен де физика сабағында халықтық педагогика негізінде ұлттық салт-дәстүрлерді уағыздап ,  жса ұқпақ санасына дарытуды ,  осы арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыруды мақсат еткен жөн.  Халықтық педагогиканың бір саласы – ұлттық ойындар.  Біріншіден ойын сергіту сәті болса,  екіншіден оқушылар ойынға қатысу үшін өз білімдерін үнемі толықтырып отырады. Үшіншіден өтілген материалды қайталау тұрақты түрде жүзеге асады.  Бұдан оқушы есінде көп нәрсе қалары сөзсіз.  Себебі  қайталау – оқу анасы. 

      Белгілі бір тақырыпты өткен кезде мысал ретінде қажетті мақалды келтіре отырып,  оның тәрбиелік және физикалық мәніне түсінік берген өте пайдалы.  Мысалы,  8- сыныпта “Кебу және конденсация” тақырыбын өткенде “Аузы күйген үрлеп ішеді” деген мақалды оқушыларға айту керек.  Мақалдың тәрбиелік мәні ,  жіберген қатені екінші рет қайталамай дер кезінде қорытынды жасауға меңзесе,  физикалық тұрғысынан ыстық нәрсені үрлесек,  кебу процесі тездетіліп,  оның температурасының төмендейтінін ұғуға болады.  Осы сияқты басқа да мақал-мәтелдерді тақырыпқа сай айтып отырса,  оқушылардың ұлттық сана-сезімін оятуға,  дамытуға берер әсері көп.  Сонымен қатар бұл мақалдар халқымыздың ертеден-ақ дана халық болғанының дәлелі ,  айғағы екендігі сөзсіз.  Бұл оқушылардың өз ұлтымызға деген сүйіспеншілігін оятады.

Енді статика бөлімі бойынша есеп қарастырайық.

Есеп. әжесі иін ағаштың /әпкіш/ бір ұшына жартылай суы бар шелекті, ал екінші ұшына толтырылған суы бар шелекті ілді, Иығындағы шелектер тепе-тендікте болу үшін, әжей иін ағаштың суы толы шелек жағының ортасынан қандай күшпен жоғары қарай әсер етуі керек.

Бұл есеп үшін моменттер ережесін былайша жазуға болады:


g ()-F()=g()


Ал есептің шарты бойынша mж= mт./2 Мұны жоғарыдағы өрнекке қойып, түрлендіру жүргіземіз:


F()=--

F()=


FТ =mтg

Демек, шелектер тепе-теңдікке болу үшін әжесі иін ағаштың шелегі суға толы жағаның ортасынан жоғары қарай суға толы шелектің салмағына тең күшпен әсер етуі керек екен.

Бұл- импульстің сақталу заңы. Теңдіктің сол жағында денелердің соқтығысқанға дейінгі импульсі, ал оң жағында соқтығысқаннан кейінгі импульсі жазылған.

Осы заңды пайдаланып, мынадай бір қызық көріністі есептеп шығарамыз


. Ол атасының жеткеннен кейін , жол оқиғаларын ұмытып, шаршағанын басып біраз демалған соң жайлаудағы киіз үйдің алдына шыққан еді. Кенет күйіс қайырып жатқан отар арасынан екі қошқар ерекше көзге түсті. Бір-бірімен теке тірескен олар уәделескендей екі жаққа алшақ кетті. Қошқарлардың бірінің түсі ала, бірі қара Алыстан келген қонаққа кәдімгідей өз өнерін бір көрсетпекші болғандай бір-біріне қарсы тұра ұмтылған қос қошқар көзді ашып-жұмғанша зулап кеп сарт-сұрт ете түсті. Соққының орасан зор болғаны сонша ала қошқар орнында тұрып қалып, қара қошқар кейін қарай ыршып кетті. Қошқарлардың массаларын бірдей есептеп, қара қошқардаң кейін қарай ұшып түскен жылдамдығын анықтады. Оны біз де есептеп көрелік. Ол үшін импульстің сақталу заңын осы жағдайға арнап жазуымыз керек.Негізгі бағыт ретінде қара қошқардың бағытын аламыз:


+(-)=(-)+

Бағыттары бойынша -)=-)+

Мұндағы: ==m, және 1=0


екенін ескерсек,


Сөйтіп, қара қошқар алғашқы жылдамдығынан екі есе артық жылдамдықпен кейін қарай ұшып түсіпті.

Қарастырылған есепте екі қошқардың арасындағы өзара әсер күштерінің мәндерін біз білген жоқпыз. Бірақ импульстің сақталу заңын пайдаланып, олардың жылдамдықтарын таптық. Егер олардың алғашқы орындары белгілі болса, онда олардың жылдамдықтарын біле отырып, кез келген уақыт мезетіндегі орындарын да анықтауға болады.Импульстің сақталу заңының маңыздылығы, міне осында. Яғни механикалық негізгі есебін осы заңға сүйене отырып шығара аламыз.

Мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша жүргізілетін күрделі жұмысы – физика пәніне халықтық , ұлттық салт-дәстүрлерді ,  ұлттық атауларды ,  ұлттық тіл өрнектерін ,  ұлттық ойындарды көптеп қолдана білу.  Оған даяр жоба ұсынуға болмайды.

 Сабақты тартымды,  қызықты өткізу мұғалімнің шығармашылық жұмысына,  талантына,   біліміне байланысты.  Егер мұғалім сабақта бір тақырыпты оқытуда шәкірттерді ойландыруға,  тәжрибе жасап,  оған қорытынды жасай білуге ,  сөйлесу мәдениетін дамытуға көңіл аударса,  келесі бір сабақты мүмкіндігіне қарай халқымыздың дәстүрлі ұлттық тұрмыс,  салт-сана көріністеріне,  қазіргі жеткіншек жете біле бермейтін ұғым-түсінігін бүгінгі өмірге жанастыра көңіл аудартса,  сол арқылы танымдық мақсат қояды.

Әр ұстаз заман талабына сай оқушылардың білімін тереңдетіп, өй - өрісін, шығармашылық қабілетін арттыруда инновациялық педагогикалық технологияны, жаңашыл педагогтардің тәжірибесін сабақтарда қолданады. Қазіргі таңда білімге, ғылымға қызығушылығы жоғары, интеллектуалды, ізденімпаз тұлға тәрбиелеу өзекті мәселе. Осы мақсатта халық педагогикасын физика сабақтарына енгізе отырып, физикалық заңдылықтарды түсінідіріп қана қоймай, ұлттық дәстүрімізді, салт – санамызды негізге алып, оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, ептілікке, еңбекке тәрбиелеуге болады. Физикалық құбылыстарды, заңдылықтарды, ұлттық нақыштарды енгізе отырып, қоршаған ортаға көзқарастарын қалыптастыруға түсіндіруге, сараптауға мол мүмкіндік бар.

Қорыта келгенде,ғасырлар бойы сақталып бізге дейін жеткен ата -бабаларымыздың ақылын ғылыми тұрғыдан талқылап,ұрпақтарымызға жеткізе білу ұстаздық парызымыз.Халқымыздың асыл мұрасын физиканы оқыту барысында негізге алу оқушылардың ұлттық дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастырумен бірге,олардың ой - өрісін,пәнге деген қызығушылығын арттырады. Әрбір ұстаздың негізгі мақсаты – сабақ өткізудің сапасын көтеру, түрін жетілдіру, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, олардың ізденуін, біліктілігін, дағдысын, іскерлігін, танымын қалыптастырып тереңдету. Күнделікті өмір тынысымен бірге тіршілік етіп, ұрпақ тәрбиелеп отырған ұстаздар үшін заман талабына сай оқыту әдістері де өзгеріп отыруы тиіс Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін - әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс.

.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Хал?ымызды? салт-д?ст?р, ?деп-??рып элементтерін физика саба?ында ?олдану

Автор: Мукашева Галина Шараповна

Дата: 19.06.2015

Номер свидетельства: 220569


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства